ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені


Кәрілік кезең және қартаю



бет8/12
Дата26.06.2018
өлшемі0,8 Mb.
#45032
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Кәрілік кезең және қартаю 60-70 жас аралықтарын қамтиды.

Әрбір жас кезеңінде адамда белгілі іс-әрекет жетекші рөл атақарады. Іс-әрекеттің әр түрлері дамуға әр түрлі әсер етеді. Әр кезеңде болатын, тұлғаның және психикалық функциялардың дамуындағы өзгерістер жетекші іс-әрекетермен қамтылған.

А.Н.Леонтьев жетекші іс-әрекеттің үш белгісін көрсетті. Біріншіден, жетекші іс-әрекет аясында іс-әрекеттің жаңа түрлері пайда болады және ажыратылады. Мысалы: бала ойнай отырып үйренеді: рөлдік ойында мектепке дейінгі балада оқудың элементтері қалыптасады. Екіншіден, жетекші іс-әрекетте арнайы психикалық функциялар қалыптасады. Мысалы, ойында шығармашылық қиял пайда болады. Үшіншіден, осы уақытта бақыланатын тұлғаның өзгерісі тәуелді.

Кез-келген іс-әрекет жетекші бола алмайды. Әрбір іс-әрекет психикалық дамуға өз үлесін қосады (мысалы, сүрет салу қабылдауды және бейнелік ойлауды дамытады). Адам өмірінің жағдайында әрбір жас кезеңінде ол белгілі бір іс-әрекетті меңгеру арқылы қарқынды дамуға мүмкіндік алады: нәрестелік кезеңде- анасымен тікелей-эмоционалды қатынас, сәбилік кезеңде- заттармен манипуляция жасау, мектепке дейінгі жаста- құрдастырмен ойнау, бастауыш мектеп жасында- оқу іс-әрекетінде, жеткіншектік кезеңде- құрдастарымен интимді-тұлғалық қатынас, жасөспірім кезде - болашақ кәсіпке бағдарлану, жастық кезеңде- таңдаған кәсібін меңгеру және отбасын құру. Егер қандай-да бір іс-әрекет бала үшін тартымды болса, бұл оның тұлғасының қалыптасуында көрініс береді.

Әр даму кезеңдерін өткен сайын, бір жастан екінші жасқа көшу барысында адам үлкен дағдарыстарға ұшырайды. Дағдарыс – қалыпты емес, «ауытқушылық» құбылысы, дұрыс емес тәрбиенің нәтижесі.

Дағдарыстардың, стабильді кезеңдерден ерекшелігі, ұзаққа созылмайды, бірнеше ай болуы мүмкін. Осы қысқа, бірақ буырқанды сатыда баланың дамуында көп қасиеттер тез өзгереді. Осы уақытта даму апаттық сипатқа ие болуы мүмкін.

Дағдарыстық және стабильді кезеңдер кезектеседі. Сондықтан да Л.С.Выготскийдің жас ерекшелік кезеңі келесі сипатқа ие: жаңа туылу дағдарысы- нәрестелік жас (2 ай-1 жас)- 1 жас дағдарысы- ерте балалық шақ (1-3жас)- 3 жас дағдарысы- мектепке дейінгі жас (3-7 жас)- 7 жас дағдарысы- мектеп жасы (7-13 жас) – 13 жас дағдарысы- пубертатты жас (13-17 жас)- 17 жас дағдарысы.

Негізгі ұғымдар: психикалық даму, биологиялық факторлар, әлеуметтік фактор, үйрету, оқыту, психикалық дамудың қозғаушы күштері, интериоризация, ішкі әрекет, сыртқы әрекет.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Баланың психикалық дамуның негізгі шарттары неде?

  2. Баланың психикалық дамуының қайнар көзі не?

  3. Психикалық дамудың жас шағы кезеңдері неге байланысты?

Әдебиеттер:

1.Даму психологиясы Сатиева Ш.-2012

2.Педагогикалық психология. Сламбекова Т.С.-2009

3.Солодилова О.П. Возрастная психология. М, 2005.

4.Немов Р.С. Психология. В 3-х кн. Кн.2. М, 2010

5.Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014


Тақырып. Психикалық дамудың жас ерекшелік кезеңдері.

Дәрістіңжоспары:



    1. Жастың анықтамасы мен түрлері.

    2. Шетел психологиясындағы жастық даму кезеңдерге бөлу.

    3. Кеңес психологиясындағы жастық даму психологиясы. Жетекші іс-әрекет.

    4. Дамудың жастық дағдарыстары.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Шетелдiк жас ерекшелiк психологиясының негiзгi тұжырымдамалары.

Бала психикасын эксперимент қолданып зерттеуге еңбек сіңірген психологтар: А.Бине (1857-1911), В.Штерн (1871-1938), К.Кофка (1886-1941), Ж.Пиаже (1896-1980) болатын.

Эрик Эриксон З.Фрейдтің ізбасары, психоаналитикалық теорияны жалғастырушы. Тұлғаның дамуы қоғамның экономикалық және мәдени деңгейіне байланысты. Қоғамның құндылықтары және нормалары балаға тәрбие процесінде беріледі.

Э. Эриксон бойынша тұлға дамуының сатылары.

Дамудың бірінші сатысында (оральды-сенсорлы) нәрестелік жасқа қатысты, әлемге сену немесе сенбеу пайда болады. Тұлғаның прогрессивті дамуында бала сенімді қатынасты таңдайды. Ол жеңіл тамақтану, терең ұйқы, ішектің дұрыс жұмыс істеуі.

Екінші саты (бұлшық етті-анальды)ерте балалық шаққа қатысты. Баланың мүмкіндігі дамиды, жүре бастайды. Дербестілікке ұмтылады.

Үшінші саты (локомоторлы-гениталды), мектепке дейінгі жасқа сәйкес келеді, бала қоршаған ортаны белсенді таниды. Дербестілікке ынталылық (инициатива) қосылады.

Осы кезеңде жыныстық идентификация болады және бала мінез-құлқының белгілі бір формасын меңгереді.

Бастауыш мектеп жасы- пубертатты алды Осы уақытта төртінші саты (латентті) дамиды.

Бастауыш мектепте оқу кезеңінде- бастауыш мектеп оқушысының кәсіби идентификациясы өзін белгілі бір кәсіп өкілі ретінде сезіну.

Жастық шақ тұлға дамуының бесінші даму сатысын құрайды. Балалық шақ аяқталуға жақын, өмірлік жолдардың үлкен кезеңі аяқталып, ұқсастықтың (идентичность) қалыптасуына алып келеді.

Алтыншы сатысы, ерте кемелдену жасына сәйкес келеді, ересек адамның алдында жақындасу (интимдік) проблемасы туындайды. Дәл осы уақытта шынайы сексуалдылық көрінеді.

Кемелдену немесе орта жас- тұлға дамуының жетінші сатысы. Адам өнімділікке және шғармашылыққа ұмтылады.

Соңғы саты, кеш кемелдену, адам өмірлік жолды қабылдайды және тұлғаның тұтастылығын игереді. Осы кезеңде даналық пайда болады.
Э.Эриксон бойынша тұлғаның даму сатылары


Даму сатылары

Әлеуметтік қатынастар аймағы

Тұлғаның полярлық сапасы

Прогрессивті дамудың нәтижесі

1. Нәрестелік (0-1)

Анасы немесе оның орнын басатын адам

Әлемге сену-сенбеу

Энергия және өмірлік қуаныш

2. Ерте балалық шақ

(1-3)


Ата-анасы

Дербестілік- ұят, күмән

Тәуелсіздік

3. Балалық шақ (3-6)

Ата-анасы, ағасы және әпкелері

Ынталылық- енжарлық, кінә

Мақсатқа ұмтылу

4. Мектептік жас (6-12)

Мектеп, көршілер

Компетенттілік-кемшілік

Білім және ептілікті игеру

5. Жасөспірім және жастық шақ (12-20)

Құрдастар тобы

Тұлғаның сәйкестілігі- мойындамау

Өзіндік анықталу, жан қиярлық және сенімділік

6. Ерте кемелдену (20-25)

Достары, сүйіктілері

Жақындық- бөлектену

Бірлестік, махаббат

7. Орта жас (25-65)

Еңбек, туған үйі

Өнімділік- тұрып қалу

Шығармашылық және қамқор

8. Кеш кемелдену (65 кейін)

Адамгершілік, жақындары

Тұлғаның тұтастылығы- үмітсіздік

Даналық

Жан Пиаже теориясының негізгі түсініктері және принциптері. Бала да ересектер секілді түрлі танымдық тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беретін, әрекеттердің белгілі бір схемаларына ие. Бұл әрекет схемалары-қарапайым. Бала алдындағы тұрған проблемалардың қиындық деңгейіне қарамастан, олар екі негізгі механизмдерді қолданады- ассимиляция және аккомодация.

Ассимиляция- жаңа проблемалық ситуацияда бар әрекет схемаларын өзгертпей-ақ әрекет ету, аккомодация, әрекет схемаларын өзгертеді. Бейімделу процесінде жаңа проблемалық ситуацияда ассимиляция және аккомодация бірігіп адаптацияны құрайды. Адаптация тепе-теңдіктің құрылуымен аяқталады. Әлеуметтену- әлеуметтік ортаға бейімделу процесі.



Интеллект дамуының сатылары. Сатылар-бұл бір-бірін алмастырушы сатылар немесе деңгейлер. Интеллектің даму процесі, негізі интеллектуалды құрылымның қалыптасуы болатын үлкен үш кезеңнен өтеді. Алдымен, сенсомоторлы құрылым қалыптасады. Сосын нақты операциялар құрылымы пайда болады. Кешірек формальды-логикалық операциялар қалыптасады.Ж.Пиаже бойынша формальды-логика- интеллект дамуының жоғарғы деңгейі. Баланың интеллектуалды дамуы төменгі сатыдан жоғары сатыға өтуді көрсетеді.

Сенсомоторлы кезең бала өмірінің екі жылын қамтиды. Жаңа туылған балада тек рефлекстер болады. Бұл саты рефлекстер жаттығуы. Рефлекстердің жаттығу нәтижесінде алғаш дағдылар қалыптасады. Екінші сатыда бала басын дауысқа бұрады, қозғалған затты көзімен бақылап отырады ойыншықты ұстауға ұмтылады. Дағдының негізінде алғашқыайналымдық реакциялар қайталанатын әрекеттер жатыр.

Екінші айналымдық реакциялар үшінші сатыда пайда болады. Бала өзінің белсенділігіне, өзінің әрекеттерінің нәтижесіндегі өзгерістерге назар аударады.

Төртінші саты- практикалық интеллектінің бастауы. Әрекет схемалары, барлығы бірігіп мақсатқа жету үшін қолданылады.

Бесінші сатыда үшінші айналымдық реакциялар пайда болады. Бала өзінің әрекеттерін әдейілеп өзгертеді.

Алтыншы сатыда әрекет схемаларының интериоризациясы басталады. Екі жас шамасында әрекеттің ішкі жоспары қалыптасады. Осы жерде сенсомоторлы кезең аяқталады, бала жаңа репрезентативті интеллект және нақты операциялар кезеңіне өтеді. Операционалды көзқарасқа (елестерге) дейінгі кезеңде бала дәлелге, талдауға қабілетсіз.

Интеллектуалды дамудың соңғы жоғарғы кезеңі- формальды операциялар кезеңі. Ол пікірлерді болжамдар ретінде қарайды; оның ойлауы гипотетикалық- дедуктивті бола бастайды.

Өмірлік жолды кезеңдерге бөлу жас ерекшеліктері дамуының заңдылықтарын, жас ерекшелік кезеңдердің ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді. Кезеңдердің мазмұны әр автордың ойынша дамудың маңызды жағымен анықталады. Л.С.Выготский периодизацияның үш тобын бөліп көрсетеді: сыртқы критерий, дамудың бір және бірнеше белгісі бойынша.

Бірінші топ үшін периодизацияны сыртқыға негіздеп құру. Мысал ретінде биогенетикалық принцип бойынша құрылған периодизацияны айтуға болады. Осы позицияға қатысты онтогенез филогензеді қайталайды. Периодизацияның тағы бір түрі Р.Заззоның кезеңдері (периодизациясы). Онда балалықтың кезеңдері баланы оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің сатыларына сәйкес келеді. Ерте балалық шақтан кейін мектепке дейінгі жас басталады, бұл жерде негізгі мазмұн отбасында немесе мектепке дейінгі мекемедегі тәрбие мәселесі. Ары қарай бастауыш мектеп жасы (6-12 жас), бала интеллектуалды дағдыны игере бастайды; орта мектепте оқу сатысы (12-16 жас) , бала жалпы білімдерді меңгереді. Кейін жоғары немесе универсиеттік саты.

Кезеңдердің екінші тобы сыртқы емес ішкі критерийлерді қолданады. Бұл критерий дамудың белгілі бір жағы, мысалы П.П.Блонский бойынша сүйектердің дамуы және З.Фрейд бойынша балалық сексуалдылықтың дамуы болуы мүмкін.

Павел петрович Блонский объективті, көрінетін, өсіп жатқан ағза конституицсының айқын белгісін таңдады- тістің пайда болуы және алмасуы. Балалық шақ үш кезеңге бөлінеді: тіссіз балалық (8 айдан-2-2ғ5 жас), сүт тістері (6,5 жасқа дейін), және тұрақты тістер кезеңі (ақыл тіс пайда болғанға дейін).

Зигмунд фрейд адам мінез-құлқының қозғалысының басты қайнар көзі сексуалды энергиямен қаныққан санадан тыс деңгей деп есептейді. Сексуалды даму , тұлғаның дамуының барлық жағын анықтайды және жас ерекшелік кезеңнің критерийі болуы мүмкін.

Жас ерекшелік дамудың кезеңдерге бөлінуіндегі үшінші тобы дамудың бірнеше айқын ерекшеліктеріне негізделген.
Л.С.Выготский бойынша дамудың сатылары.

Л.С.Выготский бойынша даму- бұл жаңаның пайда болуы. Дамудың сатылары жас ерекшелік жаңа құрылымдармен сипатталады.

Дамудың қайнар көзі әлеуметтік орта болып табылады. Л.С.Выготский «дамудың әлеуметтік жағдайы » деген түсінікті енгізді.

Л.С.Выготский бір жастан екінші жасқа өту динамикасын қарастырды. Әр кезеңде бала психикасында өзгерістер болып тұрады. Дамудың тұрақты және дағдарысты сатыларын бөліп көрсетеді. Тұрақты кезең үшін даму процесінің бір қалыпты өтуі тән.

Л.С.Выготский дағдарыстарға үлкен мән берді. Дағдарыстар,стабильді кезеңдерден ерекшелігі, ұзаққа созылмайды, бірнеше ай ғана. Осы қысқа, бірақ буырқанды сатыда баланың дамуында көп қасиеттер тез өзгереді. Осы уақытта даму катастрофиялық сипатқа ие болуы мүмкін.

Дағдарыстық және стабильді кезеңдер кезектеседі. Сондықтан да Л.С.Выготскийдің жас ерекшелік кезеңі келесі сипатқа ие: жаңа туылу дағдарысы- нәрестелік жас (2 ай-1 жас)- 1 жас дағдарысы- ерте балалық шақ (1-3жас)- 3 жас дағдарысы- мектепке дейінгі жас (3-7 жас)- 7 жас дағдарысы- мектеп жасы (7-13 жас) – 13 жас дағдарысы- пубертатты жас (13-17 жас)- 17 жас дағдарысы.

Жас ерекшелік даму кезеңдерін З.Фрейд бір ғана бағыт-психосексуалды дамудың ізімен қарастырады.

З.Фрейд бойынша адам - өмір және өлім инстинктісіне ие биологиялық тіршілік иесі. Өмірлік қылықтарының энергиясы либидо энергиясы.

Кемелденген тұлға күрделі құрылымға ие: ол үш инстанциядан тұрады-Ол (Ид), Мен (Эго) және Жоғары Мен (Супер Эго). Ол- “құмарлықтардың жиынтығы”, ирррационалды, биологиялық бастау. Ол-дан шыққан түрткі, толық қанағаттануды талап етеді. Ол адам өмірінің алғашқы принципі- қанағаттану принципіне бағынады.

Екінші Мен инстанциясы. Ол-дың тілегін қанағаттандыра отырып шешім қабылдайды. Мен шектелуге бағытталады, шынайылық принципіне бағынады.

Тұлғаның үшінші инстанциясы жоғарғы Мен моральды норма, сынаушы құрылым.

Жас ерекшелік даму З.Фрейдтің сатысы бойынша, қозу, ләззаттануды тудыратын эрогенді зоналар - дене аймақтарының дамуымен байланысты.

Оральды саты (1 жасқа дейін)эрогенді зона-сілекейлі ауыз бен ерін. Бала сүт сорғаннан ләззат алады.

Анальды саты (1-3 жас) эрогенді зона ішектің сілекейлі қабыққа айналуы.

Тазалық, тәртіптілік, қырсықтық, агрессивтілік дамиды.

Фалликалық саты (3-5 жас) балалық сексуалдылықтың жоғарғы сатысымен сипатталады.

Абалда анаға деген сексуалды жақындық (эдипов кешен), қыздарда әкеге деген сексуалды жақындық (электра кешен).

Латентті саты (5-12 жас) баланың сексуалды дамуы уақытша үзіледі. Ол-дан шыққан құмарлық бақыланады. Баланың сексуалды күйзелістері ығыстырылады, баланың қызығушылықтары достарымен қарым-қатынасқа бағытталады.

Гениталды саты (12 жастан бастап) жыныстық дамуға қатысты. Эрогенді зоналар бірігеді, қалыпты сексуалды қатынасқа ұмтылады.

Жас кезеңдері деп өсуі мен дамуы ұқсас физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Әр жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Мұнда бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын, өзгеру мезгілі немесе ауысу мерзімін зерттеушілер мүшел жас деп атады. Өзгеру əр кезеңде де ауыр, организм кңп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты болып табылады. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама əлсіреп, сыртқы орта жағдайында өзгерістерін қиналып өткізеді. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады. Жас кезеңдерінің ортақ ерекшеліктеріне қоса, əр адамның өзінің жеке басының ерекшеліктері болады. Олар адам денсаулығына, тұрмыс жағдайына жəне жүйке жүйесінің даму дəрежесіне, т.б əр түрлі болады.

Дағдарыс екі жас кезеңінің қосылуы деп те қарастырылады, оның сипаты біріншіден даму кезеңі бойынша анықтау процесі болса, екінші кезеңінің басталу белгісі болып табылады. Жас ерекшелік дағдарыс кезеңінің айырмашылығы: адамдың темпераментіне қатысты, мінез-құлғына, биологиялық жолмен əлеуметтік қатынасына байланысты өзгерістердің көрінуі.

Л.С. Выготский, П.П.Блонскийден кейін, белгілі бір дəуірлерді, сатыларды, фазалардың даму өзгерістері немесе дағдарыстарының жалпы схемасында қарастырады. Бұл жерде оларды шектеу өлшемдері ретінде, біріншіден, əр жастың мəнін сипаттайтын жаңа құрылымдар болады. «Жас ерекшелік жаңа құрылымдар» - деп берілген жас сатысында алғаш рет пайда болатын жəне негізінен баланың санасын, оның ортаға деген қатынасын, оның ішкі жəне сыртқы өмірін, берілген кезеңдегі оның бүкіл даму барысын анықтайтын, тұлға құрылуын жəне оның іс-əрекетінің жаңа типі, психикалық жəне əлеуметтік өзгерістерді түсінген жөн. Бұл дағдарыс екі жас кезеңінің қосылуы деп те қарастырылады, оның сипатына бірінде даму кезеңі бойынша аяқталу процесі болса, екінші кезеңнің басталу белгісі болып табылады. Жас ерекшелік дағдарыс кезеңінің айырмашылығы: адамның темпераментіне қатысты, мінез-құлқына, биологиялық жəне əлеуметтік қатынасына байланысты өзгерістердің көрінуі.



Дағдарыстық күй – бұл сонымен сыртқы ортаның құлдырауы, ол адамның ішінде болады. Сонымен ол өзіндік ішкі көрініс. Сыртқының құлдырауы, ішкінің көрініс беруі ол адамнан тұлға қалыптасуын басы. Бұның барлығы кризис кезінде сыртқа шығады, адам оның келбетін мойындай бастайды. Отандық психологияның сөздігінде «жас ерекшелік дағдарысы» сөзі Л.С.Выготский анықтауы бойынша бала тұлғасының түбегейлі өзгерісі, жиі қалыптасқан ортаның ауысуынан болады деген. Л.С.Выготский бойынша жас ерекшелік дағдарысының қалыптасуы қалыптасқан ортаның жаңа көрінісімен өзгеруінің салдарынан ол бір әлеуметтік жағдайдың құлдырауына және басқасының қалыптасуына, адекватты жаңа психологиялық бала бейнесіне әсер етеді. Әлеуметтік жағдайдың ауысу механизмі жас ерекшелік дағларысының психологиялық мазмұнын құрайды.
Жас ерекшелік дағдарысы дәрежесі психологиялық теорияда көптеген мәтіндерде қолданылады, мазмұнымен ерекшеленіп және адам мінездемесінің әртүрлі психикалық дамуымен байланысады. Әртүрлі принциптеріне байланысты дағдарысты классификациялауға болады, оның бұл негізіне болжалғандықты немесе шетінді, туу себебін олар ұзақ мерзімді және интенсивті түрлерімен ажыратылады. Мазмұнна байланысты дағдарыстың үш негізгі көрінісі: дағдарыс невротикалық, дамудың дағдарыстары және травматиялық дағдарыстар. Сонымен қатар психологияда жас ерекшелік дағдарысты және ситуациялық болып бөлінеді. Ситуациялы дағдарыстар – дағдарыс аяқ асты нмесе күтпеген жағдайда пайда болады.Өмірлік циклді кезеңдерге бөлген алғашқы психолог ол Эльза Френкель Брунсвик болды. 1930 жылы адамның рухани байлығын бейнелеген, кейіннен өз көзқарасын теорияға айналдырған. Ол ең алғаш психологияны әлеуметтану мен байланыстыруға тырысқан.
«Балалық шақ және қоғам» кітабінде 1950 жылы жарық көрген, Эриксон онда өмірлік циклді нақты көрсеткен. Өмірдік жүру кезеңіне кесте түрінде сызып көрсетті.

Негізгі ұғымдар: даму, жас кезендері, үздіксіз даму, операция, ойлау, идентификация, дағдарыс, жас дағдарыстары, невротикалық дағдарыстар, травматикалық дағдарыс.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Жастық кезеңдерге анықтама?

  2. Баланың даму кезеңдеріне сипаттама?

  3. Жас ерекшелік дағдарыстың психикалық ерекшліктеріне сипаттама беріңіз

  4. Жас ерекшелік дағдарыс түсінігі және табиғаты анықтама.

Әдебиеттер:

Әдебиеттер:

1.Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. А.-1999

2.Даму психологиясы Сатиева Ш.-2012

3.Педагогикалық психология. Сламбекова Т.С.-2009

4.Солодилова О.П. Возрастная психология. М, 2005.

5.Немов Р.С. Психология. В 3-х кн. Кн.2. М, 2010

6.Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014


Тақырып. Мектепке дейінгі жастағы психикалық даму

Дәрістіңжоспары:



  1. Адамның дүниеге келуі. Тұқымқуалаушылық және орта.

  2. Нәрестелік шақтың жалпы сипаттамасы.

  3. Ерте сәбилік кезең. Сәбилік шақ. Бір жас шамасындағы сәбидің психологиялық ерекшеліктері. Сәбидіің психикалық дамуы.

  4. Ерте балалық шақ. Ерте психикалық дамуы. Заттық іс-әрекет ерте балалық шақтағы жетекші іс-әрекет ретінде. Бала тұлғасының, оның «Мен» жүйесінің қалыптасуы.

  5. Мектепке дейінгі кезең. Мектепке дейінгі кезеңнің психологиялық сипаттамасы. Ойын мектепке дейінгі кезеңнің жетекші іс-әрекеті. Мектептегі оқуға даярлық мәселесі.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Нәрестелік кезең

Бала жарық өмірге келіп анасынан физикалық тұрғыда ажырайды. Ол мүлдем басқа жағдайға енеді: суық, жарық, ауа. Мұндай жағдайларға бейімделуде- шартсыз рефлекстер көмектеседі. Балада шартсыз рефлекстер қатары болады.

Бұл ас рефлекстерінің жүйесі. Ерніне тиген нәрсені сору пайда болады. Шартсыз рефлекстерден қорғаныс және бағдарланған рефлекстерді бөліп көрсетуге болады.

Баланың миының қалыпты жетілуіне әсер ететін бірден бір шарт- ол анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Оның ішінде дәм сезу (1-2 күндік бала ащыға қарағанда тәттіні жақсы көреді), иіс сезу (әр түрлі иіске басын бұрады, оның дем алуы мен жүрек қағысы өзгереді), дыбыс естуі (1 апталық бала анасының дауысын естиді), көру анализаторының қалыптасуы (2 айлық кезде анасын көргенде, бала көңілденіп күледі). Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайында болса, онда оның дамуы баяулайды. Бұл кезде даму ерекшелігі, баланың денесінің дамуына қарағанда анализаторлардың іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, осыған байланысты түрлі шартты рефлекстік байланыстар жасалады

Өмірінің бірінші айының соңында алғашқы шартты рефлекстер көрінеді. Көбінесе бала, тамақтану ыңғайына реакция көрсете бастайды: анасы қолға алғанда емшек іздеуі, көтергенде тынышталуы пайда болады. Тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекстер, тәулік мезгілін ажырату, жаңа туған балада ұйықтау және ояну сергектік кезеңдері ажыратылмаса, 2-3 айлық кезде олар мазмұнды, белсенді сипат алады

Нәрестенің түйсігі ажыратылмаған және эмоциямен байланысты. Баланың психикалық өміріндегі маңызды оқиға есту және көру түйсігінің шоғырлануы. Естудің шоғырлануы 2-3 аптада пайда болады. Тосын дыбыс, бала әрекетін тежейді, ол тоқтап тыңдайды. Соңынан 3-4 аптада осындай реакция адамның дауысына пайда болады.

Бала өмірге әлсіз және қауқарсыз болып келеді. Ол анасынан физикалық тұрғыда ажыратылғанымен биологиялық тұрғыда байланысты. Ол өзінің қажеттілігін дербес қанағаттандыра алмайды.

Нәресте оған қамқор болатын анасының дауысына еліктейді, оның бетін көріп көзін анасының жүзіне тоқатып қарайды, қолын созады, аяғын қозғалтады, қатты дыбыстар шығарады және күле бастайды. Бұл эмоционалды реакция жандану кешені деп аталады. Жандану кешені адамдық ерекшеліктерге ие- күлу, қарым-қатынасқа түсу қажеттілігін көрсету.



Сәбилік кезең. Сәбилікшақта бала қарқында дами бастайды. Психикалық даму үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш жас кезеңіндегі баланың ақыл-ойы недәуір жетілген болады. 3 жасқа дейін осындай үлкен өзгерістердің болуына бірнеше факторлар себеп болады. Бірінші себеп – баланың тік жүре бастауы. Бала бір жастан асқаннан кейін өз бетімен тік жүріп түрлі заттардың қасиеттерін, үлкендердің көмегінсіз зерттей бастайды. Өздігімен жүрген соң заттардың кеңстіктегі арақашықтығын да ажырата бастайды, кеңістікте бағдарлану қабілеті дамиды. Екінші себеп- әр заттың өзіне тән қызметін ажырату немесе балада заттық әрекеттің дамуы. Үшінші себеп – баланың ойыны және тиісті өнерге үйренуі. Бұл әрекет түрлі, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бала психикасының дамуына үлкен әсер етеді. Алдымен ойыншық түріне немесе дыбысына қызықса, кейін оның нені бейнелейтініне мән береді.Баланың бойы бірінші жылына қарағанда 1,5 есе өседі, ал салмағы 2 есеге артады.

Нәрестелік сәбилік кезеңінің арасын 1 жас дағдарысы деп атайды. Дағдарыс дербестілікпен және аффективті реакциялардың көрінуімен байланысты. Аффективті тұтану үлкендер баланың тілегін, оның сөзін, оның жест және мимикасын түсінбеген кезде пайда болады. Өтпелі кезеңдегі басты меңгерім – бала сөзінің ерекшелігі, оны Л.С.Выготский автономды сөз деп атаған. Ол ерсектер сөзінен дыбыстық формасы, мағынасы бойынша ерекшеленеді.

Сәбидің ойлау әрекетінің қалыптасуына келсек, бала заттарды танып, ажыратқанымен оның қабылдауы әлі нашар дамыған. Алғашқы кезде бір қасиетіне немесе бейнесіне қарап қабылдайды.

Адамның ойлауы ұғым арқылы және елестету арқылы болады. Балаларда ұғым қалыптасуы аз болғандықтан елестетіп ойлауы басым. Баланың ойлауының дамуы екі жағдайға байланысты өтеді. Бірінші, ойлау негізінде, яғни өзінің сезімдік тәжірбиесіне байланысты. Екінші, іс-әрекетке үйрететін, заттардың атын атап беретін, үлкендер әрекетіне байланысты. Сәби жасында нақты бейнелік ойлау кездеседі.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет