ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет2/12
Дата26.06.2018
өлшемі0,8 Mb.
#45032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Медицина психологиясы –дәрігерлер мен аурулардың арасындағы қарым-қатынас. әр түрлі аурудың психологиясын, науқас адамдарға түрлі жолдармен емдеу арқылы әсер ету мәселелерімен шұғылданады.

Патологиялық психология – ақыл-есі кіресілі-шығасылы немесе жан дүниесінде жетімсіздіктері бар, жан қуаттары бұзыла бастаған, психологиялық функцияларына зақым келген адамдардың ерекшеліктерін зерттейді.

Сот психологиясы – қызметкерлер, айыптаушылар, куәлар психологиясын зерттеумен айналысады. Мұнда түрлі қылмыстарды ашуға, олардың қандай жағдайларда пайда болғанын, оның не себеппен жасалғанын зерттеп отырады.Жануарлар психологиясы – жануарлардың психологиялық әрекеттерін қарастырады. Салыстырмалы-генетикалық психология адамдар мен жануарлардың, ересек адамдар мен балалардың психологиясын бір-бірімен салыстырып, олардың ұқсастық, айырмашылықтарын ашады, адамның қалыптасу жолын және оның туысынан өсіп-жетілгенге дейнгі даму жолын қарастырады. Балалар психологиясы мектепке дейінгілердің, психикалық әрекеттерінің пайда болып, олардың өсіп-даму заңдарын, келе-келе ересек адам психологиясына айналу жолдарын зерттейді. Педагогикалық психология оқу-тәрбие процестерінің ғылыми негіздерін, яғни шәкірттердің оқу әрекетін миына қалайша тоқитындығын, олардың тәрбиеленуінің психологиялық механизімдерін және ұстаз шәкіртінің бір-бірімен қатынасының әр түрлі жақтарын зерттеумен айналысады.


Психологияның ғылыми зерттеу әдістері

Диалектикалық материализмді тек қана табиғатты, қоғамның дамуын, адамның ойын тану көзқарасы деп түсінуге болмайды, ол сонымен қатар объективтік дүниені өзгертіп отыратын әдіс те. Сондықтан әрбір пән объектілерді өз даму заңдылығына сай дұрыс түсініп, ішкі сырын ашып отыруы үшін диалектикалық материализм принциптерін қолданып отырады.

Осы талапқа сай, психологияның да өзіне тән әдістері болады.

Психология пәні психиканы, сананы зерттеу жолында үлкен қиындықтарға кездеседі, өйткені бұларды біздің сезім мүшелдеріміздің ешқайсысы да тікелей қабылдай алмайды. Оның себебі түйсікті, ойды, қиялды көруге де, татып білуге де болмайды. Миды қолмен ұстауға да, микроскоп арқылы ми клеткаларын қарап, оның құрылысын көруге де болады, мида туатын биотоктарды тиісті аспаптар арқылы жазып алып зерттейді де, ал психикалық процестерді, соның ішінде сананы, еш уақытта тікелей көруге де, салмағын өлшеуге де, аумағын мөлшерлеуге де болмайды. Материялық денеде болатын физикалық қасиеттер психика мен санада жоқ. Солай бола тұрса да, баста туатын психикалық процесс пен сана материялық дүниеден мүлдем өзгеше, қайдағы бір сырт дүние деп ойлауға да, оны материяға тәуелді емес деп қарауға да болмайды. Сананы материяға бұлайша қарама-қарсы қою гносеологиялық зерттеу шеңберінде ғана болуы мүмкін.



Зерттеу әдістері: 1. негізгі әдіс 2. қосалқы әдіс

  1. Негізгі әдіс: 1.бақылау 2. эксперимент

а). табиғи; б). лабораториялық.

2. Қосалқы әдіс: әңгімелесу, тест, анкета, қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі, модельдеу, социометрия.



Негізгі ұғымдар: психология, псиикалық құбылыстар, психикалық процестер, психикалық кейіп, психикалық қасиеттер, патологиялық психология, салятырмалы психология, әдіс, бақылау, эксперимент, тест.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Психология ғылымы нені зертейді?

  2. Психикалық күймен психикалық процестердің негізгі айырмашылықтары.

  3. Ғылыми зерттеу әдістері дегеніміз не?

  4. Табиғи эксперименттің бақылаудан айырмашылығы қандай?

  5. Психологиялық тестердің қандай түрлері бар.

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 2010

  2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 2011

  3. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  4. Немов Р.С. Психология. М., 201

  5. Столяренко Л.Д.. Основы психологии. М., 1995


Тақырып. Психика және сананың пайда болуы мен дамуы

Дәріс жоспары:

1. Психика мен сана. Психиканың даму кезеңдері.

2. Жануарлардағы инстинкт, үйрену және интеллект ұғымдары. Жануарлар іс-әрекеті.

3. Сананың пайда болуы мен дамуы.

4. Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде. Сананың әлеуметтік мәні.


Дәрістің қысқаша мазмұны

Табиғат пен қоғамда кезедсетін құбылыстардың дамуы сияқты, психика да дамып отырады. Бұл-заңды құбылыс. Психика жануарлар өмірінде де болады, ол-жануарлардың айналадағы қоршаған ортаға, тіршілік салтына байланысты, сол ортаға табиғи икемделуіне қарай қалыптасады.

Жануарлар психикасының дамуы, мінезінің күрделенуі туралы мәселе қозғағанда, біз жануарлар дүниесінің дамуында үш түрлі әрекеттің барлығын еске алуымыз керек. Олар: жануарлардың инстинктік, шартты рефлекторлық (дағды) және интеллектік (естілік) әрекет түрлері.

Инстинктімен салыстырғанда, жануарлар мінезінің пластикалығы әжептәуір күшейіп, ортаның өзгеріп отыратын жағдайына икемділігінің арта бастауы кейін дағдыға айналады. Дағдының физиологиялық негізі – күрделенген шартты рефлекстер. Дағды тұқым қуалауға емес, организмнің ортадан алған өмір тәжірибесіне байланысты. Дағдының жасалуының арқасында жануарлардың туғандағы инстинктері кейде өзгереді.

Инстинктің өзгеуіне дағдының үлкен себебі бар. Дағды-миының үлкен жарты шарлары бар жануарларда күрделілеу болады. Бұлардың бейнелеу функциясының жетілуі күшейіп, дағдылары күрделене береді.

Жануарлар психикасының дамуында дағдылардың мәнін сипаттайтын мынадай ерекшеліктер бар:

1. Түйсік пен қабылдауы күрделеніп, сыртқы ортаны соған байланысты бейнелеу процесі күшейе бастайды;

2. Жануарлар заттарды, олардң сипаттарын қабылдап қана қоймай, заттар арасындағы қатынасты да бейнелей алады;

3. Уақытша нервтік байланыстары күрделене келе, қайталаудың нәтижесінде жануарлардың елестету қабілеті өсе бастайды. Елестердің тууы мидың синтездік қызметіне байланысты. Жануарлар меңгерген елестерін белгілі дәрежеде жалпылай алады. Жануарлардың осы дәрежеге жетуі-олардың өмірінде ең жоғары басқыштық интеллектік мінездің пайда бола бастағаны.

Жануарлардың интеллекттік мінезі

Заттар арасындағы байланыс пен қатынастарын бейнеленгенде, бұрын өмірінде кездеспеген жаңа міндеттерді жануарлардың шеше бастауын интелектік мінез дейді. Егерде жануарлардың алдынан кездесетін қиыншылықтарды инстинкт арқылы немесе дағдыланған амалдар арқылы шешуге мүмкіншілік болса, интеллектік мінез сыртқа шықпайды. Интеллектік мінез инстинкт пен дағдының шешуге шамасы келмейтін міндетті атқаруға кірісе бастайды. Организмнің ми қабығының құрлысы қарапайым сатыда болса, олардың интеллектік әрекеті де төменгі (жабайы) сатыда өте бермек. Бұл әрекеттің күрделене беруі ең алдымен мидың үлкен жарты шарларының меншікті салмағы артып, нерв системасының басқа бөлімдерін ми қабығының өзіне бағындыруына байланысты. Нерв системасы әр түрлі сатыда дамыған жануарлардың интеллектік әрекеті де бірдей болмайтын төмендегі мысалдардан көруге болады.



  1. Есігі ашық, айналасы тормен қоршаулы тұрған тауық тор сыртындағы шашылып жатқан дәнді көріп, тордың тесіктеріне басын сұғып, дәнге қарай тұра ұмтылады. Тауықтың бұл қимылы-шартсыз рефлекстік әрекет, бұнысы-тітіркендіргішке тұп-тура қайтарған жауабы. Алдындағы көріп тұрған дәнді көзінен таса қылып, қиып кетуге дәті жетпей, ашық есікі көрме, айналып шығудың тәсілін ойластыра алмай тауықтың діңкесі құриды. Шым-шытырақ жол қиындығын жеңіп шығу тәсілін ойластыруға тауықтың ми қабілеті жетпейді. Көрген дәнді жеуге ұмтылу - оның бойындағы инстинктік қасиет.

Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиетті. Ол-ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген белгісі. Ф.Энгельстің анықтауынша, адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен шешуші факторлар - дыбысты тіл мен еңбек.

Дүние тану теориясының даму жолдарын В.И.Ленин “Философиялық дәптерлерінде” баланың есеюі, жануарлардың жетілуі , тілдің даму тарихы (“мұны айрықша ескеру керек” дейді де), бұл салалар бойынша психология мен сезім мүшелерінің физиологиясын қоса зерттеу қажет деген міндеттерді қосу белгісі мен арнайы атап көрсетеді. Сондай-ақ, ол еңбегінде бұл салалардың бүкіл білім саласын қамтып, оның таным теориясы мен диалектикалық қалыптасуына негіз болатындығын да жазған.

Жоғарыда айтылған мазмұндар мен келтірілген дәйектер психиканың дамуы мен адам санасының қоғамдық-тарихи сипатта болатынын түсініп, оның мәнін жете игеруді қажет етеді. Бейнелеу теориясы негізінде адам дүниетанымының пайымдау мен сезіп білудің абстрактылы ойлауға, одан тәжірибеге көшіп отыруы - ақиқатты, объективтік шындықты танып білудің үнемі дамып, күрделеніп отыратын диалектикалық жолы. Бір сөзбен қорыта айтқанда, бейнелеу теориясы ғылыми психологияның гноселогиялық негізі болып саналады.

Негізгі ұғымдар: психика, психикалық бейнелеу, жүйке жүйесі, нерв жүйесі, антропопсихизм, биопсихизм, нейропсихизм, филогенез, онтогенез, сана, рефлекс.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Психика дегеніміз не?

  2. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері қандай?

  3. Жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

  4. Адамның орталық жүйке жүйесінің құрылымы.

  5. Жүйке жүйесінің қызметі не арқылы жүзеге асады?

  6. Рефлекс дегеніміз не?

  7. Рефлекс терминін ғылымға кім енгізді?

Әдебиеттер:

  1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. –А., 2011.

  2. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1995.

  3. Немов Р.С. Психология.1 том. 2010.

  4. Тәжібаев Т. Жалпы психология. –А., 1993.

  5. Жарықбаев Қ. Психология. –А., 2010.



Тақырып. Сана және бейсаналық

Дәріс жоспары:

1. Сана және бейсаналықтың пайда болуы мен дамуы.

2. Сана және саналанбайтын психикалық үрдістер.

3. З. Фрейд пен К. Юнг еңбектеріндегі бейсаналық мәселесі.

4. Кеңестік психологтар жұмысындағы бейсаналық мәселесі.



Дәрістің қысқаша мазмұны

Фрейд тұлға құрылымында 3 негізгі компонентті ажыратады («ол»- «оно»), эго ( «мен») және супер эго( «жоғары мен»- «сверх-я»). Ид бейсаналық санасына ығыстырылған инстинктердің алаңы болып табылады. Эго біржағынан, бейсаналы инстинктерге жалғасса, екінші жағынан, шынайылықтың нормалары мен талаптарына бағынады. Супер-эго дегеніміз қоғамның ғибратты бастауларының жиынтығы, ол «цензор» ролін атқарады. Сонымен ид пен супер-эго талаптары үйлеспейтіндіктен эго үнемі конфликтіде, ол қорғаныс механизміне (ығыстыру, сублимация) жүгінуіне тура келеді. Ығыстыру санасызтүрде жасалады. Бейсаналық саласына «көшетін» мотивтер, күйзелулер «цензор» үшін жарамды символдар, әрекеттер түрінде қалып, әсер ете береді.

Фрейдтің ойынша түрлі іс- әрекет функциялары мен формаларын жүзеге асыру үшін арнайы механизмдердің (сублимация, проекция, көшіру, ығыстыру, регрессия, т.б.) бөлек жүйесі бар. Ал ағза энергия сақталу заңымен басқарылатын күрделі энергетикалық жүйе ретінде қарастырылады. Сондықтан, егер либидо өзінің бір көріністерінде тоқтатылса, онда қандай да бір басқа эффектіні тудыруы тиіс. Супер-эго осындай эффектілерді әлеуметтік тұрғыдан жарамды етеді. Егер жарамды ете алмаса, онда ид пен супер-эгоның арасындағы конфликт оршіп, жүйенің қалыпты қызметі бұзылады, тежелген либидо түрлі ауырсыну синдромдары өзін байқатады.

Психоанализдің негізін салушы Австрия психиаторы З.Фрейд. Қазіргі күнге дейін тұлға психологиясына әсер ететін, кең таралған теориялардың бірі-фрейдизм. Бұл теория клиникалық кезеңде пайда болған. Теория құрастырушысы - З.Фрейд. Кейін фрейдизмнің іргесінде шартты түрде неофрейдизм теорияларының тобына біріктілген бір қатар теориялар пайда болған.

Фрейд бірнеше жыл бойы Сальпетриедегі (Париж) атақты француз неврологы Ж.Шарконың клиникасында және нансидегі Бернгеймнің клиникасында жұмыс жасай жүріп невроздар терапиясымен танысқан болатын. Өткен ғасырдың 90-жылдың басында Й.Брейермен бірге гипноздық катарсис тәсілін пайдаланыды. Кейін гипноздық сендіру практикасын тастап түстерді жору интерпритациясын, еркін туындайтын ассоциацияларды, ескертулерді, естен шығаруды зерттеуге көшкен. Осындай материалды талқылауды Фрейд психоанализ тәсілі деп атап, оны психотерапияның жаңа техникасына баламаламаған.

Психоанализ тәсілін пайдаланғанда науқаспен ұзақ уақыт әңгімелесе отырып, оның ақыл-есіне ауырудың шынайы себебі туралы жеткізіледі, науқас бұрын ескермеген нәрселерді түсіне бастайды. Фрейдтің айтуынша катарсис болады. Кейін мұндай концепция дені сау адамның психикасына да таралған.

Мінез-құлық мәселесін қарастыра отырып Фрейд адамның психикалық іс-әрекетін анықтайтын 2 қажеттілікті көрсетеді: либидо және агрессия. Қоршаған орта осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға қарсылығын білдіріп, бөлектегеніне қарамастан ол екеуі сананың «цензурасынан» факторлық тұрғыдан бағалау. Типологиялық көзқарас. Тұлға теориясының психодинамикалы бағыты. Тұлға дамуындағы психоаналитикалық бағыт. Тұлға теориясындағы когнитивті, диспозиционалдық бағыт, мінез-құлық теориясы.

Юнг психоаналитикалық бағыттың көрнекті өкілі. Швеция психологы, психиатры. Психоанализдің аналитикалық психология деп аталған бағыттың негізін қалаушы. Бұл пәндермен қатар Юнг философия, теология мәселесімен терең айналысты. Юнг өз кәсібі әрекетінің басынан бастап -ақ психикалықтың бейсаналы жемістері олрдың субъект үшін мәні туралы сұрықтармен айналысты. Бейсаналы сфераға эндопсихологиялық функциалар арқылы жақындаймыз. Санадан тыс процестерді тікелей бақылау мүмкін емес, ұжымдық бейсаналы деңгейдің мазмұны архетиптер құрайды. Архетиптер Юнг бойынша саналы жанның негізгі- эмоциялардың нұсқауларының жүйесі. Архетиптер негізгі мифологиялық мотивтер бар. Адам психологиясындағы ұжымдық бейсаналы сфераға, сондай-ақ тарихи қалдықтар мен естеліктер енеді.

Өзінің ер адаммен әйел адамның ретіндегі түсінігі. Әйел адамда маскулеттік мазмұнға ие. Юнг бойынша әрбір ер адамда өзінің терең бейсаналы сферада әйел ретіндегі, ал әйел адамда ер адам ретіндегі образ бар. Бұл образ бейсаналы болған, бұл реалды өмірде өзі таңдаған ер. Адам өз психологиясының ең терең қабатында жеке индивид болып қалмайды. Олардың психологиялық жаны бүкіл адамзат психологиясымен бірігеді. Барлық адамның психологиялық фундаменталды құрылымы бірдей. Алдымен ұжымдық одан кейін барып индивидуалды бейсаналы сфера, одан кейін сана сферасы қалыптасады.Архетиптер қандай-да бір образ болып көрінеді. Архетипке тән «персона» «анимус».

«Персона» (маска) -ол белгілі бір әлеуметтік рөл және қоғамда өзін көрсететін жолы. Юнг бойынша персона сондай-ақ конформдылық архетип табылады.

«Анимус» ( рух)- индивидуалды бейсаналы бөлімнің құрамы. Индивид үшін жағымсыз, санадан тыс деңгейге ығыстырған адамның адамға проекцияланады.

1.Саналы бөлім.

2. Индивидуалды саналы бөлім.

3. Ұжымдық бейсаналы бөлім.

Фрейд шәкірттерінің бірі- К.Юнг ұстазымен келісімге келе алмай бөлек бағытпен кеткен болатын. Оның себебі: Фрейдтің пансексуализм идеясында. Екеуінің арасындағы күрес материалдық емес, идеалистік позициаларда жүргізілген. Юнг өз жүйесін « аналитикалық психология» деп атаған.

Юнг бойынша адам психикасына 3 деңгей кіреді: сана, жеке бейсаналық және ұжымдық бейсаналық. Адамның тұлға құрылымында анықтаушы роль атқаратын ұжымдық бейсаналық бұрын бүкіл адамзат есте қалдырған іздерден түзіледі. Ұжымдық бейсаналық жалпы сипатта. Ол тұлғаға әсер әтіп; туылғанынан бастап өзін өзі қалай ұстауын белгілейді. Ұжымдық бейсаналық та өз кезегінде түрлі деңгейлерден тұрады,ұлттық, нәсілдік әне жалпы адамзаттық тағылыммен анықталады. Ең терең деңгей адамның жануар болған ата-тегінің тәжірибесінен қаланған. Сонымен, Юнгтың анықтамасы бойынша ұжымдық бейсаналық- біздің көне ата-тегіміздің ақыл- парасаты, олардың өмір мен әлемді, құдай мен адамды тану жолдары.

Ұжымдық бейсаналық жеке адмдарда архетиптер түрінде көрініс береді. Ондай архетиптер тек түстерде емес, шынайы шығармашылықтан да табылады. Архетиптер жеке адамдарға тән болғанымен оларда ұжымдық бейсаналық бейнеледі. Архетип болып табылатын ойдағы елестетулердің жалпы формаларына эмоционалдылықтың елеулі элементі, тіпті перцептивті бейнелер де кіреді. Мысалы, ананың архетипі-өз анасына ұқсатылған сезімтал және бейнелі мазмұны бар ана идеясы. Бұл архетипті бала ата-тегінен дайын күйінде алып, оның негізінде өз анасының нақты бейнесін құрайды.

Юнг бойынша ұжымдық бейсаналықтан басқа жеке бейсаналықта бар, бірақ ол санадан бөлектенбеген. Бұрын ақыл сарапынан өткен, түсінікті болғанымен кейін ұмытылған немесе естен шығарылған күйзелістер жеке бас ақыл –ессіздігін құрайды. Белгілі жағдайда олар түсінікті болуы мүмкін.

Жеке бейсаналық құрылымдық бірліктері- сезімдер, ойлар және естеліктер констелляциясы. Юнг бұларды кешендер деп атаған ( мысалы, үлкен билікті иемденуге ұмтылу- билік кешені болады).

Юнг мұнымен қоса «мен» ұғымын енгізген. Ол адамнаң біртұтастыққа және ауыз бірлікке ұмтылуын білдіреді. Оның арқасында саналы мен бейсаналықтың арасында тепе-теңдік орнайды. «мен» әртүрлі болып көрініс беруі мүмкін. Ол көрініске тәуелді адамдардың белгілі типтерге ажыратуға болады.

Тұлға типтерін жіктеу негізіне Юнг адамның өзіне және объектіге бағытталуын қояды. Осыған орай барлық адамдар экстраверттер және интроверттер болып бөлінеді. Бұлардан басқа қосымша типтер: интуитивті,ойшыл, эмоционалды. Тұлға типін анықтайтын турлі арақатынастағы функциялардың көбісі туа біткен. Сондықтан Юнг бойынша тұлға типтері дегеніміз бұл қоғам өмірінің жағдайларымен байланысты жоқ туа біткен типтер.

Өз заманында Фрейдпен келіспей бөлек жолмен кеткен шәкіртінің бірі-А.Адлер, жеке бас психологиясының негізін қалаушы.Ол Фрейдтің биологиялық теориясына қарсы шыққан. Адлер адамның бойындағы табиғи инстинкттерді емес, қоғамдық сезімді бағалап, оны «қоғамдық сезім» деп айтады. Ол сезім туа біткенімен оны әлеуметтік дамыту керек. Фрейдтің адамды туғаннан агрессивті, оның дамуы биологиялық қажеттіліктермен детерминденеді дегенімен Адлер тіпті келіспейді.

Сонымен қатар, Адлер Фрейд айтып кеткен тұлғаны 3 инстанцияға бөлу идеясына да қарсы шығады. Адлердің түсінігі бойынша тұлға құрылымы біртұтас, ал тұлға дамуындағы детерминанттылығ -адамның басымдылыққа ұмтылуы. Алайда адамның бәрі оған ұмтылмайды. Дене мүшелері дамуында ақаулар болуы себебінен немесе кейде кішкентай кезінде қолайсыз әлеуметтік жағдайда сәтсіздігіне адам өзінің кемтарлығын сезіне бастайды. Осы тәрісдес сезімдерді жою мақсатымен сн алуан компенсация түрлеріне жүгінеді.

Негізгі ұғымдар: сана, бейсана, психика, психоанализ, мінез-құлық, экстраверт, интроверт.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Сана дегеніміз не?

2.Сана және бейсана айырмашылықтары қандай?

3.Адам санасына психологиялық сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:



  1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. –А., 2011.

  2. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1995.

  3. Немов Р.С. Психология.1 том. 2010.

  4. Тәжібаев Т. Жалпы психология. –А., 1993.

  5. Жарықбаев Қ. Психология. –А., 2010.



Модуль 2. Іс-әрекет және тұлға психологиясы.

Тақырып. Іс-әрекет психологиясы

Дәріс жоспары:

1. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік.

2. Іс-әрекет теориялары.

3. Іс-әрекеттің түрлері, мақсаты мен мотивтері.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Адам – саналы тіршілік иесі. Адамды көптеген ғылымдар зерттейді: анатомия, физиология, медицина (биологиялық тіршілік иесі ретінде) және қоғамдық ғылымдар: педагогикалық психология, социология, физика, тарих, этика, саяси экономика және т.б. Қоғамдық ғылымдар адамды негізінен тіршілік иесі ретінде зерттейді. Яғни бұл ғылымдар адамды жеке адам (кісі, азамат) тұрғысынан зерттейді.

Сонымен, адам деген ұғым – сүтқоректілер класына жататын, бойын тік ұстап жүретін, екі қолы еңбек етуге бейімделген, жоғары деңгейде дамыған миы қалыптасқан, саналы тіршілік иесі. Саналы тіршілік иесі ретінде адам өзінің қажеттіліктеріне, мұқтаждықтарына және қызығуларына сәйкес қоршаған ортаны өзгертіп, дамыта алады.

Ал жеке адамдды (ұғым) біз қалай анықтаймсыз: еңбек ету нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан, қоғамда дамып, қалыптасатын, адамдармен тіл арқылы қатынас, байланыста болатын адам.

Жеке адамды педагогика оқыту мен тәрбиелеу объектісі тұрғысынан зерттейді.

Социология жеке адамды әлеуметтік топтардың мүшесі ретінде зерттейді.

Ал психология жеке адамның даму және қалыптасу заңддылықтарын зерттейді.

Жеке адамның анықтамасын әртүрлі психологтар түрліше береді (А.В. Леонтьев, К.К. Платонов, Г. Омпорт).

Даралық ұғымына келсек, әрбір адам өзіне ғана тән ерекшеліктерімен көрінеді. Өзіндік ерекшеліктері бар адам дара адам болып табылады. Кейбіреулердің даралығы ерекше көзге түседді. Даралық- интелекттілік, сезімдік-эмоциялық және еріктік сфераларда немесе іс-әрекеттің барлық саласында бірдей көрінуі мүмкін.

Интеллект – басқалар байқамайтын нәрсені көре білу қабілеттлігі; естіген, білгенді өңей білу ерекшелігі, әртүрлі мәселе қойып, оны шеше білу ерекшелігі.

Сезімдік-эмоциялық шапшаңдығы, сезімталддық, сезімдегі нәзіктік, сұлулықты, үйлесімділікті сезе білу.

Еріктік – ерік-күш жігерінің жоғарылылығы, таң қаларлық ерлік жасай білуі, ұстамдылық таныта білуі.

Жеке адамды зерттеуде бірнеше ағымдар, тұжырымдар бар.


  1. Биогенетикалық концепция. Оны ұстаушылар – американ психологы С. Холл, неміс психологы Э. Кречмер және австрия психологы – психоанализ теориясының «әкесі» З. Фрейд. Бұлардың көзқарасы бойынша жеке адамда негізгі болып табылатын – тұқым қуалаушылық. Холл – филогенездің онтогенезде қайталануы, Кречмер – адам типтері оның дене құрылымына ғана байланысты. Фрейд – адамның мінез-құлқы тек қана биологиялық инстинктеріне, қызығуларына, құмартуларына байланысты – дейді (қоғамның рөлін төмендетеді).

  2. Қарама-қарсы ағым – социогенетикалық көзқарас. Әлеуметтендіру теориясы – адам биологиялық тіршілік иесі ретінде өмірге келіп, әлеуметтік жағдай әсерінен ғана жеке адам болып қалыптасады.

Үйрету теориясы – Торндайк, Скиннер жеке адамның қалыптасуы тек үйрету мен білім және дағының әсері. Рольдер теориясы – қоғам әр адамға, оның қоғамдағы орнына байланысты ғана рөлді ұсынады. Солардың арқасында оның мінезі, қарым-қатынасы қалыптасады. Адамның биологиялық ерекшеліктерін толығымен мойындамау.

  1. Психогенетикалық концепция – бұл тұжырым бойынша бірінші орында биологиялық ерекшелік те емес, қоршаған орта да емес, тек психологиялық процестер алға шығады.

Психодинамик – Эриксон, адамның мінез-құлқы, эмоциялары, сезімдері арқылы қалыптасады десе, Пиаже мен Келли адамның танымдық әрекеттері басты рөл атқарады дейді. Жеке адамның дамуы негізінде қарастырған концепция – персонологиялық деп аталады оны ұстаушылар – Шпангер, Бюллер, Маслоу. Дұрысында, диалектикалық және тарихи материализм тұрғысынан жеке адам - тек биологиялық жетілу немесе қоршаған ортадағы жағдайлар емес, ол қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынаста болатын, осы жағдайлар жеке адамдық қасиеттермен дамып, жетілетін адам. Басқаша айтқанда, жеке адам – дамудың белгілі сатысы, оған бәрі бірдей көтеріле бермейді.

Жеке адамның негізі – оның құрылымымен анықталады, әртүрлі жақтарының бір-бірімен тығыз байланысы болатын тұтас құрылым. Жеке адамның құрылымы өте күрделі. Оның негізгілері – жеке адамның бағыттылығы, мүмкіншілігі, мінезі және басқару жүйесі. Бағыттылығы оның қажеттіліктерінен, қызығуларынан, идеалы, сенімі, іс-әректе пен мінез-құлықтың мотивтері және дүниетанымынан құрылады. Жеке адам қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас процесінде қалыптасады дерлік, ал белсенділік негізі – адамның қажеттіліктері болып табылады. Қажеттіліктер – материалдық, рухани және қоғамдық болады. Қажеттіліктер іс-әрекетке итермелейтін мотивтерден көрінеді (кәсіп таңдауда – қабілеттіліктеріне, қызығуларына, мамандықтың жоғары сапасына, еңбек ақсының жоғарылығына). Адамның қызығулары қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Адам бағытының көрінісі эмоциялардан және танымдық қажеттіліктерден туады. Қызғудың өзі танымдық, эмоцияналдық және еріктік компоненттерден тұрады. Танымдық – таным процестеріне, еріктік – қызығуларды іске асыруда көрінеді, эмоциялық – жағымды, жағымсыз сезімдерде көрінеді. Қызығудың түрлері де қажеттіліктер сияқты материалдық (киім-кешек), рухани (ғылымға, өнерге танылу) және қоғамдық кәсіптік (қоғамдық жұмысқа) болады. Қызығу жанама және тікелей қызығу болып бөлінеді.

Тікелей - іс-әрекеттің (шахмат ойнау, кітап) өзіне қызығу, жанама – іс-әрекет нәтижесінде (оқуды бітіру, білім алу) қызығу.

Қызығулар, жан-жақты, тұрақты деңгейімен анықталады. Жеке адам құрылымында дүниетаным, сенім және иеал маңызды орын алады, ол ғылымилық, жүйелілік, логикалық дәйектілік пен дәлелдік, жалпылау және нақтылау деңгейі, іс-әрекет пен мінез-құлық байлнаыстарынан көрінеді (адамның білімінің, ақыл-ой деңгейінің тереңдігіне, адамгершілік қасиеттеріне байланысты).

Адамның сезімі – мінез-құлқының сапалы мотиві, адамның іс-әрекетіне маңыздылық пен айқын бағыттылық және сезімдермен тығыз байланысты (адамгершілікке сену, құдайға сену). Маңызды мотивтердің бірі – идеал. Идеал – жеке адамның осы уақыттағы сенетін образы, соны басшылыққа ала отырып, өзін-өзі тәрбиелеуі жүзеге асыру. Санадан тыс түрткілер адамның (құмарту) ынтығу (асқа, жыныстық ынтығу) және бағдар. Адамның қажеті мен мақсатын жөнді сезе алмаған жағдайда бағдар болады.

Адамның басты ерекшелігінің бірі оның еңбектенуге қабілеттілігі болып табылады, ал еңбектің кез келген түрі іс-әрекет. Іс-әрекет субъектінің қоршаған әлеммен өзара әрекеттесуі жүйесі болып табылады. Осындай әрекеттесу процесінде психикалық бейне туындайды. Іс-әрекеттің кез келген қарапайым түрі субъектінің белсенділігін тудырады, яғни кез келген іс-әрекеттің итермелеуші себептері болады және белгілі нәтижеге жетуге бағатталады.

Адам іс-әрекетінің итермелеуші себептері - субъектінің белсенділігін туғызатын және іс-әрекеттің бағыттылығын анықтайтын ішкі және сыртқы жағдайлардың жиынтығын білдіретін мотивтер болып табылады. Іс-әрекетке түрткі бола отырып мотив оның бағыттылығын, атап айтқана оның мақсаттары мен міндеттерін анықтайды.

Мақсат дегеніміз адамның іс-әрекетінің көздеген нәтижесі. Мақсат белгілі бір зат, құбылыс немесе әрекет болуы мүмкін. Міндет – белгілі тәртіптерге сәйкес мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттің мақсаты. Мысалы, қандай да бір мамандықты меңгеру үшін, алдымен оның теориялық аспектілерін оқу, яғни белгілі оқу міндеттерін шешу, сонан соң бұл білімді практикада пайдаланып, тәжірибелік дағдыларды меңгеру, яғни практикалық іс-әректтің бір қатар міндеттерін шешу қажет.

Қазіргі қоғамда адам түрлі іс-әрекеттермен айналысады. Олардың барлық түрлерін нақты адамға қатысты топтастыру мүмкін емес. Дегенмен барлық адамдарға ортақ негізгі қызмет түрлерін ажыратуға болады. Олар: ойын, оқу, еңбек.

Ойын өзінің табиғатына орай бала тұлғасын қалыптастыратын тарихи қаланған әлеуметтік механизм және әдіс болып табылады (Л.С.Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, және басқалар).

Қазіргі уақытта балалар ойынының теориясы саласында түрлі тұрғыдан қарастырылатын көптеген жұмыстар бар. Бір авторлар ойынды адам өмірімен тығыз байланысты құбылыс ретінде қарастырады (Спенсер, Холл, Гросс), басқалары ойынның психологиялық астары мен оның бала дамуындағы маңызына назар аударады.

Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин мектебінің бір қатар зерттеулері ойынның баланың жалпы психикалық дамуына, жекелеп алғанда, оның ерікті мінез-құлқының мотивациялық-қажеттіліктік, танымдық саласына тигізетін елеулі маңызын көрсетті.

Ойын бұл шартты түрде шынайы өмір мазмұны бейнеленетін тәжірибенің ерекше түрі. Ойынның адамзат қоғамы мен бала дамуындағы міндеттерін зерттеуде адам мен жануарлар ойынының айырмашылықтарын ажырату маңызды болып табылады. Бұл ойынның ерекше іс-әрекет ретіндегі мәнін анықтау үшін де маңызды. Іс-әрекет ретіндегі жалпы анықтаманы алғаш берген А.Н.Леонтьев болды (1987). Бұл анықтама қажеттіліктерді өтеу үшін ойынның міндетті еместігін атап көрсететін авторлардың көптеген жұмыстармен үндесіп жатыр. Сонымен бірге ойын филогенезін зерттеу ересек жануарлардың ойындары, олардың төлдерінің ойындарынан ерекшеленетінін, оның жоралғы және биологиялық шартты – жыныстық, аумақтық және басқа да қылықтарды жүзеге асырумен байланысты екендігін көрсетеді (Хайнд, Дьюсбери).

Көптеген авторлардың деректері бойынша жануарлардың ойындары түрлі формаларда көрініс береді: жүгіру ойыны, қудалау ойыны, күрес ойыны, заттармен бірге қозғалу ойындары, затпен немесе заттармен айлалы әрекеттер жасау. Ойын қылықтарының осындай формалары С.Л.Новоселова (1978) жазғандай басым келетін төменгі және жоғарғы маймылдардың балаларында анағұрлым қанық мазмұнды иеленеді.

Іс-әрекет теориясына (Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.В.Запорожец, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин) сай бала дамуы «әлеуметтік мұралану», яғни алдыңғы ұрпақтың жинақтаған тәжірибесін меңгеру жолымен жүзеге асады, осылайша меңгеру барысында шешуші рөлді баланың өзінің адамзаттың рухани және материалдық мәдениетін иеленуге бағытталған тәжірибелік іс-әрекеті атқарады. Бұл теориялық ереже ойын эволюциясының дамуын антропогенезде зерттеу үшін негіз болады.

Қазіргі балалар қоғамында орын алған тарихи ойындар, сонау орта ғасыр дәуірінде қаланған. Сол уақыттағы бала өзінің ойынын (бала мінез-құлығының арнайы мәениеті ретінде анықталған) қоршаған ортадағылардың қолдайтынын біле отырып, дүниені өзінің шыққан тегінің өкілі ретінде танып білетін. Қоғам оған ойын мен ойыншық арқылы өз уақытының дәстүрлік құндылықтарын табыстайды.

Халықтық ойындарға деген психологиялық қызығушылық ең алдымен, баланың өзін өзі дамыту құралы ретіндегі ойынның тарихи мәніне, ойындағы баланың барлық айрықшалықты іс-әрекетіне орай туындайды. Қазіргі баланың психикалық дамуын амплификациялау мәселесін көтере отырып А.В. Запорожец, халықтық ойындарға жалпы адамзат мәдениетінің мыңдаған жылдар бойы адамзат баласының психикалық дамуына тиісті деңгейді қамтамасыз еткен психологиялық феномені ретінде қызығушылық танытты.

Осы бағытты әзірлеу барысында баланың психикалық дамуындағы ойын іс-әрекетінің міндеті мен орны туралы мәселе бастапқы болып табылады. Ойынға айрықшалықты балалар іс-әрекетінің жалпы ансамблі деп анықтама беру – ең қиын мәселе. А.Н.Леонтьев ойынды мотиві өз ішінде болатын іс-әрекет ретінде анықтады. Бұл ненің ойын және ненің ойын емес екендігін білдіретін классикалық анықтама. Бір қатар дидактикалық ойындар сабақ өткізу барысында ойын мотивін таза танымдық, оқу мотивіне ауыстыруы мүмкін.

Іс-әрекет тұжырымдамасы бойынша, ойын мазмұны ойыншықтармен, оларды ауыстыратын заттармен және ойындағы серіктестерімен тәжірибелік әрекеттерге қанық болатындықтан бір мезгілде тәжірибелік іс-әрекет ретінде де; және тәжірибеге шартты, айналдырылған, бейнелі формада абстракцияланатын іс-әрекет ретінде де көрініс табады;

Оқу. Оқу мақсаты адамның білім алуы, дағды мен іскерлікті меңгеруі болып табылады. Оқу арнайы оқу орындарында ұйымдасқан түрде, сол сияқты қандай да бір іс-әрекеттің қосымша нәтижесі ретінде жолшыбай жүзеге асырылуы мүмкін. Ересек адамдарда оқу өз бетінше білім алу түрінде жүреді. Оқу әрекетінің ерекшелігі - индивидтің психикалық дамуына тікелей әсер ететіндігі.

Адам психикасын қалыптастыруда еңбектің алатын орны ерекше. Адамды адам еткен – еңбек. Осы еңбектің арқасында адам қазіргі қоғамды орнатты, материалдық және рухани әлемнің заттарын жасады, дамудың шектеусіз келешектерін ашты. Еңбек құралдарын жасап, жетілдірді. Еңбек өнімдділігін арттырды, ғылымды, өндірісті, техникалық және көркем шығармашылықты дамытты.

Адамның іс-әрекеті – аса күрделі де көпқырлы құбылыс. Іс-әрекеттің жүзеге асыуында адамның иерархиялық құрылымының барлық: физиологиялық, психикалық және әлеуметтік бөлшектері қатысады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет