Пәннің оқу-әдістемелік кешені «тж кезіндегі құтқару қызметін ұйымдастыру және басқару іі» пәнінен


Шанды дауыл – топырақ пен құм массаларын ауада ұшыру мен орнын ауыстыру қасиеті бар қатты жел. Шквал



бет2/13
Дата10.06.2017
өлшемі2,61 Mb.
#18925
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Шанды дауыл – топырақ пен құм массаларын ауада ұшыру мен орнын ауыстыру қасиеті бар қатты жел.

Шквал – желдің бірден қатты соғатын самалы.

Шлюз – кемелер мен суларды өткізуге арналған ғимарат.

Шлюпка – кең корпусты қайық.

Шок - жалпы ағзаның кенеттен бұзылуы.

Экватор – Жер шарын Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларға бөліп тұрған шеңбер.

Эпизоотия – жануарлар ауруларының кеңінен таралуы.

Эпифитотия – өсімдіктер ауруларының кеңінен таралуы.

Эрозия – жер беті топырағының толығымен немесе бөлігінің зақымдануы.

2 Дәрістер
1 дәріс Төтенше жағдайды жоюды ескерту жөніндегі мемлекеттік жүйесі

Жалпы сұрақтар



  1. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi.

  2. ТЖМЖ құрамы

  3. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiн басқару

Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi:

бейбiт уақытта және соғыс кезiнде төтенше жағдайлар туа қалған жағдайда олардың алдын алу, адамдардың өмiрi мен денсаулығын, материалдық және мәдени құндылықтарды, қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу;

халықты, аумақтарды қорғауды, техникалық және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдастыру, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесiн қалыптастыру;

төтенше жағдайларға ден қою, олардың зардаптарын жою, олардың туындау себептерiн тексеру тәртiбiн айқындау;

мониторинг пен халықты хабардар етудi ұйымдастыру;

авариялар, апаттар, табиғи және экологиялық зiлзалалар, жұқпалы аурулар, эпизоотиялар, эпифитотиялар пайда болған кезде төтенше жағдайлардың алдын алуға, адамды және оның тiршiлiк ету ортасын қорғауға, шаруашылық жүргiзу және әлеуметтiк сала объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн арттыруға бағытталған мемлекеттiк мақсатты және ғылыми-техникалық бағдарламалар әзiрлеудi және оларды орындауды ұйымдастыру;
      Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң басқару органдары мен пункттерiнiң, байланыс және хабар беру жүйелерiнiң төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға күштерi мен құралдарының жоғары әзiрлiгiн қамтамасыз ету, оларды жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу;

төтенше жағдайлардың әлеуметтiк-экономикалық зардаптарын болжау және бағалау; зардап шеккен халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн бiрiншi кезекте қамтамасыз ету;

халықты төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға үйрету және даярлау, Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң маман кадрларын әзiрлеу және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;

төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою, авариялардың, апаттар мен табиғи зiлзалалардың зардаптарын жою iсiнде шет мемлекеттерге көмек көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.



  1. ТЖМЖ құрамы.

ТЖМЖ құрамына:

  • аумақтық органдарымен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен қоса табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органы;

  • өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюды қамтамасыз ететiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басқару органдары, ұйымдары;  

Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың iс-қимылын үйлестiру үшiн төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мынадай комиссиялар құрылады:

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия;

облыстардың, қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар жөнiндегi аумақтық комиссиялары;

Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялары (бұдан әрi - төтенше жағдайлар жөнiндегi салалық комиссиялар);

Мұнайдың төгiлуiне ден қою жөнiндегi ұлттық комиссия;
      көлiктегi қауiпсiздiк пен терроризмге қарсы iс-қимылды қамтамасыз ету жөнiндегi үйлестiру кеңесi;

көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық (қалалық) комиссиялар;

республикалық және аумақтық эвакуациялық комиссиялар;
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары;

Азаматтық қорғаныс бастықтарының шешiмi бойынша құрылатын, ұйымдардың төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялары, эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары;

ТЖМЖ аумақтық, функционалдық және салалық (объектiлiк) кiшi жүйелердi қамтиды және олардың екi деңгейi бар: жергiлiктi және республикалық (мемлекеттiк).

Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардағы қолда бар, сондай-ақ құрылатын ТЖ алдын алу және жою жөнiндегi құрылымдар, күштер мен құралдар. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң аумақтық кiшi жүйелерi қабылданған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiске сәйкес келедi. Әрбiр аумақтық кiшi жүйе ведомстволық бағыныстағы аумақта төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға арналған және әдетте төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссияны (облыстың, аудандық, қалалық, поселкалық, объектiлiк) немесе оның функциясын орындайтын басқа органдары, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарын (төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық, қалалық басқарманы, аудандық бөлiмдi), күнделiктi басқару органын (кезекшi қызметтi) немесе 051 құтқару қызметiн, осы аумақтағы функциялық және ведомстволық кiшi жүйелердiң күштерi мен құралдарын, оның iшiнде қаржы, азық-түлiк, медициналық және материалдық-техникалық ресурстарды, байланыс, хабар беру, ақпаратпен қамтамасыз ету жүйелерiн, сондай-ақ арнаулы оқу орындарын қамтиды.


      Аумақтық кiшi жүйелердiң нақты құрылымын жергiлiктi атқарушы органдар айқындайды. Аумақтық кiшi жүйелердiң мiндеттерi, жұмыс iстеуiн ұйымдастыру және оның тәртiбi, мемлекеттiк органдардың объектiлiк және жергiлiктi төтенше жағдайлар кезiндегi өзара iс-қимыл жасау тәртiбi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органымен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдар бекiтетiн ережелермен айқындалады.

Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң функциялық кiшi жүйелерi Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының және ұйымдарының: қоршаған табиғи ортаның жай-күйiн қадағалау және қауiптiлiгi ықтимал объектiлердегi жағдайға бақылау жасау; төтенше жағдайлардың алдын алу; адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау; төтенше резервтiк қорларды пайдалану; төтенше жағдайларды жою жөнiндегi тiкелей мiндеттердi шешетiн басқару органдарынан, күштерi мен құралдарынан тұрады.

Бұл ретте жекелеген функциялық кiшi жүйелердiң құрамына осындай мiндеттердi немесе бiрiн-бiрi толықтыратын мiндеттердi шешетiн бiрнеше орталық атқарушы органдардың, ұйымдардың басқару органдары, күштерi мен құралдары кiруi мүмкiн.

Функционалдық кiшi жүйелердiң негiзгi мiндеттерi, қызметiн ұйымдастыру және оның тәртiбi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың республикалық қызметтерi туралы ережелермен айқындалады. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерiнiң тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалады.

Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң салалық (объектiлiк) кiшi жүйелерi Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарында, ұйымдарында, құрылады және тiкелей олар басқаратын объектiлерде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға арналған.
      Салалық (объектiлiк) кiшi жүйелердiң нақты құрылымын, олардың мiндеттерiн, қаржыландыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының тиiстi орталық атқарушы органдары, ұйымдары, айқындайды және олар осы кiшi жүйелер туралы ережелермен бекiтiледi.

Бұл ретте әрбiр салалық (объектiлiк) кiшi жүйеге, оның буындарына әдетте басшы органдар, күнделiктi басқару органдары (кезекшi-диспетчерлiк қызмет), қауiптiлiгi ықтимал объектiлердегi жағдайға бақылау жасайтын және табиғи ортаның жай-күйiн қадағалап отыратын күштер мен құралдар, төтенше жағдайларды жою жөнiндегi күштер мен құралдар кiредi. Осы саладағы ұйымдардың, органдар мен қызметтердiң iс-қимылдарын жүзеге асыруды нұсқауларын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi шешiмдер қабылдаған кезде саланың басшы органдары ескерiп отыратын Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялары (бұдан әрi - төтенше жағдайлар жөнiндегi салалық комиссиялар) үйлестiрiп отырады.

Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiндегi Республикалық (мемлекеттiк) деңгейге табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, сондай-ақ басқа да орталық атқарушы органдар, орталық кезекшi-диспетчерлiк пункттер, төтенше жағдайларды байқау, бақылау және жою күштерi мен құралдары, басқару мен байланыстың жұмылдыру пункттерi жатады. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi шеңберiнде олардың iс-қимылын үйлестiрудiң шешiмi нұсқаулық сипатта болатын. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия жүзеге асырады.

Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiндегi жергiлiктi деңгейге жергiлiктi атқарушы органдар табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдары (төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық, қалалық басқармалар мен аудандық бөлiмдер), мекемелердiң кезекшi-диспетчерлiк қызметтерi, осы аумақтағы төтенше жағдайларды байқайтын, бақылайтын және жоятын күштер мен құралдар жатады. Олардың қызметiн үйлестiрудi шешiмдерi нұсқаулық сипатта болатын төтенше жағдайлар жөнiндегi тиiстi аумақтық комиссиялар жүзеге асырады.

Барлық деңгейлердегi төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрi мен денсаулығын, материалдық және мәдени құндылықтарды, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешуге қоғамдық ұйымдар (кәсiптiк одақтар, құтқару құрылымдары ассоциациялары, ерiктi қоғамдар және басқа қоғамдық құрылымдар) ерiктi негiзде Қазақстан  Республикасының  заңдарына және өздерiнiң жарғыларына сәйкес қатыса алады. Олар бұл мiндеттердi өз мүшелерiнiң және халықтың басқа топтарының арасында қажеттi түсiндiру жұмыстарын жүргiзу жолымен, сондай-ақ түрлi зiлзалалардың алдын алуға және олардың келеңсiз зардаптарын азайтуға (мемлекеттiк аттестация бекiткен арнайы әзiрлiгi болған жағдайда), авариялық-құтқару жұмыстарын жүзеге асыруға және зiлзала болған аудандарда зардап шеккен халыққа көмек көрсету жөнiндегi қажеттi шараларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттiк ұзақ мерзiмдi мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыруға тiкелей қатысу жолымен шешедi.

3 Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiне басшылықты:

республикалық (мемлекеттiк) деңгейде: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкесҚазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi;

табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган (Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiн құру, жұмыс iстеуi және одан әрi дамуы, сондай-ақ Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiн жедел басқару);

Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары (Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң функциялық және салалық кiшi жүйелерiне басшылық жасау);


      жергiлiктi деңгейде:

табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдары ТЖМЖ аумақтық кiшi жүйелерiн басқару кезiнде жұмыс аппараты болып табылатын жергiлiктi атқарушы органдар, жергiлiктi атқарушы органдардағы Азаматтық қорғаныс жөнiндегi бөлiмдер (қызметкерлер), ұйымдар басшылары (ТЖМЖ объектiлiк кiшi жүйелерiнiң басшылары).

кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары (Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң объектiлiк кiшi жүйелерiн басқару) жүзеге асырады.

Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң басшы органдары шешiмдер қабылдаған кезде төтенше жағдайлар жөнiндегi тиiстi ведомствоаралық, аумақтық және салалық комиссиялардың ұсыныстарын ескередi.

Төтенше жағдайлар жөнiндегi ведомствоаралық комиссиялардың құрылымы мен құрамын, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi туралы ереженi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      Төтенше жағдайлар жөнiндегi салалық және аумақтық комиссиялардың құрылымы мен құрамын, сондай-ақ олар туралы ереженi Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары айқындайды.
      Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары, төтенше жағдайлар жөнiндегi аумақтық және салалық комиссияларды - облыстар, қалалар, аудандар әкiмдерiнiң орынбасарлары, тиiстi орталық атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары басқарады.

Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң күнделiктi басқару органдары Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң кiшi жүйелерi мен буындарының жұмыс iстеуiне басшылық пен бақылауды жүзеге асырады.
      Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң күнделiктi басқару органдарын орналастыру тиiстi байланыс және хабар беру құралдарымен жарақтандырылатын және пайдалануға үнемi әзiр, даярлықта ұсталатын қалалық және қала сыртындағы басқару пункттерiнде жүзеге асырылады.

Байқау және бақылау күштерi мен құралдары:

табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның кезекшi қызметтерiнен;

орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың кезекшi қызметтерiнен;

қауiптiлiгi ықтимал объектiлердiң кезекшi диспетчерлiк қызметтерiнен;

апаттар медицинасы орталықтарының диспетчерлiк қызметтерiнен;

мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының бөлiмшелерiнен;

табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның органдарынан;

радиациялық және ядролық қауiпсiздiкке мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардан;

теңiзде және iшкi су айдындарында мұнай операцияларын жүргiзудiң өнеркәсiптiк қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардан;

көлiктiң қауiпсiз пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыратын органдардан;

сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдардан;

Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарынан;

ветеринария, фитосанитария, жануарлар мен өсiмдiктер карантинi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардан;

қоршаған орта мен табиғи ресурстардың, оның iшiнде гидрометеорология және табиғи ортаның ластануы бойынша мониторинг қызметтерiнен;

қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардан;

сейсмологиялық байқау және жер сiлкiнiсiн болжау республикалық жүйесiнiң қызметтерiнен;

селдердiң, тау көшкiндерiнiң және қар көшкiндерiнiң мониторингi қызметтерiнен;

орман және дала өрттерiнiң мониторингi қызметтерiнен тұрады.

2 дәріс ТЖ жою күштерi мен құралдары


Жалпы сұрақтар

  1. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi.

  2. ТЖМЖ құрамы

  3. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiн басқару

Азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнен;

республикалық және аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару жасақтарынан;

мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының бөлiмшелерiнен;

суда құтқару қызметiнiң құралымдарынан;

сүңгуiр авариялық-құтқару жасақтарынан;

авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтiру құралымдарынан, оның iшiнде штаттық тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтанға қарсы және басқа да мамандандырылған қызметтерден;

051 құтқару қызметтерiнен;

ормандарды авиациялық күзету және қорғау қызметiн қоса алғанда, ормандарда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қызметтерiнен;

азаматтық қорғаныстың аумақтық және объектiлiк құралымдарынан;

сел, су тасқыны және қар көшкiнi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтерден;

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң үнемi әзiрлiкте тұратын радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану, инженерлiк әскерлерi және басқа да әскер түрлерi әскери бөлiмдерiнен;

бiрыңғай авиациялық iздестiру-құтқару қызметiнен тұрады.

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары бөлiмшелерiнiң, суда құтқару қызметiнiң, 051 құтқару қызметтерiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң үнемi әзiрлiкте тұратын радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану, инженерлiк әскерлерi және басқа да әскер түрлерi әскери бөлiмдерiнiң күштерi базасында, әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтан атқылауынан құтқару және басқа мамандандырылған бөлiмшелерiнiң, шұғыл медициналық қызмет құралымдарының, құрылыс және монтаждау ұйымдарының және республиканың түрлi ұйымдары және басқа да осындай кәсiби қызметтерiнiң базасында, олармен келiсе отырып, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган, Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң түрлi деңгейлердегi басшы органдары өз мүмкiндiктерiнiң шегiнде елiмiздiң түрлi аймақтарында төтенше жағдайларда жедел тойтару және жою жөнiндегi жұмыстар жүргiзу үшiн және шетелдерге көмек көрсету үшiн тарта алатын үнемi әзiрлiкте болатын авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтiру бөлiмшелерi (күштерi) құрылады.

Республикалық және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылмайтын, үнемi әзiрлiкте тұратын күштердi Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң басшы органдарының шешiмiмен құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын орындауға тартуға болады.

Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң жұмысын ақпараттық жағынан қамтамасыз етудi автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесi (ТЖ ААБЖ) жүзеге асырады.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде жағдай туралы ақпаратты:

қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары, сондай-ақ ұйымдар - дереу табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарына;

ұйымдар - өздерiнiң өкiлеттiгiне сәйкес дереу орталық атқарушы органға;

табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында уәкiлеттi органның аумақтық органдары - дереу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң республикалық дағдарыс орталығы мемлекеттiк мекемесiне бередi.

Жаhандық және аймақтық төтенше жағдайлар туындаған жағдайда олар туралы ақпаратты:

табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдары - Қазақстан Республикасының шекаралас әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң әкiмдерiне;

орталық атқарушы органдар - ведомстволық бағынысты ұйымдардағы төтенше жағдайлар туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң республикалық дағдарыс орталығы мемлекеттiк мекемесiне;

табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган - өздерiнiң өкiлеттiктерiне сәйкес дереу Қазақстан Республикасының Үкiметiне, орталық атқарушы органдарға бередi.

Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң қызметiне бейбiт уақытта және соғыс кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және iс-қимыл жасау жөнiндегi шараларды жоспарлау, әзiрлеу және жүзеге асыру кiредi.

Жағдайға қарай жүйенiң жұмыс iстеуiнiң үш тәртiбi: күнделiктi қызмет тәртiбi, аса жоғары әзiрлiк тәртiбi, төтенше тәртiбi болады.

Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң, оның кiшi жүйелерi мен буындарының жұмыс iстеуiнiң қандай да бiр режимiн енгiзу туралы шешiмде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган, Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң түрлi деңгейдегi басшы органдары Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аумақтық органдарының (нақты жағдайды ескере отырып табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық, қалалық басқармалары, аудандық бөлiмдерi) келiсiмiмен қабылдайды.

Жағдайға қарай Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң кiшi жүйелерi мен буындары бiр мезгiлде түрлi режимдерде жұмыс iстей алады.

Әдетте, төтенше жағдайларды жоюға тiкелей басшылықты:

объектiлiк төтенше жағдайлар кезiнде қажет болған жағдайда  табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган аумақтық органдарының, ТЖМЖ аумақтық кiшi жүйелерi басшы органдарының қатысуымен ұйымдардың басшылары;

жергiлiктi төтенше жағдайлар кезiнде жергiлiктi атқарушы органдар, авариялардың, апаттардың, дүлей зiлзалалардың таралу шекараларына қарай табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдары;

аймақтық және жаhандық төтенше жағдайлар кезiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия тарапынан iс-қимылдар үйлестiрiле отырып табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың бiрiншi басшылары ТЖМЖ басшы органдарының нұсқауларын орындамағаны немесе уақтылы орындамағаны үшiн жауаптылықта болады.

Халықты төтенше жағдайлар кезiнде қорғау тәсiлдерiне үйретудi Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдары жұмыс iстейтiн, оқитын және тұрғылықты жерлердегi сабақтарда, жаттығуларда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және арнайы оқу-жаттығулар кезiнде, сондай-ақ дербес жүзеге асырады.
      Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң, оның кiшi жүйелерi мен буындарының басқару органдарының мамандарын әзiрлеу табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның Республикалық даярлау және оқыту орталығында, облыстық (қалалық) халықты даярлау және оқыту орталықтарында, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының оқу-материалдық базасында жүзеге асырылады.

Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiн ұйымдастыруды жетiлдiру, жүйенiң басқару органдарының, күштерi мен құралдарының даярлығы мен даярлық деңгейiн тексеру мақсатында жыл сайын оның кiшi жүйелерi мен буындарында оқу-жаттығу мен жаттығулар жоспарланады және өткiзiледi. Оқу-жаттығу мен жаттығулардың сипаты, олардың мерзiмi, көлемi мен өткiзу жоспарлары белгiленген тәртiппен жасалады және бекiтiледi.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi.

  2. ТЖМЖ құрамы

  3. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiн басқару


Дәріс №3. Іздеу құтқару жұмыстарын ұйымдастыру.

Жалпы сұрақтар

  1. Құтқару жұмыстарын ұйымдастырудың принциптерi мен тәртiбi.

  2. Қазақстан Республикасының халқын, аумағы мен шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау саласындағы қорғаныс шаралары.

  3. Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау жөнiндегi қорғаныс шаралары.

  4. Азаматтық қорғаныс бойынша мамандар мен халықты даярлау.

Төтенше жағдайға байланысты іздеу - құтқару жұмыстары республиканың бүкiл аумағында аумақтық-өндiрiстiк принцип бойынша ұйымдастырылады.

Іздеу - құтқару жұмыстары шараларын орындауды Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштерi және азаматтары жүзеге асырады.

      Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы зақымдау құралдарының дамуы және аталған аумақта, салада немесе ұйымда барынша ықтимал төтенше жағдайлар ескерiле отырып, алдын ала жүргiзiледi.

      Азаматтық қорғаныс шараларын кешендi түрде және саралап жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу маңыздылық дәрежесiне қарай жүзеге асырылады.

 

      Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.



      Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуы туралы жыл сайын есеп берiп отырады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет