Проба рука



бет5/5
Дата27.11.2023
өлшемі8,25 Mb.
#193661
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Презентация на тему «Қазақ халқының қалыптасуы» (1)

Халқымыздың тарихында жүздердің пайда болуы туралы да әр түрлі пікірлер бар. Жүздердің құрылуы туралы нақты деректер жоқтың қасы. Бұл жөніндегі тарихшылар пікірі де алуан түрлі. «Жүз» - сөзінің сандық ұғымына көңіл бөлетіндер(А.Левшин, А.Чулошников); «Жүз» - «әскери-тайпалық ұйымдастырудың триальды жүйесі деп түсіндіретіндер (Зуев, В.В.Востров, С.Мұқанов); «Жүз» - қазақ жерлерінің Шыңғыс хан балаларының ұлысына бөлінуімен түсіндіретіндер (М.Тынышбаев); «Жүз» - ежелгі юз тайпаларының екіге бөлінуімен байланыстыратын зерттеушілер (Қытайдағы қазақ тарихшылары); «Жүз» - шаруашылық, экономикалық және климаттық – географиялық жағынан бөлінген территориялар деп қарайтындар (В.В.Бартольд, Юдин). Қазақ хандығының аймақтық-әкімшілік құрлымының негізі жүздер болып табылады. Жүздер тайпалық - рулық бірлестіктерден тұрады. Қазақ халқы, негізінен, XV - XVI ғасырларда қалыптасқан Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүзден құрылады. Ұлы, Орта және Кіші жүздерге Қазақстанда ертеден мекендеген туыстас бірнеше тайпалар кіреді. Бұл тайпалардың әрқайсысының тарихы әріден басталады. Әрбір тайпаның, әр рудың өз ұраны, таңбасы болды.

Жүзге тек төре (Шыңғыс хан ұрпақтары), қожа (тегі арабтық), төлеңгіт (хан-сұлтандардың қызметшілері, нөкерлері) және кейбір топтар (мысалы, сунақ) кірген жоқ. Жүздік құрылым Қазақ хандығы кезінде сыртқы жаулардан қорғануға оңтайлы болды. Хан жарлығы, түрлі шешімдер жүзге, одан тайпаларға, одан руларға тез арада жеткізілді. Әсіресе, жоңғарлардың шапқыншылығы кезінде жүздік бөлініс халықтың топтасуына, бірігуіне көп мүмкіндік берді. Әрбір жүз өздеріне тиесілі әскер шығарып, бүкіл ел басқыншыларға қарсы жұмыла көтерілді. XVIII ғасырдың басында әрбір жүзді жекелеген хандар басқарды. Қазіргі таңда тайпалық одақтардың алғашқы кездегі мәні жойылған. Елдің бірлігі бұзылады деп қазақ халқы жүзге, руға еш уақытта бөлінбеген. Өзара араздасуы, ру, тайпа арасындағы қырқысуларды данагөй ақсақалдар шешті. Халық арасында үш жүзге байланысты мынадай мақал тараған: « Ұлы жүзге қауға беріп, бауға қой, Орта жүзге қалам беріп, дауға қой, Кіші жүзге найза беріп жауға қой.» Бүгінгі таңда Ұлы жүз, Орта жүзбен Кіші жүз өкілдері әлемге тек біртұтас қазақ ұлты ретінде ғана танымал.

  • Қазақтар
  • Ұлы жұз
  • Орта жұз
  • Кіші жұз
  • Жалайыр
  • Ошақты
  • Дулат
  • Шапырашты
  • Ысты
  • Шанышқылы
  • Сергелі
  • Албан
  • Суан
  • Сары үйсін
  • Қаңлы
  • Арғын
  • Найман
  • Керей
  • Уақ
  • Қоңырат
  • Қыпшақ
  • Қаракесек
  • Шекті
  • Қарасақал
  • Шөмекей
  • Төртқара
  • Қаракете
  • Адай
  • Жаппас
  • Алаша
  • Байбақты
  • Беріш
  • Масқар
  • Таз
  • Есентемір
  • Алтын
  • Ысық
  • Шеркеш
  • Тана
  • Табын
  • Кердері
  • Тама
  • Кердері
  • Жағалбайлы
  • Телеу
  • Рамадан
  • Керейіт
  • Қазақ қауымының құрамына қосылған рулар мен тайпалар

IV. Білім алушылардың өзіндік жұмысы. Қазақ халқының, «қазақ» атауы және қазақ жүздерінің шығуы туралы пікірлер

  • Ғалымдар:
  • В.В.Радлов
  • В.В.Бартольд
  • Т.Жаңұзақов
  • Н.Мыңжанов
  • Зерттеушілер:
  • Ш.Уалиханов
  • Абай
  • М-Ж.Көпеев
  • А.И.Тевкелев
  • Тарихи деректер:
  • Қ.Халид
  • Ш.Құдайбердіұлы

«Мен – байтақ Қазақстанның азаматы екенімді мақтан тұтам. Қазақ – кең халық. Жомарт, қонақжай халық. Кекшіл емес. Кешірімшіл. Бөтен ұлтты жатырқауды білмейді. Түгел жайсаң.» Мұхтар Мағауин



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет