ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы үшін ОҚу- әдістемелік материалдар



бет8/30
Дата13.02.2017
өлшемі7 Mb.
#9211
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30

Дәрістің мақсаты: Маталардың бір циклді жіне жартылай циклді механикалық қасиеттеріне қысқаша тоқталу;
Тоқыма жаймаларының негізгі механикалық қасиеттері жартылай циклді, бірциклді және көпциклді сипатаммалар болып бөлінеді. Жіптердің механикалық сипаттамаларына қарағанда матаның, трикотаждың аталған сипаттамалары екі бағытта, яғни екі өсі бойынша анықталынады. Созу деформациясын зерделеу матаның құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі, себебі матаның өрімі, тығыздығы жеке құрылымдық сипатаммалары оның беріктігіне әсерін тигізеді.

    1. Тоқыма материалдардың бір циклды. үзілетін сипаттамалары Тоқыма бұйымдар сыртқы күш әсерінен үзілетін толық бір цикл бойынша «жүктеу - жүктен босату - демалдыру» сынағында олардың созу деформациясына төзімділігін бір циклді сипаттамалармен анықтайды. Тоқыма бұйымының құрамындағы талшықтар мен жіптердің бойындағы деформациялық өзгерістер релаксациондық процестермен сипатталынады. Киімге қолданатын маталарға жүктеме азырақ әсер етеді. Тігін бұйымдарын дайындауда үзу күшіне 1-2% және киімді кию кезінде 5- 15% үзу жүктемесі әсер етеді. Жүктеме және жүктен босату демалыспен кезектесе отырып әсер еткенде материалдардың құрылымы бұзылып, әлсірейді және тігін бұйымдарының сыртқы көрінісін нашарлатады. Тоқыма материалдарының бір циклді сипаттамалар ерекшелігі жақсы сипатталған релаксационды процесс және деформация кезіндегі көрінісі болып табылады. Бұл ерекшелік көбінесе материалдың өлшемдері мен пішіндерінің тұрақтылығы және тігін бұйымдарының сапасын анықтайды. Тігін бұйымдарын дайындау мен пайдалану процестері, жүктеме релаксациясының сипаттамаларына зор мағына береді. Бұл материалдың құрылысындағы өзгерістер тігін бұйымдарындағы деформациядан кейінгі бөлшектердің өлшемі мен пішін ұстамдылығын анықтайды.


Тоқыма материалдарына үзілу күшінен азырақ күш түскен кездегі деформацияның кернеулік жағдайының өзгеру заңдылығын материалдарға бір циклді зерттеу жұмысын жүргізу арқылы анықтауға болады. Бұл кезде деформация “жүктеу-босату-демалдыру” циклі бойынша жүргізіледі. Көптеген әдістемелердің ішінен көбінесе келесі әдістемелердің түрлері қолданылады: циклдің екі жартысында тұрақты параметр ретінде деформация болады, ал шығу процессінде жүктеме болып табылады (сурет 5.2 а), циклдің екі жартысында тұрақты пара- метр ретінде жүктеме, ал өлшем бірлігі ретінде деформация болады (сурет 5.2 б), бірінші бөлікте тұрақты параметр ретінде деформация, өлшем бірлігі ретінде жүктеме. Екінші бөлікте тұрақты параметр жүктеме, ал өлшем бірлігі материалдың деформациясы болып табыла- ды (сурет 5.2 в).

Төменде деформацияны есептеуге жиі қолданатын дискретті сипаттамалардың формулалары берілген: Толық деформация 8, % 8=100(Ц^0. Тез жойылатын (шартты серпімді) деформация 8р % 8=100(Ц^2)^0. Баяу немесе жай жойылатын (шартты эластик) деформация 82, % 82=10°(Ч-ЧУЧ. Қалдық (шартты пластикалық) деформация 83, % 83=100(Ц-^0. Тез жойылатын деформацияның бөлігі ^8^=8^. Баяу жойылатын деформацияның бөлігі Л82= 82/8. Қалдық деформацияның бөлігі Л83= 83/8, мұндағы, ^^-жүктеме салынып соңғы өлшенген үлгінің жұмыс бөлігінің ұзындығы, мм ^0- жұмыс бөлігінің алғашқы ұзындығы, мм ^2- жүктеме алынған кездегі жұмыс бөлігінің ұзындығы, мм ^3- жүктеме алынған деформацияның соңғы рет өлшеу кезіндегі жұмыс бөлігінің ұзындығы мм. Жүктеме релаксациясы қисығында келесідей дискретті нүктелерді алып қарауға болады: Р0- релаксация процесінің басындағы жүктеме деңгейі, Р^-қүрылымдық процесстің тез ағуынан кейінгі жүктеме дең- гейі, Р2- баяу өзгеру процессі өткенен кейінгі жүктеме. Сонда тез өтетін релаксация процесінің бөлігі келесі формуламен анықталынады:

Лр=(р0-рі)/р0.

Жай өтетін релаксация формуласы:

ЛР2=(Р1-Р2)/Р0.

Жүктеменің жалпы құлау үлкендігі:

К=(Р0-Р2)/Р0.



Тоқыма материалдарының релаксация сипаттамаларын анықтау үшін арнайы аспаптар-релаксометрлер қолданылады. «Тірек» типті релаксометрлер өздерінің көп кездесетіндігімен және қарапайымдылығымен көп тараған. «Тірек» сияқты релаксометрде жүргізілетін үшінші үлгі жүктеменің қалыпты сынауларын (5) жүктемені (4) белсенді қысқыштарға ілу арқылы жүргізеді. Матаның үлгісінің деформациясының өлшемі 0,1 мм аспайтын (6) шкалаға қатысты конустың төменгі қысқышының қалпы мен тіркеледі, жүкті түсіргеннен кейін сызғышты қойып тіркейді. Қалыпты ұзарту кезінде сынауларға арналған «Тірек» типті релаксометрді А. Н. Кобляков ұсынған. (3) үлгінің жүктелуі берілген деформацияға жеткенше (7) штурвалды дөңгелектің айналуымен жүзеге асырылады. Деформацияның үлкендігі (6) шкала бойынша бақылауға алынып отырады. 1 сағат өткен соң үлгіні төменгі қысқыштан босатып (8) шкаладағы үлгінің үзындығын өлшейді. Бұл үлгілердің жоғарғы қысқышының (2) әр қайсысы (9) серіппе балкаға бекітілген, горизонталды (1) балкаға орнатылған. Үстінде сымды тензорезисторлар (10) жабыстырылған серіппелі тірек. «Тірек» типті релаксометрдің конструкциясының қарапайымдылығы - деформация өлшемдерін қажетті жоғары дәлділікпен біріктіру үшін МТПИЛП және Р-МТИЛП релаксометрі ойлап табылған. 5.3. және 5.4. суреттерде «Тірек» релаксометрі көрсетілген.


Р-МТИЛП релаксометрін Б. А. Бузов (сурет 5.5), Д. Г Петропавлов қалыпты күшейту кезіндегі сынауларға арнап ойлап тапқан құрылғысы. (15) үлгінің жүктемесі, жүктеме штоктың бекіткішінің (17) тұтқасын бұрау арқылы іске асырылады. (7) жүк (12) қысқыш (11) тетік арқылы (15) үлгіге әсер ете бастайды, үлгінің төмен санының орналасуы оның ұзаруына тең.



1- аяқтары, 2-негіздеме, 3-тұрғыш, 4,5-майыстырушы бағдарлама, 6-жүктеме алаңы, 7-жүк, 8-балка, 9-роликті бағыттаушы, 10-жүктеме тетігінін бекіткіші, 11-жүктеуші тетік; 12-қозғалатын қысқыш, 13-балка, 14-қозғалмайтын қысқыш, 15-үлгі, 16-қозғалатын қысқыштың фиксаторынің түтқасы, 17-жүктеме тетігінің фиксаторынын тұтқасы, 18,19-тегершік, 20-ось, 21-швеллер, 22-балка, 23-индикатор, 24-винт, 25-штатив, 26-табан.

Тоқыма матаның беріктігі. Матаны тартқандағы беріктігі - оның сапасын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. Матаның тартқандағы беріктігі дегеніміз оның өзіне түскен күшке қарсы тұру қабілеті. Белгілі бір мөлшердегі мата жолағын үзуге кететін ең аз салмақты үзілу салмағы деп айтады. Бұл салмақ үзу машинасында мата жолақтарын үзу арқылы анықталынады. Маталардың үзу жүктемесін «РТ 250М» және «Инстрон» машиналарында анықтайды. Үзу машинасында матаның берітігімен қоса ұзаруын анықтайды. Үзілер кездегі үлгі ұзындығының өсуі - үзілердегі ұзаруы (мм) өлшенеді (абсолютті ұзаруы) немесе үлгінің бастапқы ұзындығына процентпен алынады (салыстырмалы ұзару Е).

Е ^2 -Ц / Ц 100, мүндағы, І^ үлгінің бастапқы үзындығы, мм 12 -үлгінің үзілердегі үзындығы, мм. Меншікті үзу жүктемесі Рм , Н, бүл материалдың қүрылысының элементіне келетін үзу жүктемесі. Матада бүл негіз немесе арқау жіптері, ал тоқымада шалу қатары болып табылады.

Р =Р /п, м р мүндағы, Р - үзу жүктемесі, Н, п - үлгі ені бойынша алынған қүрылымдық элементтер саны.

Салыстырмалы үзу жүктемесі Рс , Нм/г, келесі формуламен анықталынады:

Р=Р /(МЬ), О р 4 8 ' '

мүндағы, М8 - материалдың беттік тығыздығы, г/м2 , Ь - элементарлы үлгі ені, м.

Маталарда негіз және арқау жіптерінің массасы әр түрлі болып келеді. Сондықтан, бүл маталардың салыстырмалы үзу жүктемелерін анықтау үшін әрқайсысының салмақ бөлігі бойынша анықтап алынады:

Р=Р /(МЬс), О р 4 8 ' '

мүндағы, с үлгіні бүзу бағытында алынған жүйедегі жіптің массасының үлесі.

Абсольютті үзу үзару І мм, үзу моменті кезіндегі матаның үзындығының үзаруы. Бүл үзу машинасындағы шкала арқылы анықталынады. Салыстырмалы үзу үзару е %, мына формуламен анықталады: 8р =1001р^о, мүндағы, ^о -материалдың бастапқы үзындығы, мм. Абсолютті үзу жүмысы Кр , Дж, келесідей анықталынады:

К =Р 1 п- р р р

мүндағы, п- диаграмманың толықтыру коэффициенті



Диаграмманың толықтыру коэффициенті, ол үшбүрыштың ауданы 8, яғни Рр және 1 координаттарынан алынған. 5.6. суретте жүмыс диаграмммасының сұлбасы берілген:



    1. Тоқыма материалдардың жартылай циклды. үзілмейтін сипаттамалары Жартылай циклды үзілмейтін сипаттамаларға келесі қасиеттер жатады: иілу кезіндегі қатылық, драпталыну. Тоқыма материалдардың қаттылығы - матаның өзіне берген форма- сын сақтап қалу қабілеті. Қаттылыққа қарама-қарсы қасиет жұмсақтық болып табылады. Тұрмыстық қажетке пайдаланылатын маталардың қаттылығын анықтау үшін олардың жолақтарының өз салмағының әсерінен иілу дәрежесін ПТ-2 аспабында анықтайды. ПТ- 2 аспабы (сурет 5.7) мата, тоқыма, бейматаларды ию кезіндегі қаттылығын анықатуға арналған. Бұл материалдардың қаттылығын анықтау үшін алдын-ала бес көлденең және тік материалдардың жолақшалары дайындалады. Бұл жолақша өлшемі 160x30 мм болып келеді. Өлшеу арқылы бес рет зерттеп, жолақшаның грамм бойынша массасын анықтаймыз (тік және көлденең жолақшалары бөлек алына- ды). Зерттелінетін жолақшаны (7) симметриялы етіп, шкала бойынша (9) горизонтальді анықтау оң жақ бетімен жоғары қаратып салынады, үлгінің ортаңғы бөлігіне ені 2 см, салмағы 500 г болатын жүкпен (8) бекітеміз. Алаңның ортаңғы бөлігі (6) қозғалмайтын болып табылады, ал оның екі жағы механизм (2) көмегімен бір қалыпты төмен түседі. Бұл механизм батырма 1 арқылы жұмысқа қосылады. Ауданның кейбір учаскесі төмен түскенде үлгінің шет жақтары иіле бастайды, бір минут өткен соң иілуді көрсететін тілше (4) бойынша (шкала) жолақшаның иілген шеттерін шкаламен (5) өлшеп алады. Соңғы нәтиже ретінде зерттелген 10 жолақтың орташа саны алынады.

Матаның қаггылығын ЕІ, мкН 1 см2 үлгінің тік және көлденең бағытта алынуына байланысты келесі формуламен анықталынады:

ЕІ. =42046т/А, ТІК, көлд. 5

мұндағы, т - зерттелелетін жолақ салмағы, г, А-кесте 5.2 бойынша анықталынатын салыстырмалы иілудің/0 функциясына сәйкес келетін коэффициент.

Салыстырмалы иілудің/ формуласы:

/0 = //1 = / / 7, мұндағы,/ - үлгінің соңғы иілуі, см, I - үлгінің түсіп тұрған шеттерінің ұзындығы 7 см тең.



Кесте 5.2 - Салыстырмалы иілудің/0 функциясына сәйкес келетін А Коэффициенті



Бақылау сұрақтары:

1. Жартылай циклды үзілмейтін сипаттамаларға қандайқасиеттер жатады?

2. Бір циклды үзілмейтін сипаттамаларға қандай қасиеттер жатады?

Дәріс № 12. Тоқыма маталардың иілу кезіндегі драпталынуы


Дәріс жоспары:

1. Тоқыма маталардың иілу кезіндегі драпталынуы



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет