Психологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша дәрістер жинағы 1 дәріс. Оқытушы – оқыту іс-әрекеті негізінде ұйымдастырушы-ақпараттандырушы Жоспары



бет2/19
Дата20.10.2023
өлшемі82,6 Kb.
#187021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
психологияны оқыту әдістемесі дәрістер жинағы
қазақ тілі тест
Оқу іс-әрекетінің құрылымы.

Оқыту жеке адамның білімін, танымдық және шығармашылық қабілетін дамытудың маңызды құралы.
Оқыту теориясы мен тәжірбиесі дамуында жалпы заңдылықтарының бірі дидактикалық жүйелерінің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірбиесін өзіне сіңіріп алады. Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан:
1.Түсіндірмелі-бейнелеушілік оқыту ( дәстүрлі).
2.Проблемалы оқыту.
3.Бағдарламалы ( компьютерлік) оқыту.
4. Түсіндірмелі-бейнелеушілік оқыту дәстүрлі оқыту деп аталады.
Бұл тарихта ұзақ уақыт бойы өз қолданысын тапты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекілікткерді өзіне жатқызып отырады. Мұнда оқушылардың негізгі іс-әрекеті берілген білімнің мазмұнын таңдау, қабылдау, есте сақтау.
Түсіндірмелі- иллюстрациялы оқытудың артықшылықтары:

  • Уақытты үнемдейді;

  • Мұғаліммен шәкірттердің күш-қайратын жетілдіреді;

  • Күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді;

  • Оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді;

Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың кемшіліктері:
- Оқушылардың дайын білімді жаттап алуы;
- Шәкірттердің өз бетінше ойлануына қажетті көңіл бөлінбеуі;
- Дара және бөліп оқыту мүмкіндіктерінің жетімсіздігі;
Проблемалық оқытудың өзі- бұл шығармашылық процесс: бейқалыпты ғылыми оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу.
Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтар қойып, олардың шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді


5 Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы.
Л.С.Выготский бойынша «жуық даму аймағы». Даму баяу, бірқалыпты немесе қызу жүре алады. Л.С.Выготский дің анықтамасы бойынша, революциялық, кей жағдайларда апат-тық сипатта бола алады.
Л.С.Выготский бойынша, психологияда дағдарыстық кезеңдердің бес түрі белгілі. Жаңа туған нәресте дағдарысы дамудың ұрықтық кезеңін нәрестелік жастан бөледі. Бір жас дағдарысы-нәрестелік жасты ерте балалық шақтан бөледі. 3-жастың дағдарысы- бұл ерте балалық шақтан мектепке дейінгі жасқа көшу. 7-жастың дағдарысы мекпетке дейінгі жастан жасының арасындағы қосушы буын болып саналады. 13 жастың дағдарысы-бұл мектеп жасынан пубертаттық жасқа көшудегі дамуда үлкен өзгеріспен сәйкес келеді (пубертаттық-толысқан, жыныстық қалыптасу). Бұл жерде дамудың салыстырмалы, бірқалыпты және шұғыл өзгерістеріндегі сәттердің біршама кезектесуінің ортақ схемасы тұрақты болып қалады. Бұл жағдайда дағдарыстардың баланың өмір сүру жағдайында орын алатын өзгерістермен байланысты екеніне назар аудару қажет, мысалы оның мектепке дейінгі балалық шағынан мектепте оқу кезіндегі балалық шағына көшуімен байланысты.
Дамудың әлеуметтік жағдаяты Л.С.Выготский педагогикалық психология үшін өте маңызды «дамудың әлеуметтік жағдаяты» ұғымын кіргізді. Дамудың әлеуметтік жағдайы бала мен әлеуметтік ортаның қарым-қатынас-ының белгілі бір жүйесі болып табылады, ол даму процесінің мазмұнын, бағытын және жаңадан пайда болған негізгі өзгерістер мен байланысты оның орталық бағытының қалыптасуын анықтай-ды. Бұл жүйенің өзгеруі жас ерекшеліктердің өсімінің негізгі заңын айқындайды. «Осы заңға сәйкес, баланың белгілі бір жаста дамуын қозғаушы күштер ішкі қажеттілік пен дамудың әлеуметтік жағдаят-ының күшін жоғалтуын анықтай отырып, осы жаста дамудың барлық даму негіздерін теріске шығару күйзелтуге сөзсіз әкеліп соғады, дамудың берілген дәуірінің аяқталуы келесі немесе жоғары жас ерекшеліктік сатыға ауысқанын анықтайды».
Сонымен қатар, Л.С.Выготский әр уақытта психикалық даму-бүкіл тұлғаның біртұтас дамуы деп үнемі ерекше атап өтеді. Баланың әлеуметтік өмір шындығына қатынасы ретінде дамудың әлеуметтік жағдаяты деген ұғымға осы қатынастарды жүзеге асырушы құралдарды-жалпы әрекет пен жетекші әрекеттің нақты түрлері де кіреді, атап айтқанда, Л.С.Выготский бойынша, «әрекет-тің кейбір түрлері берілген кезеңде жетекші болады және тұлғаның әрі қарай дамуында үлкен маңызы болады, басқалары-азырақ. Кей-біреулері дамуда басты рөлді ойнайды, басқалары бағынышты рөл ойнайды».
Дамыта оқыту теориясы. Ағымдағы жүзжылдықтың 30 жылдары Л.С.Выготский қазіргі замандағы оқытудың концептуалдық қағидаларының бірін тұжырымдады: «Оқыту дамытудың аяғында сүйретілмей, оны артынан жетелеп келеді». Егер осы ереженің бірінші бөлімі психикалық даму мен оқытудың байланысын тіркеп отырса, онда екіншісі-оқытудың осындай рөлін қамтамасыз етуші психология-лық механизмдердің қандай екендігі туралы сұраққа жауап ұйғарады. Бұл жерде Л.С.Выготский бала дамуының «ішкі сипаты бар, бұл жетілу мен оқытудың әсері бірге қосылатын біріңғай процесс екенін»атап өтті.
Л.С.Выготскийдің, Д.Б. Элькониннің В.В.Вадыдовтың өздерінің зерттеулері баланың өмірге белсенді бейімделуінің барлық жағдайын бейнелейтін дамыта оқытудың отандық тұжырымдамасы әзірлемесінің психологиялық негіздерін салды: табиғат әлеміне, жалпы адамзаттық мәдениетке, маңызды басқа әлемдерге ену, сонымен қатар, баланың өзіндік сана-сезімін дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет