Pisa, timss зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту



Pdf көрінісі
бет5/77
Дата07.02.2022
өлшемі1,55 Mb.
#82184
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
Пиза
Пиза
Тұлғалық-азаматтық құзыреттілік
оқушылардың адами қасиеттерін, 
патриоттық, ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімін, жалпы мәдениеттілігін, жеке 
әлеуетін қалыптастыруды, олардың өз құқықтары мен міндеттерін білуін, 
сонымен қатар, ұжымға бейімделуін қамтамасыз ететін кешенді құзыреттілік. 
Бұл құзыреттілік бастауыш білім беру деңгейінде төмендегідей нәтижелерден 
көрінеді.
Тұлғалық-азаматтық құзыреттіліктің қалыптасуы: 
– өз Отанына деген мақтаныш сезімін білдіре алуынан; 
– дүниежүзілік картада өз елінің орналасқан жерін білуінен; 
– өз елінің жетістіктеріне қызығушылық білдіруінен
– өз елінің әнұраны мен мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстан 
Республикасының Конституциясына құрмет білдіруінен; 
– өз халқы және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да 
халықтардың тіліне, мәдениетіне, тарихына құрметпен қарауынан; 
– тілектестік, қайырымдылық сезімдерін білдіруінен, басқа адамдарға 
түсіністікпен қарауынан; 
– өзінің тұлғалық оң қасиеттерінің дамуына деген ұмтылысынан; 
– өзін қоғамның толық құқылы мүшесі ретінде сезінуінен, жасына сәйкес 
әртүрлі әлеуметтік рөлдерді орындау қабілеттілігінен;
– өз іс-әрекетіне дербестік пен жеке жауапкершілікті көрсете білуінен; 
– адамның жағымды және жағымсыз қасиеттерін айыра білуінен; 
– денсаулықты сақтау және өмір қауіпсіздік ережелерін білуінен; 
– шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеуге ұмтылысынан;
– өнер түрлері мен нақты нысанды зерттеуге қызығушылық білдіруінен 
көрініс табуы тиіс. 
Әлеуметтік құзыреттілік
қоғам, қоғамдағы ережелер мен өзін-өзі ұстау 
тәсілдері туралы білімді, әлуеметтік-қоғамдық ортада болып жатқан 
құбылыстарды, өзгерістерді немесе жаңалықтарды түсіну, талдау, жалпылау, 
қорытынды шығару біліктілігін, өмірдегі түрді жағдаяттарда жеке басы мен 


12 
қоршаған қоғамдық ортасына тиімділігі тұрғысынан шешім қабылдауды және 
соған сәйкес әрекет етуді білдіреді.
Әлеуметтік құзыреттіліктін қалыптасуы:
– ұжымдық, қоғамдық, әлеуметтік еңбек өміріне қатысу белсенділігінен;
– топ және ұжымда жұмыс істеу білігінен; 
– ұжымда әртүрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруінен;
– қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынастың этикалық нормаларын 
сақтауынан; 
– отбасы мүшелері мен қоршаған адамдарға ізгілік, қайырымдылық 
білдіруінен, отбасының салт-дәстүрін құрметтеуінен, отбасындағы өзіне 
қатысты міндеттерді орындауынан; 
– болып жатқан әлеуметтік оқиғаларға қызығушылық білдіруінен көрініс 
табуы тиіс. 
Басқарушылық құзыреттілік
өз іс-әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру
бақылау, реттеу және талдау білігін болжайды.
Басқарушылық құзыреттіліктің қалыптасуы: 
– жас ерекшеліктеріне сәйкес ұжымда және отбасында оқу, қоғамдық және 
еңбек іс-әрекетін жоспарлау білігінен; 
– туындаған міндеттерді шешетін тәсілдерді табу, ұсыну, қабылдау 
білігінен; 
– әртүрлі бақылау формаларының (өзін-өзі бақылау, өзара бақылау) негізгі 
құралдарын меңгеру білігінен; 
– ұжымда ұйымдастырушылық білігінің байқалуынан; 
– шығармашылық іс-әрекетіне деген талабынан көрініс табуы тиіс. 
Коммуникативтік құзыреттілік
тілдің грамматикалық және синтаксистік 
нормаларына сәйкес ауызша және жазбаша сөйлеудің формаларын меңгеруді, 
мәдени қарым-қатынас нормасын сақтауды болжайды. 
Коммуникативтік құзыреттіліктің қалыптасуы: 
– өз ана тілін және мемлекеттік тілді білуінен;
– сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерін (айтылым, тыңдалым, оқылым, 
жазылым) меңгеруінен; 
– әртүрлі іс-әрекет түрлері жағдайында адамдармен өзара қарым-қатынас 
жасау білігінен; 
– құрдастарымен, кіші жастағы балалармен және үлкендермен қарым-
қатынас жасау шеберлігінен; 
– сөйлеу мәдениеті ережесін сақтауынан;
– диалогиялық және полилогиялық қарым-қатынасқа қатысу білігінен
– мәселені ұжымда талқылауда тыңдай және оған қатыса алу білігінен; 
– өз ойын дұрыс, толық, жүйелі және нақты жеткізе алу білігінен;
– тілдің грамматикалық және синтаксистік нормаларына сәйкес сөйлеудің 
монологтық және диалогтық формаларын меңгеруінен көрініс табуы тиіс. 
Ақпараттық құзыреттілік
оқулық, әдеби, энциклопедиялық және 
анықтамалық кітаптар мәтіндерінен әртүрлі ақпаратты табу, таңдау, іріктеу, 
талдау, қайта өңдеу, қолдану біліктіліктері мен дағдыларын көздейді. 
Ақпараттық құзыреттіліктің қалыптасуы:


13 
– ақпаратпен жұмыс істеу білігінен;
– зерттеушілік іс-әрекет негізін меңгеруінен;
– бір-бірімен ақпарат алмасу білігінен; 
– оқу мәтінімен өздігінен жұмыс істеу білігінен;
– қосымша материалдардан танымдық сипаттағы материалдарды іздеу 
білігінен;
– ақпараттық-танымдық іс-әрекет дағдыларын меңгеруінен көрініс табуы 
тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет