ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Басқару психологиясы»


тақырып. Дау-дамайдың туындау себептері және оларды жеңу жолдары



бет4/5
Дата15.09.2017
өлшемі1,25 Mb.
#32377
1   2   3   4   5

10 тақырып. Дау-дамайдың туындау себептері және оларды жеңу жолдары

Дау-дамай не талас-тартыс деген не?

Кез келген даулы мәселе, талас-тартысғы жәйтті біз психологиялық мәселе, соның ішінде әлеуметтік психологиядағы өзекті мәселенің бірі — адамдар арасындағы қарым-қатынас жасау проблемасымен тығыз ұштастыра отырып қарастырамыз. Сондай-ақ бұл мәселені жалпы психология ғылымындағы адамның жеке басына тән жан дүниесінің қасиеттерімен мінез-құлқының айырым ерекшеліктері мен өзара ұштасты­ра отырып іздестіреміз.

Адамның әлеуметтік ортада өмір сүруі, әр алуан іс-әрекет түрлерімен шұғылдануы үнемі қоғамдағы өзге адамдармен тығыз қарым-қатынаста болып отыратындығын көрсетеді.

Дау-дамайдың шығу себебі неде?

Бұл мәселені жеңу үшін алдымен оның туындау себебін, ерекшеліктерін аңыктап алу керек. Мұндай сипаттарға:

1) талас-тартыстын мәні; 2) оның туындау себептері; 3) дауда-майды шешу жолдары; 4) дау-дамайды бірлесе отырып жеңу тәсілдері; 5) ондай шараларды жүзеге асыру жолдары; 6) даулы мәселені шешудегі тиімді әдіс-тәсілдер.

1.Қай кезде және қандай ортада болса да дау-дамай мен та­лас-тартысты жәйттердің туындауы екі жақтың қатысуымен, олардың әрқайсысының өзіндік мақсат-міндеті болатыны мәлім. Осы тұрғыдан алғанда талас-тартыстын, айырмашылықтары мен ұқсасты ерекшеліктерін нақты аңықтап біле қою белгісіз болып қала бермек.

Сондықтан бұл мәселенің мәнін айқындап білу үшін ең алдымен, осы даулы мәселеге мен қалай қараймын бұл даулы істін туындауына қарсыласымның қатысы қандай және бұл мәселе не себепті шиеленісе түсті? деген жәйттерді аңықтап алу керек; екіншіден, менің қарсыласымның осы даулы мәселенін шығу себебін және оның шиеленісуіне тигізген әсері қандай? Үшіншіден, даулы істі шешуге екі жақтын ынтасы мен құлқы қандай?; төртіншіден, біз қарсыласымызбен қандай мәселе жөнінде келісе алмай жүрміз?; бесіншіден, біз нендей мәселелер жөнінде қар­сыласымызбен тіл табыса алар едік деген жәйттерге барынша мән беріп оларды ақыл ой елегінен өткізіп талдаған дұрыс болмақ.

2. Дау-дамайдың туындау себебі неде? Ертелі-кеш біздер өзара түсініскенімізбен адамдар арасында талас-тартыстын болып отыратыны шындық жәйт. Алайда, біз «Бәледен машайық қашыпты» деген мәтелді туғыр етіп тұтсақ, дау-дамайдан бойымызды аулақ ұстауға тырысып барамыз. Дегенмен, біздің қарсыласымыздың кейбір іс-әрекеттері қалайда өзара тіресіп қалуға дұшар етіп отырады. Сондықтан әрбір адам өз қарсыласының мінезіндегі жағымсыз іс-әрекеттерін дұрыс бағдарлап білу үшін: 1-ден, менің қарсыласыммен тіресе қалғанда мен не істеуім керек; 2-ден, осы таластын, туындауы неден деген жәйттерді аңықтап алып білген тиімді болмақ.

3. Дау-дамайды шешудің мүмкіндігі бар ма? Бұл міндетті шешіп жүзеге асыруда: а) Мен осы дауды шешу үшін өз мүмкіншілігім бар ма? э) Менің қарсыласым нендей әрекеттер жасай алады? б)біздің жалпы мақсатымыз не? деген сұрақтарға жауап іздеп, дұрыс шешімнің жолын іздестіру қажет болады.

4. Дау-дамайды бірлесе отырып шешу үшін қарсыластар жағы осы мәселенің соңы бізді неге әкеп тірейді? деген сауалға жауап іздеп: а) дауды шешудің нәтижесі қандай болмақ? ә) белгіленген істі жүзеге асыру үшін не істеу керек? б) біздердің қолданған айла-тәсілдерімізден нендей нәтижеге қол жеткіздік деген жәйттердің жай-жапсарын жете түсінетіндей болуы керек.

5. Белгіленген шараларды нақты және нәтижелі іске айналдыруды екі жақ бірдей қалайда бірлесе отырып дау-да­майды шешуге күш салады да, одан туындайтын нәтижелерге іштей қанағаттандық сезімін білдірді. Даулы мәселе шешімін табатын болса, істе өнімді болмақ. Осы орайда халқымыз «Бірлік түбі-тірлік, тірлік түбі-береке» дейтін мәтелді біздерге мұра етіп қалдырған.

6. Даулы мәселені шешуде қолданылған әдіс-тәсілдер тиісті нәтижелер беретін болса, ондағы қарсылардың жұмсаған ерік-жігері мен күш-қайратын басынан аяғына дейін талдай отырып, сәтті әрекетер мен олқылықтардың, бәрі ескеріліп, таразылап отырып қарастырылады да, оған тиісті бара беріледі.

Әриие осы айтылған жәйтердің бәрі даулы мәселені шешуден тұрақты өлшем, қасан, қағида деуге болмайды. Дегенмен адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясына қатысты дау-дамай мен талас-тартысты мәселелерді шешуде осы көзге дейінгі өмір тәжірибесінен жинақталған факторлар екені шындық.

11 тақырып. Жеке адамдар арасындағы қақтығысу

Жеке адамдар арасындағы қақтығысу мен дау-дамай стихиялық түрде болып отыратын болжамсыз да жоспарсыз құбылыс. Бұл құбылыс адам өмірінде «Қой арқасына боз торғай жұмыртқалайтын» заманда да кездесіп отырады. Өйткені тіршілік бейнесі сан алуан әрі әр қилы. Адамдар арасындағы кикіжің мен реніш, талас-тартыс пен дау-дамайдың, туындауына адамдардың тіршілік бейнесі мен өмір жолы, алға ұмтылып өрлеу талабы, тіпті жансыз заттар мен мінез-құлықтың, жағымсыз қасиет-ерекшеліктері де себеп бола береді. Дау-дамай шиелінісе түсіп, адамдар арасындағы жеккөрушішік сезімге, бітіспейтің жаулық, көзқарастарға да ұласып ке­туі де ғажап емес. Дау-дамайдағы өмір,қайырымдылық, балалардың қамы сияқты ізгі қасиеттермен бірге, бақталастық, бас араздық, күңшілдік пен көреалмаушылық сияқты жек-сұрын сипаттары ерекшеліктерден де туындап отыратыны мәлім. Алайда адам өзін-өзін дау-дамайдан сақтанамын дегенмен, ол өмір тіршілігінде жанына батарлық, әділетсіз мінез-қылықтардан бойын аулақ сала алмайды. Өзін ренжіткен, дұшпандық жасаған адамға көзін тас қараңғы жұмып алып «не болса, сол болсын» деп кемістікке, қорлау мен кемсітуге шыдай алмайды. Мұндай жәйттердің бәрі адамның дара басына тән аса күрделі психологиялық өзгешелігін білдіретін мінез сипаттары.

Осы заманғы психология адамдар арасындағы қарым-қатынастың қалыпты нормаларын қалыптастыру мәселесіне ба­са назар аударады. Осы мақатқа орай қатынас жасаудың неғұрлым адами тиімді қасиеттерін жетілдіре түсу үшін оның тек сезіміне ғана әсер етумен шектелмей, сондай игі қасиеттерді игерудің әдіс-тәсілдерін кісінің бойындағы тұрақты си­паттары етіп қалыптастыруды көздейді. Адамның бойында­ғы игі қасиетердің бәрі жақсылыққа ұмтылып талпыну, әр қилы іс-әрекетер арқылы жаттығу әрекеттерімен ұштасты бо­лып отырады.

Адамның бойындағы ұнамды қасиетерді қалыптастырудың кез келген түрі ең алдымен, топ адамның бірлесіп жаттығыуына байланысты болса, екіншіден мұндай жаттығулар (тренингтер) адамның жүйке жұмысының, қызметін нығайтып, оны түрлі ауру-сырқаттан сақтандыруға көмектеседі.

Дау-дамай, теке тірестік, салғыласу, біріне-бірі ренжісу әрбір адамның жеке басының өзіндік кісілігін, талап-тілегін қалайда өзгелердің мойындап онымен санасып отыру талап-тарымен байланысты. Осы бағытта әрбір адам өзінің материалдық мұқтаждығын қанағаттандырып, өзгелерден басқалар екендігін, талап-тілегін қалайда іске асыруға ұмтылып бой­ындағы күш-қуаты мен қабілетіи көрсеткісі келеді. Мұны біз психологияда адамның үш түрлі нәрсеге қызығып, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру жолындағы бәсекелестігі деп атаймыз. Міне, осындай талаптарға ұмтылу нәтижесінде адамдар арасында талас-тартыс тудыратын жәйттердің бо­лып отыратындырын объективті құбылыс, әркімнің өмір сүру құқы деп санауымызға болады. Ал бәсекелестік ашу-араздыққа, ыза мен кекшілдікке ауып кетегін болса, онда мұндай жәйттің әділетсіз және әдепсіздік қылық екенін баса көрсетіп, ондай адамның мінезін жағымсыз, әрі өркөкіректік деп бағалаймыз.

Адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынаста біріне бірін, кем-кетігі мен мінезіндегі жағымсыз қылықтарын көзіне нұқып айту, не бөтен адамдар арасында әшкерелеу оның наразылығы мен реніш сезімін шиеленістіре түсетін қате тәсіл болып саналады.

Адамдардың теке-тірестік әрекеттері, біріне бірінің кемісіту көзқарасы дау-дамайды онан әрі өршітіп, олардың, өзара түсіністігін қиындатады.әсіресе, мінезі ашық-жарқын адамның қарсыласына айтқан сөзі оның жүрегіне инедей қадалып, бұрынғы ренішін өшпенділікке айналдырып жіберуі ықтимал. Өз пікірін ашық айтатын адам қарсыласын «тұйық», «қу, залым», «менмен», «өркекірек» деп санап, оған қалай да өзінің артықшылығы мен өктемдігін көрсеткісі келеді. Ал «тұйық» адам өзінің ашық-жарқын сөйлейтін қарсыласын «бөспе» «ұшкалақ» деп кемітеді. Бұл орайда әрбір адамның мінезіндегі даралық сипаттарды үнемі ескеріп отыру қажет.

Талас-тартысты мәселе мен дау-дамай тек екі адам ара­сында ғана емес, сол топтағы өзге адамдарға да теріс әсер етіп, олардың бірлесіп атқаратын ісіне, ңцбек ұжымына теріс ықпал етіп, жұмыстарын берекесіздікке ұшыратады. Әдетте талас-тартысты мәселелер мен теке-тіресіп жүрген адамдары мен топтар арасындағы дау-дамайды шешіп оларды өзара үйлестіріп басу айту, белгілі келісімге келіп ынтымақтасу үшінші бір адамның, мекеме басшысының немесе ел-жұрт арасында беделі бар жасы үлкен кісілерге тапсырылады.

Дау-дамайды басып, керіс-жанжал тудырып жүрген адам­дарды, олардың ашу-ызасы мен өшпенділігін басып сабасына түсіруді — қарым-қатынастағы психотерапия немесе психо­коррекция деп те атайды. Мұндай тәсіл «ашу-ызаны басу» делінеді. Белгілі психолог маман К.Роджерс мұндай жәйтті түзетіп, ретке келтіру үшін жанжалдасушы адамдарды беттестіріп, олардың наразылықтары мен ашу-кегін басу үшін әр-қайсысы өздерінің ой-пікірін, талап-тілегін бүкпей толық баяндап айтып беруше мүмкіндік беру керек деп санайды. Олардың сезін бөлмей, бірінші де сөзін қозғап бекерлемей тыңдау керек. Олар не айтса да шыдап, бірде-біріңе қарсылық, көрсетпей, тек жаңашырлық сезіммен қарал, оның екі жағына да қолдау көрсетудің қажеті жоқ деген кеңес береді.

Адамдар арасындағы дау-дамайлы мәселеде «Сезімдік күйдің орнын толтыру», оның «есесін қайтару» дейтін ұстам бар. Бұл ұстаным бойынша Сізге шағынған адам «азап көруші жәбірленуші ретінде саналуы қажет. Ал істін шындығында жәбірленуші оның қарсыласы екендігі өзінен-өзі айқын байқалып тұрады. Шағынушының көнілін басу үшін сіз онымен әңгімелескенде бір жағынан мадақтап та қойғаныңыз пайдалы болмақ. Өйткені халық даналығы «Жылы-жылы сөйлесен жылан інінен шығады» дейді. Әңгіме кезінде Сіз шағынушыға: «Сіз әрбір істің мән-жайын жете түсетіндей нәзік те, ақылды кісі көрінесіз, қалайша пәленше пәленшеұлымен (не қызымен) араларыңыздағы әңгіме осыншама шиеленісіп, дөрекілікке әкеп тіреген. Өзіңізге мәлім, ертеден келе жатқан халық даңалығы «екі адам керісе қалса, әр кезде ақылдысы кінәлі» деген мәтелді білесіз ғой. Сізді бірге қызмет істейтін адамдар ол ақылды адам деп санайды екен. Мұн­дай қасиет Сізде бар екеніне көз жеткізіп отырмын дегенде шағынушы адам өзінің қарсыласы туралы және өзінің шынайы пікірін жасырмай айтып ағынан жарылады. Мұнан кейін ол қарсылас адамымен қалайда жалпы тіл табысып, бірлесе отырып жұмыс атқаруға бел байлайды.

Бейтарап адамның ықпалы. Жауласып, бірін-бірі жек көретін адамдар бірбеткейлік көрсетіп өзара түсінісу түгіл, бір-біріне айтқан сөзін де, мадақтауын да теріс қабылдап, мұның бәрін керісінше кекетінді айла деп санайды. Қарсыласып жүрген екі жақты татуластырып мәмлеге келтіру үшін үшігші бір бейтарап адамның араласуы керек. Ол адам еш жағына да беделі бар істін мән-жайын жете білетін кісі болуға тиіс. Ондай келістіруші бейтарап адамды жауласып жүрген екі жақта сыйлайтын, бір жағына қарай бұра тартатын кісі деп күдіктенбей, істің жол-жосығын білетін әділ адам деп санайтын болсын. Ең бастысы керісуші екі жағы да бейтарап адам­ды бізді психологиялық тұрғыдан үгіттеп өз айтқанына көндіруші деп күмәнді пікірден аулақ болып, ак ниетті ынтымақшыл кісі деп қабылдауы қажет. Бейтарап адамның сөзінің 99%-і айтыс — тартысты екі жағының да ортақ мәселесіне арналып, тек 1%-ғана екі жағының наразылық жағдайын білдіретін ұстамдылық қақпайлау сөздері болу керек.

Ренжіген адамның өзінің қарсыласы айтқан ол жайындағы ұнамды пікірі екі жақтың да келешекте татуласып келісімге келу керектігі жайында ой салатын себеп болады.

Қарсыластар арасындағы шабуылды басудың айла-тәсілі. Қарсыласып жүрген адамдардың арасындағы наразылықта­ры мен жек көрушіліктерін анықтап білу үшін оларды әдейі белгілі бір жағдайда өздері білмейтіндей етіп кездестіріп отыру керек. Мәселен, тайталасушыларды спорттық жарыста, талас-тартысты мәселені талқылауда, ойын түрлерінін, үстінде, еңбек жарысында кездестіріп, оларды бақылау керек. Сөйтіп, қарсыласып жүрген адамдардың біріне-бірінің ешпенділігі мен дұшпандығын сейілту үшін психолог маман, не бұл істі қолға алған өзге адам өзінің тікелей қатысуымен олардың айтысып, талас-тартысқа түсуіне бейімдегі, ұзақ мерзім бойы бірін-бірі кінәлауы мен жек көрушілік сезімін оятып, дауластырады. Бақылаушы олардың ішкі сырына қаныққанша жаңдалдасқан адамдарды әдейі тоқтатып, сабырлық, сақтауды талап етпейді араларына түсіп бітім де айтпайды. Жанжалдасушылардың жанын жегідей жеп жүрген пікірлерін ашық айтып, бар сырын ақтарғанша бақылаушы үндемейді. Іс шиеленісіп керіс-жанжал төбелеске айналар кезеңде бақылаушы (психолог) оларға төрелік беріп, енді мынадай амал-тәсіл қолданады:

1. Жанжалдасушылардың 6ірін-бірі «міндетті түрде тыңдауын» талап етеді, олардың ашу-ызасы мен іште сақтаған кегін ашық айтқызуға мүмкіндік жасайды. Дау-дамай шарықтау шегіне жетті-ау дегенде ба­қылаушы олардың жанжалдасуын тоқтатады да, мынадай нұскау береді: Сіздердің әр қайсыңыз қарсыластарыңызға айтқан сөздеріңізді асып-саспай, бойларыңызды ашу-ызаға билетпей, анықтап қайталап толығымен айтып беріңіздерші дейді, ол өзі жанжаласушы адамдармен тілдеседі, айтысушы жақтардан бірінен нұсқауды бұлжытпай орындауларын талап етеді. Әдетте, айтысушы адамдардан жанжалдасқан кездегі айтқан сөздерін қайта жаңғыртып дұрыс айтулары мүмкін еместін көрсетеді. Өйткені олардың бойын ашу-ыза кернеген кездегі айтқан сөздерін дәл жаңырта алмай, тек өз сөз­дерін ғана қоштайды да, қарсыласының айтқан пікірлерін естігісі келмейді, өзін ренжіткен қарсыласының айтпаған сөз­дерін айтты деп оны кінәлайды. Бақылаушы қарсыласушы жақтардың бірінің сөзін бірі дұрыс тыңдап, оны ұғына білу қажетігін талап етеді де, олардың, сөзін магнитофон таспасына жазып та алады. Жанжалдасушы адамдарға мұндай әрекет ерекше әсер етіп олар бірінін сөзін бірі анықрақ тыңдауға баулиды. Сөйтіп, олар өздері айтқан сөздеріне сын көзімен қарап, өздерінің бойындағы ашу-ызасы мен кекті көңіл күйінен арылуға ниетті болады.

Жанжалдасушылардың өзіндік ұстанымын анықтау — бақылаушы не психолог маман керіс-жанжал күшейіп келе жатқан кезде айтысушы адамдардан өзара орын ауыстырып, біріне-бірінін, сырына көз жіберіп қаруын талап етеді. Сөйтіп бақылаушы жанжалдасушыларға мынадай нұсқау береді: Сен, Ахмет өзінді мына Сейсенбай деп сана, ал Сейсенбай, сен өзінді Ахметпін деп 6іл. Сендер енді өздеріне айтылған кінәлауды ақыл-ойларына салып, таразылап көріндерші дейді. Шындығына мән беріп, оған өзінше қарғран кезде жан-жалдасушылардың, көзқарастары мен пікірлерінде әдеттегі адами қарым-қатынас орнатудан ауытқу мен асыра сілтеу, тіптен жаза басып, қателесулері бар екендіктерін анғара бастайды. Әрине, әркімнің ашу-ызасы мен кегі, ренші мен өшпенділігі өзге бейтарап кісінің араласуымен анықталған жағдайда, бұрыннан бойды билеген мінез қылықтарынан арыла қою оп-оңай болады деу де қиын. Мұндай тәсілмен от басындағы керіс-жанжалды басуға ұзақ мерзімге созылатын психологиялық күй. Алайда әр алуан талас-тартысты, дау-дамайлы мәселені шешуде мұндай тәсілді кең түрде пайдалану тиімді болатындығын өмір тәжірибесінде анықталып отыр.

12 тақырып. Адамның рухани көзқарасын өрістету және дау-дамайды басу

Бұл тәсіл өзінше бір ұстаным. Дау-жанжалды реттеудің амалы. Психолог маман, не қарсыластарды келістіруге кіріскен кісі қарсы жақтардың ренішін, наразылық пікірі меи жеккөрушілік мінезін анықтау мақсатымен жанжалдасушыларды беттестіре отырып әңгімеге тартады. Зерттеуші олардың жанжалы мен талас-тартысын хаттап жазады, не магнитофон таспасына жазып алады. Сонан соң психолог жанжалдасушыларды тізіндеп, араздасқан сөздерін өздеріне оқып береді не магнитофон таспасынан тыңдатады. Әдетте мұндай жағдайда керіскен жақтар өздерінің сөзін тыңдап, әңгіме кезінде өздерін дөрекі ұстап, ұстамсыздық көрсеткеніне өкінеді, ұнжырғысы түсіп өздерінің мінез-қылықтарының адамн қасиетке лайықсыз екендігіне көз жеткізеді. Осыдан кейін психолог маман олардың дау-жанжалын талдай отырып әр қайсысының менменшіл, өркөкіректік, айтқан дәйектерінің маңызсыз екендігін өздерінің бетіне басады. Олардың - жан-жалдасу себептерінің ұсақ-түйек өмір үшін де, іс-әрекеті мен маңындағы адамдар үшін де түкке тұрмайтын қаңқу сөз, өсек-өтіріктің жетегінде жүргендерін түсінеді. Сонымен бірге, олар өздері өмір сүрген ортада әлеумет үшін аса маңызды мәселелермен шұғылданатын болса, өз бастарына да, қоғамға да, әлдеқайда пайда келтіре алатындығын ұғындырады. Мұндай игі мақсаттарды жүзеге асыру әрбір саналы азаматтың кісілік қасиеті екеніне көздері жетеді.

Дау-дамайды басудың төте тәсілдері адамдар арасында тұрақты және жағымды қарым-қатынас орнату әлеуметтік өмірдің өзек жарды мәселелердің бірі.. Сондықтан жеке адамдар мен ұжымдарда, үлкенді-кішілі топтарға жататып адамдардың бірімен-бірі жалпы тіл табысып, қоғамдық өмірді көркейту жолындағы еңбек әрекетін дамытып, бүткіл қоғамдық игіліктер жасауда шексіз маңызды, әрі мұндай әрекеттер игі мақсат болып табылады.

Кейбір жеке адамдар арасындағы кикілжің, өзгелерге зияның тигізетін жағымсыз қылықтар, керіс-жанжал тудыратын жәйттер ертелі -кеш кездесіп отыратынын бекерлей алмаймыз.

Осындай мәселелерді реттеуде жетекші қызметкерлер мен мекеме басшыларының атқаратын рөлі үлкен.

1. Жанжалдасушы адамдарды басшы қызметкерлер шақырып альш, олардаң дау-дамай-туғызып жүрген жәйттерді ірікпей ашық-жарқын баяндауды талап етеді, жанжалды жәйттің бүге-шігесін талдай отырып, қатысушылардың пікірін еске алып, ол өзінің шешімін айтады. Мұндай жағдайдан керісушілердің бір жағы риза болса, ал екінші жағы наразы болып қалуы мүмкін. Алайда басқарушы адамның шешімі тиянақты, байсалды, іскер болғандықтан қоғамдық өмірде жетекшінің пікірі мәселенің түйінін орынды шешті деген қорытындыға келіп тоқтайды. Ал мұндай шешім бұдан былай сөз тудындайтындай жағдайға ұшыктыратын болса, онда еңбек адамдарының уақыты мен күш-қуатын бекерге жұмсау деп саналады.

2. Жетекші дау-дамай қуушы адамдарды көпшіліктің бас қоскан мәжілісінде ұжым жиналысында талқылап, бұл мәселені барынша объективті шешіп, жанжалдасушыларға тиым салынады. Мұндай шешімге айтысушылар да қосылып, әділеттікке тоқтайды.

3. Жанжалдасушы жақтар жоғарыда қолданылған шараларды ескермей, дау-дамайды бұдан былайғы кезеңдерде де жалғастыра беретіп болса, мекеме басшылары, не жетекшілер өнеркәсіп орнында, мекемеде, оқу орынында дау-жанжалдың ұжым өмірне зиян келтіретін жағымсыз құбылыс деп саналып, оларға әкімшілік жолмен тиісті жаза қолданылады.

4. Егер бұл шаралардан да тиіті жағымды нәтижелер шықпайтын болса, онда мекеме басшылары жанжалдасқан адамдарды өзге цехтарға, не басқа топтар мен түрлі жұмыс түрлерін атқаруға таратып жібереді. Қалайда дау-дамайдын, орынды шешімін тауып одан тиісті нәтижелер шығарып отыруды талап етеді.

3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.

1 семинар сабағы. Ғылыми білімдер жүйесіндегі басқару психологиясының алатын орны



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Басқару психологиясының теориялық негізі, пәні және мақсат-міндеттері

  2. Қоғам өмірінде басқарудың атқаратын ролі

  3. Қоғам дамуының әр түрлі кезеңдерінде адамдардың жүріс-тұрысын басқару мақсатында психологиялық білімдерді қолдану

2 семинар сабағы. Басқару психологиясының ғылым ретінде қалыптасуы

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. ХХ ғ. өндірістік күшінің даму тарихында «адам-өндіріс орта – машиан» мәселесі.

2. Ф.У.Тейлор бойынша басқарудың негізгі принциптері

3. Басқарудың классикалық мектебінің өкілі – А.Файоль



  1. Адамдық қатынас мектебі және Э.Мэйо және Г.Кунц және С.О.Доннелл басқарудың негізгі функциялары жайлы

  2. Отандық психология зерттеулеріндегі басқарудың мәні (В.Г.Афанасьев, А.Н.Китов, В.Ф.рубахин, А.Л.Журавлев, Т.С.Кабаченко).

3 семинар сабағы. Басшы іс-әрекеті және мекеме

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. «Мекеме» ұғымының жүйелік мәні. Мекеменің формалды және формалды емес құрылымы

  2. Мекемедегі жеке адамның алатын орны, ролльдердің жиынтығы

  3. Мекеме және басқару туралы қазіргі ойлар

4 семинар сабағы. Басқару іс-әрекетіне психологиялық мінездеме беру

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Басқарудың мазмұндық мінездемесі

2. Басқару іс-әрекетінің индивидуалды стильдерінің классификациясы

3. Мекемедегі бағынудағы линейлі, функционалды, штатты және матрицалық ерекшеліктері

5 семинар сабағы. Жоспарлар функциясының психологиялық ерекшеліктері

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Жоспарлау тиімділігінің төмендеуінің объективті және субъективті негіздері

2. Мекеме функцияларын атқарудың психологиялық ерекшеліктері

3. Мекеме функцияларының мәні

6 семинар сабағы. Басқару іс-әрекетінің құрылымындағы бақылау функциясының психологиялық ерекшеліктері

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Бақылау мәні, түрлері

2. Реттеудің психологиялық ерекшеліктері. Реттеудің «жақсы жол» мәселесі

3. Басқару жүйесіндегі реттеу әдістері

4. Басқарудағы ұжым мәселесі

7 семинар сабағы. Басшы іс-әрекет құрылымындағы басқарушылық өзара әрекет орны



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Басқарудың өзара әрекет сферасы және оның мазмұндық мінездемесі

  2. Басқарушының өзара әрекеттің горизонталды және вертикалды бағыттары.

  3. Біріккен іс-әрекет – мекемені қалыптастырушы фактор ретінде

8 семинар сабағы. Басқарушылық өзара әрекет субъектісі ретінде - ұжым

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Әлеуметтік психологиялық климат түсінігі және оның қалыптасу тарихы

  2. Шет елдік және отандық психологияда әлеуметтік психологиялық климатты теоретикалық және эмпирикалық суреттеу негздері

  3. Әлеуметтік психологиялық климат көрсеткіші ретінде – еңбек өнімділігі

  4. Басқарушы өзара әрекет - еңбек мотивациясының қалыптасу жағдайы ретінде

9 семинар сабағы. Басқарушылық өзара әрекет стратегиясы

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Басқарушылық өзара әрекет құралдарына талдау жасау

  2. Басқаруда әсер ете алу құралы ретінде – еліктеу және эмоционалды жұғу

  3. Басқарушылық өзара әрекетіндегі «Физиогномикалық редукция» механизмдері, каузалды атрибуция, идентификация, стереотипизация

10 семинар сабағы. Мекемедегі лидер және басшы мәселесі

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Лидер туралы шетел теорияларына талдау жасау

  2. Лидер психологиясы: эмоционалды және ақпараттық лидерлер

  3. Басқару стилі және оның тиімділігі

  4. Басшының жеке ерекшелігі және ұйымдастыра алу қабілеті

11 семинар сабағы. Басқарудағы шешім қабылдау

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Басшы іс-әрекетінің негізі – басқаруда шешім қабылдау

  2. Басқаруда шешім қабылдау классификациясы

12 семинар сабағы. Басқару міндеттері және оның негіздері

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Басқарушылардың ойлау негіздері: жүйелік, индуктивті, рецептивті, перцептивті стильдер.

  2. Басқару міндеттері және оның мінездемесі

  3. Басқару міндеттерін бағалау критериялары

13 семинар сабағы. Басқарудағы шешім қабылдау процестеріне психологиялық талдау жасау

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Басқарушының шешім қабылдау стратегиясы және тактикасы

  2. Басқару міндеттерін шешу кезіңдегі тактиканы таңдау критериялары

  3. Басқарудағы шешім қабылдау кезіндегі басшының бағдары, мотив фактордың алатын орны

14 семинар сабағы. Кадрларды іріктеу бағалаудың психологиялық аспектілері

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Кадрлармен жұмыс істеу басқарудың бөлімі ретінде

  2. Кадр процесі құрылымында персоналды бағалау проблемасы

  3. Кадрлар міндеттерін шешудегі қазіргі концепциялар

  4. Бағынушылар карьеларын жоспарлау тұлғаның кәсіби даму талабы ретінде

15 семинар сабағы. Кадрлық процестің ортаңғы элементі - басшыны бағалау процедурасы

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Басшының профессиограммасы

2. Басшының іс-әрекетінің тиімділігінің критериларының түрлері және оның ұйымдастырушылық қабілеттері

3. Б.М.Тепловтың екі факторлы моделі – басқару тиімділігің бағалау жүйесі ретінде



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет