Психологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша дәрістер жинағы 1 дәріс. Оқытушы – оқыту іс-әрекеті негізінде ұйымдастырушы-ақпараттандырушы Жоспары


дәріс. Оқытудың негізгі тұжырымдамасы



бет9/19
Дата20.10.2023
өлшемі82,6 Kb.
#187021
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
психологияны оқыту әдістемесі дәрістер жинағы
қазақ тілі тест
5 дәріс. Оқытудың негізгі тұжырымдамасы

Жоспары:

  1. Оқыту мәселесіндегі эволюциялық тәсілдер.

  2. Оқытудың негізгі тұжырымдамасы.

  3. Ақыл-ой іс-әрекет теориясын кезеңдік қалыптасуы.



Ұғымдық сөздер: оқыту тұжырымдамасы, ассоцианизм, гештальпсихология, бихвиоризм, сабақтың құрылымы, оқу-танымдық тапсырмалар, танымдық іс-әрекет түрлері, ойлау әрекетінің формалды және формалды емес түрлері.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Богоявленская Д.Б. Интеллектуальная активность как проблема творчества. Ростов-на -Дону, 1983.176с.

  2. Вертгеймер М. Продуктивное мышление. М., 1987. 336 с.

  3. Дункер К. Психология продуктивного (творческого) мышления // Психология мышления. М., 1985. С.86-234.

  4. Дьяченко В.К. Современная дидактика: Теория и практика обучения в общеобразовательной школе: В 2 ч. – Новокузнецк, 1996.

  5. Емельянов Ю.Н. Активное социально-психологическое обучение. Л., 1985. 168 с.

  6. Лернер И.Я. Закономерности процессамобучения. – М., 1980. С.8


    1. Оқыту мәселесіндегі эволюциялық тәсілдер.

Педагогикалық іс-әрекеттегі қабілеттерді кәсіби білім беру қаншалықты тез жүріп жатқанына, болашақ педагог педагогикалық іс-әрекеттің әдіс-тәсілдерін қаншалықты терең меңгергеніне байланысты анықтауға болады. өзінің қабілеттерін коммуникативті, яғни қарым-қатынас жасау қабілеттерінен бастаған дұрыс. Негізінен әрбір адам бұндай қабілетке ие. Мұғалім үшін коммуникативтіліктің төмен деңгейі кәсіби іс-әрекет ортасын бұзады, оқушылармен қарым-қатынас орнатуда кедергілер жасайды. Сонымен, сіз басқа адамдардың арасында, қоғамда болуға деген тілегіңіз бар ма, соны талдау керек. Қызықты әдістемелер осыны талдауға көмектеседі. Мысалы, В.Ф. Ряховскийдің әдістемесі.


Қарым-қатынас қабілеттілігіне тек қарым-қатынасқа деген қажеттілік қана емес, сонымен қатар коммуникация процесіне қанағаттану қабілеті де жатады. Балалармен, адамдармен жұмыс жасаудан қанағат алу жұмыс қабілеттілігін сақтайды.
Қарым-қатынас қабілеттілігіне дамыған перцептивті қабілеттер көмектеседі, олардың ішінде – кәсіби қырағылық, бақылаушылық. Егер мұғалім оқушылардың ішкі күйін тез, әрі дұрыс анықтай алмаса, әрекеттерінің мотивін дұрыс түсінбесе, қалайша мақсатты шешім қабылдай алады.
Бақылау қабілеті – күрделі қасиет. Ол тек көру, тыңдау білігі арқылы ғана емес, сонымен қатар сіздің көңіл-күйіңіз неге бағытталса, соған деген қызығушылықтың болуы, сонымен қатар ақпаратты өңдеудегі ақыл-ойдың интенсивті жұмысында көрінеді. Бақылау қабілеті қалай дамиды? Біз не көргіміз келеді, соны көреміз – осыдан шынайы қызығушылық басталады. Бақылау – бұл талдау – осыдан қабылданатын құбыдлыстарды талдау үшін өзіне сұрақтар туындайды.
Бақылау қабілеттілігі және тәжірибе интуиция сияқты, қабілеттің дамуына негіз болады.
Адамды түсіну қабілепті педагог-маманда оған белсенді әсер ету қабілетімен өзара байланысты, оны тұлғаның динамизмі деп атауға болады. Динамизм – бұл сендіру мен көзін қабілеттілік. Бұл ішкі энергия, әсер етудің икемділігі мен инициативасы. Осы қабілеттерді меңгерудің айқын иллюстрациясы педагог-новаторлардың іс-әрекеті болып табылады. Олардың сабақтары энергиялы, олардың позициясы инициативті, сөздері сана мен бейсанаға тереңдеп енуге қабілетті. Осы қабілеттің мазмұнын қарастыру тұлғаның берілген қасиеттерін дамыту жолдарын іздеу үшін көмек болады.
Динамизм эмоционалды тұрақтылықпен байланысты, яғни жақсы педагогтың әсер ету ортасы, тартылыс аймағы, ең алдымен, өзіне әсер етеді. Өзін-өзі ұстау, өзін реттеуге қабілеттілік тұлғаның эмоционалды тұрақтылығын, жағдаятты меңгеру және жағдаятта өзін реттеу мүмкіндігін арттырады.
Оптимистік болжам жасауды негізгі кәсіби-педагогикалық қабілеттілік ретінде анықтай отырып, біз әрбір адамның тұлғалық қалыптасуындағы жақсы жақтарына сүйенетін, мұғалім тұүлғасының бағыттылығымен қабілеттіліктер комплексінің байланысын көрсетеміз. Мұғалімнің оқушыға «Ешқашан...» деп айтуға құқығы жоқ. Бұл халық мұғалімі Т.И. Гончаринаның сөзі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет