Психологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша дәрістер жинағы 1 дәріс. Оқытушы – оқыту іс-әрекеті негізінде ұйымдастырушы-ақпараттандырушы Жоспары



бет10/19
Дата20.10.2023
өлшемі82,6 Kb.
#187021
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
психологияны оқыту әдістемесі дәрістер жинағы
қазақ тілі тест
Педагогикалық техника.

Сонымен, педагогикалық шеберліктің төртінші элементі – мұғалім мінез-құлқын ұйымдастыру формасы. Біліксіз, әрекеттер тәсілдерін меңгерусіз білім, бағыттылық және қабілеттер – жоғары нәтиженің кепілі емес. Педагогикалық техникаға біліктер тобы жатады – өзін басқару білігі, педагогикалық мәселелерді шешу процесінде өзара әрекет жасау білігі. Біліктердің бірінші тобы - өз денесін, эмоционалды күйін, сөйлеу техникасын басқару. Екіншісі – дидактикалық ұйымдастырушылық біліктері, өзара байланыс орнату техникасын меңгеру және т.б.


Педагогикалық шеберліктің критерийлері:

  • мақсаткерлік (бағыттылығы бойынша);

  • өнімділік (нәтижесі бойынша – оқушылардың білім, тәрбиелік деңгейі бойынша);

  • оптималдылық (құралдарды таңдау бойынша);

  • шығармашылық (іс-әрекет мазмұны бойынша).

Шеберлікті меңгерудің бірнеше деңгейлерін бөлуге болады. Педагогикалық ЖОО-ның міндеті – студентке оның кәсіби даярлығының бастапқы деңгейі ретінде шеберлік негіздерін меңгеруіне көмеғктесу: бағыттылығын қалыптастыру, білім беру, қабілеттерін дамыту, техникамен қаруландыру.
Енді, педагогикалық шеберліктің мәнін анықтаған соң, біз тұлғаның қасиеттерін сипаттай аламыз. Ең бастысы – педагог тұлғасының айқын гуманистік бағыттылығы: тек тәртіп орнатуға тырысу ғана емес, сонымен қатар тәрбиеленушілердің қатынасын өзгертуге деген тілек. Сондықтан осы және басқа да жағдаяттарда ол құрылған қоғамдық пікірге сүйене отырып әрекет етеді. А.С. Макаренконың пікірінше, кәсіби білімдердің деңгейі жеткіліксіз еді, себебі жаңа педагогика әлі құрылған жоқ еді. Педагогқа жалпы әдіснамалық ұстанымдар қоры мен тәжірибе көмектесті. Мәселені шешуде тікелей сәттілік педагогикалық қабілеттер мен біліктердің жоғары деңгейімен байланысты: өзін меңгеру, жағдаятты түсіну, тәрбиеленушілердің психологиялық күйі, ашық және нақты айту білігі. Маңыздысы, барлық әрекеттерде адамға деген құрмет пен оптимизмнің болуында «Мен әрқашан өзімді жеңістің алдында тұрғандай сезінетінмін», - деп жазды А.С.Макаренко. және біз бұның шеберлік екенін түсінеміз. Себебі, педагогтың барлық әрекеттері мақсатты, реттелген, ойластырылғанын көріп отырмыз. ол жағдаятты мәселенің дұрыс шешілуін қамтамасыз ете отырып, жағдаятты меңгереді,оны қайта құра алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет