Программа деп аталады. Есептеу машинасының бағдарлама бойынша жұмыс icтey жағдайы, эем жұмысын басқарудың бағдармалық принципінің негізін құрайды



бет1/4
Дата06.02.2022
өлшемі66,39 Kb.
#81437
түріПрограмма
  1   2   3   4
Байланысты:
Жоспар1


Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім:


1. Компьютердің программалық құралдары
2. Бағдарламалау жүйелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Біздің бүгінгі тақырып "Программалауды автоматтандырудың әдістері"
және осы тақырып туралы компьютердің программалық құралдары мен бағдарламалау жүйелерін үйреніп, осылар туралы баяндама аламыз.

Негізгі бөлім


1. Компьютердің программалық құралдары.

XX-шы ғасырдың 30-шы жылдарында алгоритм түciнігi математикалық


зерттеу oбъектісіне айналды, ал ЭЕМ пайда болған соң кеңінен танымал болды. Электронды есептеу техникасы мен программалау әдістерінің дамуы алгоритм құрастыруды -автоматтандырудың маңызды кезеңі болып табылатындығын түсінуге ықпал етті.
Электронды есептеуіш машина - «екі санды қосу»,«екі санды кебейту»,
«екі санды салыстыру» және т.б.с.с. карапайым арифметикалық және логикалық операциялардың белгілі жинағын орындай алатын құрылғы. Бip операцияны орындаған соң ЭЕМ автоматты түрде келесісін орындауға көшеді және осылайша , операциялардың ұзын тізбегін адамның қатысуынсыз орындауы тиіс. ЭЕМ - ға түсінікті формада жазылған операциялар қатары программа деп аталады. Есептеу машинасының бағдарлама бойынша жұмыс icтey жағдайы, ЭЕМ жұмысын басқарудың бағдармалық принципінің негізін құрайды.
Қазіргі күні көптеген есептерді шешуді адам техникалық құрылғыларға
жүктейді. Техникалық құрылғыларды қолдану ережелерінің сипатталу дәлдігі мен амалдардың орындалуы ретіне өте қатал талаптар койылады. Сондықтан әр түрлі ережелерді анық және дәл сипаттау үшін арнайы тілдер жасалады.
Арнайы бағдарламалық өнімдер мен жабдықталған компьютерлер
техникалық база және ақпараттық жүйелер үшін құрал болып табылады. Ақпараттық жүйе компьютерлер және телекоммуникациямен жұмыс атқарушы қызметкерлер арқылы ғана жұмыс жасайды.
Ақпараттық жабдықтау-ақпаратты кодтау және классификациялаудың
біртекті жүйесінің, құжаттардың реттелген жүйесінің, ақпараттық ағындар схемасының жиынтығы және мәліметтер қорын тұрғызу әдістемесі.
Техникалық жабдықтау - ақпараттық жүйенің жұмысына арналған
техникалық құралдардың комплексі, сонымен қатар осы технологиялық процесстер мен құралдарға сәйкес құжаттар.





Сурет-1

Техникалық құралдар комплексі келесі құрамнан тұрады:



Математикалық және бағдарламалық жабдықтау- техникалық құралдар
комплексінің жақсы жұмыс атқаруы үшін, ақпараттық жүйенің мақсаты  мен мәселесін  орындаушы математикалық модельдер, алгоритмдер және бағдарламалар жиынтығы.
Математикалық жабдықтау құрамына:

Бағдарламалық жабдықтау құрамына жалпы жүйелік және арнайы бағдарламалық өнімдер, сонымен қатар техникалық құжаттама кіреді.
Ұжымдық жабдықтау-ақпараттық жүйe жасау және қолдану барысында
жұмысшылардың техникалық құралдармен және өзара қарым-қатынасын реттеуші әдістер мен құралдар.
Құқықтық жабдықтау – ақпараттық жүйелердің заңды статусын
және функциясын анықтаушы құқықтық нормалар жиынтығы.
Дербес компьютер бағдарламалық жабдықсыз жұмыс істей алмайды.
Ол жақсы жұмыс істеуі үшін әртүрлі бағдарламалар комплексі қажет. Дербес компьютер үшін көптеген бағдарламалар жасалған. Қолданылу мақсатына қарай дербес компьютердегі бағдарламалық жабдықтауды үш топқа бөлуге болады:
1. Жүйелік жабдықтау.
2. Бағдарламалау жүйелері.
3. Қолданбалы жабдықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет