Психологияны оқыту принциптері


Оқытудың міндеттерін құра білу, әрі сынып және сыныптан тыс жұмыстардағы оқытудың мазмұнын ұйымдастыру



бет2/6
Дата08.11.2023
өлшемі334,28 Kb.
#190114
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
965590948, 965590948, Е303 Есенғали Ақмарал

Оқытудың міндеттерін құра білу, әрі сынып және сыныптан тыс жұмыстардағы оқытудың мазмұнын ұйымдастыру

  • Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асыуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты

  • тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған-балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру, сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, дүниетанымын қалыптастыру, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Түсіндіру, меңгеру және бақылау міндеттерін шешуге оқу уақытын бөліп, реттеу.

  • Түсіндіру, меңгеру және бақылау міндеттерін шешуге оқу уақытын бөліп, реттеу. Диагностика (грек. «диа» - мөлдір, таза және «гносис» - ілім) – оқылатын нысан немесе үдеріс туралы алдын-ала ақпаратты алудың жалпы тәсілі.
  • Соңғы жылдары жоғары мектеп тәжірибесінде диагностикаға педагогтардың оқыту, тәрбиелеу және білім беру нәтижелерін өлшейтін арнайы қызметінің жүйесі ретінде қарауға көп көңіл бөлуде.
  • Оқыту нәтижелерінің диагностикасы – білім алушылардың жүйелі түрде меңгерген білім, іскерліктері мен дағдыларын анықтау, талдау және бағалау. Оқытудың нәтижелілік – бұл диагностикалау кезінде көздеген мақсаттың жүзеге асу деңгейін көрсету дегенді білдіреді.
  • Бақылау – білім алушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижесін көрсететін білімін, іскерлігін бағалау, өлшеу, анықтау.
  • Диагностика мен бақылау обьективтілік, жүйелілік, көрнекілік принциптеріне сүйенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет