Пәні бойынша оқыту бағдарламасы



бет7/12
Дата28.05.2023
өлшемі346,5 Kb.
#177857
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
annotation213653, ҚАЗАҚ ТІЛІ ТОЛЫҚ ЖАУАП, 200-285, әдебиет тест, нұсқа, Өндірістік практика 3 курс Жұмабекова дұрыс, мақала

Шығармалары: Менің майдандас достарым, А., 1947; Алтын жұлдыз, А., 1948; Май­дан очерктері, А., 1949;Проблема народ­ности қазахского героического эпоса, А., 1953.Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1958;Майдан очерктері, А., 1959;Ел намысы - ер намысы, А., 1966;Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес, А., 1966;Сұрапыл жылдар. А., 1972;Қазақ эпосы, А., 1971;Менің майдандас достарым, А., 1985.


«Майдан очерктері», «Сұрапыл жылдар», «Менің майдандас достарым» атты кітаптарын оқи отырып, ол кісі басқарған ротаның қан майдандағы шешуші нүкте Дубосеково сияқты басқа да маңызды бекеттерді қорғауда қандай жанқиярлық ерліктерге барғандарын мектеп қабырғасынан оқып өскенбіз.аспирант Ғабдуллин екінші дүние жүзілік соғысқа дейінгі ғылыми ізденістері барысында «Қобыланды батыр» жырын ғылыми зерттеу проблемалары» деген тақырыпта едәуір ізденістер жүргізген екен.
Алайда соғыс киіп кетіп, ниет еткен бұл халықтық ісін едәуір жылдарға шегере тұруына тура келген еді. Соғыс аяқталғаннан екі жыл кейін, яғни 1947 жылы аталған тақырыбын одан әрі түбегейлі зерттей түсіп, ғылыми диссертациясын қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын иеленген болатын.Арада тағы біраз жылдар өткенде қазақ ауыз әдебиетін зерттеушілер үшін оның ғылыми-методологиялық шарттарын қалыптастыруға айрықша үлесін қосқан екен. Сонымен бірге «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» деген қомақты дүние жазып, онда ауыз әдебиеті үлгілерін бала тәрбиесінде қалай тиімді пайдалануға болады деген өзекті мәселені қозғаған болатын.Ол кісі жайлы ғылыми анықтамалықта былай делінген: «1959 жылы оған филология ғылымдарының докторы атағы берілді. 1967 жылы КСРО Педагогика ғылымдары Академиясының толық мүшесі, академигі болып сайланды. 1963 жылдан 1973 жылға дейін М.Ғабдуллин ҚазССР Ғылым Академиясы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында фольклор бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. М.Ғабдуллиннің әдеби қызметі 1938 жылдан басталды. Оның қазақ фольклоры мен әдебиеті туралы жазған 100-ден астам мақалалары республикамыздың газет, журналдарында жарияланды. Ол ҚазССР Ғылым Академиясының қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген көптомдық “Қазақ әдебиетінің тарихы” кітабының негізгі авторларының бірі. Қазақ мектептерінің 8-сыныбына арналған «Қазақ әдебиеті», Педагогика институты студенттеріне арналған «Қазақ фольклоры», «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес», «Фольклор және әдебиет», еңбектерінің авторы. Т.Сыдықовпен бірігіп «Қазақ халқының батырлық жыры» монографиясын, көрнекті қазақ жазушыларының шығармашылығы туралы бірнеше сын мақалаларын, мектеп жұмыстары жөнінде ағарту зерттеулерін жазды. М.Ғабдуллин қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Ол үш мәрте (1946-1958жж.) КСРО Жоғары Кеңесіне депутат болып сайланды. М.Ғабдуллиннің еңбегін жоғары бағалап, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады. Оған 1961-жылы ҚазКСР-не еңбегі сіңген қоғам қайраткері атағы берілді».
Мәлік Ғабдуллин туралы Борис Полевой «Елдің Ері» деген көркем очерк жазған. Очеркте бір жауынгер ән айтып отырады. Ол ән батыр Мәлік туралы екен. «- Мұның кім жайында өлең айтып отырғанын білесіз бе? Ол, жақында ғана біздің батальонға келіп, жауынгерлермен әңгімелесіп кеткен Мәлік Ғабдуллинді жырлап отыр, - деп, лейтенант Плимов бізге өлеңінің жайын түсіндірді:
– Ол, Мәлік – батыр, әрі күшті, әрі ержүрек дейді. Қыр түлкісінен айлакер, ақ бөкендей саққұлақ, жау дүрсілін қырымнан біледі. Ақ тұйғындай қырағы, бұққан жауды қиядан көреді. Темірдей қатты білектері неміс төбеттерін қырудан қалжыраған емес: қанша қырса, сонша көбейе береді. Үрейі ұшқан немістер Мәлікті көрген жерден-ақ зыта бастайды.
1941 жылдың күзінде, немістердің октябрь ішінде Москваға жасаған шабуылында жас ғалым, дивизияның барлық жауынгерлерімен бірге астананың іргесін қорғады. Руза өзенінің жағасынан асығыста қазылған тоң қатқан сазды окоп Мәліктің бірінші өткен соғыстық мектебі болды.
Мәлікке оққа ұшқан взвод командирінің орнын басуға тура келді. Сол взвод ең бір қиынға түскен, арпалыстан көз ашырмаған сол қанатты қорғады. Берілген бұйрық: немістерді өзеннен өткізбеу, қанша сұрапыл айқас болса да табан жылжытпау, ақтық күш сарқылғанша тырп етпеу еді.
Мәліктің алғаш көрген соғысы тым-ақ сұрапыл болды. Дем алдырмай, көз аштырмай, мұрын сіңбіртпей, түтеген оқ бір тынбаған аяусыз айқас ұзақ күнге созылды. Немістің бір ротасы өзеннен өтпек болып күні бойы ентеледі. Немістердің әрбір атакасын тойтарған сайын жас ғалым өзінің командирлік міндетіне сенімді түрде кірісіп, бойы түгел үйрене берді. Оның тек 43 жауынгері қалған екен. Қазылған жыралар суға толып қалған екен. Азық таусылуға жақын.
Келер күн бойы взвод үздіксіз соғыста болды. Немістер өзеннің нақ жағасына әкеліп үш машина толы жаяу әскер түсірді. Бронебойщиктер оқтың астына алып, тоқтап үлгіргенше машиналарды өртеп те жіберді. Машиналардан қарғып түсе бастаған фашист әскерлерін пулеметчиктер баудай түсірді, енді немістер біздің взводты бір бүйірінен соқпаққа айналды. Мәлік взводы осы қоршауда тағы бір тәулік соғысты. Сухарь желініп болды. Темекі бітіп, жұрт балдыр тарта бастады. Соңғы оқтар да бітуге таянды. Взводта 23 қана жауынгер қалды. Мәлік бұл жерді тастап, жау қолын кесіп өтіп, өз бөліміне қосылуға бел байлады.
Мәлік взводын үш күн бойы ағаш ішімен жүргізіп отырды. Төрт күннен бері нәр татпаған аш адамдар жауынгерлік тәртіпті бір бұзбастан келе жатты.Пулеметтерді жаяу сүйретіп, жаралыларды плащ-палаткамен алысып жүрді.
Кешке қарай алдыңғы шолғыншылар – алдымызда немістер алған деревня бар деген хабар әкелді.отряд ағаш арасына тоқтады. Зерттеуге жіберілген сержант Коваленко төрт сағат жоқ болып кетіп, қайтып келіп,деревняда немістің штабы бар,қару-құралдың мол складтары бар; әлі бекінбеген, бірақ, қору мықты деген анық хабар айтты.
Мәлік қалаға шабуыл жасап, немістердің азық-түліктерін соғыспен тартып алуға байлам жасады.
Мәлік бел байлаған шабуыл жоспарында тездік пен айла отрядтың әлсіздігін түгел байқатпауға тиіс еді . таңертен отряд деревняны қоршап алып, барлық отыз екі пулеметтен оқты бұршақтай боратты. Содан кейін, немістерге ес жидырмай, «уралап» айғай сала ,жауынгерлер қаланың төрт жағынан бірдей қаптап , деревняға өздері ұмтылды. Соғыстың нәтижесін деревняның ортасында , көшеде болған қысқа ғана қол айқаста шешілді. Немістер өлгендерін де, азық- түліктерін де, қару жарақ складтарын да тастай қашты. Гитлердің 27 қанды балағы қолға түсті. Жеті күннен кейін немістердің майдан шебін бұзып-жара мәлік отряды өз дивизиясына қарай өтіп кетті . манағы отыз екі пулеметті отряд аман алып келді . жауынгерлердің көбі өз мылтықтарынан басқа, бір-бір неміс автоматтарын ала келіпті . он алты жаралы жауынгер көтеруде келді. Ақ көңіл, алып денелі Коваленко өз полкіне төрт жасар бала вованы ала келді, ол баланы мәлік екеуі немістер өртеп жіберген деревнядағы көп өліктің ішінен тауып алған еді. Мәлікті дивизия командирі генерал Панфиловтың өзінің көргісі келді. Сұңғақ бойлы, талдырмаш жаста Панфилоф ұзақ айналдырып қарады. Шынын айтқанда мәліктің денесіне соғыстық әскери киім әлі қона да қоймаған кезі еді.- мә, саған ғылым адамы! Жарайсың! Жаман солдат болмассың, - деді ол Мәлікке жарықшақты дауысымен.»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет