Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химия есептерін шығару әдістемесі»



бет72/109
Дата07.02.2022
өлшемі4,92 Mb.
#83942
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   109
Байланысты:
285b4f1b-dc71-11e4-b960-f6d299da70eeУММ ХЕШ (2)

1-Есеп (№ 17-22). 100 г темір пластинкасын мыс купороса ерітіңдісіне батырған. Мыс қонған пластинканы кептіріп қайтадан өлшеген. Оның массасы 101,3 г болған, Пластинкаға қонған мыстың массасын анықтаңдар.
Шешуі: Реакция теңдеуін жазамыз:
m (Fе) = 100 г
m (Fе +Сu) = 101,3 г Fе + СиSО4 = FеSО4 + Си

m (Сu) - ? Химиялық теңдеу бойынша темірдің әр атомы
М(Fе) = 56 г /моль мыстың катионың ығыстырады, яғни ерітіңдіге
М(Си) = 64 г /моль өткен әр бір атом темірдің орнына, пластинкаға
бір атом мыс қонады. Олай болса пластинканың
салмағының өзгерісі темір мен мыстың мольярлық массаларының айырмасынан болады.
∆М = 64 г /моль − 56 г /моль = 8 г /моль
Эксперементтік мәліметтер бойынша пластинканың тәжірибеге дейін және тәжірибеден кейінгі салмақтарының айырмашылығы мынадай болған:

∆М = 101,3г − 100г = 1,3г


Міне осы өткізген талдаудың нәтижесі, есепті шығарудың негізгі көзі болып саналады. Әрі қарай есепті әртүрлі әдіспен шығаруға болады.


1- әдіс. 1,3 г < 8 г 6,15 есе, олай болса пластинкаға қонған мыстың да массасы 1 моль мыстың массасынан 6,15 есе кем болады :

m (Сu) = 64 г ׃6,15 = 10,4 г


2-әдіс. Пластинканың салмағының 1,3 г артуы, мыс пен темірдің мольярлық массаларының айырмасына (8г) тәуелділікте болып тұр. Ал бұл 8г сан бөлінген мыстың мольдік санына тең болып тұр. Олай болса мыстың моль саны мынаған тең болады:

ν(Сu) = 1,3 г ׃ 8г/ моль= 0,162 моль


Формула бойынша мыстың массасын табамыз: m = ν · М


m (Сu) = 64 г/моль · 0,162 моль = 10, 4 г
3- әдіс.Реакцияға қатысқан темірді х моль, ал пластинкадағы мысты да
х моль деп белгілейміз. Ал, ерітіндіге өткен темірдің массасын −56 х, пластинкаға қонған мыстың массасын −64 х арқылы анықтаймыз.
Теңдеу құрамыз: 100 −65 х +64 х = 101,3, осыдан 8 х = 1,3; х = 0,16 моль,
m (Сu) = 64 г/моль · 0,162 моль = 10, 4 г


4-әдіс. Егер 1 моль Си бөлінсе, ол 64 г сәйкес келеді, онда пластинканың салмағының айырмасы 8 г тең, олай болса m (Си) бөлінсе пластинканың айырмасы 1,3 г болады. Осыдан пропорция құрамыз:
64׃ m = 8 ׃ 1,3
m (Сu) = 64 г · 1,3 г / 8 г = 10,4 г


Жауабы: Пластинкада 10,4 г Сu бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   109




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет