ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы үшін ОҚу- әдістемелік материалдар



бет6/30
Дата13.02.2017
өлшемі7 Mb.
#9211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Дәрістің мақсаты: Беймата жаймаларының түрлерімен оларды өндіру тәсілдерімен таныстыру;
1. Беймата жаймаларын өндіру. Беймата бұйымдары көбінесе жайма түрінде ұзындығы 3 мм қысқа талшықтардан немесе жіптерден жасалған жайғақтан өндіріледі. Жайғақ бір немесе бірнеше қабаттан жасалынады. Жайғақ сирек тоқылған матамен, трикотаж жаймасымен, қабыршықпен қатырмалау арқылы шығарылады. Беймата жаймалар матаға ұқсас көрінеді, бірақ құрылымы және қасиеттері бойынша айырмашылығы көп. Жайғақтар бір бірімен әртүрлі әдіспен бекітіледі. Бекітудің 3 әдісі белгілі: механикалық, физика-химиялық және аралас.

Механикалық әдістермен өндірілетін бейматаларға іліп тоқыла тігілген жайма, инетесімді және киізбасылым жайма жатады. Іліп тоқыла тігілген жайма дайындағанда талшықты жайғақтарды жаймаға бекіту оларды тартылған жіптермен немесе талшықпен іліп көктеу қолданылады. Инетесімді беймата жайманы жасағанда ұшында кетікшелері бар арнайы инелермен тесу арқылы жоғары қабаттағы төменге қарай енгізіп жайғақты бекітеді. Киіз бастыру тәсілімен беймата жүн немесе құрамында жүн ба- сым болатын жайғақты арнайы ортада және жағдайды механикалық әсер ету әдісімен жасайды. Жүн талшықтарының бір бірімен ілінісу нәтижесінде жайғақ киізденеді. Физика-химиялық тәсілмен бейматаны жайғактарды сұйық байланыстырғыш заттар (желімдер) арқылы біріктіру немесе ыстық пен әсер ету әдісімен (престеу) жасайды. Аралас тәсілге жоғарыда аталған тәсілдердің екі немесе одан көбін қолдану арқылы алу жатады.



2. Іліп тоқыла тігілген жайма өндіру. Іліп тоқыла тігілген жайманы толтырғыш ретінде талшықты жайғақ, жіптер жүйесі, мата, қабыршық болады. Талшықты жайғақ мақта талшықтарынан, мақта иіру өндірісінің иіруге жарамды қалдықтарынан қалыптастырылады. Сонымен қатар, жүн және химиялық талшықтарды иіру өндірісінің қалдықтары қолданылады. Мақтаны қопсыту, түту-тазарту, араластыру және майлау қопсыту- түту агрегаттарында орындалады. Мақта талшықтарын, сонымен қатар ұзындығы 65 мм болатын таза химиялық талшықтарын тарау қалпақты тарау машиналарында орындалады. Жүн, жүннің химиялық талшықтармен қоспасын, ұзындығы 55 мм астам таза химиялық талшықтарды тарау білікті тарау машиналарында орындалады. Екі жайдайда тарау машиналары тарамды өзгерткішпен қамтылған, 3.23-суретте тарамды өзгерткіштің сұлбасы көрсетілген. Тарау машинасының түсіру барабанынан алынатын мақта тарамы біртіндеп тасымалдану торларына (2, 3, 4) түседі. Олар тарамды торға (6) түсіріп салынады. Талшықтары көлденең орналасқан жайғақ (5) іліп тоқыла тігетін машинаға жіберіледі. Жайғақтың ені және қалындығы тордын (4) жүру және тордың (6) жылдамдығына байланысты. Беймата жайманы тоқу-тігу әдісімен қалыптастыру тарау-тоқу агрегатында орындалады.

Мұнда қалпақты немесе білікті тарау машиналары тарамды өзгерткішпен қамтылған және тоқу-тігу машинасымен тіркестірілген. Жайғақты қалыптастыру тарау машинасына қойылған аэродинамикалық қосалқының көмегімен немесе желімделген беймата өндірісінде қолданылатын гидродинамикалық әдіспен орындау мүмкін. 3.24. суретте Талшықты жайғақты қалыптастыруға арналған қалпақты тарау машинасына қойылған аэродинамикалық қосалқының сұлбасы көрсетілген.



Қалпақты тарау машинасының түсіру барабанынан түсіргіш білікшеден (2) алынатын талшықтар құбыр бойымен (3) ауа ағынымен әкетіледі. Одан талшықтар торлы барабанға (4) келіп түседі. Барабанның бетінде желдеткіштің (6) көмегімен вакуум пайда болады. Талшықтардың шашыраңқы ағыны жайғақ жасайды х=-2, яғни білікшемен (5) нығыздалған, талшықтары әртүрлі бағытта орналасқан, қалдығы және ені біркелкі талшық қабаты пайда болады. Тосқауыл (7) үстінде орналасқан барабанның (4) бетінде вакуум болмайды және жайғақ шығарушы торға (8) жеңіл түседі.

Жайғақтарды тоқыптігу Маливатт және Арахне типті машиналарда

орындалады. 3.25 - суретте арахне машинасының тоқылатігу торабының сұлбасы көрсетілген.

Тізбеорауыштан (1) көзді инелер (2) тігу жіптерді (3) жеткізіп тұрады. Жіптермен қуыс ине (7) конвейермен келіп түсетін жайғақты (8) тігеді. Ақырғы (4) және тойтарыс (6) платиналары шалуқұрау үрдісін реттейді, ал шығару білікшелері (5) машинадан тігілген жайғақты шығарып алуды орындайды.

Тоқу үшін жалаң қабат немесе ширатпалы мақта жібін, капрон, хлорин,

лавсан құрама жіптерді қолданады. Жіптерді тоқуға дайындауға төмендегі процесстер жатады: қайта орау (бір тікиірщікте ұзындығы үлкен жіп алу үшін); тазарту (қоқыстардан, түбіттен, жуан жерлерін алып тастау үшін); парафиндеу немесе эмульсиялау (жіпті тегістеу үшін). Жайғақтарды біріктіре тоқу көбіне


Мұндай жағдайда тоқу-тігу машинасы көзді инелері бар екі тарақтан және тігу жіптерімен екі тізбеорауыштан тұрады.Тізбеорауыштан жіберілетін өзара перпендикуляр немесе бұрышпен орналасқан жіптер жүйелері Малимо (Германия) типті машиналарды келтірілген әдіспен тоқыла тігіледі. Мұндай тәсілмен алынған жаймалар жіппен тігілген деп аталады. Олар өте берік, қалыпын сақтағыш, мата тәріздес және соның орынына қолданылады. Сирек тоқылған мата түріндегі қаңқаны іліп тоқып тігу Малиполь (Германия) типті машинада орындалады. Тігу жібі шалулар құрастырып жайманың бетінде ілмекті түк пайда болады. Іліп тоқыла тігілген жайманың қасиеттері тек қана жайғақтың құрамы мен құрылымына ғана байланысты емес. Тесіп тігетін жіпке. өрімдер түріне, жайманың ені мен ұзындығы бойынша тігу тығыздығы- на және шалу жібінің ұзындығына байланысты. Мұндай жаймалар көйлек, костюм, көрпе, сүлгілік бұйымдар шығаруға қолданылады. Техникалық материал түрінде фильтр, конвейерлер таспасы, буып- түюге қолданылады.



    1. Инетесімді беймата жайма өндіру. Талшықты жайғақты көбінесе аэродинамикалық тәсілмен қалыптастырады. 3.26 суретте инетесімді тәсілмен жұмыс істейтін машинаның сұлбасы көрсетілген.

Жайғақ (1) қаңқа матамен, жіптерден жасалған тормен бірге конвейер (2) арқылы түсіріліп білікшемен (3) тығыздалады. Жұмыс зона- сына түскен жайғақ инелермен (4) тесіледі. Инелер арнайы тақтайшаға (5) бекітілген. Ол біресе жоғары біресе төмен жүріс орындайды. Инелердің кетіктері болғандықтан жоғары қабаттағы талшықтар жайғақтың құрылымына терең кіріп араласады.

Жайғақ төменгі плита (6) жайғақты ұстап тұрады және нығыздауға көмек болады. Инетесімді беймата машинадан тартқыш жүкпен (7) шығарылып, орау қондырғысының білікшесіне (8) оралынады. Жайғақты инемен тесу кейде екі жағынан екі басты инетесу машиналарында орындалады. Инетесімді беймата жаймалары көрпе, еденге төсегіш, техникалық материал ретінде қолданылады. Өте берік және форма тұрақтылық жайма жасау үшін инетесімді жайманы бай- ланыстырушы сұйықпен сіңдіріп ыстықпен өңдейді. Олар фильтрлер ретінде қолданылады. Инетесімді бейматаның қасиеттері талшық түрінде, құрылымына байланысты болғанымен көбіне процесстің негізгі параметрлеріне, әсіресе тесудің тереңдігіне және жиілігіне бай- ланысты болады.



4. Желімді беймата жайма өндіру. Желімді беймата өндіру үшін әртүрлі шикізат қолданылады: қысқа талшықтар (мысалы, линт - мақтадан талшықты бөліп алғанда қысқа талшықтар, иіру өндірісінің иіруге жарамсыз қалдықтары, тоқыма кәсіпорындарына басқа қалдықтары), қалпына келтірілген талшықтар (тігін өндірісінің қалдықтарынын тұтынылған бұйымдарды қайтадан өндеу нәтижесінде алынған), химиялық талшықтар. Жайғақтардың құрылымдық элементтерін бір бірімен біріктіру ылғалды немесе құрғақ тәсілмен орындалады. Ылғалды тәсілде кеңінен қолданылатындарға СКН-40-1-ГН, СКН- 40, БНК латекстер, термопластикалық полимерлердің судағы эмульсиялары, поливинилспиртінің эмульсиясы, химиялық материалдар қолданылады. Байланыстырушыларды жайғақтарды сіңірумен, жайғақтың үстінде орналастырылған шашыратқыштың көмегімен бүрку немесе шашыра-тумен және тағы басқа тәсілдермен орындауға болады. Тұтас сіңіру соңынан байланыстырғыштың артығын кетіру үшін сығуды, кептіруді және термоөндеуді қажет етеді. Сығу каландрлеу біліктерімен, кептіру барабанды кептіргіштерде орындалады. Жайма ыстық айналып тұратын барабандардың бетін жабумен кептіріледі, қыртыстары жазылады, машинадан шығарылады. Кептіру үрдісінде инфрақызыл сәулелерімен және жиілігі жоғары тоқпен өңделінеді. Соңынан орындалатын термоөңдеу байланыс беріктігін күшейту және біртегістеу үшін қажет. Сұйық байланыстырғышты шашыратқанда немесе бүркігенде сығу қажет емес. Мұндайда беймата жайманың құрылымы тұтас сіңдіруге қарағанда бостау, өткізгіштігі өте жақсы және қаттылығ төмен бола- ды.

Одан басқа тағыда ылғалды тәсіл - қағаз жасау тәсілі қолданылады. Оның мәні иіруге жарамсы, ұзындығы 2 мм дейін (әдетте тез балқитын) талшықтардың немесе фибридтартардың және байланыстырғыштың суспензиясы қағаз жасау машинасының торына жіберіледі.Торда белгіленген қалыңдықпен жайма түрінде материалдың қабаты қалыптастырылады. Сорғытылғаннан және кептірілгеннен кейін ыстықпен өңдеуге кейде каландрлеумен бірге өңделетін жайма алынады. Фибридтар негізгі талшықты материалға қарағанда тез балқитын болғандықтан жібіп жайғақтың құрылымдық элементтерінің желімдерін жасайды. 3.27 а-суретте байланыстырғыш сіңдірілген жіптердің жайғақ престеумен беймата жаймасын шығаруға арналған машинаның сұлбасы келтірілген.



Жіптерді 2,5 сұйық байланыстырғышпен науаларда 3,4 сіңдіреді, олар талшықты жайғақпен (1) қосылады. 3.27 б - суретте жайғақ (1) берік байланыстармен екі жақтан 2 және 5 бекітілген. Жіптер байланыстырғышпен сіңдірілгендіктен, байланыстырғыш келесі өңдеу процессінде жайғақтың тереңіне өтіп олардағы талшықтарды желімдейді. Құрғақ тәсілде жайғаққа салынатын тез балқитын түрде талшықтар, қабыршықтар, ұнтақтар, жіптер жүйесі қолданылады. Құрылым элементтерін бекіту бәрінен жиі ыстық престеу тәсілімен орындалады, яғни талшықты жайғақты немесе жіптер, жүйесін каландрлеу біліктері арқылы өткізу қолданылады. Біліктер 1-1,8 МПа қысымда 120-1500С температураға дейін қыздырылады. Ыстық престеуде тез балқитын байланыстырғыштар жібиді, жайғақтың талшықтарымен немесе жіптер жүйесімен жабысады және бір тұтас жайма жасап берік байланыстар түзеді. Желімделген беймата жаймаларының қасиеттері талшықтар түріне және олардың жайғақта орналасуына байланысты, сонымен қатар байланыстырғыштың түріне, оның жайғақта таратылуна, пайыздық құрамына және желімдеу тәсіліне байланысты. Талшықтардың жайғақта хаосты түрінде орналасуы беймата жайманың бойлық және колденең бағыттарда бірдей қасиеттерін қамтамасыз етеді. Желімді беймата жаймалар төсеу, декоративті, байлау, фильтірлік, изоляциялық материалдар ретінде қолданылады.


Бақылау сұрақтары:

1. Бекіту тәсілдеріне қысқаша сипаттама бер?

2. Беймата жаймаларының түрлері?

3. Беймата өндіру тәсілдері?


Дәріс № 9. Тоқыма материалдарын өндіру


Дәріс жоспары:

1. Тоқыма материалдарды өңдеу

2. Бояуға және сурет басуға дайындау

3. Матаны бояу

4. Сурет басу

5. Соңғы өңдеу


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет