Проба рука



бет4/5
Дата27.11.2023
өлшемі8,25 Mb.
#193661
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Презентация на тему «Қазақ халқының қалыптасуы» (1)

X ғасырда өмір сүрген Әбілқасым Фирдоусидің "Шаһнама" атты дастанында Афрасиаб патша Иран шахын: "Көк теңіздің терістігінде отырған қазақ жұртымды жіберіп шапқызамын", — деп қорқытады. X—XI ғасырларға жататын араб деректері және орыс жылнамаларында Кубань жерінде әлкасакия этностық қауымы, Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағалауында Касаг қаласы, касогтар елі туралы деректер бар. Біздіңше, бұл деректерде XI ғасырларда, одан да бұрын Дон, Днепр, Қырым түбегіне дейінгі жерлерді жаулап алған қыпшақтар бірлестігінің бір ірі жұрты — қазақтар туралы айтылады, немесе бұл заманда "қыпшақ-қазақ? деген атаулардың бір ұғымды беруі де мүмкін. X ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Византия императоры Константин Багрянородный: "Кавказдың солтүстік-батысында "Казахия елі" бар", — деп хабарлайды. Әзірбайжанның батысында бүгінге дейін касақ (қазақ) деп аталатын үлкен аудан бар.

1245 жылы мәмлүктік Мысыр мемлекетін басқарған қыпшақтар араб - қыпшақ сөздігін жасатқан. Онда "қазақ" деген сөзді "еркін, кезбе" деп аударады. Бұл терминге әлеуметтік мағына беріліп, өз руынан, тайпасынан бөлініп шығып, өзінше еркін өмір сүріп, күн көрген топты атайды. "Қазақтар" термині XV ғасырдың 50-жылдарында Шу мен Талас өзендерінің аралығына өзбек ханы Әбілхайырдан бөлініп көшіп барған тайпа топтарына бекітілген. Біртіндеп "қазақ" термині этностық мәнге ие болған. Сонымен, біздің көз алдымызға халықтың қалыптасу кезеңдерін жетерліктей айғақтайтын екі кезеңнің сұлбасы келеді: 1. ХҮ ғасырдың алғашқы жартысы — Өзбекия, яғни Әбілхайыр ұлысы құрамындағы үш сан жұрттан тұратын Алаш мыңы Одағы; 2. XVI ғасырдың екінші онжылдығы — көрші мемлекеттер дербес ел ретінде тани бастаған Қасым хан билігіндегі үш жүзден тұратын қазақ ұлты. Яғни, бұл арада қазақ ұлтының қалыптасу үдерісінің аяқталуы қазақ мемлекеттігінің құрылуына тұтас келеді. Бұл екі кезең үйлесімділік тауып, бірін-бірі толықтыра түседі.

3. Қазақ жүздерінің шығуы.

  • XX ғасырдағы қазақ жүздерінің орналасу аумақтары (жуықтап).
  • Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы.
  • Кіші жүз – (ж),территориясы – Батыс Қазақстан.
  • Орта жүз – (қ/к), территориясы – Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан.
  • Ұлы жүз - (қ), территориясы – Жетісу, Оңтүстік Қазақстан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет