Презентация Сабақтың тақырыбы:


Күзгі пейзаждың композициясы



бет6/6
Дата24.08.2017
өлшемі383,11 Kb.
#25752
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6

Күзгі пейзаждың композициясы


Сызық. Тон. Түс.
1. Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді?
(кескіндеме, графика, мүсін, қолөнер және архитектура).
2. Ал, кескіндеме дегеніміз не, неше түрі бар?
(Басты әсерлегіш құралдары түс және бояу болып табылады. Бояулармен орындалатын шығарма). Оның жанр түрлері: портрет, пейзаж, натюрморт, тарихи, ботальді және анималистік деп аталады.
3. Портрет дегеніміз не?
( Адам тұлғасын бейнелеу, оның сан қырын көре білу, тек суретшіге тән қасиет. Адамды бейнелейтін шығарма).
4. Пейзаж нені бейнелейді?
(Табиғатты бейнелейтін көркем шығарманы пейзаж дейміз).
5. Натюрморт тұралы не айтасындар?
(«Натюрморт» фр сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрмортта жеміс жидектер, гүлдер, вазалар, тұрмыстық заттар бейнелейді.)
6. Натюрморт алғаш қай елде пайда болды?
(VII ғ басында Голандияда сала бастаған)
7. Суық және жылы түстер дегенімізді қалай түсінесіңдер?
(Суық түстер: көк, көгілдір және осы түтің реңдері. Жылы түстер: сары, қызыл және олардың реңдері жатады).
8. Негізгі түс астарды не дейді?(фон)
9. Суда жақсы еритін бояу?(акварель)
10. Аспан мен жерді қилыстыратын сызығын не дейміз?(көкжиек сызығы)
11. Модульдік оригами дегеніміз? (Қағазды бүктеу арқылы түрлі мүсін мен бейнені жасау. Оригами көнеден кележатқан өнеодің бір түрі).
Енді елестету арқылы суретті салайық. Мен бір ертегінің үзіндісін оқимын не тұралы айтылғанын суреттеп берулерін керек.
Баяғы бір заманда сүйкімді бір қыз болыпты, үйінен далаға шығып табиғаттың тамаша көрінісін көреді; аспанда күн шығып тұр екен, жақында жауын өтіпті, бұлт сейіліп кемпір қосақ шықты, ал жерде болса түрлі тісті гүлдер гүлдереп,ағаштар жайөалып, алма ағашыда өсіпті. жұлдыз құрт күлімдеп, көбелектер жан жаққа ұшты. Үйдің артжағында екі биік тау көрінеді. Сонда қыз тұры табиғат неткен тамаша деп таңырқапты.
Міне осы ертегіні елестете салуларын керек ал бастайық.Балалар суреттері сурет мазмұнын дұрыс салғанын байқау.
Сабақты қорыту.Сонымен бүгінгі сабағымыздаы қорыта айтқанда оқушыларымыз жыл бойына алған білімдерін ортаға салып көрсетті.Сабағымыз жалпы ұнады ма? Несімен ұнады?
Жақсы қатысқан баланы мадақтау.

Ашық сабақтың тақырыбы: «Үш заттан құралған натюрморт»
Ашық сабақтың мақсаты:
а)білімділік: Оқушыларды бейнелеу өнері пәнінде заттың өзіне қарап бейнелеуге баулу. Затты бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеуге үйрету.
б)дамытушылық: живопись өнерінің натюрморт жанры туралы білімдерін тереңдету.
в)тәрбиелік: Оқушыларды өнер танушылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Ашық сабақтың түрі: жаңа сабақ, жазықтықта (қағаз бетінде) бейнелеу.
Ашық сабақтың әдісі: баяндау, үйрету, практикалық.
Пәнаралық байланыс: математика, композиция, сурет.
Ашық сабақтың көрнекілігі: 4 кезеңдік сурет салу үлгісі, қойылым, түрлі суреттер, натюрморттар, т.б.
Ашық сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаз, акварель бояу, қылқалам, су құятын ыдыс, карандаш бояулар езуге араластыруға қажетті палитра.
Ашық сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, құрал-жабдықтарын түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Өткенді қайталау.
Өткен сабақтарға байланысты бірнеше сұрақтар қойылады.
• Кескіндеме өнерінің басты құралы не? (Түс)
• Табиғат әлемінде кездесетін түстер екі топқа бөлінеді, ол қандай? (Жылы және суық түстер)
• Хроматикалық түстерді атаңдар? (қызыл, сары, көк, жасыл т.б.)
• Ахроматикалық түстерді білесіңдер ме? (ақ, қара,сұр)
• Локальдік түс дегеніміз не? (нәрсенің өз түсі)
• Кескіндемелік түс дегеніміз не? (нәрсенің алыс жақындығын,күннің әсеріне байланысты түстердің өзгеруі)
• Мүсіннің қандай түрлері бар? (монументальды және қондырғылы)
• Анималистік жанр дегеніміз не? (аңдардың, жануарлардың бейнесін салу)
• Акварель бояуы қандай болады? (мөлдір, нәзік)

жылы түстер суық түстер


Ахроматикалық түстерге түссіз түстер: ақ, сұр, қара түстерінің реңдері жатады.


Хроматикалық түстерге түрлі түстердің бәрі жатады.

ІІІ.Жаңа сабақ.
Натюрморт-бейнелеу өнерінің бір жанры болып табылады. Бұл жанр алғаш рет ХVII ғасырда Голландияда және Испанияда пайда болған. Суретшілер ыдыстарды, гүлдер мен жемістерді, көкөністерді, маталарды бейнелегенді ұнатады. Бейнелеу өнерінің бұл жанры Натюрморт деп аталады.
Натюрморт жанрының дамуына үлес қосқан мынадай Голланд суретшілерін атауға болады: Давид Байли (1584-1657 ж.ж), Рембрандт (1606-1669 ж.ж), Фердинат Боль (1616-1680 ж.ж), Виллем Кольф (1619-1693 ж.ж).
«Натюрморт» француз сөзінен алынған. Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» деген мағына береді. Натюрморт «өлі табиғат» немесе «өлі зат» аталғанымен, сонда бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге көмектеседі.
«Натюрморт» халықаралық термин болғандықтан, біз де «натюрморт» деп пайдаланамыз. Негізінен натюрмортта заттар саны көп болуы міндетті емес. Олар тақырыбына, мазмұнына байланысты өзара үйлесімді таңдалып қойылады. Натюрморттың тақырыбы әр түрлі болуы мүмкін.
17 ғасыр Голландияда

өлі табиғат француз сөзі

бұйымдар заттар
Натюрморт күрделі және қарапайым болып екі топқа бөлінеді. Қарапайым натюрмортқа бір немесе үш заттан қойылған қойылымды жатқызады, ал күрделі натюрмортқа бес заттан жоғары қойылған композицияны жатқызады.Натюрморттың композициялық орталығы болуы шарт.
Натюрмортты бір немесе бірнеше заттар арқылы құрауға болады. Натюрморт салуға үйрену бейнелеу өнерінде сауатты сурет салуға бейімделудің алғашқы шарты болып табылады. Ендеше натюрморт бейнелеу, ереже заңдылықтарын меңгеру үшін алдымен пішіндері қарапайым үш заттан тұратын натюрморт бейнелеп көрейік, олар-құмыра, алма мен алмұрт.
Бұл заттардың пішіндері, көлемдері және түстері әр түрлі. Кез келген заттарды бейнелеу үшін олардың жеке-жеке көлемін және бір-біріне өлшемдік қатынасын (бір-бірінен қаншалықты үлкен не кіші), кеңістікте орналасуын мұқият қарап зерттеп алу керек. Тек содан соң бейнені түсіруге арналған қағаздың орналасу бағытын (тігінен немесе көлденең) бейнеленетін заттардың көлеміне, кеңістікте орналасу ерекшелігіне байланысты таңдап алынады.
Сурет әдетте жүйелі кезеңдермен біртіндеп бейнеленеді. Ол кезеңдер бейнеленетін заттардың көлемінің күрделігіне қарай 3-4 немесе одан да көп кезеңдерден тұрады.
Сұрақтар:
1. Мына суреттерде не бейнеленген?
2. Бірінші планда не бар? Екінші планда ше?
3. Үшінші, төртінші планда не бейнеленген?

Натюрморттың орындалу кезеңдері

Қағаздың ортақ нүктесін тауып, заттардың шеткі нүктелерін анықтау Нұсқаның толық көрінісін көмекші сызықтар арқылы шығарып салу Нұсқадағы жалпы заттардың түстерін анықтау, көлеңке жарығын белгілеу Нұсқаның түстерін политраның көмегімен анықтау

Алғашқы кезең-заттардың жалпы алатын орнын қағаз бетіне үйлестіріп, белгілеу. Есте сақтайтын нәрсе заттар бейнесі қағаздың ортасынан, жан-жағынан өте көп орын алмауы тиіс немесе қағаз шетіне өте жақын орналаспауы керек.


Екінші кезеңде қағаз бетіне белгіленген заттардың орындарының ішіне жекеленген заттардың өздеріне тән бөліктерінің пропорциялық қатынастарын (өлшемдік қатынас) салыстыра отырып геометриялық денелер пішінінде бейнелейміз. Зат көлемін дұрыс бейнелеу үшін оның тасаланып көрінбей тұрған жерлерін де бейнелеу керек. Сөйтіп көмекші сызықтар арқылы заттардың дәл бейнесін анықтап бейнелейміз. Заттар бейнесінің дұрыстығын тексерген соң көмекші сызықтарды өшіріп тастаймыз.
Жұмыс барысында жасырын суретті табу.
Тапсырма: Берілген жасырын суретті табу үшін төрт ұяшықтың біреуін ашып, жасырын суреттің төрттен бір бөлігін көріп, толық суреттің атын жаңылмай табу керек.

Келесі үшінші кезеңде заттарға түскен жарық пен көлеңкенің алып жатқан орындарын анықтап, олардың шекараларын белгілейміз. Жарық заттарға сол жағынан түскендіктен, негізгі ең қою көлеңке заттардың оң жағында орналасқан, ал жарықтың тікелей түсіп ең жарықтанған жылт бөлігі заттардың сол жағында орналасқан.


Қызығушылығын ояту.
Қай кілт қай үйдікі?

30 42 36

6*5= 64 7*6= 40 9*4=

8*8= 5*8=

Жарық көлеңке реңдерінің алатын орындары белгілі болған соң, төртінші кезеңде заттар бейнесінің ең қою негізгі көлеңкі жерінен бастап жарыққа қарай біртіндеп бояй бастаймыз. Жарық көлеңке түсіру арқылы нәрсенің көлемін және қандай материалдан жасалғандығын білдіруге болады.
Жұмыстың соңында натюрморттың композициялық бірлігін, жарық пен көлеңкенің жарасымдылығын қадағалап, мұқият тексеріп көрген жөн.

ІV. Ашық сабақты қорыту. Бүгінгі өткен сабағымызды қорыта келіп тақтада ілулі тұрған сөздерге жауап беру арқылы бүгінгі сабақтан нені ұқтық, нені үйрендік соны білеміз.


«Кім жылдам» Рефлексия.
Шарты: Тақтада аяқталмаған сөйлемдер тұрады, әр оқушы сөйлемдерді жалғастырып жазады.
1. Бүгін мен білдім.............
2. Маған қызықты болды..............
3. Қиын болды.....................
4. Мен түсіндім...................
5. Енді менің қолымнан келеді.........
6. Мен сезіндім....................
7. Мен үйрендім..................
8. Мені таң қалдырды.........
9. Мен жасап көремін.........
10. Ашық сабақ маған....................

V.Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жақсы шыққан жұмысты мадақтап көрсету. Ашық сабаққа қатысына қарай оқушыларды бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0451
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0451 -> Сабақтың №10-сабақ Мерзімі Сыныбы 9 пәні
0451 -> Синтаксис. Простое предложение
0451 -> «№236 орта мектебі» кмм әдеби-сазды поэзиялық кеш Тақырыбы: «Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет