1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы_____________ Инклюзивті білім беру __________________________
ESTS саны 5
Курс, семестр________3 курс, 5семестр________________
Білім беру бағдарламасының шифры және атауы
Институт____ Педагогика және психология институты_____________________________
Бөлім______ Арнайы педагогика бойынша кәсіби даярлау бөлімі _____________________
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, атағы,қызметі ___Бекбаева З.Н., п.ғ.к., аға оқытушы
Контактілік ақпарат (телефон, e-mai) ____87479515486, kaznauzake@mail.ru
2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)*
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2) 0,6 + емт 0,4
3. Пәннің қысқаша мазмұны.
«Инклюзивті білім беру» пәнінің мақсаты студенттерді инклюзивті білім беру пәнімен, тарихы және қазіргі уақытта қолданылу аясымен таныстыру болып табылады.
-
«Инклюзивті білім беру» пәнінің негізгі міндеттері:
-
мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына жағдай жасай отырып, олардың дамуына саналы әрекет ұсына отырып, қол ұшын созу.
-
жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру арқылы әлеуметтік-педагогикалық кәсіби қызметін дамытып, дарытуға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту.
-
балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру;
-
арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.
«Инклюзивті білім беру» пәнін оқу негізінде студент:
-
білім жүйесіндегі дамытудың заманауи стратегиясын;
-
инклюзивті білім берудің басты мақсаты мен ұғымдарын;
-
инклюзивті білім берудегі педагогика мен психологияның категориялық аппаратын;
-
инклюзивті білім берудің даму ошақтарын;
-
инклюзивті білім берудің басты отандық және шетелдік тұжырымдамаларын;
-
инклюзивті білім берудің мазмұнын, құрылымын, қайшылығын және қисынын;
-
инклюзивті білім берудің заманауи инновациялық және авторлық білім беру тұжырымдамаларын;
инклюзивті білім беру ортасында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру мен тәрбиедегі жалпы сұрақтарды білуі керек;
-
білім берудің психологиялық - педагогикалық практикасындағы инновациялық технологияларды қолдану ерекшеліктерін.
-
инклюзивті білім берудегі көкейкесті мәселені таңдай білу дағдысын қалыптастыру жолдарын;
-
өздігімен іздену, зерттеу және өзекті мәселені шеше білу дағдысын;
мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблемаларын зерттеп білу және оларды шешуді меңгеруі керек
Достарыңызбен бөлісу: |