Проблемалық оқыту технологиясы



бет2/3
Дата02.06.2023
өлшемі3,66 Mb.
#178157
түріОқулық
1   2   3
Байланысты:
Білім беру мазмұны оқу жоспары, оқулықтар, оқу бағдарламалары
Әбдісәмет Д пед слайд7 (1) (1), Реферат

Бағдарламаның қызметі

  • Оқу процесінің мазмұнындағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент мектеп оқулықтары.
  • Оқулық - оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап. Оның мазмұны, құрылысы міндетті түрде сол пәннің бағдарламасына сәйкес келу керек. Оқулық ғылым негіздерін баяндаумен қатар оқу материалын түсінуге керекті өздік жұмыстарды ұйымдастырып, оқуға үйретеді.
  • Оқулыққа қойылатын негізгі талаптар:
  • қысқа, нақты, деректі материалдарды енгізілуі;
  • ақиқат ғылымның мазмұнын баяндауы;
  • балаларға түсініктілігі;
  • баланың қызығушылықтарын, қабылдауын, ақыл-ойының, есінің ерекшеліктерін ескеріп, танымға, тәжірибеге деген қызығушылықты оятып, білімге және тәжірибелік іс-әрекетке деген сұранысты дамытуы;
  • оқулықтың өз ғылымның, оқу бағдарламасының логикасына сәйкес келуі;
  • білімнің әр саласынан хабар беруі;
  • оқу материалына қосымша әдебиеттер енгізіп, өздігінен білім алуға және шығармашылыққа итермелеуі;
  • оқулық мәтініндегі негізгі ережелер, қорытындылардың анықтығы және нақтылығы болу керек;
  • қызықтылығы, мәселелі түрде баяндалуы;
  • әдеби тіл нормаларына сәйкестігі;
  • эстетикалық талаптарға сай безендірілуі.
  • Мектеп оқулығының атқаратын қызметін оны зерттеуші Зуев Дмитрий Павлович анықтады. Оқулық ақпараттық қызмет атқарғанда балаларды керекті мәліметтермен қаруландырып, баланың дүниетанымын қалыптастырып, рухани дамуына, дүниені іс жүзінде тануына мүмкіншілік жасайды.
  • Трансформациялық қызмет атқарғанда ғылым салаларынан іріктелген мәліметтер балалардың жас ерекшеліктері мен дидактикалық талаптарға сай қайта өзгеріп, бала түсінігіне жеңіл болады.
  • Жүйелеуші қызметінің нәтижесінде оқулықтағы материалдар жүйелі және бірізділікпен баяндалады. Оқулық материалды бекіту және оқушыға өзін-өзі бақылату жұмыстарын жүргізеді. Оқулық оқушыға ол білетін ұғымды өзінің тексеруіне мүмкіндік жасайды.
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет