Пәннің оқу-әдістемелік кешені «тж кезіндегі құтқару қызметін ұйымдастыру және басқару іі» пәнінен


Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қолданылатын шаралар және ресурстар. Жоспарлау



бет6/13
Дата10.06.2017
өлшемі2,61 Mb.
#18925
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қолданылатын шаралар және ресурстар. Жоспарлау – бұл барлық қатысушылардың белсенділігін талап ететін үрдіс. Дәлірек айтқанда, жоспарлау қатаң уақытты шек қойылған үрдіс емес, себебі өмір үнемі өзіндік түзетулер енгізіп отырады.

Жоспарлау нәтижелі болмайды, егер төтенше жағдай туындаған кезде оның алдын алатын жауапты адамдар болмаса. Жоспарлаудың арқасында құтқарушылар өздерінің міндеттерін жақсы атқарады. Тәжірибе көрсеткендей, құрылған жоспар керексіз болып қалады, егер оны құрған адам төтенше жағдайларға қатысы жоқ, басқа жұмыста істесе. Сол себепті коллективпен бірігіп жұмыс істеу қажет, олардың әрқайсысының ойымен бөлісіп отыру керек. Коллективпен бірігіп жұмыс істеу арқылы нақты және толық ақпараттар жинауға болады. Жоспарды құраушылардың жетістіктері тек қана төтенше жағдайдың алдын алу үшін ғана емес, сонымен қатар жоспарлаудың сапасын арттырады.

 Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қолданылатын шаралар және ресурстар

ТЖ алдын алу кезіндегі маңызды шаралар:



1. Жедел қажеттілік:

  • құтқару іздестірулер;

  • жедел эвакуация;

  • алғашқы көмек.

2. Су және санитария:

  • суды үлестіру, сақтау және өңдеу;

  • адамға қажет емес қалдықтарды жинау;

3. Уақытша паналау қажеттілігінде:

  • уақытша пана;

  • құрылыс немесе ремонт;

  • одеялдарды үлестіру;

  • тұрмыстық отынды үлестіру.

4. Денсаулыққа байланысты қажеттіліктер:

  • медициналық қызметші;

  • медициналық құрал-жабдықтар;

  • иммунизация компаниясы;

  • ішек инфекцияларын қадағалау;

  • эпидемиологиялық қадағалау.

5. Азық-түлік және тамақтану:

  • қысқа мерзімді азықтарды үлестіру;

  • ұзақ мерзімді азықтарды үлестіру;

  • тамақтануды қадағалау.

2 ТЖ алдын алу кезіндегі жоспар үлгісі. Аздаған ресурстарымен ұйымдар жоспарлаудың жеке элементтерін таңдаулары мүмкін, сондай-ақ сәйкесті өз мүмкіндіктеріне қарай талаптар деңгейін анықтай алады. ТЖ-ға әрекет ету бойынша операцияларға тартылған әрбір ұйым үшін дайындықтың өз деңгейлері және сәйкесінше, жоспарлау деңгейі анықталуы тиіс.

ТЖ туындаған кездегі жоспарлау негіздері

Жоспарлау ТЖ туындағанда іске кірісетін қызметтердің тез және тиімді әрекет етуін қамтитын шаралардың өңделуін қарастыруы тиіс. Мәні бойынша, жоспарлау үдерісі алдын алған, ол ұйымдастыру және техникалық мәселелер бойынша нақтылы әрекеттерді анықтау және көмек көрсету бойынша жүйе қызметтерінің қамтылуы және мәселелерді белгілеу мақсатымен, ТЖ немесе нақты апат туындағанға дейін белгісіздік күйде жүзеге асырылады.



ТЖ туындаған кездегі жоспарлау кезеңдері

«ТЖ туындаған кездегі жоспарлау» үрдісінің тізбегі:



  • Ерте ескерту және қауіпті анықтау;

  • ТЖ туындау жағдайына шараларды жоспарлау;

  • Жедел жоспарлау;

  • Әрекет ету жүйесін жоспарлау;

  • Ұзақ мерзімді шешімдер.

Тізбектің бірінші бөлігіне сәйкес, ТЖ туындау жағдайына шараларды жоспарлау ТЖ туындау қаупі анықталғанда және ерте ескерту алынғанда басталады. Мысалы, жылдан жылға қайталанатын тасқындар метеорологиялық станциялардың мәліметтерімен сәйкес ықтималды туындау жерлерінде және кезеңдерге ерте ескерту бойынша әрекеттерді ұйымдастыру қажеттілігін байланыстыруы мүмкін. Жаздың соңында-күздің басында құрылатын, экономикалық және ауылшаруашылық күйлер бойынша есеп берулер тұрғындардың осал қабаттары үшін азық-түліктің жетіспеушілігі және тағамдармен қысқы дағдарыстың жақындауы туралы ерте ескертуді қамтуы мүмкін. Жер сілкінісін ерте ескертуді қамту шамамен мүмкін еместігіне қарамастан, алдыңғы тәжірибе мен сейсмикалық зерттеулер ықтималды жер сілкіністердің күшін бағалауға, сондай-ақ олардың мүмкінді туындау жерлерін анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, болжам бойынша Қазақстанда 20 жыл ішінде, Алматыда 20 мыңдай адам 9 балдық қуатты жер сілкінісінен зардап шекті. Әрине әрекет ету бойынша операцияларға тартылған ұйымдар әрекеттерінің бұл жосапры бойынша әрекет етуге дайын болуын жер сілкінісі жағдайларына жасалған жоспарлар талап етеді.

 Төтенше жағдай кезіндегі жоспарлауды негіздеу.



«ТЖ туындау жағдайларына шараларды жоспарлау» концепциясы ТЖ-да басқаруды жүзеге асыратын тұлғалар үшін өте маңызды. Әрекет ету бойынша әрекеттерді жоспарлау ТЖ уақытында көбірек анық болатынына қарамастан, алдын ала ешқандай дайындық немесе жоспарлау жүргізілмесе, жағдай бақылаудан тез шығып кетуі мүмкін екенін ескеру қажет.

ТЖ-ға дайындық бойынша шаралар қабылданбаған жағдайда, құрбандардың пайда болу ықтималдығы өседі. Егер жоспар уақытынан бұрын өңделсе, онда орналасу жерлерін жоспарлау, мүмкінді су ресурстарын және басқа қажетті әрекеттердә анықтау да алдын ала жүзеге асырылуы мүмкін. Бірақ осындай алдын ала әрекеттерді жүзеге асыру қиын, өйткені апаттар ауқымы мен нақтылы табиғат себебі бойынша белгісіздіктер әлі көп.

ТЖ туындағанға дейін әрекеттерді жоспарлау ТЖ туындағанда әрекеттерді жоспарлаудан қарағанда қиын. Егер ресурстар мен адамдар қандай да бір басқа ағымды операциялар жүргізуге тартылса, ерекше қиындықтар туындайды. Қиындықтар сондай-ақ ТЖ-да әрекеттер жоспарын жарияламауға шешім қабылдаған тұлғаларды оятумен, саяси факторлармен байланысты болуы мүмкін.

Жоспарлау үрдісі.

ТЖ туындау жағдайларына шараларды жоспарлау мәні бойынша үрдіс болып табылады. Бұл жалғыз уақытты оқиға емес, одан да кіші-жай «жоспар». Мақсаттар мен дайындық әрекеттерін анықтау стартты нүктеге ие болуы керек, бірақ соңы міндетті емес. Мақсаттарды нақтылау және әрекеттерді түзету жоспарды өңдегеннен кейін де орын алуы мүмкін. ТЖ туындау жағдайларына шараларды жоспарлау үздіксіз үдеріс ретінде ойластырылған, оның барысында өзгеретін жағдайларға сәйкес әртүрлі параметрлер жиі координацияланады, соңынан нақтыланады, қайта жаңартылады.

Жоспарлау үрдісі әрекеттер мен біріккен мақсаттарды анықтаумен қызығушылық танытқан жақтардың біріккен жұмысында ғана мүмкін. Осы жағдайда орындарда ТЖ-ға нақтылы дайындыққа қол жеткізілуі мүмкін.

Нәтижесінде жүзеге асыруы тиіс қатысушылардың оған «меншік құқығын» жоятын үрдіс болып табылса, жоспарлау тиімсіз болуы мүмкін. Дәлелді тәжірибе көрсеткендей, егер жоспарлар сырттан келген адаммен немесе тек бір адаммен немесе толық оқшаулықта агенттілікпен дайындалса, жоспарларды қолдану мүмкін емес. Сондықтан жоспарлауға командалық қадам қажет. Ондай қадам – ең толық және нақты құжаттаманы дайындауға жоспарлау үрдісінде ресурстардың барлық әртүрлігін біріктірудің үздік құралы. Командалық қадамға тән, ТЖ әсерлі әрекет етуді қамтуға барлық қатысушылардың бір жақты талпынысы да жоспарлау үрдісіне ықпал етеді.



ТЖ пайда болу кезіндегі шараларды жоспарлауға қатысушылар.

Нақтылы мәселелер мен мақсаттарды, ұйымдастыруды қалыптастыру және түзету үрдісінде ТЖ туындау жағдайларына шараларды жоспарлауға жауаптылар ТЖ әрекет етуге тартылуы мүмкін басқа ұйымдармен байланысты қолдап, жоспарларды координациялауы керек.

ТЖ әрекет етуге тартылған барлық органдармен бірлескен қызмет жоспарлауды жақсартады, жоспарды жүзеге асатын етеді және ТЖ туындауында тиімді әрекет ету мүмкіндігін ұлғайтады.

ТЖ-ға әрекет ету жауапты ұйымдардың ресурстарын көшіруді, күштерді координациялауды, өзара сенімді талап етеді, олар операциялар жүргізуде жауапкершілікті анық бөлуі қажет және осы негізде олардың әрекеттері жоспарланатын болады. Бұл мақсат тек тікелей өзара әрекет жолымен ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Жоспарларды өңдеу және жаңғырту бойынша бірлескен қызмет жауапты ұйымдардың өзара әрекеттерінің негізі болып табылады.

ТЖ-да басқаруды ұйымдастыруға жауапты адамдар әрекет ету бойынша операцияларға қатысуы мүмкін органдарды және ұйымдарды мүмкінді операциялардың ауқымын анықтаулары тиіс.

Бұл ұйымдар қатарына кіруі мүмкін ұйымдар мыналар:



  • ТЖ және МҚ бойынша Министрліктер немесе Комитеттер.

  • Өртке қарсы қызметтер.

  • Денсаулық сақтау органдары.

  • Құқыққорғау органдары.

  • Қызыл Крест пен Қызыл Жарты-ай қоғамдары және басқа қоғамдық ұйымдар.

  • Халықаралық ұйымдар (Ұлттық ауқымды ірі апаттар жағдайында).

  • Жергілікті биліктер мен зардап шеккен тұрғындар.

Бір облыста (денсаулық сақтау, азық-түлікпен және баспанамен қамту операциялары) жұмыс істейтін әр түрлі өкілдер де желілер немесе топішілікті құруы мүмкін. Мүмкінді апаттардың алдын алуда бірге жұмыс істей отырып, барлық жауапты ұйымдар бір-бірінің мүмкіндіктерін, мақсаттарын, тілектерін түсіне бастайды. Осындай түсіністік пен қатынас күштердің координациялануының жақсаруына, әрекет ету бойынша операцияларда әрекеттердің қайталануын болдырмауға көмектесуге және жұмыста кемшіліктер мен жетіспеушіліктерді анықтауға әкелуі керек. ТЖ туындау жағдайларына жоспарлау мүмкінді бөгетті жеңуге “жаттығу” болып табылады.

Әрекеттердің мүмкінді жоспарының артықшылықтарын анықтау және талдау.

Ертерек ТЖ бақыланған мәліметтерге және ең ықтималды күтулерге негізделе отырып, жоспар жасаушылар ТЖ-да әрекеттердің мүмкінді жоспарларын өңдеуі тиіс. Әрекеттердің бұл жоспарлары кейін де ТЖ туындау жағдайларына жоспарлау негізін қалыптастырады.

Жоспар құру кезеңдері мынадай:


  • Нұсқалардың шектелген сандарын белгілеу (әдетте 3-4), әйтпесе жоспарлау үдерісі тым күрделенеді;

  • «Нашар жағдай / үздік жағдай» әрекеттер жоспарының концепциясын қолдану;

  • Әр түрлі жағдайларға, «нашар жағдайға» немесе қандай да бір өзге нұсқаға жоспар есептелгенін анықтау.

3 Жоспарлауды жүзеге асыру. Ұйымдастыру рөлдері мен жауапкершіліктерді анықтау.

Бұл мәселені міндеттер көлемі нақтыланған және ТЖ-да көмек көрсету бойынша операцияларға қатысатын ұйымдардың, ресурстардың көбі анықталған, алдын ала кезеңде шешу қажет. Осылайша, ТЖ кезінде құтқару операцияларына қандай ұйымдар мен қызметтер тартылатынын жоспарлау белгілейді. Бұл жұмыстың нәтижесі ұйымдар және олардың тапсырмалары туралы ақпаратқа ие тізімге қосылуы тиіс, бұл тізімде міндеттердің таратылуы туралы қысқаша ескерту берілуі тиіс. Екі ұйым бір топты мәселелерді орындаған жағдайда, қайсысы – бірінші дәрежесі, қайсысы – қосалқы рөлге ие екендігі анықталуы тиіс. Мысалы, өртке қарсы қызмет пен АҚ қызметтері іздестіру-құтқару операцияларына негізгі жауапкершілікке ие, ал Қызыл Крест пен Қызыл Жартыай Қоғамдары қосалқы рөл атқарады. Ұйымдастырушылық рөлдер мен жауапкершілікті анықтау сызбасының үлгісі қосымшада берілген.

Жоспарлаудың бұл бөліміне ұйымдар мен олардың қызметтерінің тізімі кіруі мүмкін:

ТЖ және АҚ органдары;

Өртке қарсы қызмет;

Денсаулық сақтау қызметі;

Құқық қорғау қызметі;

Қызыл Крест / Қызыл Жартыай қоғамдары;

Қоғамдық ұйымдар, т.б.

Ықтималды қажеттіліктерді бағалау. Жоспарлау әдістерінің бірі қажеттіліктер мен қол жетімді ресурстар арасындағы айырмаға негізделген, қажеттіліктер кестесін құру болып табылады. Егер байсалды жетіспеушіліктер туындас, онда жоспар құрушылардың міндеттеріне оларды жою әдістерін анықтау кіреді. ТЖ туындағанда адам өмірлерін құтқару толтыруларына тәуелді болатын ресурстарды жеткізу артықшылықты болып табылады. Сондай-ақ екінші дәрежелі ресурстармен қамтылу да қарастырылуы тиіс.

Әрекет ету жүйелерін өрбіту. Максималды тиімді әрекет етуге әдетте ТЖ-ға әрекет етуге ұйымдарды тарту жүйесін құру қажет. Жоспарда ТЖ туындаған жағдайда ұйымдарды әрекеттерге тарту процедуралары және құлақтандыру жүйесі бөлшектей өңделуі тиіс. Сондай-ақ жоспарда жұмыстан тыс уақытта қызметкерлер мен волонтерлер қалайша шақыртылуы тиістігі анықталуы керек. Сонымен қатар, егер сіздің ұйым жетекші болса, жоспарда қандай органдар хабарлануы, қалайша және оларды ақпараттандыруға кім жауапты екені қарастырылуы тиіс.
Өзін – өзі тексеру сұрақтары


  1. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қолданылатын шаралар және ресурстар

  2. ТЖ алдын алу кезіндегі жоспар үлгісі

  3. ТЖ туындаған кездегі жоспарлау кезеңдері

  4. Әрекеттердің мүмкінді жоспарының артықшылықтарын анықтау және талдау.

  5. ТЖ пайда болу кезіндегі шараларды жоспарлауға қатысушылар.

11 дәріс Төтенше жағдайлар және қажеттіліктерді бағалау


Жалпы сұрақтар

  1. Төтенше жағдайлар және қажеттіліктер

  2. Өзара әрекеттесетін ұйымдар арасындағы байланыс

  3. ТЖ кезінде тұрғындарды ескерту және құлақтандыру жүйелері

  4. Қоғамды ақпараттандыру

  5. Сумен қамту және тазалық шарттары

  6. Санитарлық шарттар, тамақтандыру


Төтенше жағдайлар және қажеттіліктер. Әрекет ету бойынша операцияларды тиімді өткізу қажетті гуманитарлық және басқа көмектің өлшемдерін мұқият бағалаусыз және зардапты дәл бағалаусыз шамамен мүмкін емес. Тиімділікке қол жеткізу үшін, қажеттіліктерді бағалау бойынша жұмыс мұқият жоспарланып, алдын ала ұйымдастырылуы керек. Көп жағдайда қажеттіліктерді ауқымды бағалау тізбекті толықтырулармен, ТЖ туындағаннан кейін мүмкіндігінше тез жүргізілуі тиіс. Әдетте ТЖ бойынша координациялаушы комитет жұмыстарын ұйымдастыру штабты шаралармен қатар жүргізіледі. ТЖ салдары мен қажеттіліктерді бағалауды жүргізуі тиіс тұлғаларды дайындау қажет.

Осылайша, жоспарлауда мыналар анықталуы керек:

Зерттеулерді өткізуге және басқаруға кім және қандай сатыда (бастапқы, 3күннен кейін, 2 аптадан соң, т.б.) жауап беретінін. Әдетте мұнымен көп қызметті және көп секторлы командалар шұғылданады.

Әр кезеңде қандай ақпарат қажет екенін. ТЖ-да жоспарлауға олар бойынша жұмыстардың ары қарай жалғасуын болжайтын зерттеулер кестелерін немесе формаларын қосуға болады.

Зерттеу командалары қайда және қалай қалыптасатынын және оқытылатынын.

Өзара әрекеттесетін ұйымдар арасындағы байланыс. ТЖ кезінде әр түрлі ұйымдардан өкілдер арасында ақпарат алмасу қажет. Бірақ әрекет ету бойынша әртүрлі ұйымдар әдетте әр түрлі радиожиіліктерді қолданады. Әрекет ету операциялары уақытында әр түрлі ұйымдар арасында анық және тиімді байланыстарды қамту үшін, жоспарлауда сәйкесті шараларды қарастыру қажет. Минимум ретінде, бір қызметті жүзеге асыратын ұйымдар арасында радиобайланысты орнату қажет. Кімге радиожабдық берілетіндігін, кімге радиобайланысты пайдалануға рұқсат берілетіндігі жоспарда анықталуы мүмкін.

ТЖ кезінде тұрғындарды ескерту және құлақтандыру жүйелері. Жоспарға ТЖ туралы тұрғындарды ерте ескерту және құлақтандырудың әдістерін сипаттау қосылуы тиіс. Құлақтандыруға жауапкершілік қандай агенттіліктерге немесе ұйымдарға жүктелгені жоспарда анықталуы тиіс. Сондай-ақ ескерту ақпаратты беру әдістері де анықталуы тиіс. Егер сіздің ұйым тұрғындарды ескерту мен құлақтандыруда екіншілік немесе қосалқы рөл атқарса, жоспарда осы міндеттерді атқаруда сіздің міндеттеріңіз бен процедураларыңыз бөлшектей көрсетілуі тиіс.

Қоғамды ақпараттандыру. Жоспарда ТЖ уақытында қоғамды ақпараттандыру әдістері, сондай-ақ осы қызметтің орындалуына жауаптылар анықталуы тиіс. Идеалда, иеленетін лауазымына сәйкес тұрғындарды ақпаратпен қолдауға жауапты адам белгіленуі тиіс. Ұйымдар БАҚ-на ақпаратты кім ұсынатынын анықтаулары қажет-бұл қоғаммен байланысты қолдайтын қызметкер ғана болмауы керек. Бұл адамның сәйкесті дайындыққа және тәжірибеге, сондай-ақ қоғамдық және ақпараттық байланыстарға ие болғаны жөн. Ақпаратқа жауапты апат туралы мәліметтерді БАҚ-на қандай адамдар ұсынатынын анықтай алады. Әрекет ету бойынша команданың басқа мүшелері қоғаммен байланыс бойынша барлық мәселелер осы қызметкердің өкілеттілігінде болатынын білулері тиіс.

Сумен қамту және тазалық шарттары. Көбінесе ТЖ туындаған жерлерде таза, ауыз суға жарамды сулардың жеткілікті мөлшері жоқ, бұл денсаулыққа үлкен қауіп болып табылуы мүмкін. Адамдар сусыз омір сүргенге қарағанда, тамақсыз біраз өмір сүре алады. Осылайша, таза, ішуге жарамды судың жеткілікті мөлшерімен қамту ТЖ кезіндегі артықшылықтардың бірі болып табылады. Тазалық күйіне жауаптылыққа таза сумен қамту, қоқыстан эксперименттермен тазалау, бунақденелілер мен кеміргіштерді бақылау, тамақты өңдеу шарттарын бақылау, канализация жүргізу, т.б. кіреді. Осы қызметтердің барлығы жоспарда көрсетілуі тиіс.

Сумен қамтуға, санитарлық шарттарға қатысты мәселелердің кей бірін жоспарда нақтылы көрсетілуі тиіс.



Су ресурстары:

  • Су ресурстарының потенциалы және қолданудың саясаты, инфрақұрылымы, техникалық мүмкіндіктері қандай? Жауапкершілік кімге жүктелген?

  • Сумен қамтуды тарату жүйесі бар ма?

  • Қыста немесе құрғақшылықта немесе су көздерінің ластану жағдайында қандай әрекеттерді қолдану керек?

  • Қандай жабдық қажет? Су резервуарларын орнату керек пе немесе судың жергілікті көздері бар ма?

Санитарлық шарттар:

  • Жауапкершілік кімге жүктелген(қоғам немесе жеке сектор)?

  • Санитарлық шаралар бойынша оқыту программаларын жүргізу қажет пе?

  • Санитарлық шараларды жоспарлау мәдениеті жеткілікті жоғары ма?

Тамақтандыру. Тамақтандыруды қамту бойынша қызмет ТЖ кезінде зардап шекен тұрғындардың азық-түліктік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Әрекеттердің алдын ала анықталған жоспарын негізге ала отырып, азық-түлікпен қамтуға жауаптылар, ұйымдар мен агенттіктер әсердің әр түрлі дәрежесі мен қарқындылығындағы ТЖ-да және апаттарда қажеттіліктерді анықтауға, есептеуге және айтуға тырысулары тиіс.

Осы дайындық фазасында келесі сұрақтарға жауап беру қажет:

  • Осы жерде ТЖ ұшыраған адамдардың қанша мөлшері тұрады?

  • Азық-түлікті жеткізуде қажеттіліктерді бағалауға және ТЖ-ға әрекет етудің осы бағытының координациясына кім жауап береді?

  • Берілген жерде, аймақта, елде қандай азық-түлік ресурстары қол жетімді?

  • Зардап шеккен тұрғындарға қандай азық-түліктер қажет?

  • Азық себетінің құрамдары қандай?

  • Әр түрлі климаттық аймақтарда калорияларға қажеттіліктер қанша болуы керек?(мысалы, биік таулы жердің ең суық климатында)

  • Қандай да бір резервуарлар, жергілікті ресурстар бар ма?

  • Жергілікті нарықтың, бағалардың мүмкіндіктері қандай?

  • Балиғат жасқа толмаған балалардың тамақтануына негізгі қажеттіліктер қандай?

  • Берілген жерде, аймақта, елде азық-түліктерді таратудың қандай жүйелері бар? ТЖ кезінде олар қалай қолданылуы мүмкін?

  • ТЖ орнына жақын аймақтарда тұратын, зардап шекпеген тұрғындар да азық-түлікпен қамтыла ма? Бұл мәселе зардап шекпеген елді-мекен тіпті кәдімгі уақытта кедей және экономикалық жағы осал болғанда туындайды.

  • Өкіметпен және халықаралық азық-түліктік (мысалы, халықаралық азық-түліктік бағдарламамен) ұйымдармен, өкіметтік емес ұйымдармен және басқа қайнар көздермен консультацияға кім жауапты?

  • Азық-түліктерді сақтауға қажеттіліктер қандай? Осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға қандай қоймалар бар?

Материалды-техникалық қамту және транспорт. Әрекет ету бойынша операциялардың көбі апат аймағына гуманитарлық көмектің, персоналдың және жабдықтың тасымалдануын талап ететіндіктен, материалды-техникалық қамту мен тасымалдауды жоспарлаудың тиімділігі әрекет ету бойынша операцияларда жалпы табыстың шешуші факторларының бірі болып табылады.

Осылайша, жоспарлауда материалды-техникалық қамту мен тасымалдауға қатысты, келесі аспектілерді қарастыру қажет:



  • Апаттың негізгі аймағына және зардап шеккен елді-мекенге көмек жеткізудің жиі бағыттарын анықтау;

  • Пайдалануға болатын теңіз аймақтары мен әуежайларды анықтау;

  • Кәдімгі бюрократиялық процедураларды өту операциялардың өтуін тоқтатуы немесе кідіртуі мүмкін кеденмен және басқа қызметтермен келісім-шартқа қол жеткізу;

  • Материалды-техникалық құралдарды сақтауға арналған сыйымдылықтарды анықтау және оларды қорға қою;

  • Тасымалдау әдістерін, сондай-ақ көліктің бағасын және қолжетімділігін қоса отырып, қажетті шарттарды анықтау;

  • Отынның, гараждардың барын анықтау, оларды резервациялауды қамту және шектеулерді нақтылау;

  • Автотрассаларда, теңіз аймақтарында және әуежайларда тауарлардың кедендік бақылаудан өтуіне жауапты өкіметтік департаментпен немесе министрлікпен серіктестікті анықтау және орнату;

  • Автомобильдерге қандай қосалқы бөлшектер қажеттігін анықтау және барлық алдын ала дайындықтарды жасау;

  • Тыйым салынуларды алу және гуманитарлық көмек енгізілудің шарттарын жасау туралы сәйкесті өкіметтік органдармен келісімділікке қол жеткізу;

  • Материалды-техникалық қамту жүйелеріне ауа-райы жағдайларының ықтималды әсері қандай?

  • ТЖ кезінде материалды-техникалық қамту бойынша операцияларды қамтуға жауапты бөлімдердің немесе тұлғаларды анықтап, оларды оқыту.

Шаруашылық қажеттіліктер. Көмек көрсету бойынша операцияларды жүргізуге арналған құрамдарды жоспарлауда баспанамен, сумен және азық-түліктермен қамту сияқты шаруашылықты қажеттіліктерді ескеру қажет. Сабын сияқты, қажетті, тазалықты ұстау мен аурулардың алдын алуға арналған көрпелер, ыдыс, суға арналған сыйымдылықтар, сіріңке, т.б. заттар. ТЖ-дан зардап шеккен елді мекенге көмек көрсету бойынша операцияларда қажетті болып табылады.
Өзін – өзі тексеру сұрақтары

  1. Төтенше жағдайлар және қажеттіліктер

  2. Өзара әрекеттесетін ұйымдар арасындағы байланыс

  3. ТЖ кезінде тұрғындарды ескерту және құлақтандыру жүйелері

  4. Қоғамды ақпараттандыру

  5. Сумен қамту және тазалық шарттары

  6. Санитарлық шарттар, тамақтандыру

12 дәріс Зардап шеккендерді емдеу және оларға қамқорлық жасауды басқару және ұйымдастыру
Жалпы сұрақтар

  1. Денсаулық сақтау және тамақтандыру.

  2. Зардап шеккендерді орналастыру.

  3. Отбасыларды іздестіру мен қосу.

  4. Қауіпсіздікті қамту және қорғау.

  5. Жоспардың жүзеге асырылуын қамту. Тұрғындарды ақпараттандыру бойынша қызмет.

  6. Жоспарды нақтылау.

ТЖ мен апаттардың көбінде зардап шеккен елді мекеннің белгіленген пайызы қаза табады. Жоспарлауда келесі мәселелер қатарын ескеру қажет:



  • Қаза тапқандар қайда орналастырылады? Алғашқы көмекті кім көрсетеді?

  • Анықтау және белгілеу бойынша қандай жүйе қолданылады?

  • Алғашқы көмектің, емханаға жатқызудың және көшірудің қажеттіліктерін анықтауға кім жауап береді?

Денсаулық сақтау және тамақтандыру. Денсаулықты сақтауға негізгі талаптар барлық ТЖ-да бірдей. Ауыз судың тазалығы, тазалық шарттары, тамақтандыру, баспана тазалығы, денсаулық туралы қамқорлық тірі қалуды үгіттеудің негізі және көмек көрсету бойынша операциялардың басты өмірлік маңызды құрамы болып табылады. Жоғарыда аталған құрамдар мұнда артықшылық тәртіпте көрсетілген. Таза ауыз суға қол жеткізу, баспананың қанағаттанарлық санитарлы күйі және тамақтану стандарттары аурулардың алдын алуға көмектеседі, негізінде, бұл мәселемен таза медициналық программалар басталғанға дейін айналысу керек.

Осылайша, жоспарлау кезінде барлығы болмаса да, кейбір денсаулық сақтау мен тамақтандыруға қатысты мәселелерді қарастыру керек:



  • ТЖ кезінде денсаулық сақтау мен тамақтандырудың қажеттіліктерін бағалау бойынша қызметтердің басқарылуына және қамтылуына кім жауап беретінін?

  • Денсаулық сақтау жүйесі қандай және ТЖ немесе апаттар туындағанда ол қандай қызмет көрсетеді?

  • Жұқпалы аурулардан екпе салу қайда жүргізілуі мүмкін?

  • Қосымша тамақтандыруға(балаларға, жүктілерге және бала емізетін әйелдерге) немесе тамақтандырудың арнайы бағдарламаларында негізгі талаптар қандай?

  • Денсаулық сақтау, алдын алу және қоғамдық білім беру жүйесіне қандай өкіметтік немесе өкіметтік емес ұйымдар жауапты? Бұл облыста сіздің ұйым қандай рөл атқарады?

  • Денсаулық сақтау және қыста тамақтандыру бойынша қажеттіліктер өзгере ме? Олар қалай ерекшеленеді? Қысқы уақытта туындайтын ТЖ-ға қандай арнайы дайындықтар қажет?

  • Елді-мекеннің жоғары тығыздығында қандай әрекеттер қолдану қажет? Бұл ТЖ-ға дейін және одан кейінгі денсаулық сақтау күйіне қалай әсер етеді?

  • Балалардың үлкен санында қандай әрекеттерді жасау қажет?

  • Зардап шеккен елді-мекеннің әр түрлі топтарына(балалар, жүкті әйелдер, т.б) қандай арнайы қамту қажет?

  • Қандай дәрілер және медициналық жабдықтар бар және зардап шеккен елді-мекенге қайсы қажет болуы мүмкін? Бұл дәрілер мен жабдықтарды қосымша жеткізу қажеттілігі бар ма?

  • Сақтауға арналған сыйымдылықтар бар ма?

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет