Психологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша дәрістер жинағы 1 дәріс. Оқытушы – оқыту іс-әрекеті негізінде ұйымдастырушы-ақпараттандырушы Жоспары



бет8/19
Дата20.10.2023
өлшемі82,6 Kb.
#187021
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
психологияны оқыту әдістемесі дәрістер жинағы
қазақ тілі тест
Оқыту әдістері

Әдіснаманы, көптеген ғалымдар, танымның жалпы әдістері туралы ілім, қоғамдық өмірді зерделеудің диалектикалық-материалистік ұстанымдары мен тәсілдеріне негізделген идеялар жиынтығы деп анықтайы. 90-жылдарға дейін кеңестік ғалымдар ресми қоғамдық ғылыми теория болып табылатын марксизм-ленинизм әдіснамасын өз зерттеулерінде басшылыққа алған болатын. Әдіснаманың мемлекеттік идеологияға тікелей бағыныштылығы нәтижесінде зерттеулер елдің өмірінің түрлі салаларындағы партиялық мемлекеттік саясат жетістіктері бағытында жүргізілді. Дегенмен, «қайта құрудың» соңғы кездерінде ғылыми еңбектерде партиялық ұстаныммен қатар тарихилық және объективтік ұстанымы жиі қолданыла бастады. ХХ ғасырдың 80-90 жылдары маркстік-лениндік әдіснамадан ғылыми зерттеудің түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдануға көшу байқалды.


1990-жылдары біздің елімізде болған әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар ғылыми зерттеулердің әдіснамасының өзгеру, ауыстыру үдерісін алдын ала анықтаған болатын. Жаңа қоғамдық-экономикалық формацияның қалыптасуы еліміздің тарихи өткен жолына қалыптасқан түсініктерді, тұжырымдамалар мен тұғырларды қайта бағалаумен қатар жүрді.
1990-жылдары ғылымдағы өткір дағдарыстың көрінісі қоғамтанудағы бұрынғы әдіснамалық ұстанымдарды жаппай сынға ұшырату болды. оның ішінде жаңа қоғамдық құрылысты бастап алып жүретін күрделі үдерісті зерттегенде диалектика ұстанымы да сынға алынды.
Қазіргі уақытта, ғалымдардың пайымдауынша, алынып тасталған әдіснаманың орнына жаңа әдіснама орныққан жоқ, жасалған жоқ. Қазіргі зерттеулер пікірлердің плюрализмінен, түрлі теориялық және дүниетанымдық бағдарларды басшылыққа алады.
Педагогикалық әдіснамасының қалыптасу үдерісін талдап қорыту педагогикалық әдіснаманы түсінудің белгілі ұстанымдарын біріктіретін ортақ дүниені анықтауға және олардың айырмашылықтарын белгілеуге мүмкіндік береді.Мұны талдауда автор Ю.К. Бабанский, В.И. Загвязинский, Б.С. Гершунский және Н.Д.Никандровтың, В.Е.Гмурман, В.В.Краевский, С.И. Колташ, А.Г. Кузнецов, М.Н.Скаткин және басқалардың белгілі жұмыстарына сүйенеді.
Мысалы, педагогиканың даму бағыттарын талдай келе, ғалымдар педагогика әдіснамасы мәселелерін шешу философиялық және ғылымтану әдебиеттерінде түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар әдіснаманы әдістер туралы ғылым, басқалары философиялық үрдістер қолданылатын сала, үшінші біреулер әдіснама тек жалпы емес, сонымен қатар, нақтылы ( басқа терминология бойынша – арнаулы) зерттеу әдістерін жинауға арналған деп түсіндіреді. Аталған қарама – қарсы тұғырлар әдістемелік мәселелердің өрісін не қисынсыз тарылтады, не шексіз кең ұлғайтып жіберетіні белгілі.
Педагогикалық әдіснаманың мәнін ашу және оны іздеу бағытындағы алғашқы тұғырлардың бірі гносеологиялық деп аталады. Бұл атау педагогикалық әдіснама ұғымына туыстас «әдіснама» ұғымы ғылыми әдебиетте «гносеология» немесе «таным теориясы» ұғымдарына жақындығымен сипатталады.
Аталмыш тұғырды жақтаушылар педагогикалық әдіснаманың бір бағыты – педагогикалық болмысты танып-білу әдістеріне немесе педагогикалық объектілерді тану үдерісінің өзі туралы ғылымға баса мән береді. Бұл ретте, педагогикалық болмысты тану және түсіндіру әдістерін толықтыру және жаңартудың факторлары мен бастаулары, сондай-ақ, педагогикалық болмысты қайта құру әдістері туралы ғылым ұзақ уақыт назардан тыс қалып келді.Педагогикалық әдіснаманы бұлайша түсінуге сәйкес, белгілі отандық әдістемеші М.А. Данилов былай деп жазды: «Педагогика әдіснамасы – дамушы қоғам жағдайында үздіксіз өзгерістегі педагогикалық болмысты дәл сипаттап көрсететін ғылымды қалыптастырудың қағидалары, тұғырлары және тәсілдері туралы педагогикалық теорияның бастапқы ережесі, негізі және құрылымы туралы білімдердің жүйесі болып табылады».
Педагогикалық әдіснаманы гносеологиялық мектептің (И.С. Ладенко) дербес ғылыми пәні ретінде ресімдеу:
- педагогикалық болмыс объектілерін талдау және оларды дамытудың шарттарын іздеуде қайшылықтар теориясына сүйенген;
- педагог – зерттеушілердің ғылыми – педагогикалық ойлаудың проблемалық сипатына басымдық пен бағдар ұстануына және ғылыми – педагогикалық ізденудің логикалық негіздерін іздеумен байланысты болды.
Әдіснамалық ізденудің осы бағытына тән педагогикалық әдіснаманың тек қана гносеология ғана емес, сонымен қатар, онтологияның қызметін қатар атқаратын таным кеңістігінің гетерогендігін ерекшелеу шындығында нақтыланған болатын. Жекелей алғанда, бұл ғылыми-педагогикалық фактілерді сипаттап, педагогикалық объектілердің мәнін ашатын, олардың бұдан әрі өзгеруі мен дамуының табиғаты мен шарттарын ғылыми түсіндіретін сала ретінде педагогикалық ғылым пәнінің түсіндіруінде қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет