Программалау 6В01501 «Математика»


-практикалық сабақ. С/С++ программалау тілінің сипаттамасы



бет2/47
Дата09.02.2022
өлшемі367,39 Kb.
#131223
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Лекция

1-практикалық сабақ. С/С++ программалау тілінің сипаттамасы
Мақсат: Программалау тілінің құрылымы, тілдің алфавиті, айнымалылар және олардың типтері туралы түсінік қалыптастыру.
Нәтижесі: Программалау тлі туралы түсінік қалыптастыру.
Әдістемелік нұсқау. С тіліндегі программа құрылымы төмендегідей болады:
#препроцессор нұсқауы
. . . . . . . . .
#препроцессор нұсқауы
функция а()
{операторлар}
функция b()
{операторлар}
main ()
// программаның орындалуын бастайтын функция
{операторлар:
сипаттау операторлары
меншіктеу операторлары
функция
бос оператор
құрама операторлар
таңдау операторлары
цикл операторлары
көшу операторлары
}

Директива # таңбасынан басталады. Мысалы:


1) #define – программа мəтініндегі алмастыру ережелерін көрсетеді.
#define ZERO 0.0
Соңғы жол программадағы ZERO сөзінің əрқайсысы 0.0 санына ауысатынын білдіреді.
2) #include <тақырыптық файл аты> – программа мəтініне стандартты кітапханамен бірге берілетін "Тақырыптық файлдар" каталогынан мəтін қосылатынын білдіреді.

Программа сипаттамалар мен анықтамалардан, операторлардан құрастырылған бірнеше функциялар жиынынан тұратын мəтін түрінде болады. Сол функциялар ішінде main атты басты функция міндетті түрде болуы тиіс. Ондай функциясыз программа орындалмайды. Функция атының алдында сол функция қайтаратын мəннің типі (нəтиже типі) көрсетіледі. Егер функция ешқандай нəтиже қайтармайтын болса, онда void типі көрсетіледі, мысалы: void main().




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет