ҚР білім беру жүйесін реформалаудың басым бағыттарын көрсетіңіз


Проблемалық оқытудың ерекшелігі



бет5/9
Дата22.05.2022
өлшемі84,94 Kb.
#144622
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ЕМТИХАН-ИННОВАЦИЯ
Көшбасшылық сессия (копия)-1
Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.Проблемалық оқыту бірнеше сатыдан тұрады: проблемалық жағдайды аңғару, жағдайды талдау негізінде проблеманы тұжырымдау, болжаулар ұсынуды, оларды алмастыру және тексеруді қамтып проблеманы шешу, шешімді тексеру. Бұл процесс ойлау актісінің үш фазасымен ұқсастық бойынша өрістейді (С.Л. Рубинштейн бойынша), ол проблемалық жағдайда пайда болып, проблеманы аңғаруды, оны шешуді және соңғы ой тұжырымын қамтиды.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:

  • Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

  • Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;

  • Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру;

Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты-қазіргі заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, продуктивтік және творчестволық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау. Міндеттер: мұғалімнің проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудыру.
Проблемалық оқытудың мақсаты-ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзі де, процесінде меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның творчестволық қабілеттерін дамыту.
Проблемалық оқытуда мұғалімнің түсіндіруі мен оқушылардың репродуктивтік қызметті талап ететін міндеттер мен тапсырмаларды орындауы жоққа шығарылмайды.

  1. Жобалау технологиясын оқытудың теориялық негіздеріне баға беріңіз.

Жобалап оқыту технологиясы
Қазіргі таңда Қазақстан мектептері бірнеше технологиялармен жұмыс істеп келеді Жобалап оқыту технологиясы оқушының жеке тұлғасына көзқарасты өзгертеді. Жобалау технологиясы - оқушылардың жоспарлау жəне күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білім. Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашлығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған - Джон Дьюи атты психолог жəне педагог , философ. Дьюидің ілімін жалғастырушы- Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Ульям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау - бұл технологияның негізі. Ол оқушыны оқу үдерісін ұстазбен бірге тең дәрежеде жүзеге асырушы ретінде қарастырады, оның жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп отырады. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы психологиясын қайта құру, қайта қарау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бірінші кезекте оқушыға субъект ретінде қарау керек. Оқытудың мазмұны мен түрі толыға түседі, яғни әдістемелік жүйе адамгершілік тұрғыдан байи түседі.Жобалап оқыту технологиясының қолжетімділігімен, қабылдау шапшаңдығын арттыруымен, барлық мұғалімнің қолдануына тиімді екендігімен ерекшеленетінін тәжірибе көрсетіп отыр. Одан басқа, технология кез-келген сыныпта, кез-келген пән бойынша қолданыла береді, оның жан-жақтылығы осында.
«Педагогикалық технология – барлық жағынан ойластырылған, жобалау, ұйымдастыру және оқу процесін жүзеге асыру барысында оқушы мен мұғалім үшін барлық жағдайды жасауды көздейтін педагогикалық қызметтің моделі.



  1. Оқытуды жекелендіру және дифференциациялау тұжырымдамасын көрсетіңіз.

Оқытуды жекелендіру дифференциацияның мәнін, мақсатты бағыттылығын анықтайды.
Жекелендіру – оқыту процесінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру, олардың тұлға ретінде қалыптасуына және дамуына, олардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін және қызығушылықтарын ескере отырып жағдай жасау.
Кәсіптік білім беруде қолданылатын оқытудың жекелендіру технологиясына мыналар жатады:
- модульді оқыту технологиясы, аяқталған блок-модульдердің ішіндегі жеке жолдарға оқытуға таңдауды қамтамасыз етеді, онда оқу материалының элементтері жүйе түрінде болады;
- ашық оқыту технологиясы — студенттерді жеке темпте, жекеше бағдарламалар бойынша оқыту.
Дифференциация – жеке оқыту үшін оқытылып отырғандардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып оларды топтарға бөлу. Ол топтар бірқалыпты, салыстырмалы түрде бірқалыпты, ал жеке оқыту – тұрақты, уақытша екенін ескеруді ұмыстпаған жөн.
Оқытуда, оқушылардың барлық ерекшеліктерін ескеруді жүзеге асыратын құрал -дифференциация болып табылады.
Дифференциацияның мәні – оқушыларды бөлу емес, оларды біріктіруде дер кезінде дифференциалды көмек көрсету.

Тиімділігі – мұғалім оқушылардың жұмысын бақылап қана қоймай, осы уақытта жеке оқушылармен жекеше жұмыс жасайды. Оқушылар үш режимде жұмыс істей алады:


- мұғаліммен бірігіп;
- жеке өз бетімен;
- мұғалімнің жетекшілігімен.



  1. Жеке – тұлғаны бағдарлап оқыту (білім беру) тұжырымдамасын көрсетіңіз.

Жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар сүйіспеншілік, қамқорлық, ынтымақтастық ахуалын туғызып, жеке тұлғаның шығармашылық әрекеттеріне және өзін-өзі өзектілендіруіне барлық жағдайларды жасайды және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту әрбір оқушының өзін танымдық және оқу қызметінде бейімділіктеріне, мүдделеріне, мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сай жүзеге асыруына мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет