Пән: «Медбике ісі негіздері» Мамандығы: 09130100 «Мейіргер ісі» Біліктілік



бет11/116
Дата28.09.2022
өлшемі411,99 Kb.
#150994
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   116
Байланысты:
КЕШЕН 2021-2022Ж

Медициналық деонтология мораль мен этика туралы ғылымның бір бѳлігі ретінде коғамдық-саяси және экономикалық жағдайлармен, үстемдік құрушы идеологиямен, сондай-ақ медицинаның ғылыми және тәжірибелік даму деңгейімен тығыз байланыста.Емдеу жұмыстары барысындағы дәрігер мен науқастын өзара қарым-қатынасының моральді-этикалық мәселелері деонтологияның маңызды тармағы болып табылады. Емдеу мекемесі туралы алғашкы әсердің жағымды, не жағымсыз болуы медицина қызметкеріне, осы жердегі жұмыс тәртібі мен жай-ахуалға байланысты қалыптасады. Емдеу мекемесіндегі орта мен ахуал науқастардың көңіл-күйіне, сайып келгенде, емдеу ісіне зор ықпалын тигізеді.
Бөлімшедегі жалпы жай ахуалдың да маңызы зор. Егер науқас ұқыпты да, мұқият жұмыс істеп отырған медицина қызметкерін көрсе, көңілі орнығып, табалдырықтан сеніммен аттайды. Егер де, науқас тек жоғары білікті маманды ғана емес, сонымен қатар жаны жайсаң, жүрегі ізгі жанды керсе, қамкор пейілін сезінсе, онымен бүкпесіз байланыс жасайды, ал мұның өзі емнің шипалы болуына септігін тигізеді.
Аурухананың хирургиялық бөлімдері, ѳзге бѳлімдерге қарағанда, өзінің қаталдау сипатымен ерекшеленеді. Мұндай қаталдык, әдетте, тазалықты, асептикалық және антисептикалық қағидаларды сақтау қамынан туындайды. Әлбетте, тазалық барлық жерде, әсіресе, хирургияда керек. Алайда, нақ сол тазалықты науқастар жүріп тұратын орындардын - бөлмелердің, холлдар мен тынығу мүйістерінің интерьерлерін көңіл жұбанып, көз қуанарлықтай әсем де, жылышырай безендіру аркылы да, сақтауға болады ғой. Операция жасайтын, жараны таңатын бѳлмеде, ем кабылдау бѳлмесінде, т.б. медициналық ем шаралары қолданылатын орындарда асептикалық және антисептикалық шарт қатаң сақталуы тиіс. Ал басқа орындарда, мейлінше оңтайлы ахуал орнатып, кәдуілгі үйшілік жағдайға жақындатып қойған жөн. Мәселен, декоративті өсімдіктер, аквариумдар науқастардың уайым-мұңын сейілтіп, сырқатын бір сәтке ұмытуына, көңілін сергітуіне әсер етеді. Ѳздігінен жүріп тұратын науқастардың тынығып, келушілер-мен жолығуы үшін, әсем безендірілген холлға жұмсақ кілем төсеп, жайлы дивандар мен креслолар, аласа үстелдер, гүлдер қойса артық болмайды.Бөлмелер науқастардың жүріп-тұруына, мазасыз демалуына қолайлы, үйреншікті тұрмысын еске саларлық әдеппен жасақталуы тиіс. Тұрмыстық жағдай жасаумен қатар, науқастардын психикасына эстетикалық, сезімдік тұрғыдан да әсер етіп, олардың көңіл-күйін көтеруді, сезімін сергітуді де ұмытпаған жөн.Хирургияда микробқа қарсы асептикамен қатар, психологиялық асептиканы да сақтау кажет; ол тікелей жараның аскынуына әсер етпегенімен, науқастың психогенді жарақаталуына себепкер болуы мүмкін. Бұрынғы науқастардан қалған қаннын дақтары, іріңі баттаскан мақта, дәке кесінділері кейін келген ауру адамға кері әсер етіп, қозу күйіне ұшыратуы мүмкін. Сондықтан, келесі науқасты бөлменің ішін жиыстырып, тиісті тәртіпке келтірген соң, шакырған жөн.Науқас бөлімшеге түскен бойда оны емдеуші дәрігер қарсы алып, бүкіл медициналық тексеруден ѳткізеді, ем қолданып, оның нәтижесіне жауап береді. Сондықтан, емдеуші дәрігер науқас адам туралы, онын ѳмірі мен түрмысы, жүргізілген диагностикалық тексерулердің нәтижелері, өзінің сырқатын сезінуімен ой толғанысы туралы бәрін біледі. Осындай жағдайларға орай, емдеуші дәрігер стационарға келген кезінде, ауру адам үшін ең жақын жанға айналады, оған әлгі науқас жан тәнімен сеніп, өзінің уайымы мен ой күдігінжасырмайайтады.
Емдеуші дәрігер кез-келген мекеменің буыны, бетке ұстар беделі болып табылады. Сондықтан, дәрігерге құрметпен карап, жоғары беделге жетуіне колдау корсету аурухана әкімшілігінің де, клиника басшылығының да, маңызды міндеті саналмақ. Әрине, емдеуші дәрігерлер әркилы болады, олар бір-бірінен жеке, кәсіби қаситтерімен ерекшеленеді. Олардың кейбіреулерінің кателік жіберетін кездері де кездесіп қалады, сонда олардың қызметін объективті түрде бағалау, тіпті әділ жазасын беру қажеттігі туындауы мүмкін. Бірақ мұның бәрі науқастар назарына жетуге, палата дәрігерлерінің беделіне нұқсан келтірілмеуі тиіс. Осынау өзекті деонтологиялық кағиданы барша жұрт барлық жер, әсіресе клиникалар мен ауруханалардың басшылары қатаң сақтауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   116




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет