І бөлім. Педагогика тарихының теориялық негіздері. 1 тақырып. Педагогика тарихы пәні, міндеттері және зерттеу әдістері. Ғылым және оқу пәні ретіндегі педагогика тарихының пәні, міндеттері мен әдістері.
Тарихи-педагогикалық зерттеулер әдіснамасы мәселелері. Өркениеттік көзқарас тарихи-педагогикалық зерттеулердің негізгі әдіснамалық шарты ретінде. Түрлі тарихи дәуірдегі педагогикалық процестер және оларды әлемдәк тарихтың бөлімдерімен сәйкестігін салыстыра зерттеу (оқу). Қазақстандық педагогика және мектеп ісі тәрбие мен білмнің жалпы әлемдік процестерінің негізгі құрамы ретінде және қайталанбас тұтас мәдени құбылыс.
ІІ бөлім. Алғашқы қауымдық құрылыстағы тәрбие. Ежелгі әлемдегі тәрбие мен оқыту. 2 тақырып. Алғашқы қауымдық құрылыстағы тәрбие. Қоғамның тарихи дамуының ерте кезеңіндегі тәрбиенің сипаты. Тәрбиенің шығуы туралы концепциялар. Тәрбие мен оқытудың ұйымдастырылған формалары. Салт-дәстүрлер және инициация. Отбасының шығуы. Баланы отбасында тәрбиелеу. Педагогикалық ойдың шығуы. Халық педагогикасы тәжірибелері.
3 тақырып. Ежелгі Шығыс елдеріндегі және антика әлеміндегі тәрбие және мектеп. Ежелгі Шығыс мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту (Египет, Месопотамия, Қытай, Үндістан т.б.). Діни ілімдер мен жазба ескерткіштеріндегі педагогикалық идеялар. (Египет папирустары, сына жазулар және т.б).
Ежелгі Қазақстандағы тәрбие мен оқыту. Ежелгі Қазақстан халықтарының отбасы тәрбиесі дәстүрлері және жазудың шығуы. Қазақстан халықтарының ертедегі тәрбиесі жөніндегі тарихи деректемелер.
Тәрбиелеу мен оқытудың спартандық және афиналық жүйелері. Ежелгі Грециядағы педагогикалық ой-пікір (Демокрит, Платон, Аристотель және т.б.). Ежелгі Римдегі тәрбие мен оқытудың ерекшеліктері. Рим ойшылдарының идеялары мен мектеп ісінің алдыңғы эллиндік дәуір дәстүрлерімен сабақтастығы (Сенека, Цицерон, Квинтиллиан және т.б).
ІІІ бөлім. Орта ғасырлардағы тәрбие мен мектеп ісі (V-XVII ғғ.)