Пәннің оқу-әдістемелік кешені «тж кезіндегі құтқару қызметін ұйымдастыру және басқару іі» пәнінен


Зардап шегушінің тұлғасын негіздейтін биркаларды колдану



бет8/13
Дата10.06.2017
өлшемі2,61 Mb.
#18925
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Зардап шегушінің тұлғасын негіздейтін биркаларды колдану. Мүмкіндігінше науқастардың тұлғасы анқталуы тиіс. Бұндай шаралар науқастың тұлғасын анықтайтын бирканы қолдану жолымен жүргізіледі, бұнда науқастың аты жөні, жасы, жынысы көрсетіледі. Биркалар апат ошағында толтырылады.

Медициналық пунктте, поликлиникада, алғашқы медициналық көмек отрядында біріншілік есептің медициналық карточка толтырылады. Бұл карточкада паспорттық мәліметтер мен бірге диагноз, көрсетілген медициналық көмек көлемі және науқастың қайда эвакуацияланғаны көрсетіледі.

Барлық емдік-профилактикалық мекемелердің қабылдау-сұрыптау бөлімінде, сұрыптау жүргізілгеннен кейін, науқасқа сұрыптау маркасы тіркеледі. Бұнда науқасқа медициналық көмек қай бөлімде және қандай реттілікте жүргізілетіні белгіленген. Сұрыптау маркасының түсі мен формасы алдын ала дайындалуы қажет және әрбір медициналық қызметкер барлық марканың мағынасын білуі тиіс.
Өзін – өзі тексеру сұрақтары


  1. Іздеу-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және алғашқы медициналық көмек көрсету

  2. Медициналық көмек көрсету, емдеу және медициналық мүлікті тасымалдау

  3. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетудің реттілігін орналастыру

  4. Зардап шегушінің тұлғасын негіздейтін биркаларды колдану

15 дәріс Зардап шеккен халыққа уақытша баспана құру жүйесін ұйымдастыру


Жалпы сұрақтар

  1. Зардап шеккен халыққа уақытша баспана құру жүйесі. Палаталық және басқа оңай құрылатын қалашықтар

  2. Азықпен және медициналық қамтамасыз ету жүйесі

  3. Уақытша паналау қорын қалыптастыру және сақтау


Зардап шеккен халыққа уақытша баспана құру жүйесі. Палаталық және басқа оңай құрылатын қалашықтар. Зардап шеккен халықты уақытша паналау және орналастыру үшін жиналған шатырлар, киіз үйлер, құрылыс вагондарын пайдалануға болады. Шатырлы қалашықтарда санитарлық-тазалық және өрт қауіпсіздігі талаптары сақталады. Тұрғындар далалық имараттарда еденде, ортақ сәкілерде, сапарлық кереуеттерде орналастырылады. Еденге орналастырғанда оны жылыту керек.

Бір адамды орналастыру үшін қажетті:



  • шатырларда, сәкіде немесе еденде - 1,2-1,5 м²;

  • жеркепеде, сәкіде - 1,6-2,2 м²;

  • шатырларда, дала кереуеттерінде - 2,5 м².

Далалық имараттар жергілікті заттардан құрылуы мүмкін. Олар: қалқалар, кепелер, жеркепелер. Шатыр қалашықтарын құрғанда тұрғындарды жылыту орындары жасалады. Ғимараттарды жылыту үшін өнеркәсіп жасаған пештерді және жергілікті заттардан тұрғындардың жасаған пештерін қолдану керек.

Блокты-контейнерлі ғимараттар. Жергілікті өндірістік мүмкіндіктер болған жағдайда инженерлік учаскелер блокты – контейнерлі типті баспаналармен жабдықталуы мүмкін.

Азықпен және медициналық қамтамасыз ету жүйесі. Эвакуацияланатын халықты азықпен қамтамасыз етуді жергілікті үкімет органдары АҚ және ТЖ сауда және тамақ қызметімен бірге ұйымдастырады. Осы мақсатта инженерлік учаскелер аумағында тамақтандыру орындарын құру жоспарланады.

Тамақтандыру орындары бар ғимараттар мен имараттарда, вагондарда, шатырларда, киіз үйлерде, қалқалардың астында орналастырылады.



Медициналық және эпидемияға қарсы қамтамасыз ету. Медициналық және эпидемияға қарсылықты қамтамасыз етуді жергілікті басқару органдары АҚ және ТЖ қызметтерімен, медициналық қызметімен бірге ұйымдастырады. Осы мақсатта инженерлік учаскелердің аумағында медициналық орындар құрылады. Эвакуацияланатын халықты орналастыратын аудандарда медициналық жәрдем беру жақын арадағы медициналық мекемелерде және уақытша қалашықтар жайғасқан жерлерде жүргізіледі.

Уақытша паналау қорын қалыптастыру және сақтау. Төтенше жағдайларда пайдалануға қажетті (шатырлар, киіз үйлер, вагондар, контейнерлер, қалқан және блокты үйлер) уақытша паналау қорын кәсіпорындар, әкімшіліктер, министрліктер мен ведомстволар өз қаржыларына ұйымдастырады. Осы қордың есебін объектілерде, эвакуациялық комиссиялармен барлық деңгейдегі әкімшіліктерде, министрліктер мен ведомстволарда жүргізеді.
Өзін – өзі тексеру сұрақтары

  1. Зардап шеккен халыққа уақытша баспана құру жүйесі. Палаталық және басқа оңай құрылатын қалашықтар

  2. Азықпен және медициналық қамтамасыз ету жүйесі

  3. Уақытша паналау қорын қалыптастыру және сақтау


Тәжірибелік сабақтар
1 сабақ. Зақым ошағында барлау және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру реті.
Сабақтың мақсаты: Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету бойынша, ТЖ-ны оқшаулау сондай-ақ қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізу.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1

ТЖ зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байланысты тәуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет-адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді.

Адамдар құтқару ТЖ жою әдірісін бір бөлігін құрайды, олар өз ара байланысқан жұмыс кешенін көрсетеді, сипаттамасы бойынша арнаулы үш топқа жіктеледі: құтқару; арнаулы (жедел); қосалқы.

Құтқару жұмыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:


  • басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;

  • зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);

  • зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;

  • зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру.

Арнаулы (жедел) жұмыстар мыналарды қамтиды:

  • өрт сөндіру;

  • коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;

  • тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;

  • осал құрылыстарды күшейту.

Арнаулы жұмыстардың атқарылу нәтижесінде құтқару жұмыстардың орындалуына және адамдардың қосымша зардап алмауына жақсы жағдай туындалады.

Қосалқы жұмыстар құтқару жұмыстарын алаңына және жұмыс орындарын инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады:



  • алаңдарды тазалау;

  • техника орнату;

  • қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;

  • жұмыс орындарын жарықтандыру т.е. Адамдарды құтқару жұмыстары күні-түні ауа райының кез келген жағдайында орындалады.

Құтқару жұмыстардың ұзақтылығына кері әсер ететін бірсыпыра қауіпті факторлар бар. Соның ішінде: өрт факторлары (жылу сәулелері, түтіндену және газдану), аумақ пен ғимараттардың қатты әсер ететін улы заттармен (ҚӘУЗ) зақымдануы және т.б.

Технологиялық іс-қимылдарды орындау үшін қажетті уақыт адамдарды құтқару процесінде қолданылатын оның мақсаткерлігін сипаттайтын өлшем және адамдарды құтқарудың осы процесі үшін анықталған ең қолайлы ұйымдық-технологиялық жағдайлар уақытының технологиялық негіздеменің нормасы болып табылады.

Түтін мен газ толған жерде, аумақ пен ғимараттардың ҚӘУЗ—бен зақымдануында, жердің радиоактивті ластану кезінде құтқару жұмыстарын жүргізгенде жеке қорғау құралдары қолданылады.

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі шараларында заңдылыққа сәйкес Азаматтық қорғаныс күштері қатысады. Азаматтық қорғаныс күштері Азаматтық қорғанысқа қарайтын әскери бөлімдерден.

Аумақтық, нысандық құрамалардан, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай қызметтер құрамаларынан, республикалық, облыстық және қалалық жедел-құтқару топтарынан құрылады.

Құтқару жұмыстары өрт, су тасқын, бұзылыс, атмосфералық және жергілікті зақымдану кезіндегі жағдайда өтеді. Олар ең аз уақытта ұйымдастырылып, күні-түні толық аяқталғанша өтеді. Қойылған міндеттерді орындау үшін, ол басшылар мен құтқарушыларданда тәндік және психологиялық төзімділікті, келіскен жұмысты және барлық күштерді жұмылдыруды талап етеді.

Нысан (аумақ) шегінде ТЖ пайда болғанда Азаматтық қорғаныс бастығы (бірінші басшысы) және ТЖ бойынша органдар дереу қауіп пайда болғандығы туралы, ТЖ бойынша жоғары органдарға баяндайды, сипатына, өлшеміне, ықтимал зардабына байланысты тиісті шараларды қабылдайды.

Құтқару жұмыстары Азаматтық қорғаныс бастығының шешіміне қарай өндірістің ерекшелігін, ТЖ сипатын және зақым—зардаптың адамға, қоршаған ортаға тигізер ықтималдығын ескеріп ұйымдастырылады.

ТЖ зардаптарын жою мынаны қамтиды:


  • халық пен ұйымдарды ТЖ қауіпі туралы құлақтандыру;

  • барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де мәліметтерді анықтау;

  • тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;

  • құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;

  • ТЖ аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;

  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларга жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;

  • құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;

  • ТЖ аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттық қызметті ұйымдастыру.

Сондай-ақ ТЖ зардабын жоюға және құтқару жұмыстарды қамсыздандыру мен даярлауға бағытталған материалдық, АҚ күштерін, басқа шараларды ұйымдастыру.

Күрделі зақымдану ошағындағы құтқару жұмыстарды тек өрттер мен қирауларды ғана емес, сондай-ақ радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зақымдауды ескере отырып ұйымдастырылады. Бұл жағдайда бактериологиялық зақымдану түрлері аңықталғанға дейін барлық шаралар аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғану режимінде ұйымдастырылады. Ауру қоздырғыштар түрі аңықталысымен зақымдану ошағында және оған жапсарлас аудандарда тиісті оқшаулау-шектеу және жұқпалы ауруларға қарсы шаралар жүргізіледі. Күрделі зақымдану ошағында құтқару жұмыстарын табыста жүргізу үшін мыналарды істеу қажет:



  • барлаудың барлық түрлерін үздіксіз және бір уақытта жүргізу және оның мәліметтерін жылдам пайдалану;

  • мақсаттары әртүрлі күш пен құралды бір уақытта және дұрыс пайдалану;

  • зақымдау, қирау, өрт аймағын тез жою немесе айналып өту;

  • күш-жігерді маңызды нысандарға жұмылдыру, күш пен құралды бағыттау;

  • тұрақты және нақты өз-ара іс-қимыл қарқының қолдау;

  • күш пен құралды үздіксіз, мығым және ұтымды басқару.

Зақымдану ошағында медициналық күш пен құралды жылдам еңгізудің, сондай-ақ улағыш және қатты әсер ететін улы заттармен зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастау мерзімің барынша жақындатудың ерекше маңызды бар.

Ауылшаруашылығы өндірісінің нысандары зілзала күштерінің, әртүрлі жұқпалы аурулардың ықпалына тез ұшырайды. Өнеркәсіп орындары мен көліктегі авариялар мен апараттардың зақымдағыш факторлары ауылға жетеді. Оның салдарынан ауа, топырақ, су радиоактивті, қатты әсер ететін улы және зиянды заттармен ластанады. Өрт қауіпі артып, қышқылды жаңбыр жау ықтималдылығы күшейе түседі, осының бәрін хайуанаттар мен адамдар жылдам сезінеді, олар зиян, ал кейде орны толмас залал шегеді.

Хайуанаттар мен өсімдіктердің, ауылшаруашылығы өнімдері мен жануарларды, су көздерін қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады.

Қызметтердің негізгі міндеттері:



  • мал мен өсімдіктерді, ауылшаруашылық өнімдерін және өсімдікшаруашылығын, су көздері мен сумен жабдықтау жүйесін радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымданудан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және орындау;

  • ветеринарлық және фитологиялық барлауды, зақымданған хайуанаттарды емдеуді ұйымдастыру;

  • зақымдалған хайуанаттарды амалсыз союды және оларды көмуді ұйымдастыру; егістікті, жайылымды және мал мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін залалсыздандыру;

  • ауылшаруашылығы өнімдері мен малды қауіпсіз аймаққа апаруды ұйымдастыру;

  • жем-шөп пен астықтың артық қорын жасау;

  • қызмет бөлімшелерін мақсат бойынша іс-әрекеттерге даярлыта ұстау және оларды жеке құралмен, техникамен және мүлікпен қамсыздандыру;

  • дәрі-дәрмектердің, залалсыздандырғыш заттардың қорын жасау және де дер кезінде жаңарту;

  • ТЖ-дағы, зақымдану ошақтарындағы іс-әрекеттерге ауыл халқын оқытып-үйретуді ұйымдастыру және өткізу.

Хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызмет бөлімшелерінің даярлығы оларды жеке құраммен жасақтау, ақаусыз техникамен, прибормен, улы химикаттармен, қорғаныс құралдармен және өзге де қажетті мүлікпен жабдықтауға байланысты.

Шаруашылықтағы мал мен өсімдіктің зақымдалуын оқшауландыру және жою жұмыстары ТЖ аймағында тікелей іс-әрекет ететін мал мен өсімдікті қорғау командасына (МӨҚК) жіктеледі, олар:



  • хайуанаттарға ветеринарлық көмек көрсетеді;

  • оларды көшіріп, қоныстандырады;

  • зақымданған хайуанаттарды, өсімдіктерді сынақтама тексерінен өткізеді, ескереді және зерттеу үшін зертханаға жеткізеді;

  • хайуанаттар нысандарына залалсыздандыру жүргізеді және зақымдалған хайуанаттарға ветеринарлық емдеу жасайды:

  • улы химикаттар көмегімен зақымдалған егістіктерді залалсыздандырады;

  • карантиндік және шектеу шараларын жүргізеді. Зақымдалған хайуанаттарға көмек көрсеткен және өсімдіктерді залалсыздандырған кезде хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметі бөлімшелерінің жеке құрамы қауіпсіздік шараларын сақтай отыра, химиялық қорғаныс құралдарын пайдаланады.

Азаматтық қорғаныс шаралары мен күштерінің іс-әрекетін қамсыздандыру ТЖ, бейбіт және соғысу уақытында осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылу жағдайында Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау үшін қажетті жағдайды жасауға байланысты.

АҚ шараларын және күштерінің іс-әрекеттерің қамсыздандырудың негізгі түрлері:



  • барлау;

  • инженерлік қамсыздандыру;

  • химиялық қамсыздандыру;

  • медициналық қамсыздандыру;

  • көлікпен қамсыздандыру;

  • материалдық-техникалық қамсыздандыру;

  • гидрометеорологиялық және метеорологиялық қамсыздандыру.

Құтқару және өзге шұғыл жұмыстарды төтенше жағдайлар аймағында зақымдану ошақтарында ұйымдастырған кезде АҚ басқару органдары тиісті АҚ бастықтарының нұсқаулары (өкімдері) негізінде және қалыптасқан жағдайды ескере отырып АҚ күштері іс-әрекеттерін қамсыздандырудың белгіленгси тәртібіне өз уақытында қажетті өзгеріс пен толықтыру еңгізеді, орындаушынардың міндетін нақтылайды және басқару органы бастығының жазбаша өкімдерімен қамсыздандырудың әрбір түрі бойынша нұсқауларды жеткізеді.

АҚ шаралары мен күштерінің іс-әрекеттеріпің қамсыздандырудың тікелей орындаушылары АҚ және ТЖ тиісті қызметтері, АҚ әскери бөлімшелері мен құрамалары болып табылады.

а) Барлау — АҚ мен іс-әрекеттері мен шараларың қамсыздандырудың маңызды түрі болып табылады. Ол ТЖ-дан және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына қорғау, құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру бойынша дер кезінде және қисынды шешім қабылдау үшін қажетті мәліметтерді алу мақсатынында ұйымдастырылып жүргізіледі.

Барлау үшін басты талаптар: толасыздық, белсенділік, мақсаткерлік, алынатын барлау мәліметтерінің дұрыстығы.Қолданылылатын құралдар мен іс-әрекет аясына байланысты барлау мынадай түрге бөлінеді: әуе, жер үсті, темір жол, өзен (теңіз)

б) Медициналық қамсыздандыру АҚ күштері жеке құрамының денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтау, зақымдалушылар мен ауруларыға дер кезінде медициналық көмек көрсету, оларды көшіру, емдеу және қатарға қосу жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуын ескерту мақсатында ұйымдастырылады.

в) Көлікпен қамсыздандыру шаралары және Азаматтық қорғаныс күштерінің іс-әрекеттері көшіртетін халықты дер кезінде әкету, құтқарушыларды жылдам жұмыс орны мен қоныстану ауданына жеткізу, қалалардан материалдық құндылықтарды әкету, АҚ күштерін ТЖ аудандарына тасымалдау мақсатында ұйымдастырылады.

Көлікпен қамсыздандыруды АҚ және ТЖ көлік қызметері, АҚ көлік құрамалары, министрліктер мен ведомстволардың, ведомстволық бағыныстылығы мен меншік түріне қарамастан нысандардың көліктік ұйымдары жүргізеді.

г) Ақ шаралары мен күштерінің іс-әрекеттерін материалдық-техникалық қамсыздандыру АҚ басқару органдары мен күштерін өз уақытында және тұрақты әзірлікте ұстау, ТЖ аймағында, зақымдану ошақтарында құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде оларды әзірліккс жедел келтіру мен АҚ күштерін қамсыздандыру мақсатында ұйымдастырылады.

д) Гидрометеорологилік (метереологиялық) қамсыздандыру АҚ шараларырын орындау кезінде метереологиялық және гидрологиялық қауіпті құбылыстар мен ауа райының элементтерін жан-жақты есепке алу мақсатынды жүргізіледі.

Ақ күштерінің іс-әрекеттері мен гидрометеорологиялық шараларды қамсыздандыруы гидрометеорологиялық және қоршаған ортаны қорғау сұрақтарын қамтитын арнаулы органдар мен құрылымдар атқарады.

Төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарға тіршілік қамсыздандыру, адамдардың денсаулығын және жұмыскерлік жағдайын көтеру шаралары қолға алынады.

Бұл жиынтық мыналарды қамтиды: тұрғындарды азық-түлікпен, ауыз сумен және де күнделікті қажетті бар құралдарымен қамсыздандыру, бактерологиялық, химиялық, радиоактивті зақымданудан азық-түлікті, су қоймалары және су беру жүйесін қорғау; тұрғындарды коммуналды-тұрмыстық қамсыздандыру; тұрғындардың медициналық қамсыздандыру; ТЖ ахуалында іс-әрекет тәртібін жасау және өз уақытында орнату; тұрғындарды санитарлық түрғыдан қарау, әзір өнімдерді, шикізаттарды, құрал-жабдықтарды, көлікті, аумақты залалсыздандыру бойынша жұмыс жасау; тұрғындарға нақты ақпарат беру; адамдардың моралдық-психологиялық және психологиялық тұрақтылығына көмек беру шараларын жасау; тұрғындарды еңбек ету мүмкіншілігімен қамсыздандыру.

Мұнай, мұнай өнімдерін, газды сақтау және өндіру, ұқсату кәсіпорындарында, аудандарда өрт өшіру, құтқару жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру барысында технологиялық аппараттардың коммуникация мен жанғыш заттар бар-жоғын, жарылу ықтималдығымен.

Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында негізгі күш пен құралдарды зардап шеккендерге алғашқы дәрі-дәрмск көмегін беру үшін, бұзылыста қалғандарды шығару үшін, жедел жетуде мақсатталады.

Ашық газ, мұнай фонтандары мұнай-газ өндіру кәсіпорындарда пайда болса өртке қарсы құрамалардыд негізгі міндеті — көршілес ұңғымаларға, ғимараттарға, өрт жайылтпау және де ашық өрт ошақтарын жоюға қажетті жағдай туғызу. Арнаулы дайындығы бар топтармен командалар ұңғымалардың ашық атқылауын жояды. Лапылдап жанып жатқан фонтандарды өшіру оларды жабуға бағытталған жұмыстар бітісімен жасайды.

Жер асты және тау-кен қазбаларында құтқару жұмыстарын ұйымдастыру барысында: газ, жарылыс, су тасқын, өрт қауіптілігі әр-уақытта болатындығын; адам бар тереңдігін; адамдарға жеткізетін ұңғымалар мен штректердің санын; адамдарды жер бетіне шығаратын дербес қуаткөздерін, шаңсүзгіштерін; апат желдеткіш жүйенің, адамдар паналаған бөлмелер сенімділігінің бар-жоғын т.е. ескеру керек.

Тау-кен немесе шахта қазбаларында құтқару жұмыстарын жүргізу барысында адамдардың паналау орнындағы тіршілігін қамсыздандыратын жағдай жасау керек немесе басқа қауіпсіз жерге жеткізілген жөн.

Бұзылыстың сипаты мен желдеткіш жүйесінің қалпына қарай адамдар болуы мүмкін бөлмелерді газдан желдету, өрттен, су басудан, сақтау амалын қарастырылып, қажет болса жер асты жолдарына көршілес штректер арқылы, ал мүмкіндік болса аман қалған шахталық көлік құралдар (электртасушы, көліктік науа, лебедкалар) және апатты көтергіштер көмегімен адамдар жер үстіне көшіріледі. Құтқару жұмыстарын әскериленген тау-кен-құтқару бөлімдерімен және қосымша шахталық тау-кен-құтқару топтары тау-кен-құтқару жетекшілерінің тікелей басшылығымен өткізеді. Бөлімшелердің жеке құрамасы құтқару жұмыстарды шахтада, кен-қазбада жүргізу үшін распираторлармен, газқағарлармен, өздік құтқару құралдарымен қамсыздандырылады. Шахталарда құтқару жұмыстарын шахта АҚ басшысы және инженерлік-техникалық қатардан шыққан адамдар жүргізеді. Негізгі назарды олар (өрт, түтін, газ аумағындағы) адам өміріне қауіп төндірстін өртті өшіру бойынша жұмыстарына аударады.



Өзін – өзі тексеру сұрақтары

  1. ТЖ зардаптарын жою түрлері

  2. АҚ әскери бөлімшелері мен құрамалары

  3. АҚ шараларын және күштерінің іс-әрекеттерің қамсыздандырудың негізгі түрлері

  4. Күрделі зақымдану ошағында құтқару жұмыстарын табысты жүргізу шаралары.

2 сабақ . Құтқару жұмысын жүргізу кезіндегі инженерлік барлау бөлімінің негізгі міндеттері барлау жұмысын жүргізуді ұйымдастыру жолдары


Сабақтың мақсаты: Өртті барлау мақсаты мен міндеті. Зақым ошағында химиялық барлауды ұйымдастыру және атқару. Радиоактивтік зақым аймағында дозиметрлік бақылау және радиациялық барлау жүргізуді ұйымдастыру және жұмыстарды атқару туралы қарастыру.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2

Өртті барлау мақсаты мен міндеті. Төтенше жағдай аумағындағы өрт жағдайын нақтылау үшін және анықтау үшін жүргізіледі. Өрт ауданы және көлемі анықталған соң құтқару жұмыстары жүргізілетін жерге жетуді қамтамасыз ететін өртті сөндіру жолдары қарастырылады. Жанып жатқан ғимараттар мен нысандардан адамдарды құтқаруды өртке қарсы құрылымдар, құтқару құрылымдарымен және т.б. құрылымдармен бірігіп атқарады. Жұмыстарын аяқтағаннан кейін өртке қарсы құрылымдар зақымдалу ошағынан шығарылады. Құтқару құрылымдары механикамен, санитарлық бөлімшелермен жабдықталады. Олар зақымдалған адамдарды ізейді, үйінділерден шығарады, қорғаныс мекендерін аршып, зақымдалған және қираған ғимараттардан адамдарды құтқарып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, көлікке тиеп емдеу мекемесіне жеткізеді.

Құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын құлағалы тұрған ғимараттарды бекітеді немесе құлатады. Зардап шегушілерді үйінділер астынан шығарғанда үйіндіні қолмен тазалайды, ал үйінді астында қалған адамдарды қосыша жарақат алмауы үшін алдымен басы мен денесін босатады. Алып шыққан соң алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Кіретін есіктерді, саты баспалдақтары қирап бүлінген ғимараттардан адамдарды құтқару арнайы жасалған жолдар арқылы немесе терезе, балкон, автокөтергіш және құтқару арқандары арқылы жүзеге асырылады. Үйінді астында қалған ғимараттан адамды құтқарғанда ең алдымен ол адамдармен байланыс құрылады, жай – күйін анықтайды.



Технологиялық газдар жанғанда жанғыш газ жанып біткенше жануды тоқтатуға болмайды, себебі олардан бөлінетін газ ауамен араласып жарылғыш зат түзуі мүмкін. Жанғыш газдардың газдармен араласуының алдын көмірқышқылынан, көбіктен, будан, судан, азоттан инертті бөгет жасау арқылы алуға болады.

Өрттен қорғау шаралары. Бұл халық пен шаруашылық объектілерін өрттен қорғау мақсатында жүргізілетін техникалық және ұжымдық шаралардың кешені. Өрттен қорғау шаралары мыналар:

  • ықтимал өрт сипатын, оның зардабын болжап, анықтау;

  • қалалардың, басқа елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің өртке қарсы беріктігін көтеру жөнінде инженерлік – техникалық және өрттен сақтандыру шараларын жүргізу;

  • өрттен қорғау қызметі мен мөлшерін бағалаумен бақылауға алу;

  • өрт ошақтарын және адамдарды орналастыратын жерлерді бағалау;

  • өрттің алдын-алу және оның өршуіне жол бермеу мен сөндіру.

Зақым ошағында химиялық барлауды ұйымдастыру және атқару. Химиялық барлаудың мақсаты, міндеттері. Бақылау, барлау аспаптары. Барлау күштері мен жабдықтары. Химиялық қауіпті нысандарда ірі апаттар болған жағдайда АҚ мобильді күштерін, әскери және инженерлік әскерлер бөлімін жұмысқа тарту қажеттілігі туындауы мүмкін. Осы апаттың салдарын жою үшін келесі шаралар ұйымдастырылады:

  • зақымдау ошағын ажырату, кешенді барлау жүргізу;

  • халыққа қорғаныс құралдарын жедел жеткізу, малдарды айдауға, халықты эвакуациялауға көмек көрсету, апат аймағында коменданттық қызмет жасау;

  • жергілікті жерді, жабдықты, техниканы, өндіріс орындарын дегазациялау; ластанған топырақты, қарды жинау, шығару және оларды залалсыздандыру;

  • дегазациялайтын ерітінді, ҚХЗ бейтараптандыру үшін су жеткізу.

Химиялық барлау ауаның, су көздерінің, халық шаруашылығы нысандарының химиялық ластану деңгейін анықтайды. Ол химиялық барлаудың әскери құралдарын және халық шаруашылығы нысандарында индикациялау үшін қолданылатын құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асады. Зақымдану ошағында химиялық бақылау жүргізгенде ӘКУЗ мөлшері әрбір 20-30 м сайын анықталады. Ауа үлгілері ӘКУЗ табылған жерлерден алынады. Химиялық барлау жүргізгенде ӘКУЗ көп жиналуы мүмкін жерлерге ( құдықтар, шахталар, қазандықтар ) аса назар аударылады. Барлау нәтижелеріне байланысты әрбір ғимарат, құрылыс, тұрғын үй үшін ластану картограммасы құрылады. Егер радиация деңгейі жоғары болса, мекен ластанған деп есептеледі. Улағыш заттардың әсеріне ұшыраған аумақ химиялық зақымдау аймағы болып табылады. ӘКУЗ шығаратын, сақтайтын, немесе пайдаланатын шаруашылық объектілері химиялық қауіпті объектілер деп аталады. Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар мынадан болуы мүмкін: қондырғының жұмыс істемеуінен, қызметшілер қатесінен, пайдалану тәртібінің бұзылуынан. Химиялық зақымдану аймағына улы заттар төгілген орынмен улаушы концентрациядағы улы заттары бар бұлт тараған аумақ кіреді. Химиялық зақымдау аймағы зақымдалған бұлттың таралуының тереңдігі менжәне енімен сипатталады.

Химиктер – барлаушылар химиялық ластану ошағының қандай ҚХЗ мен уланғанын, ғимараттың, нысанның зақымдалу деңгейін анықтайды және ошақ шекарасын, оны айналып өту жолдарын белгілейді.

Залалсыздандыру топтары ең алдымен химиялық ластану ошағын оқшаулайды, нысандарға жету жолдарын дегазациялайды, зақымдалған орындардан адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізед. ҚХЗ залалсыздандырылған кезде олардың кейбірінің дегазациялау заттарымен реакцияға түсіп, үлкен жылу мөлшерін бөлетіндігін есте ұстау керек, бұл өрттерге немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.

Мұндай жағдайда залалсыздандыруды дегазациялайтын затқа құм немесе топырақ қосу арқылы жүргізеді. Өрт сөндіру топтары АҚ құрамаларымен бірге салынған жолдарды пайдаланып және бөгеттерді айнала жүріп өрт орындарына жетеді. Ең алдымен апаттық құтқару және басқада қалпына келтіру жүргізуге бөгет жасайтын бөліктердегі өрттерді сөндіреді. Одан ары қарай аппаратура орналасқан жоғары қысымды нысандардағы өрттерді сөндіреді. Химиялық өндіріс нысандарындағы технологиялық жабдық апаттары жанғыш сұйықтықтың ағуымен бірге жүреді. Бұның нәтижесінде өртке үлкен аудан ұшырауы мүмкін. Мұндай өрттерді сөндіргенде ең алдымен сұйықтықтың ары қарай төгілуінің алдын алу шаралары қолданылады. Апат кезінде ХҚО байланыс пен хабарлау құралы жұмысшыларды, қызметшілерді және төңіректегі халықты зақымдау қаупі туралы дер кезінде құлақтандыруға мүмкіндік беруге тиіс. Хабарлау үшін электр дабылдары, радиохабары мен теледидар желісі, ішкі телефон байланысы мен жылжымалы қатты сөйлейтін қондырғылар пайдаланады. Өз уақытында хабарлау мен ұйымдастыру жауапкершілігі АҚ және ХҚО ТЖ штабтарына, ТЖ жөніндегі басқару оргагдары мен олардың қызметтегі бастықтарына жүктеледі. Хабарлау үшін шешім қабылдау құқығы ХҚО ның кезекші диспетчеріне беріледі. Апатты тоқтату, адамдарды құтқару жөніндегі жұмысты тікелей басқарушы келгенге дейін объектіде кезекші диспетчер мен апаттық қызметінің кезекші ауысымының бастығы немесе жұмысты басқару үшін тағайындалған басқа адам басшылық етеді. Қала халқы, елді мекенді



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет