Пәні бойынша оқыту бағдарламасы



бет3/12
Дата28.05.2023
өлшемі346,5 Kb.
#177857
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
annotation213653, ҚАЗАҚ ТІЛІ ТОЛЫҚ ЖАУАП, 200-285, әдебиет тест, нұсқа, Өндірістік практика 3 курс Жұмабекова дұрыс, мақала
Тақырып атауы

Сабақ түрлері бойынша дәрісханалық сағаттар саны

СӨЖ

дәрістер

Практикалық
(семинар)

Барлығы

оның ішінде СОӨЖ

1

1-тақырып.Отан соғысы кезіндегі поэзия

2

1

10

3

2

2-тақырып. Баубек Бұлқышев

2

1

10

3

3

3-тақырып. Жұмағали Сайн

2

1

10

2

4

4-тақырып. Мәлік Ғабдуллин

2

1

10

3

5

5-тақырып. Ғ.Мүсіреповтің әңгімелері

6

2

10

3

6

6-тақырып. Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романы

2

1

15

3

7

7-тақырып. М.Әуезовтің «Абай» романы

10

6

10

2

8

8-тақырып. Соғыс кезіндегі драматургия

4

2

15

3




Барлығы:135 (3 кредит)

30

15

90

22,5

6. Дәріс сабақтарының мазмұны
1-тақырып. Отан соғысы кезіндегі поэзия
Жоспар

  1. Соғыс кезіндегі ақындар шығармашылығы

Соғыс кезіндегі қазақ әдебиетін жасауға қаламгерлердің барлық ұрпағы қатысты. Бұл кезде елде С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин,Ғ.Орманов, А.Тоқмағанбетов, Ә.Тәжібаев, Ш.Хұсайынов, Ә.Әбішев, М.Хакімжанова еңбек етті. Т.Жароков, Ж.Сайн, Ә.Сәрсенбаев, Д.Әбілев, А.Жұмағалиев, Қ.Аманжолов, Қ.Әбдіқадыров, Қ.Бекқожин, Б.Бұлқышев, Б.Момышұлы, С.Омаров қолына қару алып, майданға аттанды. Бұларға майдан газеттерінің бетінде жарияланған жауынгер жырларымен танылған жаңа ұрпақ өкілдері С.Мәуленов, Х.Ерғалиев, Ж.Молдағалиев, С.Сейітов сияқты ақындар келіп қосылды.Халық поэзиясының өкілдері Жамбыл, Нұрпейіс Байғанин, Кенен Әзірбаев, Шашубай Қошқарбаев, Нартай Бекежанов , т.б. отаншылдық рухтағы жыр-толғауларын шығарды.
Соғыстың алғашқы күнінен бастап, халықтың Отан алдындағы борышын еске салуда поэзия ұшқырлық танытты. Ел басына түскен ауыр күнді ескертіп, жауды талқандауға шақырған үгіттік өлеңдер күнделікті баспасөз бетінде көптеп жарияланды, радиодан оқылды. Сонымен қатар, жаудың басып алған жерлердегі қатыгездік мінезіе әшкерелеуді нақты, факт, детальдар арқылы суреттеуге ұмтылған саяси өткір лирика түрлері пайда болды. Ғ.Орманов жау қылығын қара күйік қала мен қанды қолдың жолақ-жолақ ізінен («Жау ізі») таныса, Қ.Аманжолов гитлер дирижерлік жасаған өлім музыкасын («Мазасыз музыка») естігендей болады. Ә.Тәжібаев «Қос қарлығаш», Т.Жароков «Жапанда жалғыз қарағай» өлеңдерінде қарлығаштың ұясын бұзып, табиғатты оқ астына қалдырған зұлым жауға жеккөрушілігін білдіреді.
Соғыстың алғашқы күнінен майданға аттанып, ел тілегін арқалаған солдаты, оның сезім күйін суреттеу қазақ ақындарының негізгі тақырыбына айналды.Бейбіт еңбекті үзіп, отан қорғауға аттанған солдат – көп өлеңдердің қаһарманы.
Қазақ солдатының соғыстағы өмірін суреттейтін өлеңдер негізінде екі түрліде жазылды. Бірі – жалпы жауынгерге тән сипаттарды біріктірген жиынтық бейне болса,екіншісі нақты бір аты белгілі қаһарманның ерлігін көрсетуге арналады. Бұлардың қайсысында болса да, жауынгердің ерлік тұлғасын ашу соғыс өмірінің шындығын бейнелеу негізінде туады. Майдандағы қазақ жауынгерлерінің ерлігін мадақтауға арналған алғашқы өлеңдердің бірін «Гвардеец бауырларға» деген атпен С.Мұқанов жазды. Ол 1941 жылдың қараша айында Мәскеуді қорғауда ерекше көзге түсіп, панфиловшы – гвардияшы атағына ие болған қазақ жауынгерлерін құттықтады. Сол жауынгерлердің сыры, ойы, сезімі Ә.Тәжібаевтың «Майданнан хат» , «Жас қазақ», Ғ.Ормановтың «Блиндаждағы әңгіме», «Қаһармандар кескіні», Қ.Аманжоловтың «Елге хат», Д.Әбілевтің «Шылым» өлеңдерінде жаңаша бейнеленді. Бұларда солдаттың ерлігі елге жазған хат арқылы да, блиндаждағы әңгіме үстінде де суреттеледі.
Соғыс кезінде ерекше көзге түскен майдан батырлары Б.Момышұлына, М.Ғабдуллинге, М.Мамыраевқа, Ә.Молдағұловаға, М.Мәметоваға, Т.Тоқтаровқа, т.б. арналған өлеңдер негізінен олардың ерлік жолының нақты фактісіне құралады. А.Тоқмағамбетовтің «Алтайдың ақиығы», «Мерген қыз», Ғ.Ормановтың «Полковник», «Мәлік», Ә.Тәжібаевтың «Сырласу», «Баласы», «Анасы», Қ.Аманжоловтың «Мартбек», Д.Әбіловтің «Қазақ қызы», Қ.Әбдіқадыровтың «Қазақ батыры Нұркен Әбдіров» сияқты өлеңдері осындай жағдайда туған. Бұл өлеңдерде ақындар тарихи адамдар ерлігін нақты суреттей отырып, оларды характер-тип есебінде даралауға тырысты. Бұл тұрғыда Ғ.Ормановтың сәтті ізденістері болғанын атау орынды. Оның қаһармандары ертегінің батырларындай әсірелеу жолымен емес, нақты адамдық жылылықпен жасалды. Балғын денелі, қыз мінезді, кішіпейіл Мәліктің сыпатынан ол елін, Отанын шексіз сүйген, үлкен жүректі, жауына кекті азаматты таниды. Ғали Бауыржан Момышұлының кескінінен де осы кекшілдікті, намысқойлықты көреді. Батырдың өскен ортасы мен достары, жары жайлы жылы ойларын, соларды қорғау жолындағы саналы күресін Ә.Тәжібаев тілге тиек етіпті. Оның Төлеген Тоқтаров туралы өлеңдері адамдық жылы сезімдерге толы.
Майдан өмірінің шындығын терең бейнелеу, солдаттың ішкі сезім күйіне еркін де батыл үңіле алуы жағынан соғыстың ауыртпалығын бастан кешкен майдангер ақындардың шығармашылығы ерекше бағаланды. Соғыс тақырыбы, әскери өмір суреттері Ә.Сәрсенбаевтың (1905-1995), Қ.Аманжоловтың (1911- 1955), Ж.Саинның (1912- 1961), Д.Әбіловтың (1907) ақындық талантын жаңа биікке көтерді.
Соғыс кезінде Украинада өзінің жауынгерлік жолын партизандар қатарында өткізген Ж.Саинның жырлары қазақ әдебиетіне бірінші рет партизандар тақырыбын алып келді. Ақын партизандық күрестің ерекшеліктерін , жау қолында қалған елі мен жерінің , бала-шағасының кегін қуып жүрген халық күрескерлерінің бейнесін жасады. Бір ұрыста жараланып, жолдастарына ере алмай қалған Жұмағали Луганск облысының Краменск ауданына қарасты Пшеничный хуторының тұрғыны Е.М.Маслованың қолында қалады.Жаралы партизанды іздеп фашистер бірнеше рет тінту жүргізеді. Бірақ ержүрек қыз ақынды жау қолына бермей, күтіп, жазып, қатарға қосады.
Майдан газеттерінің бетінде алғашқы өлеңдерімен көрінген С.Мәуленовтің «Нева жақтан жел еседі тамаша», «Танкистер», Ж.Молдағалиевтің «Батыр туралы баллада», «Сағындым Жайық», С.Сейітовтің «Комиссар», «Төбешік» өлеңдері майдан өмірінің шындығын танытады.
Жауынгердің жан сезімін, елге, жерге деген сағынышын бейнелеу талабы махаббат пен адал достық күйлерін суреттейтін лириканы байытты. Ә.Тәжібаевтың «Жамал», Ғ.Ормановтың «Орамал», А.Тоқмағамбетовтің «Сүйген жарға», М.Хакімжанованың «Азбай күткен жар алтын», Қ.Бекқожиннің «Сағынып мен күттім» өлеңдерінде майдандағы солдатты рухтандырып, ерлікке бастап жүрген махаббат күші танылады.
Соғыс кезінде қазақ поэзиясында жырланған өмірдің бір саласы – тылдағы еңбек тақырыбы. Тыл еңбегі арқасында Қазақстан соғысқа керек көмір, мыс, жез, мұнай өндірді, ауыл шаруашылық өнімдерін дайындады. Әйелдер майданға кеткен ерлердің орнына станокқа тұрды, тракторға отырды, жылқы бақты. Осылардың еңбегін жырлау, тыл еңбеккерлерін ерлікке үндеу поэзияның басты міндетіне кірді. А.Тоқмағамбетовтің «Мұнай бер» өлеңі осындай жағдайда туды.
Халықтың патриоттық рухын, Отан сүйгіштік сезімін танытуда туған ел, отан тақырыбына жазылған өлеңдер де едәуір пайдалы қызмет атқарды. Әсіресе, шағын лирика көлемінде ел тұғырының мықтылығын, жауға берілмес күшті қуатын Ғ.Орманов тапқырлықпен жырлады. Оның «Қарағай», «Емен» өлеңдерінде жапырағын жау оғы жұлған қарағай мен емен тамырының тереңге кеткені, оны еш дауыл құлата алмайтыны бейнелі суретке түсті. «Гүл» атты лирикасында жау өртеп кеткен күл ішіне шыққан жалғыз тал гүлді жаңғырған өмірге балайды.
Отан соғысының ерлік оқиғалары эпикалық поэзияға көп материал берді. Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз», Қ.Бекқожиннің «Жиырма сегіз», Д.Әбіловтің «Майданбек», М.Хакімжанованың «Мәншүк», Қ.Сатыбалдиннің «Әлия», І.Есенберлиннің «Сұлтан» поэмалары соғыс майданы шындығын нақты деректер шеңберінде жырлауға құрылған поэмалар.
Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы өзінің идеялық-көркемдік қуатымен ерекше бағаға ие болды. Қасым онда Абдолланың өлер алдындағы ерлігін танытар бір эпизодты суреттеу арқылы жаңа заман батырының бейнесін, отты тұлғасын көрсете білді. Өр сезімді ақын :
Құдірет күші – жер жаһанның
Қанатын бер қыран құстың,
Ашуын бер арыстанның,
Жүрегін бер жолбарыстың.
Күллі әлемнің ашу-кегі
Орна менің кеудеме кеп,
Жау жолына атам сені,
Бомба бол да, жарыл, жүрек!-
деп қайтыс болады. Қасым кейіпкерінің ерлік ісін лирико-романтикалық сарында жырлайды. Ғ.Мүсірепов мұны «Майданнан соққан жаңа леп» (Соц. Қаз. 1944,6.06) деп бағалады.
Жазба әдебиетпен қатар халық поэзиясы да соғыс кезі шындығын жырлаған шабытты толғаулар туғызды. Қарт ақын Жамбыл «Ата жаумен айқастық», «Өмір мен өлім белдесті» өлеңдерінде жаудан кек алуға шақырды. Оның «Ленинградтық өренім», «Майданға хат», «Балама хат», «Жүз жасаған жүректен» өлеңдері отан қорғаушыларға дем берді.
Жалпы алғанда, соғыс тақырыбын жырлау қазақ поэзиясын едәуір байытты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет