ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы үшін ОҚу- әдістемелік материалдар



бет7/30
Дата13.02.2017
өлшемі7 Mb.
#9211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30

Дәрістің мақсаты: Тоқыма материалдарын өңдеу және өңдеу барсында орын алатын үрдістермен таныстыру, оларға қысқаша тоқталу;

1. Тоқыма материалдарды өңдеу. Тоқыма станогынан түсірілген матаны сұр немесе өңделмеген мата деп атайды. Оның құрамында әртүрлі табиғи серіктес заттар, кір және қосымша қоспалар болады, сырт түрі өңсіз болып келеді және тігін бұйымдарын өндіруге жарамсыз болады. Сондықтан сұр матаны өңдеу қажет. Маталарды өңдеу - олардың сапасын жақсарту, тауарлық түр беру, тігін өндірісінде пішуге дайындау, қыртыстанбағыш, суға төзімділік қасиеттерді қамтамасыз ету үшін жүргізілетін көптеген химиялық, физика-механикалық операциялардың жиынтығынан тұратын технологиялық процесс. Маталарды өңдеу процессі төрт кезеңнен тұрады матаны тазарту және дайындау, бояу, сурет басу, соңғы өндеу. Әрбір кезең өз алдына бірқатар физика-механикалық және химиялық операциялардан тұрады. Ол операциялардың түрлері және олардың орындалу тәртібіне маталардың талшық құрамы әсерін тигізеді. Әрбір операцияны жүргізгенде қолданылатын химиялық заттардың концентрациясын және өңдеу режимінің температурасын қатаң түрде қадағалайды. Ол мата талшықтарының сапасын жоғалтпау үшін өте маңызды. Маталардың талшық құрамына байланысты химиялық реагенттердің құрамы және өңдеу тәртібі тағайындалады.

2. Бояуға және сурет басуға дайындау. Мақта - маталарды өңдеу. Мақта - маталарды тазарту және дайын- дау келесі технологиялық операциялар орындалу арқылы орындалады: сұр матаны қабылдау және талдау; отпен шарпу; шлихтасыздандыру; қайнату; ағарту; мерсерлеу; түктеу. Барлық маталар үшін тазарту және дайындау сұр матаны қабылдаудан және талдаудан басталады. Бұл кезеңде тоқымашылықтың түрлі ақауларын анықтау және оларды жою, өңдеудің келесі опера- цияларын жүргізуге өндірістік партия құрастыру орындалады. Өңдеу операциялардың барлығынан өткізу үшін мақта маталары бірнеше жүздеген бөліктерден тұратын ұзын үздіксіз таспаға біріктіріп тігіледі. Әрбір бөлікті алдын-ала жуғанда кетпейтін бояумен белгілейді. Мата қабылдау және талдаудан өткенен кейін отпен шарпу операциясына жіберіледі. Отпен шарпу матаның бетінде шығып тұрған қысқа талшықтарды күйдіріп жою үшін жүргізіледі, бұл операцияны конструкциясы әртүрлі күйдіру машиналарында өткізіледі. Операцияның мәні матаны 2,5 - 3,0 м/сек жылдамдықпен қатты қыздырылған беттен өткізу болып саналады. Нәтижесінде матаның бетінде шығып тұрған қысқа талшықтар күйіп кетеді, матаның беті тазарады. Түкті және түктелетін маталар, сонымен қатар дәке отпен шарпылмайды, осылай өңделген мата шлихтасыздандыру операция- сына жіберіледі. Шлихтасыздандыру келесі жүргізілетін операциялардың орандалуын жеңілдетету мақсатымен шлихтадан және басқа табиғи қосымша заттардан матаны ажырту үшін жүргізіледі. Матаны шлихтасыздан- дыру үшін оны 30-400 С температурада суға салып арнайы жәшіктерде матаның тығыздығына қарай 4 - 24 сағатқа жатқызылады. Шлихтасыз- дандыруды тездету үшін қышқыл немесе сілті ертіндісінде өңдейді. Суланған матадағы крахмал гидролизденіп сумен жақсы жуылып шай- ылады. Сонымен қатар матаны ферменттермен өңдеу арқылы жедел шлихтасыздандыру кеңінен қолданылады. Шлихтасыздандырылған мата жұмсарады және суды сіңіру қабілеті жоғарлайды. Ақ түсті мата алу үшін ағарту операциясы жүргізіледі. Ағарту кезінде матаға сұр немесе сарғыш түс беретін табиғи бояғыш зат- тар бұзылады және түссізденеді. Ағартқыш заттар ретінде әртүрлі тотықтырғыштар қолданылады. Оларға сутек пероксиді, натрий хлориды және гипохлориды жатады. Ағартқыштармен малып сығылған мата біршама уақыт арнайы жатқызылады, одан кейін жуылады, сығылады және кептіріледі. Сутек пероксидін қолданғанда ағарту процесі хлорлы ағартқыштарды қолданғанмен салыстырғанда тез өтеді. Ағарту процесі үздіксіз тәсілменарнайы агрегатта немесе арнайы қазанда өткізіледі. Ағартылған матаның гигроскопиялық қасиеттері өте жоғары және ашық түске жеңіл боялады. Ағартудан өткен маталар мерсерлеу немесе түктеу операцияларының біріне жіберіледі.

Мерсерлеу деп керілген түрде матаны 15-180С температурада 30 - 50 секунд уақытта 25 % күйдіргіш натр ертіндісімен өңдеуді айтады. Операцияның атауы белгілі Француз химигі Мерсердің реакциясының атымен аталады. Сұр өңделмеген мата 2 - 3 минут уақытта өңделеді, мерсерленген мата жылтырланады, жібек тәріздес, гигроскопиялығы және беріктігі жоғарлайды, мерсерленген маталар бояуды жақсы сіңіреді және бояуы берік, ашық түсті болады. Матаның бетінде талшықты түк жасау үшін түктеу операциясын жүргізеді. Түктеу арнайы инелі түктеу машинасында орындалады. Машинаның инелері матаның арқау жіптерінен талшықтарды шығарып оларды бір бағыттан екінші бағытқа тарайды. Жақсы түк жасау үшін матаны түктеу машинасынан бірнеше рет өткізеді. Түктеуге мата сұр және ағартылған түрде жатады. Зығыр маталарды өңдеу. Зығыр маталарды тазарту және дай- ындауды мақта - мата өндірісінің сұлбасы бойынша жүргізеді. Бірақ. оларға қарағанда байқастап, технологиялық операцияларды бірнеше рет қайталап орындайды. Өйткені зығыр талшығында мақтаға қарағанда табиғи серіктес заттар, әсіресе лигнин, көп мөлшерде бо- лады. Олар әдетте қиын ыдырайды. Осының салдарынан зығыр ма- талар қайнатудан, ағартудан және басқа өңдеуден қиындықпен өтеді. Сонымен қатар, талшықтарды бұзып алмау үшін, матаның қасиеттерін жоғалтпау үшін технологиялық процесстерді қатаң қадағалау қажет. Зығыр маталар көбіне біршама ағартылған жіптерден шығарылады. Осылардың бәрі зығыр маталарын өңдеу технологиясын жасағанда ескеріледі. Зығыр маталарын тазарту және дайындау технологиялық процессі келесі сұлба бойынша орындалады: отпен шарпу; шлихтасыздандыру; қайнату; ағарту. Шлихтасыздандыру матаны жылы суға салып, одан кейін 10 - 12 сағатқа қалдыру арқылы орындалады. Қайнату әдетте екі рет қайталанады. Жүн маталарды өңдеу. Шұғалық маталарды дайындау мәуіті маталарды дайындаудан біршама өзгешелеу болады.Сондықтан шұғалық және мәуіті маталарды дайындау технологиялық процесстердің ерекшеліктерін білу қажет. Отпен шарпу тек қана мәуіті маталарға жүргізіледі. Әдетте, ол газ жалынымен шарпыйтын машиналарда орындалады.

Жуу. Жуу шұғалық және мәуіті маталар құрамынан майлы зат- тарды, щлихтаны және түрлі кір заттарды ажыратып алу мақсатында қолданылады. Маталарды құрамында беттік-белсенді заттар, сода бар ертінділермен жуып шаяды.

Қайнату. Қайнату - матаны жазылған түрде 20-30 мин уақыт қайнап тұрған сумен біртіндеп суытумен өңдеу. Нәтижесінде талшықтардан иіру кезеңінде пайда болған кернеу түседі, жіптегі және матаның бетіндегі талшықтардың орналасуы бекітіледі. Сонымен қатар, қайнату матаның бойында сынықтардың (жазылмайтын құрыстардың немесе жолақтардың) пайда болдыруына жол бермейді. Мұндай өңдеу негізінен мәуіті маталарға қолданылады. Олардың көбі бірінші қайнатуды жуу кезінде өтеді.

Киіздендіру. Киіздендіру барлық шұғалық және мәуіті маталардың біразына негізсі және арқауы бойынша тығыздау (от- ыру) мақсатымен және матаның бетінде киіз тәріздес қаптау жасау үшін жүргізіледі. Матаны киіздендіру басу машинасында 38-420С температурада орындалады. Шұғалық маталарды 2-18 сағат басты- рады, кейбір костюмдік мәуіті маталарды 20-40 мин бастырады, оны «фулеровка» депте атайды.

Карбондау. Карбондау барлық таза жүн маталары үшін орын- далады. Маталарды 4-5 % күкірт қышқылының ертіндісімен сіңдірілгеннен кейін 70-950С температурада кептіреді, 105 -1100С температурада қыздырады. Карбондау кезінде матада қалған өсімдік аралас қалдықтар жойылады. Жүн маталары мұндай өңдеу әдістеріне төзімді келеді. Карбондау арнайы агрегаттарда жүргізіледі. Соңынан маталар жуу- шаю операциясынан өтеді.

Түктеу. Драптар, велюр типті маталар бетінде түкпен өндіріледі. Түктелену үшін маталар арнайы түктеу машинасы нда түктелінеді. Бұл машинада кардалық таспаның көмегімен суландырылған матададан талшықтар оның бетіне таралынады.

Бояу. Жүн маталарын бояу қышқылдық, хромдық, қышқылдық антрахинондық бояғыш заттармен жүргізіледі.

Сурет басу. Сурет басу кейбір көйлектік маталарға жүргізіледі. Матаға сурет басу арнайы гравюраланған білікті немесе торлы бастыру машиналармен өрнек басу әдісімен орындалады.

Табиғи жібек маталарды өңдеу. Таза жібек маталарды соңғы өңдеу матаның қүрылымына байланысты. Табиғи жібектен тоқылған креп маталарды соңғы өңдеуде сірке қышқылының 1% ерітіндісімен өңдейді және инелі керу - апшыту машинасында кептіреді. Нәтижесінде матаның жүмсақтық және эластикалық қасиеттері жоғарлайды. Таза жібек иірімжіптен тоқылған маталарды қайтара отпен шарпыйды, каландрда жазады, аппреттейді және түзетіп жазады. Содан соң арқауы бойынша түзету - жазу машинасында түзетіледі.

Түкті маталарды соңғы өңдеуде келесі операцияларды жүргізеді: матаны теріс жағынан қағу машинасында түгін көтеру, түгінің биіктігін біртегістеу үшін қырқу, теріс жағынан аппреттеу. Содан кейін матаны инелі - керу - кептіру машинасынан өткізеді.

Химиялық талшықтардан тоқылған маталарды өңдеу. Синтетикалық және жасанды талшықтардан тоқылған маталарда табиғи қоспалар болмайды және негізінен тез шайылатын заттар бо- лады: шлихта, сабын, минералдық майлар. Дайындау және тазарту маталардың химиялық құрамына байланысты. Вискозалық жіптердің мақта жіптерімен немесе штапельдік иірімжіптерден тұратын маталарды дайындау кезінде оларды отпен шарпыйды, шлихтадан тазартады және майлағыш заттардан тазарты- лады. Құрама жасанды жіптерден тоқылған маталарда шлихта болмағандықтан оларды тек қана 30 - 40 минут уақыт әлсіз сабын - сода ертіндісінде майлағыш заттардан тазарту үшін қайнатады. Вискозалық маталарды 80 - 900С температурада, ацетаттық - 700С аммиак ертіндісін қоса қайнатады. Синтетических талшықтардан тоқылған маталарды 70-800С ыстық сабын ертіндісінде қайнатады, тұрақтандыру операциясынан өткізеді. Тұрақтандыру процессінде мата керіліп жазылған түрде және ені бойынша бекітіліп бумен немесе температурасы 120 - 1800С ыстық ауамен қысқа уақыт ішінде өңделеді. Тұрақтандыру материалдың қасиеттерін және құрылымын қалыптастырады. Тұрақтандырудан өткен маталар технологилық өңдеуденде, тігін бұйымдарды тұтынудада қалпын және сызықтық өлшемдерін жақсы сақтайды.

Жасанды целлюлозалық талшықтардан тұратын маталарды бояу тікелей, немесе кубтық бояғыштармен, ацетаттық және синтетикалық маталарды дисперстік бояғыштармен бояйды. Вискоза - ацетаттық жіптерден маталарды тікелей бояғыштармен бояғанда ацетаттық талшықтар боялмайды. Сондықтан матада шұбарала эффект пайда болады. Мұндай маталарды бояу үшін тікелей бояғыштармен ацетат талшықтарын бояйтын бояғыштар бірге қолданылады.

Сурет басу креп маталар үшін торлы үлгілермен немесе графюраланған басу білікті цилиндрлі басу машиналарында орындалады. Өрнектер матаға талшық құрамына қарай әртүрлі бояғыштармен басылады. Термокөшіру әдіспен - сублистатик - кеңінен қолданылады. Бұл әдіс бойынша сурет дисперстік бояғыштармен қағаздың бетіне са- лынады, одан каландрдың көмегімен 2100С ылғалды матаға көшіріледі. Өңдеу уақыты 30 секунд.

Соңғы өңдеу. Химиялық талшықтардан жасалынған маталарды соңғы өңдеу бірнеше операциялардан тұрады: аппреттеу, керу және кептіру, декатирлеу, каландрлеу, арқауды түзету. Өңдеу аппретеу - өңдеу негізлерінде орындалады. Астарлық маталарды негізмдеу, ал басқаларын жұмсартқыш заттармен аппреттейді. Кептіру каландрлар- да немесе кептіру - керу машиналарында қатты созбай жүргізіледі. Креп маталардың крептік эффектісін күшейту үшін декатирде ылғалды бумен декатирлейді. Астарлық маталардың тозуға төзімділігін жоғарлату үшін оларды көбіктендірілген полиэтиленнің эмульсиясымен өңдеп, жууға төзімділігін көтереді. Капрон маталарды аппретеуден кейін тағы тұрақтандырады.

3. Матаны бояу. Матаны бояу - бояғыштардың бояу науасынан матаның талшықтарына өздігінен өтуі. Бояу көмекші заттар қосылған бояғыштардың судағы ертіндісінен берілген технолгиялық тәртіппен жүргізіледі. Бояу нәтижесінде мата берілген түске біркелкі боялады. Матаны бояу негізінен күрделі физика - химиялық процесс болып саналады. Бояу процесіне бірнеше факторлар әсерін тигізеді. Оларға материалдың құрылымы, талшық түрі, бояғыштың диффузиялық қасиеті, электролит қосу және бояу науасының температурасы жата- ды. Тоқыма маталар негізінен синтетикалық бояғыштармен боялады. Бұл бояғыштар ашық, берік бояу қамтамасыз ететін бояулар тобына жатады. Мақта маталарын бояу үшін тікелей, кубтық, күкіртті, активті бояғыш заттар қолданылады. Сонымен қатар, суда ерімейтін азобояғыштар және қара анилин қолданылады.

Тікелей бояғыштар - мақта, полиамид және ақуызды талшықтарды бояуға арналған. Олар қанық түстер гаммасын қамтамасыз етеді, бірақ сулы өңдеулерге төзімсіз. Түстің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бекіткіштерді қосады (ДЦУ, ДЦМ). Қышқылдық бояғыш заттар суда жақсы ериді. Олар ашық түс амтамасыз ететін болғанымен күн сәулесіне, кір жууға және бояуының беріктігі тұрақсыз болады. Қышқылдық хромды бояғыштарда суда жақсы еритін бояғыштар қатарына жатады. Бояуының беріктігі жәй қышқылдық бояғыштардың бояуының беріктігіне қарағанда жоғары болады, бірақ талшықтың беріктігі біршама төмендейді. Металлқұрамды боягыш заттар суда жақсы ериді, матаны біркелкі және тез, біртегіс бояйды. Қышқылды антрахинонды бояғыш заттар ашық, түсі таза және бояуының беріктігі жоғары болып келеді. Активті бояғыштар басқа бояғыштармен салыстырғанда құрамында активті топтардың болуына байланысты өте берік бояуды қамтамасыз етеді. Мақта талшығының негізгі заты целлюлозамен активті бояғыштар химиялық коваленттік байланыс түзеді, сондықтан матаның бояуының беріктігі өте жоғары. Матаның бояуы қанық және үйкеліске, суға, жарыққа төзімді.

Матаны бояу периодтық, жартылай үздіксіз және үздіксіз тәсілдермен жүргізіледі. Кубтық бояғыштар суда ерімейтін бояғыштар, сондықтан бояу процесі жүру үшін оларды арнайы тотықсыздандырғыштардың көмегімен суда еритін тұздарына айналдырады. Олар мақта - маталарымен жақсы сіңіріледі. Соңынан ауадағы оттектің немесе басқа тотықсыздығыштардың әсер етуінен матада қайтадан суда ерімейтін алғашқы түріне көшеді, кубтық бояғыштардың түсі өте көп және матаны ашық түске басады. Кубтық бояғыштармен боялған маталардың бояуы өте берік болады. Күкіртті бояғыш заттарда суда ерімейді. Оларды кубтық бояғыштар тәрізді тотықсыздандыру арқылы суда жақсы еритін тұздарына айналдырып, матамен сіңдіруін қамтамасыз етеді. Талшықтың бойында тотықтырғаннан кейін қайтадан бастапқы түріне көшеді. Бояуының түсі күңгірттеу, ал беріктігі орташа бо- лады. Күкіртті бояғыштармен боялған мақта матасын ұзақ уақыт сақтағанда бояғыштың ыдырауынан күкірт қышқылы түзіліп, матаның мықтылығы төмендейді. Дисперстік бояғыштар суда ерімейді. Олар бояғыш зат, диспергатор, сіңдіргіштен тұратын ұнтақ және қойыртқы түрде шығарылады. Бояуды дисперсиялармен жүргізеді. Бояғыштардың ұсақ бөлшектері талшықтардың құрылымына диффузияланады, онда молекула аралық күштермен әсерлеседі. Дисперстік бояғыш заттар полиамид, полиэфир және ацетаттық талшықтарды бояйды. Бояуы сумен өңдеуге төзімді, бірақ күнге аса тұрақты емес. Азобояғыштар целлюлозалық талшықтарды бояуға арналған түстер сулы өңдеулерге тұрақты. Бояу бояғыш заттың синтезімен орындалады. Қара анилинмен бояу талшықтың өзінде катализатордың қатысуымен анилиннің тотығу реакцисының нәтижесінде өтеді. Бояуы берік, бірақ матаның беріктігі 10 - 12% төмендейді.

4. Сурет басу. Матаның бетіне белгілі бір бөліктеріне бояғыш заттармен өрнектер басу және бекіту матаға сурет басу деп аталады. Сурет басу үшін жоғарыда аталған бояғыш заттар қолданылады. Бояғыш зат арнайы қойыртқыштар қосу нәтижесінде тұтқырланған, қою түрде қолданылады. Мақта маталарда өрнекті бояуды басу машиналарында машиналық тәсілмен орындайды. Сурет басу машинасының сурет бастыратын жұмыс органы ретінде басу білігі болып саналады, біліктің бетінде өрнек гравирленген. Басу машинасы бір білікті және көп білікті болады. Бір білікті машинада матаға бір ғана түсті өрнек салынады, ал көп білікті машинада бірнеше түсті өрнектер басуға болады. Өрнектегі түстің саны қанша болса біліктер саны сонша болады. Өйткені әрбір білік суреттің белгілі бір бөлігінде тек қана бір түсті басады.

4.1-суретте басу машинасының сұлбасы келтірілген. Машиналық сурет басу үш түрге бөлінеді: тікелей, үстінен, жидіте және резервті басу. Ағартылған матаға сурет басу тікелей басу деп аталады. Ашық түске боялған матаға сурет басуды үстінен басу деп атайды. 106 Матаның сурет бастырылған ауданының мөлшеріне қарай матаны келесідей түрлерге бөледі: егер өрнек матаның 40% ауданын алса - ақ жер секілді, 40-60% - жартылай грунтты, 60% жоғары - грунтты. Мақта маталарының сапасын жақсартуға және ассортиментін кеңейтуге сәнді эффект беретін өрнек бастыру әдістері кең тарауда. Маталардың көркем - колористік безендіру мақсатымен рельефті өрнек басу қолданылады. Сонымен қатар металлды жіпті қолданған тәріздес көрінетін күміс әсер беретін басу тәсілі болып табылады.



Рельефті өрнек басу үшін бір, екі немесе үш құрамды қоспалар қолданылады. 1000С температурада кептіру процесінде матада көлемді дөңес өрнек пайда болады, оны 130 - 1500С температу- рада 1,5 - 5 минут уақыт ішінде термотұрақтандырудан өткізіп бекітеді. Мұндай әдіспен басу үшін гравюрасының тереңдігі 0,25 - 0,3 мм болатын арнайы білікті цилиндрлі баспа машиналары қолданылады. Жидете өрнек басу боялған матаның үстінен құрамында арнайы зат қосылған қойыртқышпен баспа машинада басылады. Белгілі жерлерінде матаның алғашқы бояуы химиялық жолмен жойыладыда, орнында ақ түсті өрнек пайда болады. Ал, егер ол жерде түсті өрнек 107 басу үшін жидеткіш затпен бірге басқа бояғыш зат қосылады, ол жидеткіш затқа міндетті түрде төзімді болуы қажет. Резервті басудың мәні матаны бояу алдында арнайы зат-резервпен басадыда, кейін жатық бояуға жіберіледі. Резерв матаның өрнек түсетін жерлерін бояу кезінде бояғыш затты сіңдірмейді. Жидете және резервті басу көбіне қою - қара түсті матаға ақ өрнек басуға қолданылады. Рельефті басу әдісімен пигментпен басуды бірге қолдану арқылы өте тамаша эффект алуға болады. Пигментпен басу тез бекітіледі, ал рельефті басу соңғы білік арқылы орындалады. Пигменттер суда ерімейді. Олар арнайы байланыстырушы ролін атқаратын синтетикалық шайыр заттардың көмегімен матаның бетінде талшықтармен жабысу арқылы бекітіледі. Бекіту өрнек басылғаннан кейін бірден кептіру және термобекітумен орындалады. Бұл әдістің басқа әдістерден үстемділігі басылған маталарды жуу-шаю қажет еместігінде. Сонымен қатар, пигменттер барлық тоқыма материалдарға қолданыла береді.



    1. Соңғы өңдеу. Соңғы өңдеу маталарға әдемі сыртқы түр беру үшін, жайманың енін бекітуге және қыртыстарын жазу арқылы біртегістеу үшін орындалады. Сонымен қатар кейбір маталарды арнайы өңдеуден өткізеді. Мысалы, материалға қыртыстанбау, апшуын төмендету, суөткізбеу, отқа төзімді қасиеттер беру үшін өткізеді. Мақта маталары соңғы өңдеу кезеңінде аппреттеу, ені бойынша керу және үтіктеуден өтеді. Алдын-ала аппреттеу кезінде матаға арнайы аппрет салады. Аппреттердің құрамында жабыстанғыш зат (крахмал, негізм), жұмсартқыш (май, сабын, глицерин), антисептиктер болады. Аппрет- теу нәтижесінде мата біртегіс, тығыз болады және аппреттің құрамына қарай матаға қаттылық немесе жұмсақтық қасиет беріледі. Аппреттелгеннен кейін мата ені бойынша керілуге жіберіледі. Керу арнайы тізбекті керу машинасында орындалады. Бұл машинада мата ені бойынша керіліп, қиғаштанған жерлерін дұрысталады, майысқан арқау жіптері түзетіледі. Матаны керу алдында су шашыратқыш машинада ылғалдыландырады. Матаны каландрлеу немесе үтіктеу каландрларда жүргізіледі. Өңдеу каландры беттері серпімді ауыр болат темір және жиынтық біліктерден тұрады. Болат темір білік қуыс және ішінен қыздырылады. Мата каландрленгенде бір біріне қысылған болат және жиынтық біліктердің арасынан өтеді. 108 Біліктер бір біріне әлсіз қысылған түрде матаны жазу орындалады. Біліктерді қысу дәрежесін жоғарлатса матаның беті жылтырайды, егерде болат білік қыздырылатын болса жылтырауы күшейеді. Сәтен маталарды үтіктеп жазу күмістендіру каландрларында орындалады. Күмістендіру каландрының болат білігінің жәй каландрдың білігінен айырмашылығы оның бетінде жіңішке сызықшалары болады. Күмістендіру каландрында үтіктеу нәтижесінде мата жібек тәріздес жылтыр болып шығады. Бірақ, жылтыры тұрақты болмайды және жуғанда кетіп қалады.

Кейбір мақта маталарды арнайы өңдеуден өткізеді. Мысалы, тұрақты аппреттеуді қамтамасыз ету үшін матаны шәйіліп кетпейтін аппретпен өңдейді. Шәйіліп кетпейтін аппреттер матаның жақсы сырт түрін жуғаннан кейін сақталуына және киімді пайдаланғанда тұтынушылық қасиеттеріне себебін тигізеді. Егерде матаны каландрлау алдында ар- найы ертіндімен сіңдірсе жылтыры жуғанға тұрақты болады. Дайын мақта маталар ылғалдандырылғанда біршама апшиды. Аз апшитын матаны апшуға қарсы өңдеуден өткізу арқылы алуға бо- лады. Ол үшін мата арнайы апшыту машинасында өңделеді, оған мата ылғалданған және сәл салбыратылған түрде түседі, сондықтан матаның апшуына жол беріледі. Аз апшитын матаны арнайы заттар- мен өңдеу арқылы алуға болады және олар талшықтардың ісінуін күрт төмендетіп, олардың қысқаруына себеп болады. Мақта маталарының апшуын оларды химиялық ертінділермен өңдеу арқылы азайтуға болады. Сәл ғана ширатылған жіптен тоқылған тығыз емес маталар үшін арнайы химиялық препараттармен үтіктеуді қажет етпейтін өңдеу жүргізіледі. Өңделген маталар, киімдер аз қыртыстанады, жеңіл және тез жазылып кетеді. Мұндай маталардың қыртыстануы тек құрғақ түрде емес, ылғалданғандада төмендейді. Мақта маталарды соңғы өңдеу операциялары үздіксіз бір процес- ске біріктірілген. Сондықтан үздіксіз жұмыс жасалынатын өңдеу - аппретеу негізсінде орындалады.
Бақылау сұрақтары:

1. Тоқыма материалдарын өңдеу қалай жүзеге асырылады?

2. Тоқыма материалдарын өңдеу барысында орны алатын үрдістер?

3. Матаны бояу қалай жүзеге асырылады?

4. Соңғы өңдеу үрдісіне сипаттама беріңіз?

5. Сурет басу үрдісінің ерекшелігі?

Дәріс № 10. Тоқыма материалдарының геометриялық қасиеті
Дәріс жоспары:

1. Геометриялық қасиеті


Дәрістің мақсаты: Тоқыма материалдарының геометриялық қасиеттеріне және материал түрі мен тағайындалуына байланысты сипаттама беру;
1. Геометриялық қасиеті. Геометриялық қасиет деп материалдардың қалыңдығын, енін, ұзындығын және салмағын сипаттайтын тоқыма материалдарының қасиеттерін айтады. Геометриялық қасиет олар белгілі бұйымға арналған материалды таңдауды, тігін өндірісінің кейбір үдерісінде материалдың бағытын, сонымен қатар киімнің эксплуатациялы үдерісінде пайда болатын, эксплаутациялық көрсеткіштердің қатарын анықтайтын болғандықтан тігін өндірісі үшін маңызы зор.

Қалыңдық - қалыңдық өлшейтін құралда белгілі қысымда өлшенген, тоқыма материалының өң бет жағы мен теріс жағының арақашықтығы. Қалыңдықты анықтау үшін материал үлгісі 1 және 2 қос куыс бұрғылардың арасына орналастырылады. Жоғарғы қуыс бұрғы қозғалмалы және материалдың қалыңдығын 4 шкалада көрсететін, 3 тілшемен байланысқан. Тоқыма материалының қалыңдығын анықтайтын құрал 5.1 суретте көрсетілген. Тоқыма материалының қалыңдығы тұрақты көлемде болмайды және тігін өндірісінде материалды өңдеу мен әрлеу ерекшеліктерімен, киісте релаксациялық үдерістің көрсетілуімен, сондай-ақ өлшенген кездегі қысыммен байланысты. Тоқыма материалының қысымын өлшеген кезде сыналушы материалға 10 гс/см2 қысым беру қабылданған. Бұл қалыңдық көрсеткіштері бойынша әртүрлі материал- дарды салыстыруға мүмкіндік береді. Тоқыма материалдарың жеке аймақтарында қалыңдықтың әртүрлі болатындығын ескеру қажет. Осындай қалыңдық бойынша едәуір біркелкісіздікпен бейматалық материалдар ерекшеленді, оның себебін талшықтық жайғақты қалыптастырудағы кемшілігімен түсіндіреді. Материалдың қалыңдығы оның киімге сәйкес тағайындалуын анықтайды: яғни, жұқалау материалдар ішкиімдік және көйлектік бұйымдарда, орташа - костюмдік, ал қалыңырақ - пальтолық және басқа сырт киімдерде қолданылады. Әртүрлі тоқыма материалдарының қалыңдығының сипаттамасы 5.1 кестеде көрсетілген. Тоқыма материалдарының қалыңдығы олардың күлтеленуі, қаттылығы, ауа өткізгіштігі, тозуға төзімділігі, жылылықты өткізбеушілікті, сонымен қатар, бұйымға арналған материалдарды таңдаумен және оның эксплуатациялық сапасымен байланысты басқа да қасиеттерінен тәуелді. Бұдан басқа, тоқыма материалдарының қалыңдығы киімді дайындаудың технологиялық параметрлерінің



қатарына әсер етеді: одан құрастыру кезіндегі қосымша мөлшері, со- нымен бірге тігіс құрастырмасы және ені тәуелді болады. Киім бөлшектерін пішу кезінде материал қалыңдығына байланысты төсемнің көлемі 12-150 қабатқа дейін ауытқиды, ол өз кезегінде пішіп алынған киім бөлшектерінің дәлдігіне мен пішу өндірісінің өнімділігіне ықпалын тигізеді. Тігін өндірісінде материалдың қалыңдығынан тігін машинасында материалдың қозғалысына жұмасалатын күштің және жіптің шығыны тәуелді. Тігін өндірісінде қолданылатын бейматалардың қалыңдығы 0, 1-5 мм. Тоқыма материалдарының ені кенерелерінің арасындағы арақашықтықты көрсетеді. Ол маталар, трикотаж және бейматалар өндірілетін машиналар мен станоктардың сырт мөлшеріне байланысты болады.



Кесте 5.1 - Киімге арналған тоқыма материалдарының қалыңдығы

Маталар 75-250 мм дейінгі енімен шығарылуы мүмкін, бір жағынан әрбір мата түрі (талшықтық құрамы бойынша) үшін өзіндік ені тән: яғни, мақта матасында ол орташа енімен 80-120 см дейін, зығырда - 80-140 см дейін, жібекте - 90-110 см дейін, жүнде - 70-160 см дейін ауытқиды. Кей жағдайда осы маталардың ені көп немесе аз болуы мүмкін. Тігілген бейматалық материалдардың ені 150 см дейін жетуі мүмкін, ал негізмдік бейматалық материалдар- да және трикотажды жаймаларда ол 40-120 және 60-200 см шекке сәйкес ауытқиды.

Әрлеу үдерісінде оның азаюына байланысты сәйкес жайманы өңдеу кезінде ен беріледі. Қарапайым маталарда өңдеуден кейін ен 15%, басылғандарда (жүнде) - 30-35% азаяды. Ендеу және каландрлеу кезінде трикотаж жаймалары керісінше ені бойынша созылады. Маталар ені бойынша үш жерден 50 м дейінгі ұзындықты кесекпен және бес жерден одан жоғары ұзындықпен өлшенеді. Тігін фабрикаларында өлшеулерді әрбір 3 м сайын жүргізеді, сонымен қатар, тоқыма материалдарының ені тігін өндірісі үшін өте маңызды және технологиялық үдеріске әсерін тигізеді. Трикотажды жаймалардың ені тек әрбір 4-5 м сайын жайманы тынықтырғаннан кейін тексеріледі. Сондай-ақ, тігін фабрикасына түскен, бейматалық материалдардың ені тексеріледі. Тоқыма материалдарының үлкен әр түрлі енділігімен ерекшеленгендіктен, мата шығынының есебі мен жобалауға арналған әртүрлі бұйымдарға шартты ен қабылданған, яғни жүн маталары 133 см, ал қалғандары үшін - 100 см тең. МЕМСТ 29223-91 сәйкес химиялық талшықтардан жасалған плащтық және плащтық-костюмдік маталар 75, 80, 85, 90, 95, 112 100, 105, 110, 130, 140, 150, 155, 160 см; костюмдік - 90, 95, 120, 130, 140, 145, 150, 160; плащтық және күртешелік маталар (МЕМСТ-284886-90) - 80, 85, 90, 95, 120, 140, 145, 150, 150 см енімен өндіріледі. Тоқыма материалдарының ұзындыгы - бұл кесек қиықтарының немесе екі соңының арасындағы арақашықтық. Әдетте тоқыма мате- риалдарды тасымалдау үшін салмағы және өлшемі бойынша қолайлы, кесектерге қалыптайды. Жүн матасының кесегінің ұзындығы 30 м, жібектікі - 40 м, мақтанікі және зығырдікі - 40 м дейінгі шекте болуы тиіс.

Трикотажды жаймалар олардың созылымдылығының нәтижесінде ұзындығы бойынша емес, тек салмағы бойынша кесекте жасалады. Ақаулы столда ұзындықты өлшеу белгілі қиындықтармен байланы- сты, материалдарды тарту арқылы өлшеуші станокқа орналастырғанда, созылып кетеді. Дәл өлшемді алу үшін материал төсеніш столда созусыз бос жағдайда жайылады. Тоқыма материалдарының 1 м2 салмағын граммен анықтайды және талшықтың салыстырмалы салмағына және олардың аудан бірлігіндегі санына байланысты. Тоқыма материалдарының салмағына кейбір тоқыма материалдарына, олардың салмағын ұлғайтатын (табиғи жібекті ауырлату, мақта-матасын және басқа материалдарды аппрет- теу, өңдеудің арнайы түрлері), заттарды жағу кезіндегі әрлеу әсер етуі мүмкін. Тоқыма материалдарының әрбір түрлері үшін материалда ұзақ сақталуға қажетті, 1 м2 салмағы стандарттар немесе техникалық шарт бойынша орнатылған. Белгілі өлшемде материалдың салмағы олардың беріктігін, тозу факторларына қарсыласуын сипаттайды. Тоқыма өнеркәсібінің әртүрлі өндірісімен өндірілген тоқыма материалдарының салмағы өте үлкен әр түрлілікпен сипатталады және нақты бұйымға материал таңдауды анықтайды. Одан бұйымның гигиеналық қасиеті (жылу өткізгіштігі, қаттылығы, күлтеленуі), сондай-ақ, материал қалыңдығынан төсеген кездегі материал қабаты, жіптің шығыны тәуелді болады. Бұйымның әрбір түріне арналған белгілі салмақты тоқыма материалдары ұсынылады. Осыдан кейін оның тағайындалуына және белгілі қасиетіне байланысты, материалдың салмағымен байланысқан бұйымның ауырлығы ескеріледі. 5.2-кестеде киімге арналған тоқыма материалдарының салмағы көрсетілген. Маталар, трикотаждар, бейматалық материалдардың салмағы стандартты әдіспен өлшеу және формуламен есептеу арқылы анықтайды.1138-6313 Кесте 5.2 - Киімге арналған тоқыма материалдарының салмағы 1 м2 салмақ келесі формула бойынша есептеледі:

т-1000000

М = --------------------------------------------------

мұндағы, М - 1 м2 материалдың салмағы, г/м2, т - үлгінің салмағы, г, Ь - үлгінің үзындығы, мм, В - үлгінің ені, г.

1 м2 тоқыма материалының салмағын анықтау кезінде оның жоғары ылғал тартқыштық қасиетін ескеру қажет, соның арқасында материалдар ылғалды жақсы сіңіреді, ауырырақ болады және кейбір қасиеттерін өзгертеді. Сондықтан өлшеу алдында тоқымалы материалдарды 24 сағаттан кем емес уақытта температурасы 20±2°С және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы (65±2 %) жағдайында ұсталуы қажет.



Бақылау сұрақтары:

1. Маталардың қалыңдығының ерекшелігі мен маңызы?

2. Трикотаж жаймалар қандай киімнің бөлшектеріне қолданылады?

3. Тігілген бейматалық материалдар қандай киімнің бөлшектеріне қолданылады?

2 МОДУЛЬ. МАТА, ТОҚЫМА ЖӘНЕ БЕЙМАТАЛАР АССОРТИМЕНТІ
Дәріс № 11. Маталардың механикалық қасиеттері
Дәріс жоспары:

1. Тоқыма материалдардың бір циклды



2. Тоқыма материалдардың жартылай циклды
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет