ҚР білім беру жүйесін реформалаудың басым бағыттарын көрсетіңіз


Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген



бет3/9
Дата22.05.2022
өлшемі84,94 Kb.
#144622
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ЕМТИХАН-ИННОВАЦИЯ
Көшбасшылық сессия (копия)-1
Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда шет ел зерттеушілері “Педагогикалық технология” терминін енгізді. В.Беспалько “Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана” – деген тұжырымдама берді. Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны оқытушы мен студенттің өзара байланыс іс- әрекеті, студенттің ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат ғана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз” дейді.
Ендеше инновация ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде “жаңа”, “жаңалық енгізу”, деп көрсетілсе, кейбіреулер оны “өзгеріс” деген терминмен анықтайды.
“Инновация” деген сөз – латынның “novus” жаңалық және “in” енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы “жаңару, жаңалық, өзгеру” деген мағынаны білдіреді. “Инновация” ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:

  • ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде “бала-субъект”, “бала-объект” тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;

  • ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;

  • қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;

  • иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда “адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;

  • саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады;

  • оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;

  • дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік- психологиялық жауапкершілігн арттырады;




  1. Жаңа технологияның ЖОО-да оқытуда алатын орнын талдаңыз.

Бұл ауқымды мәселе туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2011жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында былай деген: «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз... Біз университеттік білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз етуге міндеттіміз... Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» .
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі — оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Инновациялық оқыту – жаңашылдықпен оқыту дәстүрі, нормативті оқытумен салыстырғандағы білімді игертудің ерекше балама түрі. Ол оқытушы мен студенттердің дамуын қамтиды; оларды демократиялық ұстаным негізінде ортақ шығармашылық және нәтижелі қызмет пен қаруландырады; оқу білім беру жүйесіне жаңалық ендіреді.
Оның студенттер үшін пайдасы төмендегідей:
-оқу-әдістемелік әдебиеттер мен материалдарды тиімді пайдалануына жағдай туғызады;
– кәсіби білім-білікті терең үйренуге жол ашады;
– түйінді-ізденгіштік ойлау қабілетін дамытады;
–болашақ кәсібі жөніндегі танымын қалыптастырады;
– ғылыми-зерттеушілікпен айналысу белсенділігін арттырады;
– алған білімін өзіндік бақылау мүмкіндігі кеңиді;
Оқытушы-ұстаздарға тигізер пайдасы тіптен зор, олар:
-оқу-әдістемелік материалдарын жедел жаңартуға мүмкіндік жасайды;
– оқытудың әртүрлі үлгілік технологияларын енгізеді;
– оқытудың ұқсастыра, теңей оқыту технологияларын қолдануына мүмкіндік туады;
– студенттер білімін бақылау мен қадағалау мүмкіндігі кеңиді;
– кәсіби мамандарды дайындаудың қолданылып келген технологияларының сапасын жетілдіреді.
Инновациялық технологиялар білім берудің сапасын жақсартады, сонымен қатар, білім беру қызметі нарығында білім беретін оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, қамтамасыз етеді. Білім беру процесінің ең негізгі міндеттерінің бірі – кәсіби білімі бар маманның ізденгіштік қызметі арқылы құзіреттілігін қалыптастыру. Мұндай қызметтер түріне:
– бірлесе оқыту;
– модульдық оқыту;
– проблемалық оқыту;
– деңгейлеп,саралап оқыту, тағы басқалары жатады.
Инновациялық білім беру жаңа білім алуға және ақпараттық қоғамның инновациялық серпініне негізделген. Инновациялық білім берудің негізгі белгілері:
• антропоцентризм;
өзін өзі басқару;
• кәсібилік.
Инновация теориясында инновациялық процесс, оларды коммерцияландыру жағдайында бәсекелестік, қызметтерді немесе техниканы, ресурстық қамтамасыз ету аясында жаңа өнімдерді өндіруде перспективалы идеялардың пайда болуын, оларды ұйымдастыру кезеңдерін реттейтін, инновациялық іс-әрекеттің жиынтығы болып айқындалады



  1. Интерактивті оқыту технологиясына баға беріңіз

Интерактивті оқу дегеніміз - тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерді: яғни, жадының алуан түрлерін – есту, көру, іс-әрекет жасау және т.б. сыни тұрғыдан ойлауды , ынталандыру ,қабылдау қабілетін арттыру арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы.


Интерактивті оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таба білуге үйрету. Еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алған қазіргі заманда жастарды өз бетінше шешім таба білуге мектеп қабырғасынан бастап үйрету заңды құбылыс.
Интерактивті әдіс кезінде:
- сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнайды , бұл жағдайды орнату тікелей пән мұғаліміне қатысты;
- ондай қарым-қатынас білім алушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;
- онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады.
Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда оқушылардың бұған дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады. Бұл әдісте білім алушы мынадай қарым-қатынасқа түседі:
1)мұғаліммен – оқушы;
2)жұппен жұмыс жасағанда;
3)шағын топтармен ( топпен жұмыс істеген кезде);
4)белгілі бір топпен,аудиториямен ;
5)кейбір техника түрлерімен; (компьютермен, интербелсенді тақтамен немесе ғаламторға шыққанда т.б.)
Негізінен интерактивті сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлдекіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл , ең алдымен , сұхбаттасып оқыту , оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.
Интерактивті әдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді:1)олар мол мағлұмат алып, өздері айтқан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады; 2)өз пікірлерін терең ойланып айта алатын болады; 3) мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана алады; 4) бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады; 5) шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады;
Интерактивтік оқыту технологиясы:
1.жұптасып жұмыс істеу;
2.ротациялық (ауыспалы) үштік;
3.карусель;
4.шағын топтармен жұмыс;
5.рөльдік (іскерлік) ойын;
6.дискуссия;
7.дебат т.б.
Интерактивтік оқыту – бұл ең алдымен оқушымен пен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Интерактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнайы ұйымдастыру формасы.
айтамыз.
Оқытудың интерактивті әдістерінің артықшылығы:
- оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады;
- оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
- әрбір оқушының сезіміне назар аударылады;
- оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
- оқушының өз бетінше дамуына әсер етеді;
- оқушының өзіндік пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
- оқушының мінез - құлқының өзгеруіне көмектеседі.
Сонымен қорыта келе , интерактивті әдіс әр оқушыны білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді жағдайға қояды, білім алу үрдісін мәнді етеді. Жалпы әр технологияны тиімді қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жете аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы.



  1. Ынтымақтастық педагогикасы технологиясына баға беріңіз.

Ынтымақтастық технологиясы – оқушы мен оқытушы арасындағы қарым – қатынастың тең дәрежеде жүзеге асуы, бірлік одақта қызмет етуі, оқытушының оқушыға басымдылық көрсетпеуі. Мақсат, талап ету педагогикасынан қарым – қатынас педагогикасына өту; оқушыға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиелеуді ұштастыру.
Ынтымақтастық – бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс - әрекет. Оған керекті жағдайлар:
• мақсаттың бір екенін анық сезіну;
• ынтымақтасушы жақтардың қызметін дәл белгілеу;
• мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың т.б педагогикалық үрдіске қатысушылардың бір – біріне көмек беруі.
Ынтымақтастық технологиясының негізгі идеялары:
• оқушылардың шығармашылық, атқарушылық қабілетін дамыту;
• оқушылардың өзін - өзі құрметтеуі;
• оқушыларды құрметтеу.

Бұл технологияның негізгі идеясы – әр түрлі оқыту жағдайларындағы оқушылардың белсенді бірлескен оқу қызметіне жағдай жасау. Оқушылар әр түрлі болады – біреулері оқытушының айтқандарын бірден «қағып алады», өздері кез келген сұраққа дайын; енді біреулері үшін материалды түсінуге уақыт қана емес, қосымша мысалдар, түсіндірулер қажет. Мұндай балалар әдетте бүкіл топ алдында сұрақ қоюға ұялады, ал кейде өздерінің нақты ештеңе түсінбейтінін, сұрақты дұрыс қоя білмейтінін сезінбейді. Егер мұндай жағдайда балаларды шағын топтарға (3 – 5 адамнан) біріктіріп, оларға ортақ бір тапсырма беріп, топтағы әрбір оқушының осы тапсырманы орындауға рөлін түсіндірсе, онда әркім өз жұмысының нәтижесі үшін ғана емес (көбінесе оларды енжар қылдыратын), бүкіл топтың нәтижесі үшін жауап береді. Мұның үлкен мәні бар. Сондықтан нашар оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушылардан мәселенің мәнісін түсінуге тырысады, ал жақсы оқитындар топтың бардық мүшелерінің, бірінші кезекте, нашар оқитын оқушының материалды меңгеруге мүдделі болады. Сөйтіп, бірлесе күш жұмсаудың арқасында әрбір оқушы материалды өзіне лайықты деңгейде меңгереді. Бұл – ынтымақтастықта оқытудағы ортақ идея.



  1. Ш.А. Амонашвили бойынша Білім беруді ізгілендіру технологиясын бағалаңыз.

Ш.А.Амонашвилидің технологиясында негізгі орынды, баланың іс-əрекетін бағалау алады.
Бағаны қолдану шектеулі, сандық бағалау орнына сапалық бағалау қолданылады, демек мінездеме, қорытынды пакет, өздік талдау жасауға, өзін-өзі бағалауға машықтандыру.
Ізгілендіру технологиясындағы жұмыс түрлерін қарастырайық.
Сабақ – тек оқу үдерісі емес, шығармашылық, ойын сабақ түріндегі балалар өмірінің жетекші формасы.
Сөйтіп, оқытудың тиімді əдіс-тəсілдерін өз орынында қолдану арқылы тұғаның бойындағы қабілеттерін аша отырып, рухани құндылықтарын байыта түсуге толық мүмкіндік туғызуға болатындығы анықталды.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
«Жеке тұлға», «тұлғаға бағытталған оқыту» ұғымдарына сипаттама беріп, тұлғаға бағытталған педагогикалық технологияның басқа оқыту технологиялардан айырмашылықтарын талдағанда.
Тұлғаға бағытталған педагогикалық технологияның бастауыш мектептің оқу үдерісінде пайдалану əдістемесінің ерекшеліктерін анықтаймыз.



  1. В.Т. Кабуш технологиясы тәрбиеленуді ізгілендіру жүйесін талдап қорытыңыз.

М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі және оның маңызы. М.Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі ХХ – ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагог, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес , дидактикалық материалдармен сабақ ұзақтығын ӛздері таңдай отырып, балаларға ӛздігінен жұмыс жасауға жағдай жасаған. Кезкелген ата – ана баласы үшін ӛмір сүреді. Халқымыз «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» - деп бекер айтпаса керек. Мария Монтессори (1870-1952) 31 тамыз айында Италияда дүниеге келген, сол елдегі медицина докторы дәрежесін алған алғашқы әйел адам болды. Бұл жүйені 100 жыл бұрын М.Монтессори ойлап тапқандықтан, соның атымен аталып кеткен. Ӛз ісінің бастапқы негізінде ол жүйке - психикалық дамуы бұзылған балаларды емдеумен айналысады. Мұндай балалармен жұмыс істеудегі тәжірибесі «зияты дамымаған балалар» емдеуге қарағанда педагогикалық тұрғыдағы әсер етуді кӛбірек қажетсінетіні туралы маңызды тұжырымды құруға мүмкіндік берді. Зияты дамымаған балалармен жұмыс тәжірбиесі М.Монтессоридің кӛңілін қалыпты балаларды тәрбиелеу проблемасына аударды, оның жүйесінде Ж.Ж.Руссо, Ә.Сеген және т.б. белгілі философ, педагог және дәрігердің тәрбиелеу қағидалары дами түсті. Бүгінгі күні Монтессори педагогика атақтылыққа екінші рет ие болуда. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін дүние жүзіндегі кӛптеген балалар мекемелері қолданады. Сонымен қатар М.Монтессори жүйесі 146 мемлекетте қолданыладын.Монтессоридің ілімі мен жүйесі әр түрлі балалар мекемелерінде: балалар үйі, мектептер, балабақшалар, балалар оңалту орталықтарында кеңінен қолданыла бастады. М.Монтессори: «Бала дүниеге келгеннен бастап ӛзін- ӛзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау» - деген екен. Бұл Монтессори - педагогиканың негізгі ұстанымдарының бірі. Баланың еркіндігі мен ӛзіндік ойлау дағдысының дамуына қысым кӛрсетпеу керек, яғни балаға бостандық беру.
1. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс – тәсілдері. 1896 жылы Рим университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М.Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылды. Университеттің емханасынада ақыл – ойы артта қалған балаларға бақылау жасап кӛрді. 1900 жылы Марияның ӛзі дамуын да ауытқушылықтыры бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сойлегендіктен, ол саусақтардың ұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сӛйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардың ӛзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сӛйтіп, Монтессори ӛзінің бірқатар уақыты ӛткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу, жазу, есептеуді кәдімгі мектептегі ӛздерінің құрдастарынан бұрын үйренді.1909 жылдан бастап М.Монтессори жүйесі ӛмірге белсенді түрде енгізіле бастады. Түрлі елдің педагогтары үшін курстар ашылды. 1910 жылы «Монтессори әдісі» атты кітап жарық корді. 1929 жылы М.Монтессори қазіргі кезде де жасап жатқан халықаралық Монтессори Ассоцасиясының негізі салынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет