Психологияны оқыту принциптері


Диагностика мен бақылау обьективтілік, жүйелілік, көрнекілік принциптеріне сүйенеді



бет3/6
Дата08.11.2023
өлшемі334,28 Kb.
#190114
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
965590948, 965590948, Е303 Есенғали Ақмарал

Диагностика мен бақылау обьективтілік, жүйелілік, көрнекілік принциптеріне сүйенеді.

  • Обьективтілік принципі оқу бағдарламасының негізгі бөлімдерін қамтитын тапсырмалардың, сұрақтардың, тестердің ғылыми негізделген мазмұнына байланысты болады, білім алушылардың теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін тексеруді қамтамсыз етеді.
  • Жүйелілік принципі оқыту үдерісінің барлық кезеңдеріне – білімді о баста қабылдаудан бастап оны практикада қолдана алуына дейін диагностикалық бақылауды жүргізу қажеттілігімен анықталады. Жүйелілік диагностикалауды жүргізуге кешенді түрде қарауды талап етеді, ондағы бақылау мен тексерудің, бағалаудың әдістері мен құралдары, формалары өзара тығыз байланыста, бірлікте болып, бір мақсатқа бағынады.
  • Көрнекілік (жариялылық) принципі білім алушылардың білім, іскерлік пен дағдыларын бір талаптар аясында тексеруден тұрады. Көрнекілік принципі тексерудің, оларды талдау мен талқылаудың нәтижелерін жариялап, талдауды қажет етеді.

Студенттердің үлгерімін бағалау олардың білім, іскерлік, дағдыларын тиімді игерудің критерилеріне сай жүргізіледі. Ең маңызды критерилері деп көлем, жүйелілік, ұғу, беріктік пен пәрменділік (ұтымдылық) саналады. Бұлардың әрқайсысына жеке тоқталайық:

  • Студенттердің үлгерімін бағалау олардың білім, іскерлік, дағдыларын тиімді игерудің критерилеріне сай жүргізіледі. Ең маңызды критерилері деп көлем, жүйелілік, ұғу, беріктік пен пәрменділік (ұтымдылық) саналады. Бұлардың әрқайсысына жеке тоқталайық:
  • -білім көлемі – студенттің жеке бөлім, модуль, тақырып немесе жеке сабағы бойынша меңгерілетін фактілер, түсініктер, ережелер, заңдар жиынтығы;
  • -білімнің жүйелілігі – оқылатын пәннің қисынын, оның идеясы мен заңдылығын түсіну, оқылған материалды белгілі бір тәртіппен орналастыра білу іскерлігі, бір фактіні, ұғымды, ережені екінші бір фактімен, ұғыммен, ережемен дұрыс байланыстыра білу;
  • -білімнің ұғынықтылығы – пікірдің айқындылығы мен дұрыстығы, әр қырлы сұрақтарға жауап бере білу іскерлігі, түсіндіру және практикалық міндеттерді шешу үшін теориялық білімді қолдану;
  • -білімнің беріктігі – оқылған материалды есте мықтап ұстау және игерген білімін түрлі жағдайларда дұрыс қолдана алу;
  • -білімнің пәрменділігі – алған білімді әр түрлі танымдық және практикалық іс-әрекетте қолдана алу, теория мен практиканы өзара байланастыра білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет