ҚР білім беру жүйесін реформалаудың басым бағыттарын көрсетіңіз



бет7/9
Дата22.05.2022
өлшемі84,94 Kb.
#144622
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ЕМТИХАН-ИННОВАЦИЯ
Көшбасшылық сессия (копия)-1
Оқушыларды кәсіпке даярлаудың шартты түрдегі топтасуы.
 Педагогика ғылымдарының жамып отыруына байланысты мұғалімдерге қойылатын талап анықталғаннан кейін, бүгінгі таңдағы оқушының қазіргі заман талабына сай кәсіпке даярлығын кесте 1 арқылы түсіндірдік. Бұл мәселенің теориялық негіздерін жасау оқушылардың "кәсіптік даярлығы" ұғымының мәнін анықтауды қажет етеді. Бүгінгі күнге дейінгі психологиялық - педагогикалық әдебиеттерде "даярлық" ұғымы:
- белгілі бір психологиялық жағдай (Селиванов В.И.);
- жеке тұлғаның тұрақты сипаты (кандыбович Л.А. т.б.);
- мотивациялық және процессуалдық компоненттерінің ажырамас бірлігі.
"Оқушылардың әртүрлі іс - әрекеттерінде белгілі бір материалды пайдалану арқылы оқушылардың даярлығы" ұғымы: озық дәстүрлерде қалыптасқан жеке тұлғаны қалыптастырудың жалпы гумандық мұраттарына сай іске асыруға мүмкіндік беретін біріктірілген (интеграциялы) қасиеті (Мағауова А.С.);
"Қазіргі уақыттың мәнділігін түсінуін, өнертану мен кәсіптік білім және іскерліктің практикада қолдана алатын тәжірибесінің қалыптасуының өзегі көркем мәдениет болып табылатын күрделі біртұтас білім" (Громакова С.В.) деп түсіндірілетін ұғымды біздің проблемамызға байланысты ұстанамыз. Себебі, мұндағы түсінікте педагогика ғылымындағы даярлықтың дәстүрлі мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық компоненттері қамтылған. Біздің зерттеуімізде оқушыларды қазіргі заман мәдениетіне сай кәсіпке даярлау процесін жүзеге асырудың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мен оны негіздеу барысында жоғарыда көрсетілген даярлықтың компоненттері негізге алынады. 
Даярлықтың мотивациялық компонеті оқушылардың қазіргі заман мәдениетіне дұрыс қатынасының болуымен сипатталады. 

  1. Педагогикалық ынтымақтастық идеяларын көрсетіңіз.

Ынтымақтастың - бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет. Оған керекті жағдайлар:
- мақсаттың бір екенін анық сезіну;
- ынтымақтасушы жақтардың қызметш дәл белгілеу;
- мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың, т.б. педагогикалық процеске қатысушылардың бір-біріне көмек беру і.
Ынтымақтастық педагогикасының пайда болуына себеп болған оқушылардың білім деңгейінің төмендігі, кеңес педагогикасының баланың еркін және жан-жақты дамуын тежеп, талантын басуы.

Ынтымақтастың педагогикасы баланың психикасының саулығын сақтап, күштеп оқытуға, формализмге қарсы шығып, баланы оқуға ынталандырып, табысқа деген сенімін нығайтып, жазалаудың ауыр түрлерін мүлдем қолданбайды, адамгершілік пен ынтымақтың бала өмірінде үлкен маңызы бар екенін жете түсінеді.


Жаңашыл мұғалімдер өз мектептерінде 25 жыл бойы идеяларын сынақтан өткізіп, ескі әдіспен жастарды оқытуға болмайтындығын дәлелдеп, мұғалімдерге жақсы жұмыс істеу жолдарын көрсетті. Олар:
- балалар мен мұғалімдер, ата-аналар арасындағы ынтымақ; ұжым мүшелерінің шығармашылық жұмысы;
- оқушыға атқарушылық және шығармашылық қабілетін •(дамытатын жұмыстар беру;
- баланы өзін-өзі және ұжымды талдауға үйрету; тұлғалық дамуы;
- тірек идеясы;
- жаңарту идеясы;
- озу идеясы;
- жаңа мектеп;
- тұлғаны дамыту идеясы.
Кеңес мектебі білім беруге баса назар аударып, іскерлікке аз көңіл бөліп, оқыту мен тәрбиенің негізгі мақсаты оқушыларды дамыту екендігін ұмытып отырған. Ынтымақтастық педагогикасы ақыл-ойды, т.б дамытады. Атқарушылық, шығармашылық қабілет. Балалардың ақыл-қабілетінің дамуын зерттеген Б. Никитин, оны атқарушы, және баланың өздігін тез дамытатын, оның ең негізгі қасиеттерін шығармашылық деп бөледі.
Бала дамуының жаңын аймағы - үлкендердің көмегі арқылы баланың атқараалатын істері. Көрнекті кеңес психологы Л.Выготский оқыту мен дамудың байланысын зерттеп, баланы дамыту үшін оған күрделі тапсырмалар беруді ұсынды. В.Шаталов ережелері оқылмаған тақырыптар бойынша оқушыларға есеп шығартады.
Қ.М.Нұрғалиевтың негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі
Идеясы: Боран мектебін білімдар әрі бала жүрегіне сезімтал ұстаздар ордасына айналдыру, жаңалыққа ұмтылуды мақсат ету, жаңалық үшін ғана емес, жалпының игілігі үшін жұмыс істеу. Жаңашыл ұстаздың басына тән басты қасиеттер: ерен ерлігі, жауапкершілігі, еңбекқорлығы, турашылдығы, біліктілігі, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабілеті, адамгершілігі, педагогтың ізденімпаздығы, шығармашылығы. Еліміздің таңдаулы мектептерінің бірі Боран мектебі мыңға жуық оқушы оқыған ауылдық жердегі аралас мектеп болған. Мектеп жанындағы оқу өндірістік кешенінде 9-10 сыныптағылар екі жыл ішінде жүргізуші, тракторшы, электрик мамандықтарын алып шыққан. Мектептің бүкіл оқу тәрбие жұмысы техникалық құралдарды қолдануға негізделіп, барлық 40 кабинеттің техникалық орталығы республикамызда тұңғыш рет осы мектепте жасалып, мыңдаған дыбыстық фонограммалардың, диафильмдер, диопозитивтердің, кинофильмдер мен кино-фрагменттердің, магнитофон жазбаларының үлкен қоры жинақталған орталық телестудиясы болған. Студиядағы операторлар да, режиссерлар да 7-сыныптан жоғары оқитындар болды.
Мектеп жанында зәулім спорт залы, екі дене шынықтыру залы, ән-күй, саз кабинеті мен бөлмелері 200 орындық жиын залы, 200 орындық кинотеатр, медициналық кабинет, 240 орындық асхана жас буынның игілігіне айналған. Сол кездегі совхоз малшыларының балаларына арналған 60 орындық интернат үйі, толық жабдықталған өнер бөлмесі (көрмесі), екі оқу залы жұмыс істеген. Қазақтың ұлы ағартушыларына, көрнекті педагогтарға арналған стенділер, мәңгі от алаулары тұрған жауынгерлік даңқ залы тәрбие орталығына айналған. Ұжым барлық пәндер бойнша толық үлгерімге жетіп, құқық тәртібін бұзу оқиғасы кездеспеген. Жыл сайын мектеп бітірушілердің көбі совхоз өндімнде қалып, жөндеу, көгалдандыру, т.б. мектеп жұмыстарын оқушылар атқарған. Мектеп директоры – Қ.Н.Нұрғалиев: "Мектепті алға бастыруды анық ойласақ, істі кадрдан бастауымыз қажет. Келешектің адамын қалыптастыру, еңбекке баулу, адамгершілікті дамыту, Мұның бәрі сегіз қырлы бір сырлы дейтін маұғлімдердің олдарынан келетінін үнемі ескеріп отырғанда ғана жақсы ұстаз бен жас шәкірт арасында мәңгі үзілмес алтын жолі тартылады. Ол мұғалімнің оқушыға сенуі, оқушының мұғалімді сүюі" - деп оқу-тәрбие процесін, ізгілендіру идеясын қолдаған.

  1. Ынтымақтастық педагогикасының идеясының жіктелуін көрсетіңіз




  1. Дамыта оқыту технологиясының ұғымы, мақсаты және міндеттерін көрсетіңіз.

Дамыта оқыту бүгінгі күнде өзекті мәселердің бірі болып отыр. Өйткені, оқушылардың білімге деген қызығушылықтарының төмендеуі, оқуға деген құлықсыздығы және таным қызығушылықтарының даму деңгейінің төмендігі. Педагог өзіндік жұмысқа кіріскен кезде, жетістікке жету үшін тек білім мен қабілет жеткіліксіз екенін жылдам анықтайды. Дамыта оқытудың әдіснамасы – бұл сапалы жаңа білімнің жүйесі, ол консервативті педагогикалық сана мен білімнің, негізгі жаттап алу, репродуктивтімен ешқандай ортақтығы жоқ, оқу әрекетінің түбегейлі керісінше қалыптасуын ұсынады.
Дамыта оқыту түсінігінде біз баланың жан-жақты дамуына тура бейімделген ұйымдастырудың түрін, әдісін және мазмұнын оқытуды ұйымдастырудың тиімділігі деп түсінеміз. Дамыта оқыту технологиясының мақсаты – оқушылар оқу әрекетінің белсенділігінің психологиялық негізін қарастыру, мектептегі дамыта оқытудың әдісі мен амалдарын көрсету.
Көптеген жаңа әдістемелердің қатарында дамыта оқыту білім сапасын көтеру жағынан жетекші орында.
Дамыта оқытудың негізі оқытудың белсенді әдісі болып есептеледі. Белсенді оқыту дидактикалық процестің ұйымдастырылуы әдісінен дамытушы, проблемалық, зерттеушілік ізденіске ауысуымен белгілі, оқытудағы шығармашылық үшін жағдай туғызады, таным процесін белсендіреді.
М.Новиков белсенді оқытудың мынадай айырмашылықтарын көрсетеді:
1) ойлау белсенділігін арттыру. Мұнда тәрбиеленуші өзінің тілегіне тәуелсіз белсенді болуы керек;
2) оқуға қызықтыру уақыты айтарлықтай ұзақ болуы;
3) өзіндік шығармашылық шешімдер қабылдау, оқушылардың сезімдік және мотивациялық жоғары деңгейі.
Дамыта оқыту технологиясымен жұмыс істей алу үшін мұғалімге не қажет? Бұл технолгияның өзі дамушы білім беру кеңістігіндегі арнайы ұйымдастыруды ұсынады. Әдіскердің міндеті әр түрлі бағыттарды меңгеру үшін жағдайлар құру, әдіснамалық әдебиеттердің көп түрлілігіне педагогтарды бейімдеу. Дамыта оқыту жүйесін меңгеруде арнайы тәжірибелер бар мұғалімдерге жиі туындайтын бірталай мәселелер қатары берілген:

  1. Көптеген сұрақтарда жоғары білімділік таныту үшін, мұғалімдерге білім көлемі жеткіліксіз, өйткені сабақ шеңберінен шығу байқалады: материалдың көптігі, оның жан-жақтылығы, пәнаралық байланысы.

  2. Дамыта оқытуға сай, мұғалім жұмыс жағдайын құра алмайды. Сабақ мазмұнындағы тапсырмалардың құнды мүмкіндіктерін көрмейді, шындықты анықтауға, талқылауға сыныпты жұмылдырмайды.

  3. Сабақтың кіріспе бөлімі жиі бұзылады, өйткені оқу мазмұнының мағынасы толық мойындалмаған, оқушылардың өзінің мүмкіндіктерін көрсетіп, ашыла алатын сезім ортасына шығу жоқ.

  4. Мұғалімдер оқулықтарға, бағдарламаларға сенбей көбінде өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сеніп, жұмыс стилін өзгертіп, дәстүрлі әдісті енгізеді де жаңа жүйе бойынша жұмыстың ерекшелігін мойындамайды.

Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқыту үрдісі мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде көрінеді.
Қорыта айтқанда, бүгінгі таңдағы ұлттық мектеп белгілі білім мен дағдылар жиынтығын меңгерген азаматтар ғана емес, ұлттық дүниетаным негізінде өз көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары, отаншыл, қандай ұлтпен болса да тең дәрежеде қатар тұратын тұлғаларды тәрбиелеп өсіруге бағытталған

  1. Дамыта оқыту технологиясының психологиялық қағидаларын көрсетіңіз.


  1. Проблемалық оқыту технологиясын талқылаңыз.




  1. Білім сапасын басқару технологиясын талқылаңыз.

Білім сапасы – құзіреттілік пен кәсіби сананың дәйекті және практикалық тиімді қалыптасуын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің сипаттамаларының кешені. Мұнда сипаттамалардың үш тобын бөліп көрсетуге болады: білім беру мақсатына жету әлеуетінің сапасы, кәсібилікті қалыптастыру процесінің сапасы және білім беру нәтижесінің сапасы. Білім сапасын басқару жүйесін бірден енгізу мүмкін емес. Ол өзінің қалыптасу және даму бағдарламасына сәйкес ретімен, кезең-кезеңімен қалыптасады. Білім сапасын түсіну үшін білімнің үш деңгейінің болуын ескеру өте маңызды. Сапа менеджменті осы деңгейлердің біріне бағытталуы мүмкін және сапаны бағалау бұл жағдайда осы жағдайды ескеруі керек. Белгілі бір пәнді оның негізгі ережелерін жалпы түсіну деңгейінде меңгеруге болады. Кез келген маманды дайындауда жалпы түсінік деңгейінде білу қажет осындай пәндер болуы мүмкін. Және бұл пәндер белгілі болуы және оқу жоспарында белгілі бір орын алуы керек. Оларды қосымша немесе қосымша деп санауға болмайды. Олар маманның біліктілігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Бірақ олардың көлемі мен оқыту әдістемесі олардың дәл осы рөлін - олардың кәсіби көзқарасын, басқа пәндерді жақсы меңгеру негізін және білімнің жүйелілігін ескеруі керек.Танымның екінші деңгейі – пәнді терең меңгеру, білімді әр түрлі таным және практикалық іс-әрекет саласына айналдыра білу. Бұл оқиғалар мен құбылыстарды түсіндіруге және болжауға мүмкіндік беретін, оқиғалардың себеп-салдарын түсінуге мүмкіндік беретін білімнің жүйетану деңгейі. Кәсіптік оқытуда білімнің екінші деңгейінің пәндері іргелі пәндер болып табылады, бірақ жалпы кәсіптік оқытудың іргелі пәндері ғана емес, сонымен қатар басқа циклдердің іргелі пәндері, атап айтқанда гуманитарлық оқыту циклі (экономикалық мамандықтар үшін, менеджмент – білім беру) немесе техникалық мамандықтар үшін жаратылыстану – ғылыми дайындық.Дайындық деңгейлері пәндердің құрамымен ғана емес, білім беру технологиясымен, оларды оқыту әдісімен, ақпаратты пайдаланумен және т.б.
Бірақ оқытудың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуде жеке пәндердің рөлін көріп, оны оқу жоспарын құру кезінде ескеру қажет. Кәсіби дайындықтың үшінші деңгейі күрделі және тереңдікте алынған білімге негізделген шығармашылық іс-әрекет қабілетін көрсететін тұрақты кәсіби сананың қалыптасуын көрсетеді. Бұл тиімді кәсіптік қызмет қабілеттері – жобалау, тиімді пайдалану, ресурстарды объективті факторларды ескере отырып пайдалану және т.б.Білім сапасы ағымдағы қажеттіліктерді көрсете алады, бірақ болашаққа бағдарлануы мүмкін. Білім берудің заманауи сипаттамалары мен қажеттіліктері де, білім берудің болашағы да барынша айқын көрінетін білім беруді дамыту тенденцияларын ескере отырып сапаны қамтамасыз ету қажет.Білім сапасының қалыптасуына әсер ететін факторлардың құрамы мен жүйесі. Білім беру сапасының негізгі параметрлері сапаны қалыптастыруға әсер ететін факторлардың жиынтығын, сонымен қатар осы факторлардың әрекетінің өлшемі мен сипаттамаларын, олардың бір-бірімен әрекеттесуін көрсетеді.
Білім сапасының негізгі факторлары білімнің мақсаты мен әлеуеті болып табылады. Біріншісі бүгінгі білім беру қажеттіліктерін ғана емес, сонымен бірге ертеңгі мүмкін болатын білім беруді қанағаттандыратын қандай білім нұсқасын идеалды деп санауға болатыны туралы қоғамдық пікірді көрсетеді. Мақсат білім беру қажеттіліктерінің даму тенденциясын көрсетеді және бүкіл білім беру жүйесіне енеді, мемлекеттік саясатта ғана емес, сонымен қатар білім беру үдерісіне әрбір қатысушының мінез-құлқында да көрінеді.



  1. Дәстүрлі оқыту технологияларын талқылаңыз.

Дәстүрлі оқытудың сөзсіз артықшылығы – қысқа уақыт ішінде үлкен көлемдегі ақпаратты жеткізу мүмкіндігі. Мұндай оқыту арқылы оқушылар білімді оның ақиқаттығын дәлелдеу жолдарын ашпай, дайын күйінде игереді. Сонымен қатар, ол білімді игеру мен жаңғыртуды және оларды ұқсас жағдайларда қолдануды қамтиды. Оқытудың бұл түрінің елеулі кемшіліктерінің қатарында оның ойлауға емес, есте сақтауға көбірек көңіл бөлуі жатады. Шығармашылық қабілетін, дербестігін, белсенділігін дамытуға бұл тренинг те аз септігін тигізеді. Ең типтік тапсырмалар мыналар: кірістіру, ерекшелеу, астын сызу, есте сақтау, жаңғырту, мысал арқылы шешу, т.б. Оқу-танымдық процесс негізінен репродуктивті (репродуктивті) сипатта болады, соның нәтижесінде оқушыларда танымдық іс-әрекеттің репродуктивті стилі қалыптасады. Сондықтан оны жиі «есте сақтау мектебі» деп атайды. Тәжірибе көрсеткендей, жеткізілетін ақпараттың көлемі оны игеру мүмкіндіктерінен асып түседі (оқу процесінің мазмұны мен процедуралық құрамдас бөліктері арасындағы қайшылық). Сонымен қатар, оқу қарқынын оқушылардың әртүрлі жеке психологиялық ерекшеліктеріне (фронтальды оқыту мен білімді игерудің жеке сипаты арасындағы қайшылық) бейімдеуге мүмкіндік жоқ. Оқытудың бұл түрінде оқу мотивациясының қалыптасуы мен дамуының кейбір ерекшеліктерін атап өту қажет.

  1. Қашықтан оқыту технологиясын талқылаңыз.

Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады.
Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон арқылы оқытушылармен келісілген байланыс жасауына, сонымен қатар, күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып үйренушінің мақсатқа бағытталған және бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды.
Қашықтан оқыту үлгілері:
Педагогикалық практикада танымал оқыту түрлері қалыптасқан. Олардың ішіндегі ең кең тарағандары: дәрістер, семинарлар, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, емтихандар және т.б.
ҚО жүйесінің құрылымына келесі элементтер кіреді:
- Оқыту мақсаты. Маманның үлгісімен және мемлекеттік тапсырыспен сәйкес қалыптасатын, білім және білік жүйесін оқып үйренушілердің меңгеруі.
- Оқыту мазмұны. Әлеуметтік сұраныстың педагогикалық үлгісі. Оқыту үрдісі, әдістері мен ұйымдастыру түрлерінің жүзеге асырылуы оның мазмұнымен анықталады.
- Оқыту объектісі. ҚО білім беру қызметін пайдаланушылар білім алатын берілген түрінің объектісі болып табылады (студенттер, тыңдаушылар, оқушылар және т.б.). ҚО тыңдаушылары білім алудың дәстүрлі түрі студенттерінен өзгешелігі, ерекше қайсарлық, білімге деген құштарлық, ұйымдастырушылық көрсетіп, өз бетімен жұмыс істей білу, компьютермен жұмыс істей білу және телекоммуникациялық байланыс құралдарымен дағдысы болу керек.
- Оқыту субъектісі. ҚО субъектісі оқытушылар болып табылады. Оқытушы- ҚО білім беру үрдісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін басты буын. ҚО оқытушысы іс-әрекетіне тән бірқатар ерекшелік тьютор терминін енгізу қажеттілігін туғызды. Ол-кеңес беруші-оқытушы, информатика және телекоммуникация іргетасы негізін білетін болу керек, оның білімділігі алдыңғы озық сипатта болу керек.
- Оқыту әдістері. ҚО түрі: ақпараттық – ереже жиынтығы, репродуктивті(дауыс күшейткішін реттеу), мәселелі мазмұндау, теориялық зерттеудегі логикалық тәсілдер мен ережелер жиынтығы мен зерттейтін 5 жалпы дидактикалық оқыту әдістерінен тұрады. Олар оқытушы мен білім алушылардың өзара іс-әрекеті педагогикалық актілерінің барлық жиынтығын қамтиды.
- Оқыту құралдары. ҚО білім беру үрдісінде оқытудың дәстүрлісі қалай қолданылса, компьютерлік техниканы және телекоммуникацияны, сонымен бірге білім беру технологиясы облысындағы соңғы жетістіктерін қолдануға негізделген инновациялық оқыту құралдары да солай қолданылады.
- Ғылыми – білім материалдық базасы. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу үшін қажетті материалдық және техникалық құралдар жиынтығы. Олар оқу және оқу-көмекші бөлмелері; зертханалық қондырғылар, техникалық оқыту құралдары, оқулықтар, оқу құралдары және басқа да оқу - әдістемелік материалдардан тұрады.
- Идентификациялық бақылау жүргізу жүйесі. ҚО кіретін бақылаудың ерекшелігі абитуриенттің кәсіптік сапалары мен қабілеттерінің даму деңгейін бағалау, тиімді құралдар мен оқыту әдістерін таңдайтындай, онымен сәйкес әлеуметтік психологиялық бейнесін құру болып табылады.
50.12 жылдық білім беруді жүзеге асуын талқылаңыз.
Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мəселенің бірі əлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім берудің бұл үлгісі əлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. Бұл — соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам өмірінің əр түрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай. Сондықтан жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тəрбиелеу үшін оларға жаңа, мазмұны жоғары деңгейде білім беру қажет.
Ендеше, Қазақстан Республикасы да əлемдік тұтастықтың бірі ретінде, бұл мəселеден шет қала алмайды. Керісінше, біз Қазақстанның білім беру жүйесін əлемдік білім кеңістігіне үйлестіруге мейлінше ұмтылудамыз.
12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тəрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бəсекелік қабілеті мол тұлға тəрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр.
12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты — дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті жəне бəсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім беру ерекшелігі — білім беру парадигмасының өзгеруі, яғни білім, білік, дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысу.
Жалпы орта білімнің құрылымы балалардың психологиялық-физиологиялық тұлғалық ерекшеліктеріне сəйкес болуы қажет. ТМД жəне шетел ғалымдарының пікірінше де (физиологтар, психологтар, педагогтар), 12 жылдық білім берудің құрылымы оқыту жəне жас ерекшелігінің дамуына сəйкестігін ескеру қажет деп қолдап отыр.



  1. Модульдік оқыту қағидалары, мәні және дайындық кезеңдерін талдаңыз. .

Модульді оқыту – блоктық оқытудың жетілдірілген түрі. Мұнда оқышылар модульдерден тұратын оқу бағдарламасымен жұмыс істейді. Модульдік оқыту жүйесі жайлы көп жылдан бері қарай Я.А.Каменский бастап, соңғы жылдары В.Шаталовтың оқыту тәжірибесінде қолданылған әдіс. Модуль – латын сөзі өлшем, шама.Модульді сабақтар мұғалімдерге барлық оқушыларды назарынан тыс шығармауға, олардың білімдеріндегі олқылықтарын дәл мерзімінде анықтауға мүмкіндік берсе, оқушылар сабақ үстінде мұғаліммен тең дәрежеде еркін сөйлеуге, жолдастарымен бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік алады, сабақ олар үшін көңілсіз күңгірттіктен айырылып, көңілді, қызықты іс-әрекетке айналады, үй тапсырмасын орындауға жіберетін уақыттарын өздері қызығатын істерге арнайды. Сонымен, модульді оқыту, модульді технология, модульді бағдарлама деген не? Ол үшін алдымен, "модуль" сөзінің мағынасы қандай екенін анықтайық. Модуль - белгілі бір жүйенің, құрылымның өз бетінше бола алатын, құрылымның өз бетінше бола алатын, бөліне алатын бөлшегі: Оқу модулі дегеніміз - оқу мазмұны мен оны игеруге негізделген технологияның бірі мақсаттағы түйіні. Модуль - оқушының мазмұнды, оқу әдісін өз бетінше игеру деңгейі мен оқу-таным әрекетіне сай жеке оқу бағдарламасы. Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлеу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
Модульдік оқытудың басты мақсаты — оқытудың ұйымдастырылуы бойынша және мазмұны бойынша адам бойындағы осы сәттеп қажеттілікті қанағаттандыруда кепілдік беретін әрі жаңа қажеттілікті анықтайтын икемді білім беретін құрылым құру.
Модульдік оқытудың негізгі мақсаты – эстетикалық сезім, дамыта оқыту, зейінін тәрбиелеу. Эстетикалық сезім рухани сезім тобына жатады. Эстетикалық сезімді оқыту үрдісінде әсер етуші құдірет болуы керек. Бірі – заттар мен құбылыстарға ерекшелік, сол ерекшелікті жеткізетін сөз.
Модульді оқыту әдісі – ойын түрлері арқылы оқушының қиялын дамыту, зейінін тәрбиелеу, халықтық педагогикамен қаруландыру, терең білім беру.
Оқытудың модульдік тәсілі: оқытудың мақсаты мен мазмұнын, танымдылық белсенділікті басқару әдістерін өзгертуді қалайды.
Модульдік оқыту технологиясының мәні: оқушы модульмен жұмыс істеу процесінде нақты мақсаттарға өздігінен (немесе белгілі көмек нәтижесінде) қол жеткізеді. Модуль бұл – оқу мазтұны мен оны меңгерудің технологиясы біріктіріліп берілген мақсаттық функционалдық түйін.
Бұл технологияның ерекшеліктері:
1. Құрылымның үш бөлімнен тұруы (кіріспе, сөйлесу, қорытынды).
2. Өзін - өзі бағалау.
3.Топтық жұмыстағы белсенділік.
4. Көру, есту, жазу, сөйлеу құбылыстарының қатар жүруі.
5.Еркін тәрбиеге баулу.
Модульдің құрамы:

  • әрекеттің мақсатты жоспары;

  • ақпарат банкі;

  • дидактикалық мақсаттарға жетуге арналған әдістемелік нұсқау.

Бұл технологияны оқыту мазмұны аяқталған дербес ақпарат блоктары түрінде ұсынылады. Оларды меңгеру дидактикалық мақсаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Бағдарламаны құру үшін курстың негізгі ғылыми идеялары бөлініп алынып, оқыту мазмұны солардың төңірегінде белгілі бір блоктарға топтастырылады.Содан кейін екі деңгейден тұратын кешенді дидактикалық мақсаттар анықталады. Оның біріншісі – оқу мазмұның меңгеру деңгейі, екіншісі-оны практикада және оқуды әрі қарай жалғастыруда қолдануына бағдарлау деңгейі. Кешенді дидактикалық мақсаттардан кіріктірілген дидактикалық мақсаттар бөлініп алынады да, модульдер соған сәйкес дайындалады.
Модульдер үш типке бөлінеді:

  • танымдылық, ғылым негіздерін оқытуда қолданылады;

  • операциялық, іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру және дамыту үшін қолданылады;

аралас, алғашқы екеуін қамтиды.

  1. Ақпараттық оқыту технологиясы ұғымы, мақсаты, міндеттерін бағалаңыз.

Қазіргі кездегі ақпараттық технология ұғымын мәліметтер өңдеуге байланысты үш түрге жіктеуге болады, олар: есепке алу, талдау және шешім қабылдау. Осы уақытқа дейін бұл жұмыстар адамның басқаруымен қағазға жазылған құжатты өңдеу түрінде өтетін, ал енді басқару, ұйымдастыру жұмыстарын ЭЕМ көмегімен автоматты түрде атқару жаңа ақпараттық технологияның тууына есепші болды. Бұл жаңа технологияның бұрынғы технологиядан ( құжатты машинкада басу, байланысты телефонмен жүргізу, сөзді диктафонға жазу) айырмашылығы–тізбектеле орналасқан ақпараттық техника, “жылы жүзді” прогромалық жасақ және дамытылған компьютерлік байланысты кеңінен қолдану. Сонымен жаңа ақпараттық технология төмендегі мынадай мүмкіндіктерді орындауы тиіс:
- әрбір адам мәліметтерді дұрыс орналастыра білуі (программалау емес) керек;
- мәліметті өңдеу барысында оларды өрнектеу, сақтау, іздеу, бейнелеу және өзгерістен қорғаудың бірығай үлгісіне келтіріп жинақталған мәліметтер қоймасын пайдаланатын ақпараттық қолғабыс көрсеру;
Ақпарат технологияларының мақсаты, адамның талдау жасай отырып, нәтижесінде белгілі бір әрекетті орындау арқылы шешімдер қабылдай алатындай ақпаратты өңдіру болып табылады.

Ақпарат технологиясы — ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) — қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.



  1. Ақпараттық оқыту технологиясының сипаттамасын бағалаңыз.

Ақпарат технологиясы (АТ, ағылш. information technology, IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология.[1] «Ақпараттық технологиялар» термині 1958 жылы Гарвард Бизнес шолуында алғаш рет пайда болды; Гарольд Дж.Я. Либет және Томас Л. Висслер былай деп жазды: «Жаңа технология әлі де басқарылмайды. Біз ақпараттық технологияны (IT) деп атаймыз.” Анықтамасы үш санатты қамтиды: өңдеу әдістері, шешімдерді енгізу және модельдеудің статистикалық және математикалық әдістері, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етудің жоғарғы тәртібін енгізу.
Бұл термин ақпарат және технология деген екі ұғыммен байланысты.Технология (грек тілінен аударғанда) өнер, шеберлік, біліктілік деген мағынаны білдереді.
Технология дегеніміз – белгілі бір нәрсені өңдеу үшін орындалатын әрекеттер тізбегі.
Технологиялық процесс түрлі құралдар мен әдістердің көмегімн жүзеге асады.
Технология мен ақпарат түсініктерін біріктіре келе, ақпараттық технологияны есептеуіш құралдарын пайдалана отырып , ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау қызметтерін жүзеге асыратын әрекеттердің реті деп атайды



  1. Проблемалық оқытудың негізгі қызметтері мен белгілерін бағалаңыз.

Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.
Проблемалық оқыту бірнеше сатыдан тұрады: проблемалық жағдайды аңғару, жағдайды талдау негізінде проблеманы тұжырымдау, болжаулар ұсынуды, оларды алмастыру және тексеруді қамтып проблеманы шешу, шешімді тексеру. Бұл процесс ойлау актісінің үш фазасымен ұқсастық бойынша өрістейді (С.Л. Рубинштейн бойынша), ол проблемалық жағдайда пайда болып, проблеманы аңғаруды, оны шешуді және соңғы ой тұжырымын қамтиды.
Проблемалық оқыту оқушылар үшін қиыншылық деңгейі бойынша әртүрлі болуы мүмкін, ол оның проблеманы шешу үшін қандай және қанша іс-әрекеттер жүзеге асырылатынына байланысты. В.А. Крутецкий оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеттерін бөлу негізінде дәстүрлі оқытумен салыстыра отырып, оқытудың проблемалығы деңгейінің сызбасын ұсынды.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:
·Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
·Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;
·Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру;
Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты-қазіргі заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, продуктивтік және творчестволық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау. Міндеттер: мұғалімнің проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудыру.
Проблемалық оқытудың мақсаты-ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзі де, процесінде меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның творчестволық қабілеттерін дамыту.



  1. Жобалау әдісіне оқытудың мақсаттары мен міндеттерін бағалаңыз

Жобалар әдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы: «оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту»
Жобалар әдісінің мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын-ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды.



  1. Қазіргі оқу үрдісіндегі инновациялық технологияларға баға беріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет