Пән: «Медбике ісі негіздері» Мамандығы: 09130100 «Мейіргер ісі» Біліктілік



бет10/116
Дата28.09.2022
өлшемі411,99 Kb.
#150994
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   116
Байланысты:
КЕШЕН 2021-2022Ж

Медициналық этика- бұл ұнамдылықтың маңыздылығы медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттіндегі принциптері, олардың науқасқа жоғары адамгершілік қатынасы туралы ғылымның бір бөлігі.Медициналық этика ондаған жылдар бойы бар. Біздің дәуірге дейін 1500 жыл бұрын болған.Ежелгі Үндістанда дәрігерлер мамандығын бастағанда ант берген.Науқасқа толық сезімталдықпен қарап,оның жағдайын түсінген кезде, онымен сіздің араңызда нағыз қарым-қатынас болуы мүмкін,бұл емдік нәтижеге өте қажет! Негізгі этикалық санаттарға мына түсініктер жатады: «борыш», «абырой», «ұят», «атақ», «бақыт».Әсіресе,медицина қызметкерінің борышы туралы айту керек. Еш уақытта адамның физикалық,психикалық денсаулығына қарсы немесе өміріне қауіп төндіретін жағдайда қандай ұсыныс болса да,іс-әрекеттерге қатыспау керек.Науқасқа толық сезімталдықпен қарап,оның жағдайын түсінген кезде,онымен сіздің араңызда нағыз қарым-қатынас болуы мүмкін,бұл емдік нәтижеге өте қажет.
Мецициналық этиканың ең негізгі мәселелері: моральдық принцип бойынша іс-әрекет жасау,ауруға қамқорлықпен қарау, әрқашан және қай жағдай болмасын медициналық көмек көрсетуге дайын,жоғары адамгершілікті кәсіптің салт-дәстүрлерін көбейтіп,сақтау керек-бұл медициналық этиканың мәселелері.Этика бойынша сіздің қылығыңыз науқаста сыйлаушылық тудыру керек. Науқастың алдында сіз бәрін білесіз, істей аласыз. Сізге өзінің денсаулығын,өмірін тапсыруға болады.Науқасқа дәрі-дәрмегіңізден бұрын сіздің сезімталдығыңыз , қолдауыңыз керек. Этика проблемасын қарағанда, медицина қызметкерлері негізгі жалпы сұрақтарды білу керек: ол медицина қызметкерінің қай салада болса да құпия сақтауын қажет етеді. Медициналық деонтология- медицина қызметкерлері қызметінің моральді-этикалық негіздерін, олардың рухани және жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарын, қоғам мен халық алдындағы жауапкершіліктерін, науқастармен, олардың туыстарымен, әріптестерімен өзара қарым-қатыстарын қамтиды. Бұған дәрігердің кәсіби тұрғыдан өсу, науқастардың тілек талаптарын мейлінше қанағаттандыру мақсатымен емдеу, аурудың алдын-алу мекемелерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері жатады. «Дәрігершеберлігі» ұғымын техникалық тәсілдер қауызына қамап қоюға болмайды. Бұл - дәрігердін бойына біткен «клиникалық ойлау жүйесі» деп аталатын, интеллектуальді жұмыс түрінде көрінетін творчестволық үрдіс. Яғни, дәрігердің мінез құлқына, алдына келген ауруды қабылдай біліп, мұқият, әрі толықтай тексеруіне, лайықты қортынды жасауына тікелей қатысты нәрсе. Дәрігер ауру адамға көмек көрсетіп, оны сырқатынан айықтыруға, еңбек ету қабілетін қалпына келтіріп, ажалдан арашалап калуға жаралған. Бұл үшін ол өз мамандығын сүйіп кана коймай, кәсіби шеберлігін де ұдайы арттырып отыруы тиіс. Тек жеткілікті клиникалық тәжірибесі бар дәрігер ғана тиімді көмек бере алады.Медициналық деонтология дәрігерлік қызметтің адамгершілік нормаларын зерттеуші білім саласы ретінде қоғамдык мораль мен этиканың құрамдас болігі болып саналады. Дәрігердің іс әрекетіндегі деонтологиялық қагидалардың орындалуына бақылау жасау моральді-этикалық өлшемдер, коғамдык пікір арқылы жүзеге асырылады. Бұл қагидалар ресми нормативтік актілерден гѳрі, әр дәрігердін ар-ожданына, дүние танымына негізделеді. Деонтологиялық қагидалардың өміршендігі, оған бақылау жасаудың тиімділігі нақ осыларға сүйенеді. Заң баптарын кейде орағытып өтуге болатын шығар, ал оз ар-ожданынды алдап-арбауға немесе тайдырып кету әсте мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   116




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет