Пән: Физика Курс, топ



Дата11.05.2020
өлшемі20,76 Kb.
#67047
түріСабақ
Байланысты:
сабақ жоспары
сабақ жоспары

Сабақты өткізу жоспары №45
Күні: 06.04.2020 ж.

Пән: Физика

Курс, топ: 1 курс 1 топ «АС»._

Тақырыбы: Лабораториялық жұмыс №18. Шынының сыну көрсеткішін өлшеу .

Сабақтың түрі: тәжірбиелік сабақ

Өткізу әдісі: Лабораториялық практикум және осы тақырыпқа эксперименттік, сандық т.б. есептер шығару.

Мақсаттары, білімділік: Студенттердің оқылып- зерттелетін құбылыстың физикалық табиғат- заңдылығын терең түсініп- меңгеруін және оны түрлі есептер шығаруда, зертхана- практикалық жұмыстар орындауда тиімді қолдана білуін қамтамасыз ету.

Дамытушылық: Студенттердің лабораториялық жұмысты жүргізуі негізінде дүниеге ғылыми көзқарас танымын қалыптастырып- кеңейту, оқылатын құбылыс-заңдылықтың өмірдегі, физика ғылымындағы орны- ерекшеліктерін зерделей білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Студенттердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: Геометрия. Информатика

Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, оқулық.
Сабақты өткізу барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:

Студенттермен сәлемдесу, түгендеу. Студенттердің назарын сабаққа аудару.



II. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру:

1. Жарық дегеніміз не?

2. Жарықтың дифракциясы дегеніміз не?

3. Гюйгенс принципін түсіндіріңіз.

4. Дифракциялық тор дегеніміз не?

5. Дифракциялық тордағы дифракция құбылысын түсіндіріңіз.



III. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын жариялау:

Лабораториялықжұмыс №18. Шынының сыну көрсеткішін өлшеу.



IV. Атқарылатын жұмыстардың жоспарымен таныстыру:

1. Жеке жұмыс

2. Лабораториялық жұмыс №18 нұсқауы бойынша тапсырмаларды орындау.

3. Сұрақ-жауап.



V. Студенттерді тәжірбиелік жұмысқа дайындау (сабаққа қатысты теориялық білімдерін тексеру, бұрын алған білімдерін жандандыру т.с.с):

Қандай құбылыс жарытың шағылуы деп аталады?



  1. Шағылудың қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Қандай айна жазық айна деп аталады?

  3. Жазық айна шын кескін бере алады ма?

  4. Қандай кескін шын кескін деп аталады?

  5. Айнаны ұлғайтуды дегенді қалай түсінесіңдер?

  6. Қандай құбылыс жарықтың сынуы деп аталады?

  7. Жарық жазық параллель пластиналар арқылы өткенде қандай құбылыс байқалады?

  8. Көлдің шын және көрінерлік тереңдігі деген не?

  9. Призмадағы сәуленің жүру жолын қалай анықтауға болады?

VI. Студенттердің өз бетімен жұмыс істеуі:

Берілген лабораториялық жұмыс №18 нұсқауы бойынша жұмыс жасайды. Тапсырмаларды жеке-жеке орындайды. Сұрақтарға жауап береді.



VII. Студенттердің іс - әрекетін бақылау, қажетті нұсқаулар беру:

Тапсырмалардың орындау сапасын қадағалау, жеке тапсырма жұмыстардың атқарылу деңгейін анықтау, білімгерлердің сұрақтарына жауап беру.



VIII.Студенттердің жеке жұмысын бақылау:

Біткен студенттердің тапсырмаларын тексеріп, анықтама бере отырып, бағалар қою.

Орындалған жұмыстарды пысықтау, Студенттердің меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

VII. Қорытындылау, бағалау:

Тақырыпқа анықтама бере отырып, сабақ барысындағы жұмыстарға шолу, мақсаттарын орындау дәрежесін көрсету тәсіліне қарай бағалау.



VIII. Үй тапсырмасы: Шынының сыну көрсеткішін өлшеуге байланысты тақырыпты жалпы қайталау. Үйде шығаруға есеп: №2 есеп.

Пайдаланылған әдебиеттер: Б.Кронгарт, В. Кем, Н. Қойшыбаев, Алматы: Мектеп 2014ж. Физика 10-сынып.
Жоспарды құрған оқытушы:_________Бекназарова А.О.
Тексерген: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алибаев Е.С.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет