Проба рука



бет1/5
Дата27.11.2023
өлшемі8,25 Mb.
#193661
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Презентация на тему «Қазақ халқының қалыптасуы» (1)

Қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» этнонимінің шығуы, қазақ жүздері

Сабақ жоспары: 1. Халық болып қалыптасу үдерісі. 2. «Қазақ» атауы. 3. Қазақ жүздерінің шығуы.

Сабақтың мақсаттары: Білімділік: - қазақ халқы этногенезі, глотогенезі; - қазақ жүздерінің шығуы туралы; - этносаяси аумақтық тұтастығы, бұлардың қандай тарихи оқиғалармен байланыстылығы туралы білім алушыларға толық түсінік беру; Дамытушылық: - білім алушыларға жалпы қазақ халқының қалыптасу тарихы туралы базалық түсініктерін дамыту; - өз ойын еркін айтуға, қорытынды жасауға дағдыландыру; Тәрбиелік: - өз елін, дәстүрін құрметтеу, адамгершілікке тәрбиелеу. - ұлтжандылыққа баулу;

II. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін бақылау. Жалпылама сұрау. 1. Ақ Орда мемлекетінің негізін қалаушы? 2. Моғолстан мемлекетінің этникалық құрлымы қандай? 3. Әмір Темірдің билік еткен жылдары? 4. Ноғай Ордасының негізгі территориялық аумағы? 5. Әбілхайыр хандығының құлдырау себептері? 6. Ақ Орда, Моғолыстан, Ноғай Ордасы, Әбілқайыр хандығының әлеуметтік құрылымдары қандай? 7. 1456 – 1457 жж.Әбілқайырдың ойраттардан жеңілген қаласы? 8. Ноғай Ордасының орталығы Сарайшық қаласының іргесі қаланған уақыт? 9. Ақ Орда мемлекетінің негізгі шаруашылық түрі? 10. Ақ Орда, Әбілқайыр хандығында, Моғолстанда түрік тайпаларының басшылары «Әмір» деп аталады. Ноғай Ордасында оларды қалай атады?

  • Глоссарий
  • Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық, genozіs – шығу тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы. Этногенез – қандай болса да халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этникалық топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде одан кейбір топтар ерекшеленіп, бөлініп те жатады.
  • Мыс., Қазақстан аумағындағы көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу нәтижесінде қазақ халқы қалыптасқан.
  • Глоттогенез (грек.γλῶττα - тіл , γένεσις - пайда болу). Тілдін пайда болуы және дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет