Потанин жалпы орта білім беретін мектеп «Әлемнің ғажайып үш тірегі» атты математика, информатика және физика



Дата07.02.2022
өлшемі1,82 Mb.
#85574

Потанин жалпы орта білім беретін мектеп





«Әлемнің ғажайып үш тірегі» атты математика, информатика және физика
пәндер апталығының
қорытынды есебі
2015 – 2016 оқу жылы

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.


Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты - пәндік апталық болып саналады.
Қараша айының 16-21 күндер аралығында мектепте математика, информатика және физика пәндер апталығы өткізілді. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.
Апталықтың мақсаты:математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, кештер, логикалық сұрақтар сайысы, олимпиадалар, т.б. сыныптан тыс іс- шаралар.
Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді, онда апталықтың салтанатты ашылуы өтті.
Апталықтықтың ашылу рәсімін 5 «А», 5 «Б», 9 «А», 10 «А» және 11 «А» сынып оқушылары өткізді.



Апта ағымында келесі іс-шаралар өткізілді: 16 қараша – «Бастауыш сыныптары бізде қонақта» атты іс-шара өтті, 1-4 сынып оқушыларына мультимедиялық жаттықтырушы – ойыны өткізілді. Ойынның 1-2 кезендерін 1,2 сынып оқушылары бастаса, ал келесі кезендерді 3-4 сынып оқушылары жалғастырды. Берілген ойын балаларға өте ұнады.


17 қараша – мектеп мұғалімдеріне әдістемелік бірлестіктің мүшелерімен ұйымдастырылған дастарханы жайылып, «миф» шайы берілді. Әр бір кіріп келген мұғалімге көбейту кестесінен сұрақ қойылды, дастархандағы тағамдардың әрқайсысында логикалық тапсырмалар беріліп және сонында мұғалімдер математикаға байланысты мақал-мәтелдер айтып шығуына тиісті болды. Ал информатика пәнінің мұғалімі Батабаев Б.Р. 5-7 сыныптар арасында «Интеллектуалдық олимпиада» атты ойын өткізді. 7 сынып оқушылары Кученчерекова Айдана, Құсаин Айгерім және Есболат Оразгүл өте белсенді қатысып жүлделі орынға ие болды.
18 қараша - үлкен қоңырауда мектеп оқушылары мен ұстаздар арасында математикалық ойындар өтті. Ойын өте қызықты болып барлық қатысушыларға ұнады.


Және сол күні математика пән-мұғалімі Пусырханов Б.Т. 6-7 сынып оқушыларының арасында «Математика таза ауада» атты ойындар және викторина өткізді.

19 қараша – 9 «А» сынып оқушыларымен ұйымдастырылған «МИФ+КВН» атты әзіл-сықақ кеші өтті, пән-мұғалімі Каиргожина Р.А.

20 қараша – физика және информатика мұғалімдері – Ағыбаева А.Ш. мен Балтабаев Б.Р. басқаруларымен 5-11 сынып оқушыларына арналған «МИФтік кеші» атты қызықты кешін өткізді. Кеш екі кезеннен тұрды.

Іс - шаралар танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін, логика мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын көрсетіп, қосымша да білім алды. Барлық іс-шаралар жақсы деңгейде өткізілді, мұғалімдер интербелсеңді тақтаны пайдаланды.
Пәндер бойынша 5-11 сыныптарда жұмыс және бақылау дәптерлері тексеріліп, анықтамалар берілді.
Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді. Сайыстардың жеңімпаздары арнайы грамоталармен марапатталды.



Қорыта келе айтарым, ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.




Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі: Сейтова Меруерт Оразгалиевна

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет