ПОӘК 042-18-28 16/03-2014. № басылым



бет3/7
Дата19.04.2018
өлшемі1,78 Mb.
#40229
1   2   3   4   5   6   7

Жоспары:

Қазақ тілінің сөздік құрамы мен негізгі сөздік қоры.

Сөздік құрамының жалпы сипаты.

ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті


Негізгі сөздік қордың басты белгілері.

Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның арақатынасы.

Түркі тілдеріне ортақ сөздер.

Мазмұны: Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы тілдің сөздік құрамы деп аталады. Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын, күнкөріс тіршілігін, кәсібін түгел қамтып көрсетеді. Белгілі бір халықтың қоғамдық, шаруашылық, мәденн тұрмысы неғұрлым күрделі болса, соғұрлым сол тілдің сөздік құрамы да бай болады деген сөз. Мәселен, 17 томдық «Қазіргі орыс әдеби тілінің сөздігіне» 120480 сөз енген екен. Бұған енбей қалған қаншама сөз бар десеңізші. Алайда сөздікке енген сөздердің бәрі осы тілде сөйлейтіндерге түп-түгел таныс болмауы мүмкін. Кейбіреуі танымал болғанымен, енді біреулері мүлдем бейтаныс болуы ғажап емес. Сол сияқты «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» (1974) бірінші томына ғана (А–Ә) 5310 сөз енген. Ал ол сөздік он том болып шықты. Кез келген қазақ осы сөздерді түгел біледі, таныс деп айту қиын. Сонда сөздік құрамындағы сөздерді, қолдану жиілігіне қарай, актив сөздер (жиі қолданылатын) және пассив сөздер (сирек қолданылатын) деп, екі салаға бөлуге болады.

Актив сөздерге осы тілде сөйлейтін адамдар тек түсініп қана қоймай, өзінің сөйлеген сөзінде жиі қолдана білетін сөздер жатады. Демек, актив сөздер осы тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ болып табылады. Бұған күнделікті өмірде өзіміз айтып, әрі естіп жүрген таныс сөздердің бәрін жатқызуға болады. Пассив сөздерге көпшілік түсінгенмен, бірақ онша жиі қолдана бермейтін сөздер кіреді. Бұған әр ғылымның өзіне ғана тән тар көлемдегі терминдері, көнерген сөздер тарихи сөздер, кәсіби сөздер, кітаби лексикалар жатады. Актив сөздер мен пассив сөздердің шекарасы қатып қалған дүние емес, жылжымалы өзгермелі деп түсіну қажет.

Сөздік құрамдағы сөздер түрлі принципке негізделіп, өзара әлденеше топқа бөлінеді:

1) Әдеби лексика мен диалектілік лексика сөздің әдеби және әдеби еместігіне қарай бөлінуі;

2) Жалпы халықтық лексика мен арнаулы лексика – әдеби тілдегі сөздердің халыққа таныс және онша таныс еместігіне қарай бөлінуі;

3) Бейтарап сөздер мен экспрессивті сөздер – тілдегі сөздің жұмсалу аясы мен көркемдік мәніне қарай бөлінісін көрсетеді. Сөздік құрамдағы сөздер тілдегі өмір сүру тарихына, тұрақтылығына қарай да бір-бірінен ажыратылады. Қазақ тілінің байырғы сөздер түбірлеріне тән мынадай белгідері бар:

1. Толық мағыналы, көп мәнді болады,

2. Бір буынды болып келеді,


ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті


3. Өзге түркі тілдеріндегі байырғы түбірлерімен дыбысталуы жағынан да, мағынасы жағынан да ұқсас, тектес, мәндес келеді. Мысалы: жел, кел, от, көз, төс, жыл, құс, қал, ай, қой, кес, көш, от, сан, сең, ор, өр, қаз, аш, күз, күн, көп, ат, жас, тас, қол, мол, кет, ет, ақ, бас, бар, бер, бел, көк, т.б.

Тілімізде өте ертеден өмір сүріп келе жатқан, сонымен қатар жаңа сөздер жасауға бірден-бір ұйытқы болған, аз буынды көп мәнді жалпы халықтық сөздер негізгі сөздік қор болып есептеледі. Бұлардың сан мөлшері, көлемі сөздік құрамдағы сөздерден әлдеқайда (анағұрлым) кем болады.

