Pisa, timss зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту


  Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамытудағы



Pdf көрінісі
бет4/77
Дата07.02.2022
өлшемі1,55 Mb.
#82184
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
Пиза
Пиза

Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамытудағы 
отандық және шетелдік тәжірибелер 
1.1 Функционалдық сауаттылықтың мәні мен маңызы 
 
«Функционалдық сауаттылық» ұғымына қатысты жүргізілген зерттеулерді 
қарастыра келе, бүгінгі таңда отандық және шетелдік ғалымдардың 
еңбектерінде «функционалдық сауаттылық» ұғымын түсіндіруде, мән-
мағынасын ашуда бірізділік жоқ екені байқалды.
Ең алдымен, «сауаттылық» ұғымын қарастырайық. Бұл термин ретінде 
ХІХ ғасырдан бері «жаппай сауатсыздықты жою» мәселесіне байланысты 
қолданылып келді. Ол заманда сауатсыздықты әлеуметтік мәселе ретінде 
қарастырған, яғни сауаттылықты «бастапқы оқу және жазу қабілеттілігі немесе 
хат тануы» ретінде таныған [5].
Қазіргі таңда бұл терминнің мағынасы «Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігінде»: «Сауаттылық – адамның әдеби тілдің нормаларына сәйкес ауызша 
және жазбаша сөйлеу дағдыларын меңгеруі» [6, 298 б.] – деп түсіндіріледі. 
Берілген анықтамада сауаттылық, жалпы, кең мағынасында алғанда, халықтың 
мәдени, әлеуметтік дамуының көрсеткіші ретінде қолданылса, контекстегі 
мағынасы оқыту үдерісінің сапалық көрсеткішінің бірі екенін меңзеп тұр. Бұл 
«Педагогикалық түсіндірме сөздікте» берілген «Сауаттылық – ана тілінің 
заңдары мен ережелерін оларды ауызша және жазбаша сөйлеуде пайдаланудың 
берік дағдыларымен үйлестіре отырып білуі» [7] деген анықтамаға мағыналық 
тұрғыдан жақын келеді.
Жалпы, сауаттылық ұғымының мән-мағынасын қарастырған ғылыми 
еңбектерде берілген анықтамаларды зерделей келе, олардағы ортақ пікір: 
«сауаттылық – белгілі бір деңгейде ана тілінің грамматикалық нормаларына сай 
оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру» екенін байқадық. Дегенмен, бүгінгі 
өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының мазмұны 
мен оны түсінудің сара жолдарын әлі де іздестіруді қажет етіп отыр.
Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи 
тұрғыдан өзгерді. Бүгінде сауаттылық ұғымының нақты мазмұны дара 
тұлғаның дамуына қойылатын қоғамдық талаптарға байланысты жаңа сипатқа 
ие болды. Кейінгі уақытта ол қарапайым оқу, жазу, санау біліктіліктерін ғана 
қамтып қоймай, адамның әлеуметтік үдерістерге саналы түрде қатысуына 
мүмкіндік беретін, қоғамдық қажеттігі айқын білімдер мен білік-дағдылардың 
жиынтығы ретінде қарастырылып жүр. Яғни, тұлғаның оқи білу, жаза білу, 
санай білу қабілеттерін қалыптастырудан гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге 
қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игерту, нақтылай айтқанда, 
функционалдық сауаттылыққа қол жеткізу өзекті мәселеге айналды. Қазіргі 
әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы әлеуметтік, 
экономикалық, технологиялық дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын 
талаптарының өзгеруі нәтижесінде «функционалдық сауаттылық» ұғымы кең 
тарала бастады.



«Функционалдық сауаттылық» ұғымы термин ретінде 1960 жылдары пайда 
болып, ЮНЕСКО құжаттарында алғаш рет қолданысқа енгізілген. Онда 
«функционалдық сауаттылық» оқу мен жазуды қоса алғандағы білім, білік, 
дағдылар жиынтығы ретінде анықталған болатын.
«Функционалдық сауаттылық» ұғымының мән-мағынасына үңіліп көрейік. 
«Функционалдық» сөзінің түбірі – «функция
»
(«function»).

С.И.Ожеговтың сөздігінде «функция» сөзінің мәні «Вызванный 


функционированием чего-нибудь, зависящий от деятельности, а не от 
структуры, строения чего-нибудь (книжн.)» – деп анықталған [8, 46 б.]. «Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігінде»: «фукционалды» ұғымы бір нәрсенің құрылысы, 
құрамынан емес, қызметіне қатысты, соның әрекетіне байланысты 
қолданылады» [6, 17 б.] – деген сипаттама беріледі. Бұдан «функция» ұғымы 
белгілі бір заттың атқаратын қызметіне немесе іс-әрекетіне қатысты 
айтылатынын түсінеміз. Мысалы, техникалық құрал-жабдықтарды алар болсақ 
(компьютер, сканер, принтер, т.б.), олардың әрқайсысының өз функциялары 
бар.
Ал «функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне 
байланысты қарастырылады. Мысалы: кез келген маманның атқаратын белгілі 
бір функциясы немесе қызметі болады, ол соның дұрыс атқарылуына жауап 
береді. Айталық, мектеп директорының, оқу ісі немесе тәрбие жөніндегі 
орынбасарларының әрқайсысының өзіндік лауазымдық функциясы бар және 
әрқайсысы өз бағыты бойынша жауапкершілікпен қызмет атқарады.
Ғылым тілімен айтсақ, функционалдық сауаттылықтың ерекшелігі – 
жылдам өзгеріп отыратын қоғамда барлығы үшін қажетті қолданбалы білімдер 
негізінде әртүрлі қызмет салаларында өмірлік мәселелерді шеше алуымен 
сипатталатыны. Яғни, функционалдық сауаттылық «адамның өмірдің және іс-
әрекеттің түрлі саласында қолданбалы білім негізінде қалыпты тіршілік 
міндеттерін шешу қабілеті» деген мағынада ұғынылады [9, 27 б.].
Сонымен, «сауаттылық» адамның білімділігіне қатысты ұғым екенін 
анықтадық. Яғни, сауатты адам деген сөздің түпкі мағынасы оқу, жазу, санау 
біліктіліктері қалыптасқан, грамматикалық тұрғыда таза, қатесіз жаза, сөйлей, 
оқи алатын, сондай-ақ қарапайым арифметикалық амалдардың көмегімен дұрыс 
есептей білетін адам ретінде танылады. Ал «функционалдық сауатты» адам 
деген ұғым белгілі бір кезеңге сай алған білімі мен білік-дағдысы негізінде 
сауатты іс-әрекет ете алатын адам деген мағынада қолданылады.
Сауаттылық ұғымы оны білім берудің әрекеттік аспектісімен бірлікте 
алғанда ғана мағынасы кеңейе түсіп, функционалдық сауаттылыққа ұласады. 
Олай болса, функционалдық сауаттылық дегеніміз – тұлғаның пәндік білім, 
білік, дағдыларын әлеуметтік-қоғамдық ортада кез келген жағдаятқа сәйкес 
еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі болып табылады.
Қазіргі қоғамда сауаттылық ұғымы кез келген іс-әрекеттің өлшемі, 
көрсеткіші ретінде қалыптасып, кең таралып отыр. Мысалы, музыкалық 
сауаттылық, техникалық сауаттылық, ақпараттық сауаттылық, компьютерлік 
сауаттылық, т.б. кездестіреміз. Бұл терминдер адамның өмірдің және іс-
әрекеттің түрлі саласында қолданбалы білім негізінде қалыпты тіршілік 



міндеттерін шешу қабілетін бағалау мақсатында қолданылып жүргені белгілі. 
Осыған байланысты функционалдық сауаттылықтың бірнеше түрін анықтауға 
болады (1-кесте): 
1) оқу және жазу сауаттылығы; 
2) математикалық сауаттылық; 
3) жаратылыстану-ғылыми сауаттылық; 
4) компьютерлік сауаттылық; 
5) заң және құқық мәселесіндегі сауаттылық және т.б. 
1-кесте. Функционалдық сауаттылық түрлері 
Сауаттылық мазмұны 
Құзыреттіліктер 
Оқу сауаттылығы 
- мәтінді дұрыс, саналы, түсініп оқу; 
- мәтін бойынша сұрақтар қою және сұрақтарға 
жауап беру; 
- оқығанын өмірмен байланыстыру, өмірден 
мысалдар келтіру; 
- оқыған мәтіннің мазмұнына байланысты өз ой-
пікірін білдіру, дәлелдеу 
Жазу сауаттылығы 
- дұрыс, таза, қатесіз жазу; 
- жазу барысында грамматикалық, синтаксистік 
және пунктуациялық нормалар мен ережелерді 
орынды қолдану, неліктен қолданғанын дәлелдей 
білу; 
- өз ойын толық, жан-жақты, жүйелі қағазға түсіре 
білу 
Математикалық 
сауаттылық 
- математиканың өмірдегі орнын түсіну, білу; 
- әр түрлі формада берілген сандық ақпаратты 
оқу, талдау; 
- есептерді шығарудың ыңғайлы тәсілдерін табу, 
орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру; 
- математикалық білімін өмірлік жағдаяттарда 
кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін 
қолдану 
Жаратылыстану-
ғылыми сауаттылық 
- қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан 
құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, 
жүйелеу, жалпылау; 
- заттар мен құбылыстардың негізгі және жанама 
белгілерін ажырату;
- алған білімін, қарапайым ғылыми зерттеу 
дағдыларын қолдану 



1-кестенің жалғасы 
Сауаттылық мазмұны Құзыреттіліктер 
Компьютерлік 
сауаттылық 
- компьютерде ақпарат іздеу; 
- компьютерде жұмыс істеу; 
- компьютерде түрлі бағдарламалар жасау
Ақпараттық 
сауаттылық 
- іздеп табу, іріктеу; 
- талдау, өңдеу, жалпылау; 
- тұжырымдау, есте сақтау, жағдаятқа қарай 
қолдану 
Коммуникативтік 
сауаттылық 
- өзіне қарата білу;
- пікірталасқа қатыса білу, өз пікірін дәлелдей 
білу; 
- басқаны тыңдай және түсіне білу 
-сұрақ қоя білу және нақты, толық жауап бере 
білу 
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық РІSА, TIMSS 
бағдарламалары шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылық 
жоғарыда көрсетілген үш сала – оқудағы және жазудағы сауаттылық, 
математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 
бағаланады. 
Кестеден көріп отырғанымыздай, функционалдық сауаттылықтың әрбір 
түріне байланысты белгілі бір өлшемдердің көмегімен мектеп түлегінің өмірге 
дайындығын, әлеуметтік ортаға бейімделу деңгейін бағалауға болады. Бұл 
жерде өлшем ретінде құзыреттіліктер алынып отыр.
Қазіргі таңда функционалдық сауаттылық ұғымы білім кеңістігіндегі 
білімді құзіреттілікке бағыттау парадигмасына байланысты туындап отыр. 
Қазіргідей пәндік білімге ғана негізделіп отырған оқу үдерісінде баланың 
жалпы 
дүниетанымының 
қалыптасуы, 
өміртанымдық 
дағдыларының 
жетілдірілуі, білімнің күтілетін нәтижеге бағытталуы мектепте жүретін 
қоғамдық-гуманитарлық, 
жаратылыстану-математикалық, 
эстетикалық-
технологиялық пәндердің жаңарған мақсат-міндеттерінен бастап оқытудың 
әдістемелік жүйесінің әр бөлігінің (білім мазмұны, оқыту түрлері, оқыту 
әдістері, білім нәтижелері) түбегейлі өзгертілу деңгейіне қатысты екені сөзсіз.
Мектептік білім беру жүйесін жаңа уақыт талабына орай жетілдіру білім 
беру 
жүйесін 
өзіміздің 
ұлттық 
болмысымызға, 
негізге 
алынған 
ұстанымдарымызға сай құруды қажет етеді. Осыған орай мектептегі берілетін 
білімді шынайы өмірмен ұштастырып, бастауыш мектеп бітіруші түлектерді 
үлкен өмірге дайындау қажеттігі туындайды. Сондықтан бастауыш мектеп 
оқушыларының меңгеруі тиіс білім, білік, дағдыларының жиынтығы, яғни 
оқытудың түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың бойында қалыптасатын 
құзіреттіліктер алынады.
Білім берудің нәтижесі ретіндегі құзіреттілікті ғалымдар (А.Хуторской, 
М.Ж.Жадрина, Н.Н.Нұрахметов, Ж.Т.Дәулетбекова) белгілі бір пәнге қатысты
 


10 
оқушының игерген іс-әрекет тәсілдерінің жиынтығы ретінде анықтады. 
Сондықтан қазіргі кезеңде Қазақстандағы білім беруде жаңа нәтижеге жетудің 
басым бағыттарының бірі ретінде білімділік бағыттан оқушылардың бойында 
құзыреттіліктерді қалыптастыру бағытына өту мәселесі қарастырылуда.
 
Құзыреттілік – межелеген мақсаттарға жету үшін оқушының ішкі (білім, білік, 
дағды, құндылық, психологиялық ерекшеліктер және т.б.) және сыртқы 
(ақпараттық, 
адами, 
материалдық 
және 
т.б.) 
ресурстарды 
тиімді 
ұйымдастырудағы дайындығының қалыптасуын көздейді. Мектепте берілетін 
білім ендігі жерде негізгі мақсатқа жетудің құралы болуы керек деп 
тұжырымдалды. Дәстүрлі мектепте білім баланың білімді болуы үшін ғана 
беріліп, сол берілген білімнің болашақта бала өміріне қаншалықты қажет 
екендігі қарастырылмады. Нәтижесінде бала түсініктерді, мәліметтерді, 
ережелерді, заңдылықтарды, біліктіліктерді және т.б. жаттанды түрде меңгеруге 
мәжбүр болды, ал мұғалім сол білімді меңгертуге (педагогикалық мақсат) тиіс 
болды. Егер оқу нәтижесі құзыреттілік деп анықталса, онда пәнді меңгертуден 
күтілетін нәтижелер оқушының өмірлік дағдыларымен сабақтастырылуы қажет 
болып саналады.
Сонымен, функционалдық сауаттылық – адамдардың (жеке тұлғаның) 
әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы 
және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы. Яғни бүгінгі 
жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Функционалдық 
сауаттылық – адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін 
жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: 
белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін 
дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде 
Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан 
дамыған азаматын қалыптастыру, оның өзгермелі әлемде әлеуметтік 
бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру 
болып табылады. 
Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың негізгі 
тетіктері бөліп көрсетіледі. Соның бірі білім беру мазмұнын (ұлттық 
стандарттар, оқу бағдарламалары) жаңарту болып табылады. Ол үшін мұғалім 
білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және 
әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді 
сіңіруі керек. Олардың бастылары мыналар:
– басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);
– ақпараттық (өздігінен ақпарат көздері арқылы үнемі білімін көтеріп 
отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштауы);
– коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шетел) тілдерінде 
ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау);
– әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті);
– тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, 
дағдыларды игеру, болашақ кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен 
күрделілігіне төзімді болу);


11 
– азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін 
терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын 
түсінуі);
– технологиялық (әр азаматтың өз мамандығына қарай ақпараттық 
технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты 
пайдалануы) [4].
Бұл құзыреттіліктер – жалпылама анықталған білім, білік, дағдылар 
кешені. Оларды осы күйінде алып, бастауыш мектепке көшіре салуға 
болмайды. Бастауыш сыныптарды бітірген түлектің бойында қалыптасуы тиіс 
құзыреттіліктер бастауыш мектеп жасындағы балалардың физиологиялық, 
психологиялық ерекшеліктері мен педагогикалық мүмкіндіктеріне және 
бастауыш білім беру сатысында берілетін білімнің мазмұны мен көлеміне, 
оқытудың мақсат-міндеттеріне сәйкес анықталады. Оларға тұлғалық-азаматтық, 
әлеуметтік, коммуникативтік, басқарушылық, ақпараттық құзыреттіліктерді 
жатқыздық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет