Әдістемелік құрал - белгілі бір пәнді оқытуды ұйымдастыруда мұғалімге көмек көрсететін нұсқаулар және ақыл кеңестер жиынтығы. Мұны тәжірибелі ғалымдар, мұғалімдер құрайды.
Принцип - іс-әрекеттегі негізгі, іргелі ой, жүріс-тұрыс ережесі. Ол жетекші ұғым ретінде қаралып, қандай да бір қағиданы қарастырып отырған құбылыста жинақтау және таратуды көрсетеді.
Баяндама - нақты тақырыптың мазмұнын кеңейтіп айтып беру, оқушылардың өз бетімен жұмысының түрі ретінде көрінетін әдіс. Оқылатын материалдың негізгі мазмұнына сай көкейкесті теориялық мәселелерге арналады.
Бедел - жеке адамның нақты сапаларына, сіңірген еңбегіне, күшіне қарай көпшілік мойындаған мағына, ықпал.
Тәрбие мен оқытуда бедел оқушылардың жасампаз құлшыныс жігері мен бетіндегінің дамытады,тұлғаның іс-әрекетінің мақсаттылығының жауыапкершілігінің және тәртіптілігінің шарты болады.
Бейімделу - тіршілік ету жағдайына адамның өз тұлғасын қолайлау әрекеті. Тәрбиелену және оқу барысына байланысты қоғамда белгіленген ережелерге оқушылардың өз тәртібін сәйкестендіруі болып табылады.
Бейімділік - белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға оқушының бағыттылығы. Оқушының таңдамалы белсенділігімен, оның өз еңбегіне берілгенділігімен сипатталады. Еңбек, оқу, кез-келген шығармашылық іс-әрекетінің маңызды шарты ретінде қаралады.
Библиография - басылымдарды оқырмандардың саяси, ғылыми, тәрбиелік мақсатта тиімді пайдалануы үшін хабар беруді қамтамассыз ету жолдарын зерттейді. Библиография әдебиеттердің басылып шығу мерзіміне, аймақтық белгісіне мемлекет, өлкелік жергілікті т.с.с. тақырыптық ауқымына қарай бөлінеді.