Қазақ тіліндегі барлық сөздің жиынтығы сөздік құрам болса, негізгі сөздік қор солардың қайнап шыққан, өсіп-өнген негізгі көзі, қайнар бұлағы деп танылады. Яғни негізгі сөздік қор - баяғыдан келе жатқан өнімді сөздердің тобы. Негізгі сөздік қор болмаса, сөздік құрамдағы сөздер де көбейіп, байымас еді. Негізгі сөздік қор ұзақ өмір сүргендіктен және ең қажетті сөздер болғандықтан, бір тілде сөйлейтін барлық адамға, барша ұрпаққа бірдей қызмет атқарады. Сонымен бірге бұлар тілдегі стильдік тармақтар мен әдебиет жанрының ешқайсын жатырқамайды, бәріне ортақ түрде жалпылама қолданыла береді. Демек, негізгі сөздік қордағы сөздер өзінің жасамалы тұрақты қасиетімен, жалпы халықтық ортақ қызметімен сипатталады. Жаңа тіркес, жаңа сөз жасаудағы өнімді де белсенді әрекетімен көзге түседі. Қоғам өміріндегі болып жатқан түрлі жаңалықтар мен өзгерістер барлығы да тілге әсер етеді. Әсіресе оның лексикасы өзгеріске неғұрлым бейім, неғұрлым сезімтал келеді. Тіл адамның барлық жұмыс саласындағы іс-әрекеті мен түгелдей байланысты болғандықтан, сөздік құрам адам өмірінде не бар соны дереу және тікелей көрсетіп отырады.

Ұлы Октябрь социалистік революциясынан бергі кезеңде ғана қазақ тілінің сөздік құрамында мынадай басты өзгерістер болды:

1. Қазақ тілінің лексикасы бұрынды-сонды тарихта болып көрмеген күшті қарқынмен дамып, жаңа сөздермен толығып, кемелденіп байыды. Бұлар жаңа өндірістің, жаңа ауыл шаруашылығының, жаңа системаның, жаңа мәдениеттің, жаңа моральдың, техника мен ғылымның дамуымен байланысты тасқындап енді.

2. Ескі салт–сана, әдет–ғұрыпқа қатысты, көне құрылыспен көне тұрмысқа байланысты бірқыдыру сөздер күнделікті қолданыстан шығып қалды. Сөйтіп сөздік құрамдағы пассив сөзге айналды. Мысалы: барымта, әменгер, дүре, қалың мал, болыс, малай, жалшы, шабарман, кебеже, ұлық, сәукеле, бесік құда, ұрын келу, отқа салар т.б.

3. Сөздік құрамдағы бірқыдыру сөздердің мағыналары түрлі өзгеріске ұшырады. Бұлардың өзін бірнеше топқа бөліп қарауға болады:


ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті


а) Көптеген сөздер бұрынғы мағынасының үстіне жаңадан мағына қосып, көп мағыналы болып қалыптасады. Мәселен, тап деген сөз революциядан бұрын ел, ру, ата (тек) ұғымында ғана жұмсалатын еді. Қозғамбайдың табы Бәйнеке атанатын. Бір жерде 12–13 үй қыстайтын (Қ. Тайшықов). Соңғы 60–65 жыл ішінде бұл сөздің бұрынғы тар мағынасы мүлдем кеңейіп, орыстың класс деген саяси термин сөзінің қазақша баламасы болып, түпкілікті қалыптасты. Сөйтіп бұл сөз адамның туыстық қатынасын ғана емес, сонымен бірге олардың қоғамдағы байлықтан алатын орны мен үлесіне қарай топтасқан жітін де білдіретін болды. Бұл сөз тіл біліміндегі сөз табы деген жаңа терминді жасауға да негіз болды. Сонымен тап деген сөз ең қысқа мерзімнің ішінде-ақ ең актив көп мағыналы сөзге айналып кетті.

ә) Бұрынғы мағынасынан қол үзіп, басқадай мағынаға ие болған сөздер де кездеседі. Мәселен бұрын ұран деген сөз ел мен ел, ру мен ру жауласқанда, ат жарыстырып, балуан күрестіргенде ата-бабасының аруағын шақырып рухтандыруды білдірген болса, қазір қоғамдық саяси мән бар үндеу, шақыру дегенді білдіріп отыр. Сол сияқты жасақ деп бұрын әскер қол мағынасында айтылса, қазір коғамдық тәртіпті сақтайтын ерікті жастар, қызметкерлер ұйымын (жасақшы) айтатын болдық.

б) Кейбір сөздің бұрынғы заттық мағынасы ұмытылды да, оның қосымша мағынасы актив болып айтылып жүр. Мәселен, талқы деген сөздің кұрал мағынасынан гөрі, оның дискуссия ұғымы күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылады.

г) Бұрын көп мағыналы болып келген кейбір сөздері қазір мағынасын тарылтып, аз мағыналы сөзге айналған. Мәселен, бұрын ел билеген үстем тап өкілдерін жуандар, күштілер деп атаған еді. Қазір бұл сөздер ол мағыналағынан мүлдем қол үзді.

д) Енді бір сөздердің экспрессивті - эмоциялық мәні өзгерген. Яғни революциядан бұрын жағымды стильдік мән туғызса, енді жағымсыз мағынаға ауысқан немесе керісінше қалыптасқан. Мәселен, ұлық, төре, мырза, атқамінер, қасқа менен жайсаңдар деген сөздер бұрын ең қадірлі сөз болса осы кезде бұл сөздер жағымсыз мән тудырып отыр. Қазір бұл сөздердің орнын халық қалаулылары, халық сүйген кандидат, Еңбек Ері, еңбек озаты, басшылар, екпінділер деген толып жатқан жаңа сөздер басты. Сондай-ақ, нашар, бұқара, кедей, шаруа дегендердің де стильдік мәні өзгерді, жағымсыздан жағымдыға ауысты. Бір дәуірдегі жаңа сөз көнеге, көнесі жаңаға, аз мағыналы сөз көп мағыналыға актив сөз пассивке, пассив сөз активке, бейнелі сөз қарапайым сөзге, жай сөз бейнеліге ауысып отыру заңдылығы әрбір тілдің сөздік құрамына тән нәрсе. Бұлар үздіксіз дамып, үнемі толығып өзгерумен болады. Мұндай заңдылықтар әлі де бола бермек.

ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті


Біз енді қазақ тілінің сөздік құрамындағы сөздердің шыққан арналары мен пайда болған жолдарына тоқталайық.

Түрік тілдеріне ортақ сөздер.

Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан, оның даму тарихы сол тілді иеленушілердің тарихымен тығыз байланысты. Алуан түрлі халықтар бір-бірімен өзара қарым-қатынаста өмір сүреді. Түрік тілдері ежелден көршілес отырып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болған. Бұл халықтардың өмір сүрген мекен-жайы, қонысы ғана іргелес болып қоймаған, бұлардың тұрмыс тіршілігі, әдет-ғұрпы, мәдени өмірі көбінесе ортақ болып келеді. Сонымен қатар бұл халықтар генетикалық байланысы бар, өзара туыс, әрі тектес түркі тілдерінде сөйлейді. Қазақ тілінін төл сөзіне негізінен сонау көне заманнан бері қарай өзімен қоса жасасып, атадан балаға өшпес мұра болып, бірден-бірге үзілмей келе жатқан байырғы жасамалы сөздер жатады. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорындағы байырғы сөздері шығу төркіні жағынан қарағанда, осы тілдерге еншілес сөздер болып келеді. Бұл сөздер қазақ әуелі халық, одан ұлт болып құралып, түрік тілдерінен өз алдына жеке бөлінбей тұрып пайда болған. Сондықтан олар түрік тілдеріне ортақ сөздер, я болмаса, жалпы түрікті сөздер деп аталады. Түрік тілдерінің тектестігін дәлелдейтін ортақ сөздердің мынадай түрлері кездеседі:

1.Анатомиялық атаулар: бас, кұлақ, көз, қас, аяқ, тізе, буын, шаш, төбе, маңдай, кірпік, қол, ауыз, тіс, бел, арқа, ерін жақ, т.б.

Мал атаулары: құлын, тай, бие, қысырақ, айғыр, ат, жылқы, іңгең, түйе, бура, бота, бұқа, өгіз, сиыр, бұзау, қой, қозы, лақ, т.б.



2.Туыстық атаулар: ата, ана, іні, келін, қатын, абысын, күйеу, ұл, қыз, ер, аға, құда, жиен, нағашы, бажа, әке, шеше, жезде, балдыз, сіңлі. бөле т.б.

3.Жан-жануар, аң, жәндік атаулары: қоян, түлкі, тиын, арыстан, піл, доңыз, аю, шымшық, қаршыға, қырғи, қарақұс, бөрі, қарға, бүркіт, қаз, үйрек, ит, жылан, құрт, шыбын, бүрге, қандала, маса, тышқан т.б.

4.Табиғат құбылыстарының атаулары: жел, су, өзен, көл, ағаш, тас, ай, күн, жұлдыз, үркер, құм, саз, түп, түс, жауын, бұршақ, қар, жер, тау, теңіз, жаз, күз, таң т.б.

5.Түр-түсті, сапа-сынды білдіретін атаулар: қызыл, жасыл, қара, сары, ақ, көк, қоңыр, сұр, жирен, торы, қысқа, ұзын, қалың, жұқа, биязы, ауыр, жаңа, көне, ескі, ыстық, суық, тәтті, ащы, сұйық, қою т.б.

6.Сан есімдер: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, жүз, мың, жарты т.б.

7.Есімдіктер: мен, сен, ол, біз, анау, сонау, кім, не, қайсы, қалай, қанша, неше, барша, өзі, ешкім, ештеңе, түгел т.б.


ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті


8.Қимыл атаулары: кел, кет, жүр, кір, бар, қаш, көгер, ал, бер, қой, қал, өс, өт, өл, ер, т.б.

9.Үстеулер: ерте, кеш, ілгері, жоғары, төмен, қашық, алыс, шалғай, тез, жылдам, бұрын, түнде, жазда, қыста, күзде, жай, бәсең, т.б.

10. ІІІылау сөздер: немесе, мейлі, дейін, соң, түгіл, таман, үшін, мен, да, және, тұрмақ т.б.

Осындағы сөздер өзге түрік тілдерінде түр-тұрпаты жағынан сәл өзгешеліктері болғанымен, мән-мағынасы жағынан көбінесе үйлес келеді. Түрік тілдеріндегі мұндай ұқсастық бұл халықтардың негізі бір туыстас халықтар екендігін дәлелдейді. Алайда бұл тілдердің өзара ұқсастығы мен арақатынасы нақ бірдей емес. Біреулері тым жақын болса, екіншілері өзгешелеу, алысырақ. Тілдік жалпы ұқсастық, жақындастық белгілеріне қарай түрік тілдері іштей бірнеше топқа жіктеледі. Қазақ тілі туыстық жақындастық жағынан түрік тілдерінің ішіндегі қарақалпақ, ноғай, қырғыз, башқұрт, татар, құмық тілдерімен топтасып, түрік тілдерінің қыпшақ тілі тобын (батыс тобын) құрайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  • Түркі тілдерінің тектестігін дәлелдейтін ортақ сөздердің қандай түрлері бар?

  • Актив және пассив сөздер дегеніміз не?

  • Сөздік құрамның толығу жолдарын ата?

  • Күрделі сөздер, қос сөздер, біріккен сөз ерекшелегі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Болғанбайұлы Ә. Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – А: Санат, 1997

  • Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А, 1962

  • Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – А, 2002

№6 Дәріс тақырыбы: Өзге тілдерден енген сөздер

Жоспары: Монғол тілдерінен енген сөздер. Араб, парсы тілдерінен енген сөздер. Орыс тілінен енген сөздер. Кірме сөздердің лексикалық, семантикалық, фонетикалық және грамматикалық жағынан игерілуі.

Мазмұны: Түркі тілдерінде сөйлейтін халықтардың (әзербайжан, башқұрт, қазақ, қарақалпақ, татар, тува, түркімен, өзбек, ұйғыр, хакас, якут т.б.)

тілдерінде көптеген орыс тілінен енген сөздер бар. Ол сөздердің ішінде Қазан революциясынан бұрынғы енгендері де, кейін енгендері де жиі кездеседі. Түркі тілінде сөздердің ұлы орыс халқының тілінен көптеп енуі, әсіресе кеңес дәуірінде болды. Кеңес дәуірінде енген сөздердің басым көпшілігі ғылым мен техниканың, мәдениет салаларына байланысты терминдер, жаңа туған сөздер.


ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті


Орыс тілінен түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне, ертеректе еніп қалыптасқан сөздердің сіңісіп кеткені соншалық, олардың басқа тілдік сөздер екені бірден аңғарылмайды да. Мысалы: доға, қамыт, бишік, жәшік, самауыр, бәтеңке, әшмөшке, бөтелке, жәрмеңке, кір, сот, түрме, сәтен, барқыт.

Осы сияқты түркі тілдерінен де орыс тіліне бірсыпыра сөздер ауысқан. Зерттеушілер орыс тілі лексикасындағы мына сөздерді шығу төркіні жағынан түркі тілдерінің сөздері деп есептейді: арба, арбуз, аргамақ, арық, алтын, аршин, бай, баклажан, балық, барыш, башмақ, беркут, буран, барсук, басмаш, вьюк, деньги, изюм, ишак, кабан, каракуль, кинжал, кишлак, кумыс, камыш, каторга, капкан, кендирь, кочевать, курган, курдюк, лошадь, отара, сабан, сазан, саксауыл, саман, тесьма, тулуп, туман, табун, сау-сағыз, урюк, утюг, чабан, чекмень, шаровары, янычары.

Түркі тілдері мен орыс тілдерінің бір-бірімен жоғарыдағыдай сөз алысуы бұл тілдерде сөйлейтін халықтардың жүздеген жылдар бойына қоныстас, көршілес елдер болып, экономика мен мәдениет саласында қарым-қатынас жасап кетуінің нәтижесінде болды.

Қазақ тіліне орыс тілінен енген одеколон, араб тілінен енген табиғат деген сөздердің білдіретін ұғымы қазақтың иіссу, жаратылыс деген төл сөздерінің үғымынан басқаша емес. Километр - шақырым, доктор - дәрігер, шекер - қант, труба - мұржа, құрмет - сый, дидар - бет, қайрат - күш тәрізді синонимдік қатарлардың да алдыңғы сыңарлары - басқа тілдік сөздер. /1,202-204 беттер/

Қазақ тілі лексикасының құрамындағы басқа тілден ауысқан сөздер қалыптасу жөнінен түрлі дәрежеде.Қазақ лексикасының кірме сөздер арқылы баюы. Әрбір тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды. Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден де ауысып алу арқылы да өз тілін байытып, жетілдіріп отырады. Қазақ халқының ертедегі даму тарихына көз жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз байланыста болғандығын көреміз. Бұл жағдайында «Қазақ ССР тарихында» былай деп жазған. «Қазақстан жеріндегі халықтардың Қытаймен, Орта Азиямен, Вольга Булгариясымен және Киев Русімен сауда байланысы өрістеген. Қазақстанның, әсіресе, батыс, солтүстік-батыс аудандарының халқы Руспен өте-мөте берік байланыс жасап тұрған. Русспен, Шығыс Европаның басқа халықтарымен арадағы осы сауда байланыстарында негізгі делдалдыққа жүргендер булгарлар, хазарлар, онан кейін печенегтер мен половецтер болған. Византияның деректері Орта Азия халықтары мен Шығыс Европа халықтарының арасында біздің заманымыздың VI ғасырынан бастап-ақ керуен саудасы болғанын айтады. Осындай айырбас пен мәдени өзара байланыстар Қазақстан тайпалары мен халықтары мәдениетінің дамуында үлкен роль атқарған.

ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті


Ел мен елдің арасындағы ежелгі достық қарым-қатынастың болғандығы ана тіліміздің сөз байлығының құрамынан да айқын байқалады. Бір халық пен екінші халық ертеде тек мал-мүлік пен киім-кешек, ыдыс-аяқ сияқты жалаң заттарды ғана сөздерінің арасындағы саралану, орнығу жөніндегі ішкі «тартыс» біржола аяқталып біткен процесс емес, әлі де азда болса да жүріп жатқан құбылыс екендігін көреміз.

ә) Монғол тілдерінен енген сөздер. Қазақ халқы XII-XIV ғасырларда Монғол халықтарымен де белгілі қарым-қатынаста болғандығы тарихтан мәлім. Соның нәтижесінде монғол тілдерінен қазақ тіліне бірсыпыра сөздер ауысып келіп, сөздік құрамды молайтуға азды-көпті себі тиген, Монғол тілдерінен ауысқан сөздерді тек монғол шабуылымен ғана байланыстыруға болмайды. Көршілес тұрып, тікелей күнделікті қарым-қатынас жасау арқылы да кірме сөздер көптеп еніп отырған. Қазақ халқының жарық жұлдызындай болған ғалымы Шоқан Уалиханов сөздер бар екендігін кезінде тап басып, айтқан болатын. Бұл пікірді онан кейінгі зерттеушілер де қолдап жүр.

Монғол тілдерінен түркі тілдеріне немесе түркі тілдерінен оларға қандай сөздер ауысқан және қашан ауысқан, қандай себептермен ауысқан деген сұрауға бірден жауап беру өте қиын мәселе. Бұл әлі әбден де елденіп, терең жан-жақты тексеріліп, түпкілікті шешілмеген. Зерттеушілердің бәрі де қазақ пен монғол халықтарының өзара сөз ауысу құбылысын өткен дәуірлердің жемісіне жатқызады. Шындығы да солай сияқты. Бұл екі түрлі халықтың тілдерінде тұлғасы (дыбысталуы) мен мағынасы ұқсасып, тектес, әрі әндес болып келетін сөздер көп-ақ. Мысалы: ноен (ноян), нокор (нөкер), нүүә (нұр), отор (отар), жил (жыл), жим (жым), жороо (жорға), магнай (маңдай), монғ (мәңгі), мәч (ин) (мешін), санаа (н) (сана), сүүн (н) (сүт), төмөр (темір), түг (ту), тунамал (түнемел), тэгш (тегіс), тэнгэр (тәңір), хавх (қақпан), айран (қайран) хайч (ин) (қайшы), хатан (қатын), хөл (көл), хөк (көк), хуч (ин) (күш), бүэт (бүгін).

Орыс тіліндегі терминдерді қазақша сөзбе-сөз аударып алуда мынадай игілікті ықпалдар болды:

1. Орыс тіліндегі сөздерге лайықты балама іздеп табу нәтижесінде кейбір дублет сөздер - мағына алып, бір-бірінен сараланып бөлініп кетті.

Мәселен, оқу-білім-ғылым-ілім сияқты бұрынғы синонимдес сөздер қазір жеке-жеке мағынаға ие болып, өзара сараланып отыр. Мысалы: оқу-учеба, білім-знание, ғылым-наука, ілім-учение. Сол сияқты ту (знамя)мен жалау (флаг), қолғап (рукавица), пен биялай (перчатки), темекі (табак), мен шылым (папироса), кінә (вина) мен күнә (грех) тәрізді жарыспа сөздердің жігі бір-бірінен ажырап, нақтылана түсті.

2. Орыс тіліндегі термин сөздерді қазақша аударып алуда кейбір аз мағыналы сөздер активтеніп, белсенді қызметке жегілді. Соның нәтижесінде

ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті


дара мағыналы сөздер көп мағыналы болып қалыптасты. Яғни кейбір сөздердің семантикалық шеңбері кеңіп, сапа жағынан дамыды. Мәселен, орыстың фонд, запас, резерв деген үш түрлі сөзі қазақтың қор деген бір ғана сөзінен аударылып жүр. Сол сияқты орыс тіліндегі строй, стройка, строение, устройство, строительство, постройка, тәрізді бірнеше терминге қазақша құрылыс деген жалғыз сөз балама болып алынған. Вывод, заключение дегендердің мағынасы қорытынды деген сөзбен берілген.

3. Орыс тіліндегі терминдерге лайықты атаулық баламалар табу үстінде күнделікті қолданысқа түспей, қалтарыста қақас алып жүрген ана тіліндегі кейбір көнерген сөздер мен жергілікті сөздер активтеніп қайтадан іске қосылған. Мәселен терминологиялық сөздікте стрелка деген сөз тіл, жебе болып екі түрлі сөзбен берілген. Здание-ғимарат, үй, жай, тиф - сүзек, кезік: перепонка - жарғақ, желқабық; мочевой - несеп қуығы, тынжы; испражнение - нәжіс, дайрақ, ұлы дәрет болып, орыс тілінен қазақшаға аударылған. Осындағы жебе, ғимарат дегендер – архаизмдер, кезік, желқабық, тынжы, дайрақ дегендер жергілікті сөздер. Қажетті жерінде бұлар да әдеби тілдің белгілі кәдесіне жараған.

4. Орыс тіліндегі терминдерді аударып алуда кейбір казақтың төл сөзі бұрынғы негізгі мағынасының үстіне терминдік жаңа мағына қосып алған. Мәселен, сыбаға, деген сөз бұрынғы мағынасының үстіне орысша удел (сыбағалы салмақ) деген терминдік мағына, жеу, құрбан ету дегендер орысша жертва деген спорт терминінің орнына колданылады. Мешел деген сөз медицинада рахит, ал теміреткі экзема деген, сөздердің орнына балама етіп алынған.

5. Орыс тіліндегі терминдерді қазақшаға-аудару барысында тіліміздегі көптеген жұрнақтар, әсіресе -у, лық/лік, -ыс/-іс, ма,-ме сияқты аффикстер белсенді қызметке жегіліп, сөзден сөз тудыру кабілеті мейлінше кеңейгендігі байқалады. Мысалы: созревание – пісу, жетілу; увольнение – босату, шығару; отравление улану, ұшыну; поощрение мадақтау, көтермелеу, кружок үйірме, надстройка қондырма, колебание тербеліс, литье - құйма, плавка балқыма, доказательство дәлелдеме, соединение қосылыс, осыпь қорым, жиналма; решение шешім, донесение хабарлама т.б.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Орыс тілінен енген сөздер, олардың қолданылуы туралы айт.

2. Кірме сөздер категориясы дегеніміз не?

3. Кірме сөздердің фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктері.

4. Кірме сөздердің қолданылу аясы, пассив және активтілігі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Болғанбайұлы Ә. Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –

А: Санат, 1997

ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті




  • Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А, 1962

  • Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – А, 2002

3 Модуль. Лексикография

№7 Дәріс тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні.

Жоспары:

1. Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері.

2. Әдеби тілге тән басты белгілер.

3. Әдеби тілдің стильдік тармақтары.

4. Тілдік стиль туралы ұғым.

Қоғам мүшелерінің бір-бірімен қатынасы олардың бәріне бірдей түсінікті ортақ іл арқылы жасалады. Ол ортақ тіл жалпы халықтық тіл деп аталады. Қолдану ерекшелігіне қарай жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша түрлері болады. Тіл мен сөз әрқашанда диалектикалық бірлікте қаралады. Тіл мен сөзді бір-бірінен бөліп ажырату үшін, ең алдымен тілдің қандай элементтерден тұратынына көңіл аударған дұрыс. Тіл құрайтын элементтер : морфема, сөз, сөз тіркесі және сөйлем. Бұларды тіл жүйесі деп те атайды. Тіл жүйесінсіз сөйлеу болмайды. Тіл жүйесі арқылы адамдар өзара пікір алысады. Сөз тұтас бірлікте танылып қабылданылады. Солай болғанымен оның ішкі мазмұны және сыртқы формасы болады.

Сөз ауызша және жазбаша болып бөлінеді. Ауызша сөйлеуде әр түрлі сазды үн шығады, яғни адамдар айтайын деген ойын бір-біріне үнді тіл арқылы жеткізеді. Сөйтіп, бірінің айтқанын бірі естиді. Сөйлеуде есту сезімі қатысады.

Ауызша сөйлеу интонациялық құбылмалылыққа өте бейім тұрады. Ол тілге әр түрлі мәнерлік , әуезділік сипат береді. Интонация деген ұғымға сөйлеу темпі, сөйлеу сазы, дауыстың құбылуы , екпін т.б. сияқтылар енеді.Жазбашада бұл көрсетілген ерекшеліктер болмайды. Өйткені онда ой қағазға жазылып жеткізіледі. Яғни жазу тілдің көзге көрінетін белгілері арқылы адам ойын жеткізу тәсілі ғана. Әдеби тіліміз, расында, жалпы халық тілінен , сөйлеу тілінен оқшау тұрған, жасанды бір бөлек тіл емес. Солай дегеннің өзінде оның еркшеліктерін сипаттайтын басты белгілері болу керек қой. Соның бірі-жазу, басқаша айтқанда, әдеби тіл, алдымен жазба тіл . Сөйлеу де, жазу да сөз қолдану заңдылығына сүйенеді.Жалпы халықтық тілді жұмсаудың дәстүрлі үлгісі болады.

Сөйлей білмес жаманның

Сөзі өтпес бір пышақ

Сөз білетін адамның

Әр сөзіне бір тұзақ



ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті

Осы мақалдың қай кезде , қай ғасырда қалыптасып нақыл сөзге айналғанын білу қиын. Бірақ оның мазмұнын біркелкі түсінеміз.Өйткені мақалда сөз қолдану туралы айтылады. Сонымен тіл нормасы деп адамдардың бір-бірімен қатынас жасау нәтижесінде қалыптасып бекіген. Жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстарды айтамыз.

Тіл нормасы- тарихи құбылыс. Ол сөйлеу және жазу арқылы қалыптасып, адамдардың санасында сақталып, ұрпақтан- ұрпаққа ұласып, дамып, жетіліп отырады. Соған орай, әр кезде тіл қолдану заңдылықтарын білдіретін ұғымдар да өзгеше болады. Мысалы, белгілі бір тарихи кезең үшін дәстүр деп қолдану орынды болса, қазір тіл нормасы, әдеби норма , әдеби тіл терминдері қалыптасты.

Әдеби тілдің нормасы жазба тіл арқылы қалыптасып, шыңдалып отырады. Ал оның өңделіп жетілуі және халық арасында тарап, жалпыға танылуы ұлттық әдебиеттің дамуымен байланысты болды.

Қазақта тұңғыш жазба әдеби тіл үлгісін жасағандар-Абай мен Ыбырай. Олар жалпы халықтық тіл қорының тек түсінікті формаларын ғана шығармаларында қолданған. Әдеби тіл сөйлеуде және жазуда пайдаланылып нормаланған тілдік белгілер. Ал нормаланған тілдің қалыптылығы басым болады.

Әдеби тілдің барлық стильдік тармақтарына, бірінде аз, бірінде көп, ортақ мынадай айырым белгілері болады.

1.Халық тілінің негізгі сөздік қоры мен сөз байлығы , дыбыс құрылысы мен грамматикалық құрылысы ауызекі тілге де, әдеби тілге де ортақ. Бірақ ауызекі тілдің сөз байлығына негізгі сөздік қордан басқаның бәрі де ,кәсіби сөздер де, кірме сөздер мен қарапайым дублет сөздер де енетін болса, әдеби тілге солардың қажеттіліктері енеді.

2.Әдеби тіл өзіне керек сөздерді халықтың тілінен екжеп алумен қатар, өзге тілдерден ауысқан сөздермен , әсіресе термин сөздермен толықтырылады. Бұрын бар сөздер деп және морфологилық тұлғалар негізінде жаңа сөздер пайда болады. Егер сол процестер ауызекі не сөйлеу тілінде елеусіз болса, әдеби тілде олар ерекше күш алады. Мысалы, біріккен, кіріккен сөздердің саны бұрын ат төбеліндей аз болса, әдеби тілдің ерекше дамыған кезеңде ол мүлде етек алып кетті, октябрьден бұрынғы қазақ әдеби тілінде араб-парсы тілдерінен кітап, қалам, мектеп, уәде, өмір, отан, мәжіліс сияқты шамамен айтқанда 2000 мыңдай сөз енді., қазіргі әдеби тілде орыс тілінен , орыс тілі арқылы енген 20-30 мыңдай сөз бар, солар да әдеби тілдің сөздік қорына айналды. Әдеби тілдің тағы бір белгісі оның сөз байлығының құрамында өзге тілден жазба әдебиет арқылы ауысқан сөздер көп болады. Олардың



ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті

санының аз-көптігі әдеби тіл дәрежесінің де қандай екніне өлшем бола алады.

3.Ауызекі тілдің сөз құрамында , грамматикалық құрылысында . сөздердің айтылуында белгілі жүйе болғанмен, олардың жетілуі, тұрақтану жағдайы халық өкілдерінің бәріне бірдей үйреншікті болғандықтан, оларда бірізділік бола бермейді.

4.Әдеби тіл тарихы, қоғамдық құблыс болатындықтан, қоғамның барлық түріне бірдей қызмет етеді. Әдеби тілдің дамуы әдеби процестің халық өміріндегі қажетіне ыңғайланып, әр кезде, әр түрлі қызмет бабында жұмсала келе , оның бірнеше стильдік тармақтары пайда болады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Ортақ тіл дегеніміз қандай тіл?

2. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің ерекшелігі неде ?

3 . Тіл нормасы дегеніміз не?



  1. Әдеби тілдің қандай белгілерін білесің?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. К.Аханов.Тіл білімінің негіздері.-А..Санат,1993.

2. Ә.Болғанбаев.Қазақ тілінің лексикологиясы.-А.,1988

3. І.Кеңесбаев,Ғ.Мұсабаев.,Қазіргі қазақ тілі.-А.,1962.

4. Ә.Болғанбайұлы,С.Қалиұлы.Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеолгиясы.-А.,Санат,1997.

5. І.Кеңесбаев.Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.-А.,1995.

№8 Дәріс тақырыбы: Лексикография.

Жоспары:

1.Түсіндірме сөздік, жасалу мақсаты, практикалық мәні.

2. Аударма сөздік, жасалу мақсаты, практикалық мәні.

3. Терминологиялық сөздік,диалектологиялық сөздіктердің жасалу мақсаты, практикалық мәні.

4. Фразеологиялық,синонимдер сөздігі.

5. Орфоэпиялық,тарихи сөздіктер.

6. Этимологиялық сөздік.

Тілдегі сөздер мен фразеологизмдерді жинап-теріп, олардың теориясымен шұғылданатын тіл білімінің саласын - лексикография дейді. Яғни, сөздік жасаудың әдістемесімен техникасын үйрететін ғылым деген сөз.Лексикография теориясы сан алуан сөздік жасаудың мол тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негізінде , лексикалық зерттулер мен солардың жетістіктеріне сүйене отырып жасалады. Демек, лексикография мен лексикология бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болатын егіз ғылым салалары. Сөздіктердің сапасы осы ғылымдардың қаншалықты және қандай

ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті

дәрежеде зерттелуіне байланысты.Зерттеу жұмыстары неғұрлым жоғары әрі жемісті болса, шығарылған сөздіктер де соғұрлым сапалы болмақ. Бүгінгі таңда сөздіктің практикалық мәнімен қоса, оның ғылыми сапасына да ерекше назар аударылды. Сондықтан сөздік кез келген мекемеде емес, осы мамандықты жете меңгерген ғылыми маман кадрлардың шоғырланған жерінде жасалады.

Біздер орыс сөздіктерінен лексикографиялық еңбектердің тек әдістемесі мен құрылымын ғана үйреніп отырғанымыз жоқ. Қазан революсиясы тудырған барлық жаңа ұғымдарды осы тілден кейде сөзбе-сөз тікелей қабылдасақ , кейде өз сөзімізбен аударып алдық. Сол арқылы қазақ тілінің сөз байлығы шексіз молайып, жан-жақты кемелденеді. Қазіргі кезде өз ана тілімізде қандайлық мәдени-рухани тілектерді , пікірлерді білдіру керек болса, соның бәрін де нақтылы, әрі емін-еркін дәл жүзеге асыруға болатындай дәрежеге жеттік. Соның нәтижесінде тіліміздегі сөз байлығын жиып-теріп, хатқа түсіріп, іштей саралап, алуан түрлі сөздіктер жасауға мүмкіндік туды. Қазақ тілі біліміндегі сөздіктердің құрылысы мен әдістемесі жылдан-жылға жақсарып келеді.Тіліміздегі сөздерді стильдік арақатынасына қарай іштей саралай отырып, оларды белгілі бірнормаға келтіру бірінші орынға қойыла бастады. Бірақ сөздік жасауда қиындық , одан туған олқылықтар аз болған жоқ. Ең алдымен сөздердің жазылуында бірізділік сақталмай келеді. Әсіресе, біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арақатынасы жөнінде бірыңғай көзқарас болмады. Лұғат жасалмай тұрып, сөздік құрастыруға болмайтындығын ескерсек, бір сөһздің кейде бірге, кейде бөлек жазылуы сөздік жасауға үлкен қиындықтар келтіретіндігін түсіну қиын емес. Көркем шығармаларда орын алған диалектизмдер мен жарыспа сөздерді орынды-орынсыз кез-келген сөздікке ендіруге жол берілді. Әдеби тілдің сөздігіне алынатын грамматикалық тұлғалар да күні бүгінге дейін сараланып болды деуге келмейді. Сөз мағыналарының түп-төркіні жіктеп бөліп, оларға дәл түсінік беру, сөздердің қолданылу жүйесін айқындап, стильдік белгі қою, фразалық тіркестерді жай тіркестерден ажыратып, көрсету т.б. сөздік жасау ісіндегі жауапты мәселелер болып табылады.

Қазақ лексикографиясы қазақ тіл білімінің өзге салалары тәрізді негізінен соңғы 50-60 жыл ішінде туып қалыптасты. Ұлт мәдениетінің дамып, ғылым мен техниканың өркендеуі, әдеби тілдің қалыптасуы сөздіктердің әр түрін шығаруға жағдай жасады. Революсияға дейін бізде не бары екі тілді шағын сөздіктер ғана болса, онан бергі кезеңде 10-15 түрлі сөздік түрлері пайда болды. Солардың ішінде ең көп шыққан түрі- екі тілді аударма сөздіктер. Лингвистикалық сөздіктердің түрлері өте-мөте көп. Олар



ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті

әр алуан мақсат-мүддеге лайықталып жасалады. Лингвистикалық сөздіктер бір тілдік, екі тілдік және көп тілдік болып бөлінеді. Түсіндірме сөздік тілдің өз сөзімен түсіндіріледі. Ал екі немесе көп тілдік сөздіктер өзге тілдердің сөздерімен түсіндіріледі. Бір тілдік лингвистикалық сөздіктер академиялық нормативті сөздік және анықтағыш сөздік болып іштей екі салаға жіктеледі.



Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет