Көп тіллді білімін дамыта отырып тәрбие беру



Дата08.06.2018
өлшемі27,63 Kb.
#41637
Көп тіллді білімін дамыта отырып тәрбие беру
Г.Ө.Байташева

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының басшысы, а/ш.ғ.к., профессор мін.атқ.


Кілтті сөздер: Экология, оқу, білім, құзыреттілік, жер, табиғат, көп тілділік, тәрбие.

Экологиялық білім берудің және тәрбиелеудің мазмұны - білім беру жүйесін және табиғат байлығын оңтайлы және орынды қолдана білу жолдары мен әдістері туралы түсініктерін дамытатын оқушылар қызметінің түрлерін қарастыра отырып, қоршаған ортаны сақтау бойынша нақты дағдыларын қарастырады. Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар көп тілді игерумен бірге ауқымды проблемалардың ішінде табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің шиеленісуі оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің мазмұнын, принциптерін, формалары мен әдістерін таңдау критерйлеріне ерекше әсер етеді. Осыған байланысты сыныптан тыс жұмыс үрдісінде оқушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесін жақсартуға бағытталған практикалық шараларды жүзеге асыруда ұлттық - аймақтық тұрғыдан келу арқылы оқушылардың экологиялық білімдері мен дағдыларын қалыптастыруды зерттеу өзекті болып отыр. Сыныптан тыс жұмыс үрдісінде ұлттық - аймақтық сипаттағы сұрақтарды қосу оқушылардың этноэколологиялық білім алуларына, аймақтағы туындап отырған экологиялық аппаттарды жоюға атсалысуға мүмкіндік береді. Экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің сыныптан тыс жұмыс барысындағы мазмұнының ерекшелігі мынандай сипатқа ие болады.



  • Сәйкес білім және дағдылардың болуы;

  • Ақпараттық мәліметтерден гөрі эмоциональдық аспектілерге жүгіну (тәрбиелік әрекетін әсерлігін күшейту үшін оқушылардың сезіміне жүгіну, қоршаған отраның қайғысын ортақтаса білуге шақыру, яғни эмоциядан зердеге әсер ету);

  • Білімнің практикалық жағының маңыздылығы (барлық қызмет әзірленген біліктілік пен дағдыны жетілдіруге бағытталады);

  • Экологиялық білім мен мәдениеттілікті ұштастыруға жетелеуі.

Сонымен қатар ұлттық - аймақтық тұрғыда келуді қолданған сыныптан тыс жұмыс үрдісінде:

  1. аймақтық экологиялық мәселелерін шешу бойынша оқу дағдылары мен қатар тіл білімі жетілдіріледі;

  2. экологиялық мәселелер бойынша ақпараттарды іздеу барысында өздігінен жұмыс істеу дағдысы, табиғат байлығын қорғау, табиғатты мейлінше аялауға бағытталған ұлттық дәстүрер мен салттар туралы материалдар, сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін ұйымдастыру және табиғатты қорғау мәселесіне ұлттық тұрғыдан жанашырлық қасиеті мен қазақ тіліндегі білімін ағылшын тілінде қолдану ретке келтіріледі;

  3. коммуникативтік, бірлесу біліктіліктері реттеледі (ұжымдық жұмыс, экологиялық КВН, рөлдік ойындар, эколологиялық сүрлем немесе соқпақтар);

  4. туған өлкенің қоршаған ортамен қарым - қатынас жасауда этикалық қалыптарды сақтай білу (мәдениеттілік) негізге алынады.

Сыныптан тыс жұмыс үрдісінде экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің мазмұнын қарастыруда ілімдік тұрғыда қарағанда практикалық әспекті басымырақ болады, сондықтан мазмұны оқушы қызметі тарапынан қарастырған оңтайды болады. Осындай қызметтерге танымдық, демалу (көңіл көтеру,), спорттық - сауықтыру, еңбек шығармашылық сияқты түрлерін жатқызуға болады. Қызметтердің басты мақсаты - оқушылардың дүниеге деген көзқарастырынан адамгершілік, эмоционалдық және еріктік екі тілде еркін сөйлеу, компоненттерін қалыптасытыру. Бұл сәтте, экологиялық білім беру мен тәрбиелеу өте маңызды. Оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудың негізін экологиялық көзқарас пен наным, алғырлық пен білімділік құрайды.

Оқушылардың экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді жүзеге асыруда, сыныптан тыс жұмыс үрдісінде мектептің дәстүрі мен ерекшеліктері, сынып, жас ерекшелдіктері, оқушылардың жеке ерекшеліктері, мұғалімінің ерекшеліктері, оның қызғушылығы, бейімділігі, ұстанымдары сияқты факторлар дене сыныптан тыс жұмыстың сабақпен байланысын, пәнаралық байланысты қазіргі кезеңдегі жаһандық ұлттық және аймақтық экологиялық мәселерлердің өзара байланысын ескерту қажет. Ал халықаралық деңгейдегі материалдарды қарастырып, салыстыру үшін тіл білімін дамыту өте маңызды. Ал табиғат аясында сабақты екі тілде жүргізу, табиғаттың әрбір компонентін ағылшын тілінде де, ана тіліндеде меңгеріп, халықаралық деңгейдегі материалдармен салыстыра отырып білім мен сусынданған оқушы халқымыздың берік маманы болары айқын.

Эколгиялық тәрбие беру бағытында сыныптан тыс жұмыстардың көптеген түрлері мен факторларын атап өтсек. Мысалы: мұғалім әңгімесі, пікірталас, экологиялық әдебиеттер мен басылымдарға шолу, тренингтер, тақырыптық кештер, конференциялар, табиғат туралы көркем - суреттер конкурстар, экологиялық плакаттар конкурсы, экологиялық кештер, пікір сайыстар, дөңгелек столдар, мектеп мұражайына саяхат, туған өлке табиғатын зертттеу. Сыныптан тыс экологиялық тәрбие беруде кинофильмдердің, мұражайлардың, киносюжеттердің рөлі ерекше. Мектеп қабырғасында шығатын газеттер, плакатттар, табиғатты қорғау туралы құжаттар, оқушылардың шығармашылық экологиялық білім мен тәрбие беруге бағытталғалуы тиіс. Себебі қазіргі балалар біздің болашағымыз. Ел басымыз Н.Ә. Назарбаевтың дамыған елу елдің қатарына қосылу стратегиясы бойынша жасалған халқына жолдауында атап өткендей, болашақ білімділіктің ізінде. Ал білімді ұрпақ тәрбиелеу ұстаздардың бірден бір міндеті. Болашақ ұрпағымыз білімділігі мен экологиялық мәдениеті жоғары болуы қажет. Ал экологиялық мәдениеті жоғары әрі шет тілдері мен ана тілінде еркін сөйлейтін азамат ел басы салған жолмен халқын биікке көтерері сөзсіз.

Мектеп кітапхансында экологиялық және табиғатты қорғау туралы әдебиеттердің көрмесі ай сайын ұйымдастырылып, онда оқушылардың ұсыныс - пікірлері, шығармашылық еңбектері тыңдалып отырса, бүгінгі ұрпақтың экологиялық сауатты, мәдениетті тұлға ретінде қалыптасуына әсері мол болары сөзсіз.

Біз жүргізген зерттеудің түпкі мақсаты табиғат пен байлықтарға жауапкершілікпен қарайтын экологиялық тұрғыдағы саналы, мәдениетті, әр түрлі тілдерді меңгерген яғни келешекте Қазақстанымыздың тамаша табиғатын халықаралық деңгейге паш ете алатын азаматтар-жеке тұлғаны қалыптастыру екенін айтқым келеді. Сыныптан тыс «Жас эколог» үйірмесі ұйымдастырылып, ол өз жұмысын жоспарға сәйкес жүргізуде, ондағы үйірме мүшелеріне жүргізілген тіл білімін дамыта отырып экологиялық білім мен тәрбие беру мақсатында жүргізілген ашық тәрбие сағаттының біреуін мысалға келтіріп өтеміз.
THE PROBLEM OF ECOLOGY

Аims: to revise new vocabulary on the topic of environment to enrich pupils knowledge with new words, to bring up the feeling of love for their country.

Type of lesson: “The stock knowledge”

Methods: question-answer, complex work, individual work.

Procedure of the lesson:

1.Organization moment:

2.Teacher: Today the ecological situation of our region is at critical point. Our lives depend on the state of our living place. We have learnt about the environment and we have read texts. And now we should do many tasks at the lesson. You must be active. I want to begin our lesson with the words of John Kennedy, he was 35th president of the United states of America.
Ask not what your country can do for you, ask what you can do for your country”

John F.Kennedy

(Oқушыларға қaйталатып, мағынасын түсіндіреді.)

We will in the following way. I will be the owner of the bank. You will share holders. If you want to buy a share you should do my tasks. There are 3 or 1 levels in each task:

The 1 st level is not difficult, its price is -$3 yellow colour tokens

The 2 st level is more difficult, its price is $ 4 blue colour tokens.

The 3 rd level is the most difficult, its price is -$5 red colour tokens

After each answer you may take these cards. At the end of our lesson 1 offer all of you to count your dollars.

(Оқушылардың білімдері жинаған долларынын құнына байланысты белгіленеді.)
$15-жоғары-5 $10-жоғары-4 $ 10-төмен -3

So let s begin.


3. Task#1

1. Level. Write the following words according to the given categories:

Lake, flowers, sea, fauna, forest, litters, pollutants, garbage, land, river, flors, plants, soil,oil.



Water

Environment

Pollution



















2. Level. Write the words.



Living things

Non-living things







3. Level. Match the words.

1. resources a)қоршаған орта.

2. influence b)жақсарту, жетілу.

3. improve c) әсер ету.

4. environment d)қор.

5.threat e)қауіп төну.

6.deprive f)қауіпті.

7.dangerous g) айыру.

8.suffer h)азап шегу.

9.protect i)айнала.

10.surround j)қорғау


Task #2

1.Level. Put the words into correct column.

Little, pollute, harm, suffer, river, organism, environment, to drink, to face, preserve,cut.


Noun

Verb







2. Level. Give synonyms.

1. litter-

2. harm-

3. around-

4 drinkable-

5. land-


6. effect-

7. dangerous-

3. Level. Give antonyms

1. Healthy-

2.cream –

3.dangerou-

4. living things-

5. harm-



Task#3

1. Level. Translate the sentences and write them in your notebook.

1.Біз қоршаган ортаның мәселелерін талқыладық..

2. Өсімдіктерге жануарларға адамдарға таза су, таза ауа, таза жер қажет.

3. Біз болашағымыз үшін күресуіміз қажет.
Home task: Read the text about “Ecology”. And new words should to remember.

The lesson is over. Thank you.


Экологиялық проблемалар
Мақсаты:Қоршаған орта тақырыбы бойынша жаңа сөздікті пайдалана отырып,оқушылардың білімін жаңа сөздермен байыту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, қосымша жұмыс, өз бетімен жұмыс істеу.

Сабаққа кірісу:

1 Сабақты ұйымдастыру.

2 Мұғалім: Бүгінгі уақытта экологиялық жағдайлар біздің елімізде қиын мәселелердің бірі. Біздің өміріміз өзіміз тұрып жатқан орнымызға байланысты.біз қоршаған орта туралы білеміз және біз бұл туралы интернеттен материалдар жинап оларды оқыдық. Осыған орай, сабақта көптеген тапсырмалар орындаймыз. Сендер бұған белсенді қатысып отыруларың керек.мен бүгінгі сабағымызды АҚШ-тың 35-ші президенті болған Жон Кеннедидің сөзімен бастамақшымын.

“Сен елің ,жұртыңнан сен үшін не істеу керектігін емес, керісінше сен елің үшін не істеу керектігін сұра”- Ж.Кеннеди.

(оқушыларға қайталатып, мағынасын түсіндіреді.)

Әрі қарай төмендегідей жұмыстар жасаймыз.

Мен банктің қожайынымын. Сен менің қол астымда істейсің. Егер сен өз үлесіңді алғың келсе, мына тапсырмаларды орындауың керек.

Әр тапсырмада 3 немесе 1 деңгей бар.

1-деңгей:күрделі емес, оның бағасы 3 долларлық сары түсті жетон.

2-деңгей күрделірек оның бағасы 4 долларлық көк жетон.

3-деңгей күрделі, оның бағасы 5 долларлық қызыл жетон.

Әр жауаптан кейін, осы карточкаларды алуыңа болады. Сабақтың соңында, өздерің жинаған долларларыңдың мөлшеріне қарай бағаланасыңдар.

(Оқушылардың білімдері жинаған доллардың құнына байланысты белгіленеді.)

15 $- жоғары – 5; 10 $ - орташа – 4; 5 $ - төмен – 3.

Сонымен сабақты бастайық.

1.Тапсырма:

1-деңгей.Төмендегі сөздердің ұғымдарына сай сәйкестендіріп жаз.

Көл, гүлдер, теңіз, фауна, орман, бензин, мусор, ластағыштар, жер, өзендер, флора, өсімдіктер, қатты қалдықтар.



Су

Қоршаған орта

Ластағыштар












2-деңгей. Кестені толтырыңдар

Тірі организм

Өлі организм









3-деңгей. Сөздерді бір-біріне сәйкестендіру.

  1. ресурстар а)қоршаған орта.

  2. әсер ету в)жақсарту,жетілу.

  3. жақсарту с)әсер ету.

  4. қоршаған орта g)қор.

  5. қауіп төну е)қaуіп төну

  6. айыру f)қауіпті.

  7. қауіпті d)айыру.

  8. азаптану h)айнала.

  9. қорғау і)айнала

  10. айнала j)қорғау.



2. Тапсырма.

1-деңгей. Сөздерді дұрыс қатарға қою.

Кішкене, ластану, зиян, азап шегу, өзен, организм, қоршаған орта, ішу, қарым-қатынас, қорғау, кесу.

Зат есім, Етістік

Зат есім

Етістік







2-деңгей..Синонимдерді табу.


  1. Ластағыштар.

  2. Зиян

  3. Айналада.

  4. Жер

  5. Әсер ету

  6. Қауіпті

  7. Қорғау

3-деңгей.Антонимдерді табу.

  1. Сау-саламат.

  2. Таза.

  3. Қауіпті.

  4. Тірі заттар.

  5. Зиян.


3. Тапсырма.

1-деңгей.Сөйлемдерді аударып, оларды дәптерлеріңе жазып алыңдар.

  1. We have discussed about the problem of environment.

  2. There are necessary water for plants,for animals,for people.

  3. We need to protect our nature.

Үйге тапсырма: Экология туралы тексті оқып келу. Жаңа сөздерді жаттау.

Бүгінгі таңда шешілуін күткен экологиялық дағдарыстан шығар ең басты жолдардың бірі - міне осы. Жаппай жұмырланбаса болмайды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Экологиялық проблемалар қазір тек бір өңірді немесе бір елді ғана қамтып отырған жоқ, бұл дүние жүзі мемлекеттерінің, барлық халықтардың алдында тұрған келелі де ушықты мәселеге айналып отыр. Әлемдік дәректедергі экологиялық жағдайы жақсарудың тұрақты бағдарын ұстану үшін адам санасын қалыптастыруда түбегейлі өзгерістер кажет. Экологиялық білім қоғамның әрбір мүшесіне бағытталып, оған табиғатты қорғау және көркейту шараларын үйретуді көздейді. Көп тілді білімді дамыту кезеңінде тіл білімімен қатар экологиялық білімін ұштастыру тиімді. Мұндай сабақтар қауымдастырылған сабақ беру арқылы да жүзеге асырылуға болады.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Асқарова У.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. –Алматы, 2007.

2.Қожахметова Қ.Ж. «Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері» Алматы 1993ж

3.Бейсенова Ә.С., Самақова А.Б., Есполов Т.И., Шілдебаев Ж.Б. Экология және табиғатты пайдалану. –А.: Ғалым. 2004.

4. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008. ЫСБН 9965-11-274-6

5. Қазақстан Республикасында 2004-2015 жылдарға арнаған экологиялық қауіпсіздікті сақтау туралы тұжырымдамасы. Астана. 2003.


Аннотация

В статье рассматриваются актуальные проблемы и вопросы подготовки специалистов в сфере специального образования в контексте современных требований рынка труда.



Annotation

The article deals with current problems and issues of training specialists in the field of special education in the context of today's labor market requirements.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет