Пән бойынша глоссарий Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым. Тәрбие



бет4/22
Дата22.04.2022
өлшемі23,92 Kb.
#140399
түріИнтервью
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
гглассари
Педагогикалық қабілеттер 2, мм, 10333
Оқытудың принципі – оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қажетті ең негізгі дидактикалық талаптар жүйесімен анықталады. 

Білім беру мазмұны – жеке адамның жан-жақты дамуы және қалыптасуы үшін меңгеретін білім, іскерлік, дағды жүйесі білім беру мазмұны болып табылады. 

Білім мазмұны – білімнің ғылымилығы, іскерліктің және дағдының жүйесі. 

Технология – бұл қоғамдағы практикалық процестердің техникамен реттеліп отыратын және материалдық дүниенің заңдылықтарымен анықталатын, техникалық құралдар мен объектінің өзара әрекеттесуімен туындайтын процес. 

Оқыту технологиясы – оқытушыға оқу үрдісін жүзеге асыруға қажет болатын білім немесе мәліметтер жиынтығы, яғни нақты оқу үрдісі, оның ұйымдастырылуы, құрылымы және қамтамасыз етілуі. 

Ұжым – қоғамдық мәні бар, ортақ мақсаттар негізінде жалпы маңызды бағыттарға байланысты қарым-қатынас жасайтын адамдардың әлеуметтік бірлестігі. 

Педагогикалық қарым-қатынас – оқудағы өзара іс-әрекет формасы, оқушы мен оқытушылардың ынтымақтастығы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет