ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Басқару психологиясы»


тақырып. Қоғамдық өмір және қарым-қатынас



бет3/5
Дата15.09.2017
өлшемі1,25 Mb.
#32377
1   2   3   4   5

8 тақырып. Қоғамдық өмір және қарым-қатынас

Қоғам — бұл адамдардың бірігіп тіршілік етуі. Еңбек ету әрекетінде адамдар топтасып бірлесіп атқаратын іс-әрекетте ұжымның әрбір мүшесіне белгілі бір істі тұрақты түрде атқарып отыруы жүктеледі. Сөйтіп әрбір ұжым мүшесінің әлеуметтік ролі, қоғамдық қызметі айқындала түседі. Ал сол қоғам мүшесінің әлеуметтік ролін көрсететін іс-әрекет түрлері: мұғалім мен шәкірт арасындағы қатынаста, бастық қызметкер мен бағынушылар арасында, отбасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы, сатушы мен алушылар арасында, көршілер мен туған-туыстар қатынасында, үй иесі мен қонақтар арасында күнделікті сан қилы әлеуметтік қарым-қатынастар өрістеп әркімнің өзіндік ролі мен ісін, міндетті қызметі мен іс-әрекетін білдіреді. Міне, әлеуметтік өмір тіршілігінде осындай қарым-қатынастарға әрбір қоғам мүшесінің азаматтық өзіндік даралық бейнесі мен мінез-құлқының, қасиеттері, сапалары мен ерекшеліктері қалыптасады. Осындай шым-шытырақ қарым-қатынаста әрбір адам өзгелердің жағымсыз мінезі мен құлаққа түрпідей естілетін дөрекі сөздерін, көңілдегі тілегі мен мақсаты орындалмаған адамның өкініші мен реніштері, тасы өрге домалап ісі оналған адамның шат-шадымен көңілді күйі мен ризашылық сөзімін біздер күнделікті өмірімізде көріп біліп басымыздан кешіреміз. Жетекші болған азамат, адамдарды басқаратын әкім әлеуметтік өмірдегі осындай алуан түрлі адамдар мінезімен санасып, олармен игі істі жүзеге асыру жолында қиыннан жол табуды, қалың, бұқараның көңілін табуды өздерінің басты мақсаты деп санайды.

Халық бұқарасымен қатынас орнату азаматтың әлеуметік қызметі, қоғам алдындағы борышы.

Адамдар арасындағы қатынас, әсіресе басқарушылар мен бағынушылар арасындағы қарым-қатынас орнатудың бірнеше түрлері бар. Олар ресми қатынастар мен ресмисіз қатынастардың түрлері адамдар арасындағы достық, сүйіспеншілік сезімдерге негізделген қатынастарда, әріптестер арасындағы тілдесулер адамдың шын пиғылы мен сырын ашып көрсетеді. Жан дүниесінің қыры мен сырына толық қанығады. Мұндай шын пиғылды ресмисіз қатынас орнатудың өзіндік белгілері бар. Ондай белгілер:



  1. Адамның жеке басы мен кісілік қасиетін көрсететін ашық-жарқындығы, сенімділігі мен ақ пейілділігі

  2. Әріптестерімен жалпы тіл тауып сөйлесіп, бірін-бірін жете түсінісе алуы сияқты ұнамды сапалар.

Бұлардан өзге адамдардың бірімен-бірінің өзара түсіністік қатынас орнатып, өзгелердің де көтерген мәселелерді ше­шуге қатыстыру. Мұндай ерекшелік адам мінезінің көпшіл екенін көрсетіп, оларды толғандырып жүрген мәселелер түйінен шешуге бағытталады. Әдетте әріптестер арасындағы мұндай адамның ұйымдастырушылық қабілетін өзгелерге де айқын көрсете алады. Сөйтіп адамдардың өзара қатынасында олардың, әрқайсысының өзіндік ролін көрсетеді. Топ ішінде не әлеуметтік қатынас орнатуда әрбір адам белгілі бір жағдайда өз тобында жетекшілік қызмет атқарса, ал өзге бір топта ол бөтендіріп білдіріп басқаларды жатырқап тұрады.

Адамның топ ішіндегі өзіндік ерекшелік бейнесі «Мен» — бейнесі оның өзіндік мінез-құлқы мен іс-әрекетін, сол топ ішінде нендей қызмет атқарып, қандай орын алатынын көрсететін кез келген адамның даралық сипаты. Адамның дара ба­сына тән қасиеттер мен сипаттар, оның ерекшеліктері өмір кезеңдерінде түрлі топтар арасында қалыптасқан мінез-құлқының көріністері, сол мінез ерекшеліктерінің қандай топтар мен ұжым арасында өмір кешкені жайында белгілі із қалдырып отыратын бейнелерден құралатын мінез енді адамның түрлі ортаға бейімделіп тіршілік етуі үшін оның тұтас түрдегі психологиялық өзіндік портреті жасалады. Мұндай өзіндік адам бейнесінің жасалуы үшін мынадай екі түрлі талап қойылады:

Оның бірі — адам өзінің бойынан, мінез-құлқындағы ұнамсыз сипаттар мен жағымсыз қылықтарынан арылуға күш жұмсап, кісілік қасиеттері мен азаматтық болмысын қалып-тастыруға ұмтылады; екінші, өз басындағы мінезінің олқылық жақтарын талықтырып, кісілік қасиетіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттері мен қылықтарынан арылу үшін күреседі. Сөйтіп ол өзінің даралық бейнесін қалыптастыра отырып, «енді мен кім болуым керек, өзім қарым-қатынас жасап араласатын топ арасында қандай роль атқарамың» нендей істерді істеуге мүмкіншілігім бар? деген сұрақтар қойып, алдына белгілі мақсатқа жетуді көздейді. Осындай мақсаттарын жүзеге асыру жолында ол өзге адамдармен қарым-қатынасқа түседі.

Қатынас жасау адамның даралық мінез қасиеті. Ол мынадай сатылардан тұрады:

1. Өзгелермен қарым-қатынас орнатуға ниет 6ілдіруі.

2-сатыда қатынас жасайтын әріптестерінің кімдер екенін танып білуге ықылас білдіріп, олар жайында қажетті мәліметтер алуға ұмтылады. Әрбір әріптесі мен өзінің өзара қатынасының нендей ролдер атқаруы жайлы елестері пайда болады. Әріптестерінің кімдер екенін, танып білуге мән беріп, мен олардың арасында қандай орын аламын деп, өзгелердің пікірімен санасады. Өзін өзгелердің орнына қойып, ішкі жан дүниесінің сырына барлау жасайды. Мұның бәрін ол өзінің ақыл-мөлшерімен таразылап көреді де, ұжым ішінде өзімнің атқаратын ісім мен мінез-қылығым қалай болуы керек деген міндетті шешеді.

3-сатыда қатынас жасаушы серіктері жайында өзара тілдесіп, ұғынысудың жолын іздестіреді: Егер олар тіл табыса алатын белгілі іс-әрекеттерді атқаруға кіріседі. Іс-әрекет үстінде ұжым ішіндегі әріптестерінің кімдер екенін аңғарып, оларды да, өзін де танып білетіндей деңгейге көтеріледі.

4-сатыда қарым-қатынас жасап, тілдескен әріптестер нендей ісерді атқара алады және олардың іс-әрекеті мен мінез-құлқында, қабілетінде нендей жағымды істері бар, ұнамды қасиеттері мен олқылықтары кездеседі деген жәйттерді анықтап, кімнің кім екенін білетін болады. Егер жалпы тіл табысып кете алмайтындай жәйттер байқалатын болса, онда қатынасқа түскен адамның өзгелермен онан әрі қарым-қатынас жасаудың пайдасыз екенін аңғарып, олардан өзін аулақ ұстауға тырысады.

Қорыта келгенде, қарым-қатынас орнатудың екі бөлшектен тұратынын ажыратып көрсетуге болады. Оның біріадамның ішкі дүниесінің қатысты қасиеттері ойлауы мен саналы әрекеті, ал, келесі бөлшегі адамның жүріс-тұрысы мен өзгелермен тілдесіп бірлесіп әрекет істейтін қатынас сипаттарын біліеді.

III. Адамның өзгелермен тілдесіп қарым-қатынас жасай білуі жалпы адами қасиеттердің аса қажет түрінің бірі. Күнделікті өмірде кездескен адаммен ашық-жарқын сөйлесіп пікір алысатын болсақ көңілін ашылып, жан дүниең сергиді.

Ал, өркөкірек, менмен, тұйық, адаммен кездесе қалсаң, айтқан сөзінді түсіну түгіл, оны құлағына да ілмей қойса, көтеріңкі көңілін судай басылып жігерінді құм етеді.

Тілдесу арқылы адам бірін-бірі түсінісіп сыр шертеді. Дегенмен, қатынас орнату кез келген ересек адаммен үйлесе қоймайды. Кейбіреулер ә дегеннен түсінісіп жалпы тіл табысатын болса, ал қайсы біреулер тек бұрыннан сырлас адамдарымен ғана сөйлесуді ұнатады. Мәселен, ұжым ішіндегі адам­дармен ғана сөйлесуді қажет деп санайтын болса, ал өзге біреулері от басы, ошақ қасындағы семья мүшелерімен сөйлесуден көрі, қызмет бабындағы жетекші бастықтармен ғана шүйіркелесіп пікірлесуді қалайды. Ал өзінің қарамағындағы бірге жұмыс істейтін адамдармен сөйлесуді қажетсінбейді. Ондай тұлғалар жайында жазушы В.Шукшин: «Осы 613 кім болып барамыз? неге бірімізге-біріміз жатырқай қараймыз деп таңданады. Ал бегілі психолог маман Я.Л.Коломинский айтқандай «Біздер өзара тілдесіп пікір алысуымыз, шынымен ақ сырқатқа ұшыраған ба! деген пікір білдіреді.

Адамдардың күнделікті өмірінде маңындағылармен тілдесіп пікір алысуы ұжым ішінде болса да, нақты жағдайлар мен түрлі ситуацияларға тәуелді болып отыратындары акикат жэйт кой. Мұндай жай-жапсарлар әрбір адамның алдына қоятын мақсаты мен тіршілік тұтқиылдарына да тәуелді түрліше сипатта қалыптасады да, оның өзіндік ұстанымына, мүддесіне сәйкес болуын талап етеді.

Адамның өзіндік ұстанымы белгілі іс-әрекетті жүзеге асыру барысында әр алуан белсенді әрекеттер жасайтын психологиялық күйі, саналы түрде орындайтын жұмысы деуге болады. Ол осы әрекеті арқылы әр қилы факторлер мен оқиғаларды ақыл-ой елегінен еткізіп талдайды, жоспарлаған жұмысын іске асырудың амал-тәсілдерін іздестіреді. Қалайда болмасын әрбір адамның, даралық қасиеттеріне оран мақсатты ісін орындап шыруға ұмтылып, өзге адамдармен қарым-қатынас орнатудың тиімді жолдарын іздестіреді, ұжым ішіндегі адамдардың ой-пікірін біліп, жоспарлаған жұмысын жүзеге асыру мүмкіншіліктері бар екендігіне сенеді. Осы тұрғыдан келген­де тек дара адамның, өзі ғана емес, өзгелердің де әлеуметтік орнын, мінез-құлқын, көзқарасы мен пікірлерімен санасу қажеттілігін ескеріп, әрбір нәрсенің мән-жайына барлау жасайды. Сөйтіп, адамнын, өзіндік ұстанымы жеке адамдар мен әлеуметтік топтарға жататын өзгелердің де мінез-құлқымен санасып отыру жалпы адами қасиеттің тұрақты белгісі екендігін аңғарады. Өзге адамдардың мінез-құлықтарындағы ерекшеліктерді біліп, оларды күнделікті өмірде ескеріп отыру кез келген қоғам мүшесінің азаматтық белгісі ішкі дүниесінін сыры мен қырына зөр салуды қажет ететін психологиялық фактор. Әсіресе жеке адамдардың өзара қарым-қатынасы мен белгілі жұмыс түрлерін атқаруда сыртқы жағдайлардың әсеріне орай олардың арасында теріс пікір тудыратын болса, онда бірлесіп атқаратын жұмыс мардымсыз болып, істің нәтижелі болып бітуіне кедергі жасайтын болады. Ал адамдар арасындағы бірлікке нұқсан келтіреді. Сәтсіз істің себебін анықтап, аның мән-жайын біліп шындығы анықталған жағдайда, істі орындауға тиісті адамның қылығын дұрыс бағалап, «оның тапсырылған істі бұлай істеуге мүмкіндігі болмаған шығар, әлде ол сол жұмысты орындаудың әдіс-айласын жете түсінбеген болар» деген дұрыс шешімге келеміз.

Жеке адамға тән психологиялық ерекшеліктердің бір түрін біздер адамның бойында қалыптасқан қасиет-әлеуметтін бағалау деп атаймыз. Бұл қасиет адамның бойында саналы түрде орын тепкен сипат. Осы сипат адамдардың белгілі тобына да, мәселен, өндіріс бригадасы мен оқу тобына, әскери бөлімше мен іскер адамдарға да тән. Мұндай топтарда қалыптасқан мінез-құлық сипаттары олардың дәстүрлі іс-әрекеттері мен жұмыс түрлеріне байланысты болып отырады. Сол топтардың мінез-құлқы мен пейілі де шұғылданған кәсібі мен іс-әрекет түрлеріне сәйкес өзіндік ұстанымдары болатынын көрсетеді. Олардың әрбір нәрсе мен оқиғаға қарым-қатынасы, білім деңгейі, түрлі жаңалықтар мен хабар түрлері не әсерленіп оларды қабылдауы, сезініп түсүнуі де кейде атүсті шалағай болып отыратынын байқатады. Әдетте мұндай топтар мен олардың жеке мүшелерінің нәрселер мен оқиғаларды қабылдауы, таным-түсініктері терең ойлап пайдымдаудан көрі әсерленгіштік сезім кйі басымырақ болып отыратынын көрсетеді.

Адамның әрбір құбылысты, істі неғұрлым байыбына жете түсініп, оларды дұрыс бағалауы ақыл-ойы мен дүниетанымының тұрақты әрі кеңір-ақ екенін байқатып кез келген істің шындығына ой жүгіртіп, оларды дұрыс қабылдай алатын қабілетін, кез келген нәрсенің мән-жайына ой жүгіртіп, қалай да істің шынайы мәніне түсініп, ақиқатты танып білуге сенімінін арттыра түсетінің көрсетеді. Адам мінезіне тән осындай сипаттардың бәрі оның өмір тәжірибесі мен іс-әрекетінде, дүниетанымдық көзқарасында қалыптасқан әлеуметтік бара­лау таптаурыны (стереотипі) екенін көрсетеді. Мұндай таптаурынды көзқкарас адам мінезіндегі әрбір нәрсенің мәнін та­нып білудегі өресіздігі мен ақыл-ойының саяздығын көрсетеді.

Психолог мамандардың зерттеулерінде адамның бойында қалыптасқан әлеуметтік баралау таптаурыны өзге адамдарды қабылдап, олардың мінез-құлқын бағалауда ерекше рөль атқаратынына баса мән береді өйткені кез келген адамның өзге адамдар жайындағы пікірі оны өзінің бұрыннан қалыптасқан қалыпты көзқарасы мен өмір тәжірибесіне, дүниетанымы мен білім шарқына сәйкес салыстыра отырып бағалайды. Мұндай жәйттер кейде сол адамдарды танып білу кезіндегі түрлі жағдайларға да тәуелді болып отыратындығы белгілі психолог маман А.А.Бодалевтің арнайы жүргізген тәжірибелік зерттеудері арқылы баяндалады. Мәселен, бір ер адамның суретін әртүрлі топтарға көрсетіп, осы адамның бейнесіне «Сіздер кімді көріп отырсыздар?» деп сұрағанда тәжірибеге қатысқандардың бір тобы «бұл қылмыскер ғой» деп анықтаса, ал екінші топтағылар: «мынау — ғалым әрі оқымысты кісі сияқты» деп жауап берген. Адамдардың сыртқы тұлғасы мен түр-сипатына, оның мінез-құлқын «осындай екен» деп бағалау түрлі топтағы тәжірибеге қатысушылардың өзіндік өмір тәжірибесіне байланысты түрліше көқараста болатындығын көрсетеді.

Осы тұрғыдан келгенде бір адамның өзге әріптестерін сырттай қабылдап оны тани білуіндегі көзқарасы оның өз бойында бұрыннан ірге тепкен барлық ерекшелігіне, ішкі дүниесінің сырына, өзімшілдігіне тәуелді болып келетіндігін аңғартады. Ондай адамдар өз басы жайында ұнамды ойда бо­лып, өзгелерді жете танып білмесе де олар жайында теріс пікірде болуы мүмкін. Адам мінезіндегі осындай сипаттар оның өзге адамдармен тезарада тіл табысып кетуіне кедергі жасайды және олардың біріне-бірінің сақтықпен қарап, кейде өзгелерге сенімсіздік көзқарасын да тудыруы ықтимал.

Адамдар арасындағы қалыпты қатынас орнатуда осындай мінез көрністері олардың арасын кашықтатып, жатырқаушылық сезімін тудырары күмәнсіз.

Сонымен, қарым-қатынас дегеніміз — ғылым әрі өнер. Бұл творчестволық процесс. Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу-әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапқырлығы мен ақыл-ойына байланысты жүзеге асып отыратын тіршілік мұқтаждығы. Тіл табысып өзгелермен қатынас орнату әрбір адамның өзіндік талғам-тілегін, ықылас-ынтасын жалпы адамға деген адами көзқарасын жете түсінуді талап етеді. Қарым-қатынас нәтижесінде адамның кісілік қасиеті, өзгелерге деген қамқорлығы мен жан ашырлық сезім, гуманитарлық көзқарасы қалыптасады. Тіршілік ортасы мен өмір сүрудің сан алуан сырларын біліп, жеке басының қадір-қасиетін арттырады. Адам өзін өзгелердің орнына қойып байқап, оның, ішкі дүниесінің сырын да барлап біледі.

Қарым-қатынас жасаушылар өз арасында көтерген мәселелері мен хабар алысу кезінде бірінің сезін бірі ынта қойып тыңдап, әңгіменің мән-жайын барынша жете түсінсуді мақсат тұтады. Әріптестердің талап-тілегі мен хабары, көңіл күін олардың көзқарасынан, дауыс ырғағынан, бет құбылысы мен ым-ишараларынан анық аңғарылады. Айтушы да, тыңдаушы да өзара түсіністік білдіріп бірінің сөзін екіншісі ықылас-ынта қойып тындайды, мұңын тыңдап оған жаңашырлық кейіп 6ілдіріп, ал сәтті ісі мен игі ісін жүзеге асыруына тілектестігін білдіреді. Халқымызда «Жақсы сөз — жарым ырыс» дейтін мәтел осы бір жәйтті білдірсе керек. Әріптесінің айтқан сөзін ықылассыз тыңдап, кейде оған бірден өзінің қарсылығын, наразылғын да білдіруге асырады. Әрине, мұндай жарғайда әріптестер арасындағы пікір алысып сөйлесу өзара түсіністікке жеткізе бермейтіні хақ.

Әріптестердің пікір алысып, тілдесуіңде тыңдаушысы сөйлеушінің айтпақшы болған ойына түсініп, оның мұқтажына дал сол адамның басынан кешірген оқиғасын психологияда бәіз эмпатия деп атаймыз. Эмпатия сөйлеушінің жан дүниесінің тебіренітерін тыңдаушысы өз басынан кешіргендей күй кешіп, оған жан ашырлық пиғыл білдіріп, ондай ауыр күйден шығудың жолын айтады, не шинеленісті мәселенің шешу жотын бірлесе отырып қарастыратын болады.

Қатынасқа түскен өріптестер, не пікір алысушы әріптестердің өзара түсіністігі сөз арқылы да, ым-ишара білдіріп, бет құбылысынан, қимыл-қозғалысы мен дауыс ырғағынан айқын көрініс табады. Тілдесіп, пікір алысу негізінен дауыстап сөйлеу арқылы жүзеге асқанымен адамдардың өзара қарым-қатынасының мазмұн-мәні әр алуан ым-ишаралар жасау арқылы да айқындала түсіп, әріптестер бірін-бірі жете түсінісетін болады. Сөйтіп олар өздерінің межелеген іс-әрекеті мен мақсат-мүддесін бірлесе отырып атқаратын болады.

Басқарушылар мен бағынушы адамдар арасындағы қарым-қатынас орнатудың нақты түрлері мен тісілдері әр алуан. Мәселен, жетекші мамандар мен жұмысшылар арасында жарасымды қарым-қатынас орнатудың түрлеріне әңгімелесу, өндіріс орындарында өткізілетін кеңестер мен жиналыстар, еңбекшілер арасына келіп сөйлесу сияқты тәсілдерді де жатқызуға болады.



9 тақырып. Еңбек ұжымы және талас-тартысты мәселелерді шешудің психологиялық ерекшеліктері

Еңбек ұжымы мен мекеме қызметкерлері арасындағы талас-тартыстар мен дау-дамай. Кез-келген ұжым мен мекемеде, өндіріс орындарында түрлі себептерге байланысты талас-тартыстар мен дау-дамай болып отыратындығы мәлім. Бұл мәселені психология ғылымы адамдар мен көпшілік арасын­дағы қарым-қатынаста психологиялық, ахуалдың жағымсыз көріністері деп санап, оны өз алдына бөліп қарастырады.

Өндіріс орындарында ұжымдар ішінде туындап отыратын талас-тартысты, дау-дамайлы мәселелер негізінен жеке адамдардың мақсат-мүдделерінің көзқарастары мен қалыпты жағдайлардың өзгеруіне, олардың жеке бастарының мінез-құлык ерекшеліктерінің қанағаттанбау сезімінің салдарынан туындап жатады. Ал дау-дамайлы ұжымдарда олар­дың іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыра алмай іскерлік қасиеттерінің тоқырап қалуына әкеп соқтырады. Сөйтіп талас-тартыстың шығуы негізінен тоқырап қалуға қарсы күрес жүргізуге байлынысты екенін аңғартады. Дау-дамай әсіресе же­ке адамдардың өзара жалпы тіл тауып, түсінісе алмау салдарынан шығады. Өйткені әрбір адамның даралық ерекшеліктері, көзқарастары мен өмір тәжірибесі түрліше. Сондай-ақ, дау-дамай әрбір адамның өзгелерден тәуелсіз өзіндік мінез-құлқына орай бостандықты қалауы деп те түсінүіміз керек. Дегенмен, дау-дамайлардың жағымсыз, ұнамсыз жақтарымен бірге, пайдалы да ұнамды сипаттары болатынын атап айтуға тиіспіз.

Жеке адамдар мен ұжым ішіндегі талас-тартысты мәселелерді дер кезінде шешіп отыру әрбір істің алдағы кезеңдерде тиісті нәтижелер беріп, олар өмір тіршілігіндее барынша пайдалы екендігін атап айтқан жөн.

Дау-дамайлы мәселелердің мән-жайын бағдарлап, оларды шешіп отыру, ең алдымен, жеке адамдар арасындағы, өза­ра түсіністікті орнықтыратын болса, ал ұжым атқаратын іс-әрекеттердің онан әрі қарай жемісті жүргізілуіне де себепші болмақ. Сөйтіп адамдар арасындағы қарым-қатынас орнататын факторға айналады.

Екіншіден, дау-дамайлы мәселелердің туындау себептері анықталып, оларды болдырмаудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері белгіленеді.

Үшіншіден, бұрыңғы кикілжіңді қарым-қатынастардаи бас тартып, енді өзгеше де тиімді қатынас орнату'дың амал-тәсілдері қарастырылады.

Төртіншіден, топтар мен ұжымды жаңа жағдайларға бейімдеп қарым-қатынас орнатудың әдістері негізінде адамдардың бойында бұрыннан орын алған ашу-ызасы мен кекті пікірлерін ұмытып, нақты істерді атқаруға бағдарлайды.

Бесіншіден, әрбір адамның өз бойындағы қадір-қасиеті мен қабілетінің сипаттарын ашып көрсетіп, оның кісілік ерекшеліктерінін беті ашылып, бойындағы күш-қуаты мен ақыл-ойының дамуына кеңінен жол ашылады. Осы орайда дау-дамайлы қарым-қатынасты жеңген жағдайда адамдардың бойынан ауыр жүк түскендей сезімде болып, күнделікті өмір мен тіршіліктен қаңараттанарлық ләззат алады, ал талас-тартыс онан әрі жалғаса беретін болса, онда адамдардың жемісті еңбек етуше кедергі келтіріп көңіл күйін жабыранқы етеді. Сондықтан адам өз өмірінде, қалайда пайдасыз талас-тартыс туғызатын жәйттерден бойын сақтай білгені барынша пайдалы болмақ.

Дау-дамайлы мәселелердің туындап, адамдар арасындағы іскерлік қатынас орнатуға кедергі жасайтын әр түрлі себептердің бар екендігі жасырын жәйт еместі. Сондай жәйттердің бірнеше түрлері бар. Оның, бірі-өндіріс орындарындағы бастықтар мен жұмыскерлер арасындағы жоғарылы-төменді даулы мәселелер болса, ал жұмыскерлер мен қызметкерлердің өзара қарым-қатынасындары талас-тартыстардың туындап отыруы. Мұндай талас-тартыстардын, туындауы бір жағынан ар алуан іс-әрекеттер мен қызмет түрлерінің жөнге салынуына байланысты талап-тілектер болса, ал екінші жағынан өндіріс орны мен ұжым ішіндегі іс-әрекеттердің қалыпты жүргізілуіне кедергі жасайтын өсек-өтірік пен әр алуан алыпқашты пікірлерді таратумен байланысты. Істің жөні мен өнімділігін артыруға байланысты дау-дамайлар әдетте ұжымдағы байсалды түрде талас-тартысты мәселелерді көпшіліктің ашық түрде айтылатын сын мен өзара сын пікірлерін талқылау нәтижесінде шешілсе, ал өсек-аяң мен жеке бастық кикілжіңге тіректелетін талас-тартыстар ұжым ішінде іріткі тудыратын жағымсыз әрекеттер болып саналады.

Өндіріс орындары мен мекемлерде, ұжымдар мен жеке адамдар арасындағы дау-дамайдың туындауына көбінесе мынадай жәйтердің себеп болатынына көз жеткіземіз:

Ұжым­дар мен адамдардың топтары арасындағы мақсат-мүдделердің сәйкессіздігі олар арасындағы алауыздық;

ұжым мен өндірістегі адамдарға қатысты ұйымдық құрылымның, атқаратын істерінің уақыт талабына сәйкессіздігі және жұмыс стилінің ескіруі;

ұжымдағы басқарушылар мен бағынушылар арасындағы үйлесіміз қарым-қатынас;

адамдардың міндетті істері және олардың. құқының айқынсыздығы;

кейбір қызметкерлер мен жұмыскерлердің қатар атқаратын істерінің көптігі, мақсат-міндетердің, айқынсыздығы;

кәсіптік іскерліктің, жетімсіздігі;

мамандықтың мардымсыздығы;

қызметкерлердің болашақ іс нәтижелеріне және қызмет бабында өсу жолына сенімсіздігі;

жетекшілер тарапынан қарамағындағы адам­дарға немқұрайды көзкарасы мен кейбір қызметкерлерге қоятын орынсыз талаптар;

өзгелерге деген реніш-өкпесі мен қызғаншақтыры, күңшіл пиғылы — мұның бәрі адамдарға қатысты психологиялық жәйттер екенін үнемі ескертіп отыруды қажет етеді.

Жетекші қызметкердің өз бойындағы қабілетін, мінез-құлқындағы ұнамды және ұнамсыз қылықтарын таразылап, қарамағындағы адамдарға істің жәйін ашық та, шынайы түрде айтып отыратын болса, оның ұжымдағы беделі артып, іскерлік әрекеті мен өзгелермен қарым-қатынасы нығая түсері даусыз.

Жетекшілер мен бағынушылар және адамдардың арасында кездесіп отыратын талас-тартысты мәселелердің мән-жайына жете көңіл аударып, оларды дер кезінде шешіп отыру еңбек ұжымындағы қалыпты психологиялық ахуал орнатудың басты шарты болып саналады.

Мұндай жағдайда жетекші өзінің басшылық ісін мынадай ретпен жүзеге асыруды мақсат етеді:

— дау-дамай туғызған мәселе мен оның жағдайы. Бұл жәйтті аңыктауда жетекші қызметкер болған оқиғаның себептерін, оның туындауы туралы қажетті мағлұматтарды толық білуі керек;

— сол дау-дамайлы мәселенің түйінін шешіп, оны болдырмаудың тиімді амал-тәсілдерін белгілейді;

— сондай-ақ адамдар арасындағы талас-тартысты мәселенің одан әрі қарай шиеленіспеуі үшін оны барынша қысқа мерзім ішінде шешуді қарастыру қажет;

— талас-тартысты топтардың арасында туған кикілжің мен дау-дамайлы мәселелер өршіп кетпеуін тоқтату үшін жанжалдасушы жақктардың мақсаттарын қанағаттандырарлық тиімді жолдарын бірлесе отырып шешкен жемісті болары күмәнсіз және ол топтардың мақсаттарын да жүзеге асырудың адал-тәсілдерін іздестіру керек.

Басшылар мен жетекшілердің даулы мәселелерді шешуде олардың туындау себептері мен салдарын жан-жақты талдай отырып, объктивті турғыдан шешіп отырудың, нәтижелері әлдеқайда тұрақты болатындығын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр.

Дау-дамайлы мәселелерді шешуде мынадай факторларды үнемі ескеріп отырран пайдалы болмақ:

— талас-тартысты мәселенің туындау себептері мен оған қатысушы адамдар мен топтардың пікірлерін екі жағының да ашық-айқын түрде айтып ортаға салынуы және оны шешүдің тиімді жолдарын белгілеу;

— талас-тартысқа қатысушылардың өзара біріне-бірі сенімділік білдіріп, істін мән-жайын анықтауға ықыласты болуы.

Дау-дамайлы мәселені әділ түрде шешудің тиімді жолдары. Әдетте біз даулы мәселенің түйінің, шешуде өзіміздің мақсат-мүддеміз бен іс-әрекетәмізді қарсыластарымыздың, көзқа­расы тұрғысынан пайымдап түсінуге мән бере бермейміз. Сондай ерекшеліктерге жататын түсінігіміздің бірібіз өзіміздің қылығымыз бен мінезіміз жайында теріс көзқараста болып, қарсылас адамдардың зулымдығының құрбанына айналып отырмыз, біздің пікіріміз бен мақсатымыз дұрыс, шындық біздің жағымызда деген ойда боламыз да, ал біздің қарсыластарымыз даулы мәселені шешуге ықылас білдіріп отырған жоқ деп санап, қарсы жақтар өз көзқарастарын мақұлдаумен шектеледі де қарсыластарына жеккөрушілікпен қарайды. Сөйтіп қарсыластар арасындағы даулы мәселенің шешілуі онан әрі қарай шиеленісе түседі. Мұндай шиелісітң бұдан былайда күрделене беруі қарсылас жақтардың бірін-бірі дұшпан деп санап, өзара келісімге келе алмай ашу-ызаның қармағынан шыға алмауынан деп бағалаған дұрыс. Қарсыластар арасындағы бұл жәйт тек екі жақтың да көңіл күйі мен іс-әрекетін берекесіздікке дұшар етумен ғана шектелмей, жалпы ұжым ішіндегі қалыпты жағдайдың бұзылуына әкеп соқтыратын жағымсыз ахуалдың туындауына себепші болады.

Ұжым мен адамдар арасындағы талас-тартысты мәселенің байыпты шешілуіне себепші болатын тиімді тәсілдің бірі - адамдар арасындағы ашық-жарқын сөйлесіп өзара пікір алысу. Қарым-қатынас жасаудағы мұндай тәсілдің тиімді болуындағы бір жәйт-қарсыластар даулы мәселе жайында өз пікірлерін ашық айтып, көздеген мақсаттарын да білдіреді. Алайда қарсыластардың қарым-қатынасының бұл тәсілінде қалайда қарсы жақтарын кінәлап, олардың іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы кемшіліктерін бетіне басып көрсетіп, өз айтқандарының үстем болуын көздейді. Өздері тарапынан жіберілген кемшіліктер мен олқылықтарын ортаға салып, ашық талқылаудан корғанады. Дау-дамайлы істің түйінің шешуде қарсы жақтардың мұндай айла-тәсілдері тиісті нәтижелерге жеткізуі қиын.өвйткені талас-тартықка тускен жақтар әр қайсысы өз пікірін қостап, бірін-бірі зейін қоя тындамай, дау­лы мәселенін байыбына бара қоймайды. Психологиялық тұрғыдан даулы мәселені шешудегі бұл тәсілді — адамды сезім билеп, істің мән-жайын ақылға салып шешуден алыстайды деп санайды.

Адамды сезім бнлеп, әрбір істін, мән-жайына ой жугіртпей оған атусті қарайтын болсақ, даулы мәселені салқын қандылықпен шешу мүмкін емес. Дегенмен адамдар арасындағы қарым-қатынас орнатуда сезімдік күйдің қандай арнада көрінуіне орай пікір алысуда мынадай жәйттерді үнемі ескеріп отырудың пайдасы кқп екенін ұмытпаған дұрыс.

— Дау-дамайлы мәселені шешуде мендегі көкейтесті мақсат не?

— Менің ой-пікірім мен көніл күйімді қарсылас жағым қалай түсінеді? Оған нендей жауап береді?

— Егер қарсыласым менің сезімді тыңдамай, айтқан ойыма мән бермейтін болса, онда мен нендей айла-тәсілдер қолданып, оның ой-пікірің ашық айтқызуыма болады?

— Қарсылас жақпен жалпы тіл тауып, онымен келісімге келетін болсам, мен алдағы кезде нендей нәтижелерге қол жеткізуім керек? деген жәйтердің мән-жайына баса көңіл аударуды талап етед!.

Сонымен қарсыластардың өзара тілдесіп, бірін-бірі түсінуі үшін мынадай пікір алысу жәйттеріне ерекше мән бергені нәтижелі болмақ:

— Қарсы жақтың айтқан сөздері мен іс-әрекетінен оның көздеген мүддесін дұрыс қабылдап, түпкі ойының мәнін ацра-рып биту;

— өзінің ниеті мен тілегін ашық айтып білдіруі арқылы менің жай-күйімді қалайша пайымдай алатындырына көзін жетіп, оның, мінез-құлқының сырын атқарғандай болдым;

— менің әңгімелесуім нәтижесінде қарсыласымның кісілік қасиетін аңғарып, оның не себептен маған, менің жақтастарым жайында айтқан сын пікірлерін талдап, мұндай жәйттердің нендей жағдайларға байланысты айтылатын себептерін аңыктауға мүмкіндік болды;

— қарсыластармен пікір алысқанда олардың бізге жасаған қоқан лоққыларын, алдамшы сөздерінің шынайы мәнің оның түрлі қимыл-қозғалысынан, бетқұбылыстарымен, дауыс ырғағынан анық аңғаруыма мүмкіндік болды. Сөйтіп, қарсы­ласымның әр алуан айла-тәсілдері мен кемсітуші ой-пікірлерінен оның маған деген көзқарасынан қалайда үстемдік етіп өзінің билік жүргізгісі келетінін аңғардым. Бірақ оның менің пікірімді құптап, екі жақтың істің мақсаты үшін келісімге келіп бірігіп тіршілік етуді қажет деп санамайтындығына көз жеткіздім. Бір сөзбен түйіндеп айтқанда, қарсыласым қалай­да маған (біздерге) айтқанын істетің айдауына көндіруді талап ететін ниетте екеніне түсіндім.

Күнделікті өмірде адамдардың өзара түсінісіп, бірлесе отырып қызмет атқаруы үшін олар біріне-бірі сенім артып, жұмыла іс атқаруы — ұжымдағы жағымды психологиялық ахуал орнатуға тәуелді болып отыратындығы өмір тәжірибесінде дәлелденген жәйт. Осы тұрғыдан қалайда қарсылас­тардың өзара қарым-қатынасындағы ұнамсыз жәйттер кез келген істің алға басуы үшін аяққа тұсау саларлық кедергі екені кімге болса да жақсы атақ әпермейтіні мәлім. Өзара келісімге келіп жалпы тіл таба алмайтын адамдар бір ұжымда қызмет істегенімен межелі нәтижелерге қолы жетпейді. Өйткені қарсы жақтар бірінің-бірі кем-кетігін тез аңғарып, жеке адамдардың бойындағы олкылыктарын ездершщ тер!с ниеттеп максатына пайдаланады. «Туймедей нэрсеш туйедей етш көрсетуге тырысады. Әрине, мұндай ұжымдағы қызметкерлер мен жұмыскерлер арасындағы кикілжің онан әрі шинелісіне түсіп, жалпы еңбек адамдарының ұнжырғасын түсіріп, енжарлық тудырады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет