Пән: «Медбике ісі негіздері» Мамандығы: 09130100 «Мейіргер ісі» Біліктілік



бет9/116
Дата28.09.2022
өлшемі411,99 Kb.
#150994
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   116
Байланысты:
КЕШЕН 2021-2022Ж

1860 жылы 26 маусымда Лондонда Найтингейлдік қасиетті Фома ауруханасы жанында қайырымды мейірбикелер үшін сынақ мектебін ашты. Оны бітірген мейірбикелер Найтингейл антын берді.
«Мен Құдай алдында осы жиналыста салтанатты түрде:

  • Өмірімді адал өткізіп және мамандығыма адал қызмет етуге;

  • Зиян мен апат келтіретін істерден тартынуға, зиян келтіретін дәрілерді алмауға және саналы түрде оларды беруден тартынуға;

  • Мамандығымның деңгейін биіктетуге мен қолдауға барынша күшәмді салуға;

  • Практика барысында маған белгілі болған науқастардың отбасылық жағдайлары туралы мәліметтерді, барлық жеке мәселелерді құпияда ұстауға;

  • Қамқорлығыма сенім білдірген адамдарға өзімді арнап, дәрігердің жұмысына адал көмектесуге, ұмтылуға ант беремін».

«Күтім туралы жазбалар» еңбегінде Ф.Найтингейл мейіргер ісіне анықтама берді, дәрігер ісінен ерекшелігін көрсетті. Еуропа мен Америкадағы алғашқы мейірбике мектептерінде оқытылған теориялардан мейіргер ісі моделдерін құрды. Ф.Найтингейл есімі қайырымдылық символына айналды.


1912 жылы Халықаралық Қызыл крест және Қызыл жарты ай лигасы Флоренс Найтингейл атындағы медаль шығарды. Әлі күнге дейін барлық әлем бойынша мейірбикелер үшін ең құрметті және жоғары награда болып саналады. 2 жыл сайын Қызыл крест Халықаралық комитеті оның туған күніне (12 мамыр) оның атындағы 50 медальді беруді ұйғарды. Бұл мейірбикелер үшін және Қызыл Крест белсенділері үшін жоғарғы марапат. Бұл медальдің ережесінде «мансаптың аяқталуы үшін емес, үздік қызметін ескеру және марапатталғандардың моральды сапасын ерекше мойындау үшін» деп жазылған.1907 жылы АҚШ-та алғаш рет Колумбия университетінің мейірбикесі А.Нуттинг мейіргер ісінің ғылыми профессоры атағын алды. Осы жаңалықтан кейін университет кафедрасына белсенді қатысу кезінде мейіргер ісінің жаңа даму кезеңі және ғылыми негізі басталды. А.Нуттинг өз еңбегінде мейірбике науқасқа күтім жасау мен адамдардың денсаулығын қорғауда қорқыныштан арылумен байланысты екнін көрсетті. Көптеген адамдарда ауруханада ем алуына мүмкіндіктері жоқ, сондықтан үйде көмек көрсетуді қамтамасыз ету қажет және әрбір мейірбике екі бірдей пациент немесе әр түрлі пациенттердің бірдей қажеттіліктері болатынын есте сақтауы қажет. Демек, екі түрлі адамға бірдей күтім болмауы керек.Бірте-бірте мейірбике тәжірибесі теориялық білімде, практикалық тәжірибеде, ғылыми пайымдарда және клиникалық ойларда негізделген жеке профессионалдық қызметке өзгере бастады. Мейірбике өзіне қажетті деңгейдегі көмек көрсетуге және олардың өміріне оптимальдысапсын қолдау және пациенттерге қайырымды болуға жауапкершілік алды (мейірбикелік күтім үйлерінде бақылау жүргізілді және қарттарға, созылмалы аурумен ауырған науқастарға және мүгедектерге күтім жасалды). Сондай-ақ үйде көмек көрсету ұйымдастырылды, тұрғындар үшін медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ететін кеңес беретін көмек қызметі құрылды, үкіметтік және қоғамдық топтардың мойындауына лайықты болды.Өзгеру шегі бойынша мейірбике рөлінде жетекші мамандар осы ауданда мейіргерлік ісі статусын мамандық ретінде бекітуге талпынды. 1945 жылы сарапшылар тобы науқастарға күтім критерийлерін, 1915 жылы медициналық оқу мекемелерінде стандарт бойынша комиссия дайындаған, мамандықты анықтау үшін Д.Флекснер критерийлерін қолдана отырып әзірледі. Бұл критерийлеріне тек қана арнайы білімді қолдануды ғана емес, сондай- ақ саясат құруда дербестік және профессионалды қызметті бақылау кірді. Американдық мейірбике ассоциоциясы мейіргерлік істің мамандық ретінде қалыптаса бастауы, саясаттың әзірленуі мен анықталуы, стандартар мен нормалар, профессионалды қызметті реттеуші мәселелерімен айналысты. «Мейірбикелер кодексі» (1950, 1976 және1985 ж) профессионалды этика нормаларын ұсынады. «Науқастарға күтім» еңбегінде әлеуметтік саясат (1981 және1995ж) науқастарға күтім әлеуметтік контекстімен анықталуы, сондай-ақ практикалық мамандануы баяндалған. «Науқасқа көмек стандарттарында» (1973 және1991ж) мейірбике орындауға міндетті қызметтер жазылған.1960 жылы Йелск университеті мейірбике мектебі пациенттік қажеттілігіне бағытталған, медициналық көмекті көрсетуге жүйелі тәсіл қажет болған мейіргерлік істі үдеріс ретінде қарастыру ұсынылды. ДДСҰ сарапшылар комиссиясы сол кезде-ақ мейіргерлік істі адамзаттық өзара қарым-қатынас тәжірибесі ретінде анықтады. Мейірбике осы анықтамаға сәйкес аурумен байланысты туындайтын пациенттердің қажеттіліктерін анықтай білуі қажет.«Мейіргер ісі» ұғымы салыстырмалы түрде жақында ғана ресей медбикелері профессионалды тіліне енді. Алғаш рет бұл ұғым ресми түрде 1988 жылы енгізілді. Денсаулық сақтау саласында мамандықтар тізбектемесінде «Мейірбике» мамандығы «Мейіргер ісі» мамандығының орнын басты. Осыған байланысты мейірбике базалық дайындық «Мейіргер ісі негіздері» жаңа оқулық пәніне кірді.Алғаш мейіргер ісін Ресейде және шетелде Г.М.Перфильева 1994-1995 жылдары салыстырды. Ол мейіргерлік істі – медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігінде тұрғындардың қажетілігін қанағаттандыру үшін айтарлықтай кадрлық ресурстармен және шынайы потенциалды мүмкіндіктермен денсаулық сақтау жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі деп санайды.1987 жылы жаңа Зеландияда өткен Халықаралық мейірбикелер кеңесінде ұлттық өкілдер жиналысында келесідей мейіргерлік ісі анықтамасын бірауыздан қабылдады: мейіргер ісі денсаулық сақтау жүйесінде құрамдық бөлік болып табылады және денсаулықты күшейту, аурудың алдын-алу, физикалық және психикалық аурулары бар тұлғаларға сондай-ақ барлық жастағы еңбекке жарамсыз топтарға психоәлеуметтік көмек көрсетуді ұсыну бойынша қызметін өзіне қосады. Мұндай көмек медициналық ұйымдарда, үйлерде, қажеттілік бар барлық жерде көрсетіледі.Осылайша, мейіргер ісі- бұл өзіндік мамандық, тек қарапайым дәрігердің нұсқаулығын орындаудан бөлек мейірбикенің қызметі айтарлықтай көп. Оларға пациенттерге көмек бойынша аурудың алдын-алу, денсаулықты сақтау, реабилитация және азабтың жеңілдеуі сынды негізгі міндеттер кіреді. Мейірбике менеджерлік, педогогтық және психолог лидерлік қабілеті бар тамаша басшы бола білуі керек.
Этика— адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім. Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қағидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын қарастырады.
Медициналық этиканың құрамдас бѳлігі деонтология болып табылады. Бұл жаңа ғылым саласы XIX ғасырдың басында пайда болды (грекше dеоn - тиісті; lоgоs - ғылым, ілім). Деонтология термині қолданысқа енгеніне аса кѳп болтан жоқ: өткен ғасырдың басында ағылшын философы И. Бентам оны адамның кәсіби мінез-құлқы туралы ғылымның атауы ретінде ауызға алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   116




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет