Р. Н. Испулова кафедра меңгерушісінің


Студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстары



бет4/5
Дата22.02.2018
өлшемі0,81 Mb.
#38128
1   2   3   4   5

3.Студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстары

Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы университет бойынша студенттердің кемінде 10 %-н ғылымға тарту керек делінген. Соған орай бізде оқу орнымыздың студенттерін тек біліммен сусындатып қана қоймай, жан-жақты жетілген, қоғамға пайдасы тиетін тұлға қалыптастыру мақсатында ғылымға деген қызығушылықтарын оятып, баулу үстіндеміз. Атап айтатын болсақ, 2009 жылы университет студенттері алыс-жақын шетелдерде, еліміздің өзге де қалаларында Республикалық студенттердің пәндік олимпиадалары мен конференцияларға және түрлі бағыттағы байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр (қатысқандардың 75% пайызы жүлдемен оралды).



Республикалық және халықаралық олимпиадалар:

Қала, ЖОО

Орын, жүлде атауы

Өту мерзімі

Пән

Команда құрамы

Жетекші

Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университеті

Белсенділік үшін алғыс хат

2009 жылдың 23-24 қаңтар

Аударма ісі

Шетел тілдері: екі шет тілі



Семенников А., Какимова А. А., Избасаров А. Ж.

Утешева А. Х., Мусина Ж.З.



Оқытушы Гумарова Лора Наурызқызы

Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

І орын иеленді

2009 жылдың 9-11 ақпан

Математика

Кабасов Багдат, Утешева Арайлым

Оқытушы Боранбаева Г.С.

Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

ІІІ орын иеленді

2009 жылдың 9-11 ақпан

Информатика педагогикалық

Ажгалиев Дидар, Абдиров Нуртилек

Габдуллаев Д.Г.

Карағанды мемлекеттік университеті

IІІ орын, жеке сынақта-ІI орын.

2009 жылдың 21-22 ақпан

Алғашқы әскери даярлық

Е.Баяхметов, А.Балденов,

А. Дускалиев




Оқытушы

В.В. Бобер



Қарағанды қаласында Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

І орын иеленді

2009 жылдың 12-14 ақпан

Бастауыш оқыту әдістемесі мен педагогикасы

3 курс Мұратова М.,

Усербаева А.А, Қаржаубаева.




музыка пәнінің оқытушысы Мұсағалиева Гулнұр Бақтығалиқызы.

Қазақ спорт және туризм академиясы

ІІ дәрежелі диплом

2009 жылдың

24-27 наурыз



Дене шынықтыру және спорт

Е.У.Акмуканов, А.К.Таукеев, М.Э Байсаева, А.Н Лукпанов, К.С. Буштер, А.Н. Мергенбаева

К.п. н. , каф. менгерушісі Р.Н.Испулова

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

ІІ орын

26-27 наурыз

Құқықтану

Жасимов А., Есенгалиев Айболат, Келехсаева Н., Қоңырбаева Динара

Оқутышы

Власова Н. А.



Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Гран-при иегері

2009 жылдың 16 сәуір

Маркетинг

И.И.Будрис, Д.М.Ахонов, Г.Д.Салихова, Э.А.Мухтарова, А.А.Утегалиева

Э.С.Кадралиев – экономика магистрі, В.У.Чудрова, аға оқытушы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

IV орынды иеленді

2009 жылдың 27-28 сәуір

Экология

Э.Мадирова, Б. Утебалиева, Г.Кайыпқалиева

Оқутышы Б.У.Беккалиев

Алматы қаласындағы қыздар педагогикалық инситуты

III орын иеленді

2009 жылдың 14-15 мамыр

Қазақ тілі

С.А.Идельбаева,

Г.М. Исмагулова



п.ғ.к., профессор С.Г.Шарабасов

Алматы қаласы, студенттердің Халықаралық бағдарламалаудан олимп ширекфинал

III орын иеленді

2009 ж 16-19 қазан

Бағдарламалау

WKSU-1 -3 студ

WKSU-2 -3 студ



Д.Г. Габдуллаев

Ташкент қ., жартылайфинал, информатикадан халықаралық

Middle Asia-5 орын

2009 ж 10-13 қараша

Бағдарламалау

WKSU-1- Мусина Р., Жумахмет А., Рахманкулов Э.

Д.Г. Габдуллаев

Нәтиже

Гран-при-1

І-орын-2

ІІ -орын-2

ІІІ-орын – 4

Олимпиадалар саны-12




Барлығы 46 студент


75% пайызы жүлдемен оралды

Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысын тарту және олардың заманға сай іздену іскерлігін дамытумен қатар студент жастардың арасынан дарынды студенттерді анықтау мақсатында 2009 жылдың 30 наурызы – 3 сәуірі аралығында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті студенттердің «Студент және ғылым: шығармашылығы мен келешегі» атты 67 ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының бағыттары барлық ғылым саласын қамтыды.

Жалпы баяндамалар саны: 370, Педагогикалық институттан- 283, Мәдениет және өнер институтында-54, Экономика және басқару институтында- 33 баяндама тыңдалды. Олардың ішіндегі ең маңыздылары жинаққа ұсынылды (210 мақала) және ол жинақ болып жарияланды.

2009 жылы оқу орнымызда студенттік және ғылыми-шығармашылық ұйымдар өз жұмыстарын жалғастырды. Осы жылдың екінші жартысында университетішілік студенттердің ғылыми жұмыстарына байқау жарияланып, оған жалпы 151 (жаратылыстанудан 21, филологиядан -17, тарих және құқықтан-15, педфактан 36, экономикадан 31, өнерден 31) ғылыми жұмыс секцияларда талқыланып, 46 жұмыс дипломмен марапатталса, олардың 37-сі базалық ЖОО-лар комиссиясына ұсынылды.

Студенттік ғылыми қоғам төрағасы Т.Бисембаева облыстық «Жастар -2009» байқауында «Жас ғалым» номинациясында І орын алды.

Университет студенттері «Сырым жастары» ЖҚБ 2009 жылдың 23 қазанда өткізген «Алаш мұрасы жастар көзімен» атты аймақтық ғылыми – тәжірибелік конференциясына түрлі факультеттерден 12 студент қатысты.

Университеттің Жас ғалымдар кеңесі ішкі саясат басқармасы мен «Технопарк «Алгоритм» ЖШС қолдауымен облыстық «Жас ғалым-2009» инновациялық жобалар конкурсын өткізді. Конкурс: Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары, Табиғат және адамзатқа арналған жоба, Әлеуметтік маңызды жоба, IT технологиялар секциялары бойынша өтті. Онда 118-жоба тапсырылып, олардың 78-і іріктеу кезеңінен өтіп, өз жобаларын байқау комиссиясының алдында қорғауға мүмкіндік алды. Конкурс қорытындысы бойынша 41 жобаның авторлары жүлделі орындарға ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Атап айтсақ: М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дан 6 жас ғалым, 6 студент, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ-дан 2 жас ғалым, 1 студент, БҚИТУ-дан 3 жас ғалым, 3 студент, Орал газ және салалық технологиялар колледжі мен КазУИТС 1 студенттен, №11 мектеп-интернат-кешенінен 3 оқушы, Қазақ-түрік лицейі, №7 мектеп, №43 мектеп, Ы.Алтынсарин ат. орта мектептен 2 оқушыдан, АРТЕСН , №27 мектеп, №39 мектеп, №42 «Ақниет» мектебі, №21 мектеп, №8 мектептерден 1 оқушыдан өзгелерден озық шықты. Қалған қатысушылар сертификат иеленді.

2009 жылдың 25 қыркүйегінде «ҚР конституциясы күніне арналған» ЖОО – ның студенттері арасында ең үздік ғылыми жұмысы байқауына Д.Конирбаева, К.Абдрашева, Я. Утегалиевалардың жұмыстары жолданды.

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының I курс студенттері А. Меңдіғалиев, В.Пикалкина, И.Точилина Алматы қ. ЖОО-лар Ассоциациясы, Еуразия қоры -сақтандыру тақырыбындағы республикалық байқауға «Қазақстан тұрғындары салымдарының кепілді сақтандырылуы» атты баяндамасымен сырттай қатысып, сертификат иеленді.

Жалпы тарих кафедрасының студенттері М.М. Идрисова, З.М.Алпанова Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетінің Тарих және халықаралық қатынас институтындағы халықаралық конференцияда «Тенденции развития масс-медиа Казахстана на примере организации информационного пространства США» тақырыбындағы баяндамасымен қатынасып, 1 орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі – А.Ж.Куспанова.

Санкт-Петербург қаласына Хлопкова Анастасия «Н.А.Бородин- ученый и общественный деятель Росии, Казахстана, и США» Еуропалық университетінің конференциясына қатысып алғыспен қайтты.

16 қаңтарда құқықтану бөлімінің 3-курс студенті Кусаинова Әсел және 4-курс студенті Тегалиева Жангуль «Қазақстан Республикасында өлім жазасына кесуді тоқтату: өмір сүруге құқық» байқауына Алматыға барып, адамдардың Жалпыхалықтық құқығы декларациясының 60 жылдығына орай Орталық Азиядағы «Penai Reform International PRI» өкілеттілігі мен Европалық комиссиясының ақшалай марапатына ие болды.


Факультеттерге нақты тоқталатын болсақ:

Құқықтық пәндер кафедрасы жанындағы бірлестіктер, үйірмелер заң ғылымдарымен сабақтастықта ұйымдастырылды.

1. «Цивилист» үйірмесі. Жетекшісі – Б.Б.Махашева.

2. « Криминалист». Жетекшісі – А.Н.Нурмуханов.

3. «Заң клиникасы». Жетекшісі – З.Б.Ауелбаев, Н.В.Власова.

Құқықтану мамандығының 3-4 курс студенттері Алматы қаласында ҚазҰУ 75 жылдығына арналған құқық пәнінен республикалық олимпиадада Д.Конербаева, А.Есенгалиев, А.Жасимов, Н.Келехсаева жүлделі 2 орын алды және олар қатысушы сертификатымен марапатталды; Жетекшісі: Н.А.Власова, З.Б.Ауелбаев, С.Р.Барлубаева.

Қазіргі Қазақстанның құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселері туралы ХҒТ конференцияда 6 студенттің баяндамасы тыңдалды.



Мәдениет және өнер институтындағы студенттердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстар қоғамының негізгі мақсат: шығармашылық ұжымда жұмыс іскерлігіне, шығармашылық тапсырмаларды өз бетімен шешу жолдары мен әдістемесіне үйрету, ғылыми әдебиетпен жұмыс істей білуге, жалпылама сипаттағы рефераттық жұмыстарды жаза білуге, талдау қабілетін дамытуға, соның ішінде өз жұмысының нәтижесін талдау мен жалпылауға, шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмысын қорытындылауға үйрету, ғылыми зерттеулер мен шығармашылық жобалардың қорытындыларының тәжірибелік іс-әрекетке енуі, қолданбалы зерттеуді өткізуді ұйымдастыру, шығармашылық жұмысты ұйымдастыру мен жоспарлау әдістерімен танысу, шығармашылық және ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің негізгі кезеңдері туралы түсініктің қалыптасуы, пікірталасқа қатысу іскерлігінің қалыптасуы, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасай білу іскерлігі мен дағдысының қалыптасуы.

Есеп беру кезінде СҒЗШЖ-ның ережесі, жоспары бекітіліп, құрамы қалыптасып, шығармашылық ұжымның жетекшілері жасалған жұмыс жөнінде есеп берген отырыстар өтті.

2009-2010 оқу жылдарындағы студенттердің ғылыми жұмыстары:

1.Мизамберлиева Бағдагүл «МДЖ» 4-курс студенті. БҚМУ студенттерінің ғылыми конференциясында 1 орын алды. Ғылыми жетекші: оқытушы С.Б.Аманиязова

2.Егорова Анна «Хореография» мамандығының 4 курс студенті.

Студенттердің ғылыми конференциясында 2 орын алды.. жетекші: аға оқытушы О.Ф.Гузь

3. Беккулова Нұргүл «Хореография» мамандығының 4 курс студенті.

Студенттердің ғылыми конференциясында 2 орын алды. жетекші: аға оқытушы О.Ф.Гузь

4. Сарсенов Улан, Ахметов Дулат «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 10302 топ студенті ХДП «Нұр Отан» партиясының жемқорлықпен күрес тақырыбындағы «Үздік плакат» конкурсында 1,2 орын алып, дипломмен марапатталды.

6.Утешов Жеңісбек, Ахметов Дулат «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 10401 топ студенті «Менің туған өлкем» атты жас дарындар конкурсында 2 орын алды.

8.Машкова Елена «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 10401-топ студенті «Тілі бірдің-тілегі бір» атты республикалық конкурсқа белсенді қатысқаны үшін Риддер,2009. сертификатымен және «Ұлтаралық келісімді нығайту бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясын іске асыруға, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда маңызды фактор болып табылатын мемлекеттік тілді насихаттауға қосқан үлесі үшін» дипломымен марапатталды.

14.Шевченко Василина «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 10302 топ студенті БҚМУ «Ақиқат» пікір талас орталығы Сертификат Орал-2009

15.Қажымов Ғалымбек «Дизайн» мамандығының 10506 топ студенті «Жас ғалым-2009» облыстық конкурсында 2 орын алды.

2009ж. 17 наурызда БҚМУ студенттері арасында өткен 67 студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияда:

1. Р.Васильева «Дизайн» мамандығының 10305-топ студенті 1 орын алып, дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекші: О.И.Ворожейкина

2. М.Донской «Дизайн» мамандығының 10204 топ студенті 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекші: О.И.Ворожейкина

2009 жылдың 2 қарашасында өткен студенттер жұмысының ғылыми конференциясында «Көркем қолданбалы өнер және кәсіптік білім беру» секциясында:

1. Р.Куттубаева «Кәсіптік білім беру» мамандығының 10405-топ студенті 1 орын алды. Ғылыми жетекші: Ж.С.Кайнбаева

2. В.Вукалова, «Дизайн» 10405 топ студенті 2 орын алды. Ғылыми жетекші: И.В.Шепелева

3. М.Супагалиева, «Бейнелеу өнері және сызу» 10102 топ студенті 3 орын алды. Ғылыми жетекші: Н.А.Хабадашев.

Жас дарындарды қолдау мақсатында институт студенттері халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық конкурстарға белсене қатысады. Мысалы:

1. «Дарын» квартеті - «Алтын дауыс» аймақтық конкурсында 3-орын, мамыр, 2009ж.

2. «Дарын» квартеті – Патриоттық өлеңдердің республикалық конкурсында 1 орын, Ақтөбе, маусым, 2009ж.

3. Машкова Елена «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 4 курс студенті «Тіл-татулық тірегі» областық конкурсында 1 орын алды. 09.11.2009ж. БҚМУ

4. И.Джантулин «Вокалдық өнер» мамандығының 2-курс студенті 1 орын алды. лауреат (қазан 2008-2009 ж.)

Астана қаласында өткен Халықаралық «Шабыт» фестивалінде жеңімпаз атанғандар:

5. И.Джантулин «Вокалдық өнер» мамандығының 2 курс студенті –фестиваль дипломанты (қазан 2008-2009 ж.)

6.Ж.Қаламбаевтың 100-жылдығына арналған Республикалық қобызшылар конкурсында «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығының 3-курс студенті Г.Жангалиева 1 орын, лауреат (қараша 2009 ж., Алматы қ.)

7. «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған республикалық патриоттық әндер конкурсында «Музыкалық білім» мамандығының 4-курс студенті Р.Нурмагамбетова дипломант атанды. (қараша 2009 ж., Тараз қ.)

8. Республикалық Ш.Қалдаяқов әндерінің конкурсында «Аспаптық өнер» мамандығының 2 курс студенті Б.Кунебаева дипломант атанды. (қазан 2009 ж., Тараз қ).

9. «Европа+Азия» Халықаралық фестивалінде - «Дарын» квартеті дипломант атанды. Жетекші: К.Кисметов (желтоқсан 2009 ж., Оренбург қ.)

10. Шығармашыл жастардың республикалық «Атамекенім, туған жерім – Қазақстан!» конкурсында «Бейнелеу өнері» мамандығының 4-курс студенті И.Томпишева (1 орын).



Экономика және басқару институты ғылыми-зерттеу жұмыстарының оқу үрдісіне енгізілуі студенттердің ғылыми жұмысын жетілдіруге, белгілі-бір тақырып бойынша ғылыммен айналысуға мүмкіндігі бар студенттерді анықтауға көмектесті. 2008-2009 оқу жылдарында «Есеп және аудит» мамандығының күндізгі және сырттай оқу бөлімінің 96 түлегі, «Қаржы» мамандығының 124 түлегі дипломдық жұмысын қорғады. Жұмыстар алдыңғы қатарлы кафедра оқытушыларының жетекшілігімен жүзеге асты. «Есеп және аудит» мамандығы бойынша жалпы студенттер санынан студенттердің 65% «өте жақсыға», 35% «жақсыға» қорғады. Орташа көрсеткіш 4,65 балды құрайды. Бұл көрсеткіш деңгейі 2007-2008 оқу жылынан 2%-ға, 2006 – 2007 оқу жылынан 5 %-ға жоғары. «Қаржы» мамандығының студенттері 2009 жылы студенттердің жалпы санынан 64,7 % «өте жақсыға», 27,5% «жақсыға», 4 студент немесе 7,8% «қанағаттанарлық» деген бағаға қорғады.

Бітіруші түлектер К.Нестеренко, О.Ларшина, Ситникова М.Өтемісов ат. БҚМУ және Оренбург мемлекеттік университетіне магистратураға түсті.

Халық банкі шәкіртақысының иегерлері «Есеп және аудит» мамандығының студенті Гапарова А., «Қаржы» мамандығының студенттері Будрис И, Гумарова Д.

2008-2009 оқу жылдарында дипломдық жұмыстарын қорғағандар:

050703- «Ақпараттық жүйе» мамандығы бойынша - 22 студент;

050507- «Менеджмент» мамандығы бойынша - 32 студент;

050506- «Экономика» мамандығы бойынша -31 студент ;

050902- «Туризм» мамандығы бойынша - 53 студент.

Институт кафедраларында ғылыми үйірмелер жұмыс жасайды.

«Экономикалық теория және бизнес» кафедрасында «Экономик-с» студенттік үйірмесі жұмыс жасайды. Жетекшісі: э.ғ.к., доцент Трибунский В.С.

Бұл үйірменің негізгі мақсаты студенттердің экономикалық білімдерін кеңейту, түрлі өндіріс аймағындағы өкілдермен кездесу, студенттер арасындағы конкурстарға студенттік жұмыстарды дайындау, ұйымдастыру. Үйірме отырысына ғылыми жұмысқа қызығушылығы бар әрбір студент қатыса алады.

Үйірме отырыстары бекітілген жоспарға сәйкес ай сайын өткізіледі. «Есеп және қаржы» кафедрасында 2003 жылдан бастап «Жас бухгалтер» және «Қаржыгер» үйірмелері жұмыс жасап келеді. «Жас бухгалтер» үйірмесіне «Есеп және аудит» мамандығының 2-4 курстың 42 студенті қатысады. Жетекшісі: э.ғ.к., аға оқытушы Турченко А.А. .

«Қаржыгер» үйірмесіне «Қаржы» мамандығының 2-4 курстың 43 студенті қатысады. Жетекшісі: аға оқытушы Бахтиярова А.Ж.

Үйірмелердің негізгі бағыттары: есептің туындаған мәселелік сұрақтарын зерттеу, қаржы, салық, есеп және аудит ұйымдарының түрлі бағыттарымен танысу.

Ғылыми үйірме отырысында 22 баяндама тыңдалды, оның 17-сі студенттік конференцияда тыңдалды. Ұлттық валюта күніне үздік газет байқауы мен «Состояние и проблемы денежно-кредитной политики РК» атты студенттік ғылыми конференция өткізілді. 09215, 09216-топ студенттері э.ғ.к., доцент Б.Ғ.Искакованың, аға оқытушы Р.У.Жанғалиеваның жетекшілігімен «Бухгалтерия в «мыслях-схемах» атты іскерлік ойын өтті. 09318 және 09317-топ студенттері аға оқытушы А.С.Мустафина мен оқытушы Г.К.Тоғжанованың жетекшілігімен «Лидер бухгалтерского учета» интеллектуалдық ойынын өткізді. 09216-топта оқытушылар Э.Н Баудиярова мен Е.Г.Давлетованың жетекшілігімен «Обязательное и добровольное страхование» тақырыбында конференция өтті.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік үздік жұмыстар конкурсында 09318-топ студенті Н.А.Налькина «Рынок страхования в Республике Казахстан и пути его развития» жобасы үшін сертификатқа ие болды. Ғылыми жетекші: э.ғ.к., доцент Б.Ғ.Искакова. Студенттердің 67 ғылыми-тәжірибелік «Студент и наука: творчество и перспективы» атты конференцияда 17 баяндама тыңдалды. Конференция қорытындысы бойынша үздік баяндамалар С. Кенжебаева, А.Кабенова (09318) ғылыми жетекші: аға оқытушы Д.М.Ситалиева, А.Гапарова (09411-топ) ғылыми жетекші: оқытушы Ш.М.Алтыбаева, Д.Нуршубаева (09314-топ), ғылыми жетекші: оқытушы М.Н.Медеуова, Р.Толеген (09412-топ), ғылыми жетекші: аға оқытушы А.Р.Лукпанова

2009 жылы кафедра үйірмесіне қатысатын студенттердің мақалалары жарияланды. Студенттер жұмыстары жинағында барлығы 11 тезис, 3 бірігіп жазылған мақала жарыққа шықты.

2009 жылы студенттік жұмыстар конкурсына 17 жұмыс қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша Республикалық конкурсқа жолданғандары:

Д.Нуршубаева (09314-топ), ғылыми жетекші М.Н.Медеуова, В.Валиевой 09412-топ, ғылыми жетекші Искакова Б.Г.

Л.Кулиева 09413-топ, ғылыми жетекші Б.Г.Искакова

Д.Бисенгалиевой 09312-топ, ғылыми жетекші А.Ж.Бахтиярова

«Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасында келесі үйірмелер жұмыс істейді:

-«Современный менеджер», мақсаты мекемелерді басқарудың жаңа тәсілдерін тиімді қолдану болып табылады. Үйірме жетекшісі оқытушы Н.К.Буланова;

-«Web-программист», мақсаты веб-сайт құруға байланысты бағдарламалау мен дизайнның теориялық және тәжірибелік дағдыларын терең меңгеру; үйірме жетекшісі э.ғ.к., аға оқытушы Череватова Т.Ф.;

-«Турист», Батыс Қазақстан ресурстарының туристік базаларын тиімді пайдалану; үйірме жетекшісі аға оқытушы Г.Г.Невзоров.

Филология факультеті

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары әр кафедрада жасалған жоспар бойынша жүзеге асырылды. Сол сияқты жоспардан тыс та көптеген конференцияларға, семинарларға қатысып баяндамалар жасалып, мақалалар жарияланды. Атап айтар болсақ, «Қазақ филологиясы» кафедрасы бойынша студенттер университетішілік, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі бірнеше ғылыми конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.



  • Жантуриева Гүлнұр Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен Халықаралық пікір-сайыс турнирінде І орын және қатысушы сертификатымен марапатталды;

  • «Жас экономист» ЖҚБ-нің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан -2030» Даму стратегиясының 10 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан және жастар» атты ІІ Облыстық ғылыми – тәжірибелік конференциясында Сапарова Жадыра (2102) ІІ орынды, Көшкінғалиева Оксана (2202) І орынды иеленді (Жетекші: Ә.Дүйісмағанбетова).

  • Қалалық «Жұбан оқулары» байқауына Жеміс Лұқпанова (2103) қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.

  • «Стратегия повышения благосостояния народа в условиях кластеризации национальных экономических систем» атты Ү Халықаралық жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми- теориялық конференциясына студент Қалымбетова Айнұр қатысып, «Үздік баяндамашы» номинациясына ие болды. Ақтөбе, 2008ж. Жетекші: Ә.М.Дүйісмағанбетова.

  • Сондай-ақ М.Сралиева Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай БҚО студенттерінің Альянсы ұйымдастырған «Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы студент жастардың рөлі» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияда алғыс хатпен марапатталды;

  • «Жастар және ізденіс» атты ІІ бөлімішілік студенттердің ғылыми баяндамалар байқауына 20-ға жуық ғылыми-зерттеу жұмыстары тапсырылды.

  • Молдашева Айкүн 2101-топ студенті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай БҚО студенттерінің Альянсы ұйымдастырған «Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы студент жастардың рөлі» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияда І орынды;

  • Абиева Жадыра (02101) Университетішілік «Студент және ғылым: шығармашылығы мен келешегі» атты 67 студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясында ІІІ орынды.

  • Сапарова Жадыра (02202а) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай БҚО студенттерінің Альянсы ұйымдастырған «Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы студент жастардың рөлі» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияда алғыс хатпен;

  • Сондай-ақ Сапарова Жадыра «Жастар және қазақ әдебиеті» атты ІІІ қалалық ғылыми-тәжірибелік семинарда І орын алды.

  • Нұралы Ажар (02403) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай БҚО студенттерінің Альянсы ұйымдастырған «Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы студент жастардың рөлі» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясында – алғыс хатпен; «Жас Отан» ЖҚ-ның бағдарламалық міндеттері мен мақсаттарын іске асырудағы белсенділігі үшін алғыс хатпен марапатталды.

  • Бисенов Түгелбай (02402) университетішілік «Студент және ғылым: шығармашылығы мен келешегі» атты 67 студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясында І орын алды. Ғыл.жет.: Доцент Ұ.Ержанова.

  • Биранова Ұлжан (02401) университетішілік «Студент және ғылым: шығармашылығы мен келешегі» атты 67 студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясында ІІ орын алды. Ғыл.жет.: БҚМУ доценті М.К.Ахметова.

  • Абиева Ж.С. «Студент және ғылым: шығармашылығы мен келешегі» атты 67-ші студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясында ІІІ орынды иеленді. Ғыл.жет.: доцент Р.Мұқамбетқалиева.

  • «Іскерлік шешендік талаптары» (Педагогтің іскерлік қарым-қатынасы негізінде) тақырыбындағы интерактивті семинарда 9 баяндама тыңдалды (Ғылыми кеңесші: проф., А.С.Қыдыршаев).

  • 2009 жылдың 23 қазанында Сырым ауданында өткен «Алаш мұрасы – жастар көзімен» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында бөлімнің 02302-тобының студенттері Бияшева Г. мен Сапарова Ж. жүлделі орындар иеленсе, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері Асылханова Е., Баубекова Н., Молдашева А.қатысып, баяндама жасады.

  • 2009 жылдың 12 қарашасында Ақтөбе қаласында өткен «Қазақстандық патриотизм жастар көзімен» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына «Қазақ филологиясы» кафедрасының оқытушысы Р.Сұлтанғалиева жетекшілігімен 02302-тобының студенттері Г.Бияшева, Ж. Сапарова қатысып, баяндама оқыды.

Сонымен қатар әр бөлімде студенттік үйірмелер жұмыс жасап, студенттердің жан-жақты дамуына, оқумен қатар ғылыммен, өнермен айналысуына жағдайлар жасалуда.

«Қазақ филологиясы» кафедрасында төмендегідей үйірмелер жұмыс жасап келеді:



  1. «Қ.Жұмалиев атындағы әдеби бірлестік». Жетекшісі – С.Ғ.Шарабасов.

  2. А.Байтұрсынұлы атындағы бірлестік. Жетекшісі – А.С.Қыдыршаев.

  3. «Үкілі үміт» атты жас ақындардың үйірмесі. Жетекшісі – Ж.Мусина.

  4. «Жас қалам» жас журналистердің үйірмесі. Жетекшісі – Г.Тұрғаналиева.

  5. С.Датұлы атындағы шешендік өнерге баулу үйірмесі. Жетекшісі –А.Дүйісмағанбетова.

  6. Профессор М.Тілеужанов ат. фольклор үйірмесі. Жетекшісі – Р.Мұқамбетқалиева.

«Жалпы тіл білімі және аударма» кафедрасында да төмендегідей үйірмелер жұмыс жасайды:

1) Санжаров А.А. Араб тілі үйірмесі.

2) Жигалин Н.С. Синтаксические формы слова.

3) Щербанов Н.М. Фольклор Приуралья.

4) Выдрина Н.А. Изучение лирики в современной школе.

5) Евстратов А.Н. Актуальные проблемы изучения русской литературы 19 века.

6) Донскова Г.А. Ономастика: проблемы и решения.

7) Гумарова Л.Н. Проблемы художественного перевода.

«Шет тілін оқыту теориясы мен практикасы» кафедрасында мынадай үйірмелер жұмыс жасап келеді: «Актуальные проблемы Сравнительной типологии разноструктурных языков» жетекшісі Нурушева Т.И., «Метод проектов в обучение иностранным языкам» жетекшісі Даулова Л.Т. «Современый подход изучения иностранным языкам» жетекшісі Кадыргалиева С.И.

Бұл үйірмелердің негізгі мақсат-міндеттері өз құрамына студенттерді көптеп тартып, олардың белгілі бір тақырыпта ғылыми ізденіспен айналысуына жағдай туғызу. Студенттердің шығармашылық қабілеттерінің артуына септік тигізу. Қазақ әдебиетінің, орыс әдебиетінің, шетел әдебиетінің, соның ішінде ағылшын, неміс әдебиеттерінің озық үлгілерімен таныстыру арқылы лингвистикалық талдаулар жасауға баулу. Осы студенттер жасаған зерттеу-талдауларды облыстық, республикалық баспасөз беттерінде жариялауға ұмтылу.



Педагогикалық факультеттің студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы

Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша 2008 жылы желтоқсанда бекітілген жоспар негізінде жұмыс жүргізілді. Студенттер университетішілік сондай-ақ облыс ауқымында ұйымдастырылған түрлі тақырыптардағы конференцияларға белсене араласты.

11.11.2009 ж. педагогикалық факультет студенттері арасында ғылыми-зерттеу жұмыстарының конференциясы өткізілді. Мақсаты - ең үздік танылған студенттердің ғылыми жұмыстарын республикалық байқауға ұсыну болып табылады. Осы сайысқа «Жалпы педагогика және информатика» кафедрасы оқытушыларының келесі мамандықтағы студенттері қатысты. Олар: Магистр Қ.Р.Кажимованың информатика мамандығының 2 студенті, магистр Л.М.Маденованың шет тілі: екі шет тілі мамандығынан 1, осы мамандық бойынша аға оқытушы В.П.Капленко мен М.В.Остроухтың, магистр Ж.Ж.Жароллаеваның, проф. Б.И.Сарсенбаеваның, аға оқытушы Т.К.Каиргалиев пен оқытушы Р.Б.Доскалиеваның биология мамандығынан 3 студент.

Студенттердің ғылыми жұмысқа қатысу деңгейін арттыру бағытында

4-курс студенттеріне 02.11-12.12.09 аралығында өтілген мемлекеттік сараман кезінде дипломдық тақырыбы бойынша эксперимент жұмысын жүргізуге көмек берілуде.

Оқушылар, студенттер және жас ғалымдар арасындағы облыстық «Жас ғалым-2009» инновациялық жобалар конкурсына 06401-топ студенттері А.Дакишева, А.Муктарова қатысып, олардың «Аз қамтылған отбасындағы мүмкіндігі шектелген балаларға әлеуметтік қолдау көрсету» атты жобасы іріктеу кезеңінен өтіп, конкурстық комиссия алқасының шешімімен үздік жұмыстар қатарына енгізіліп, жүлделі І орынға ие болды.



Педагогика және психология кафедрасы

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы жылдың басында құрылған жоспар бойынша жүргізілді, жетекшілік жұмысын кафедра оқытушысы, психология магистрі С.Ф.Баюканская атқарады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарында студенттік ғылыми үйірмелердің жұмысын ұйымдастыру, психологиялық кеңес беру, өзін-өзі тану, психолого-педагогикалық диагностика, курстық және дипломдық жұмыстарды жазу, педагогикалық сараман кезінде қалалық мектептерде ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу (ЖББМ №21, 35, 43, 38, 42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясы), студенттерді республикалық және университет ішілік байқауға қатыстыру жұмыстары қарастырылған.

2009 жылдың 11 қарашасында М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттерінің ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша конференция ұйымдастырылды. Конференцияға педагогикалық факультет бойынша Жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы А.Қ.Махимова., сарапшылар педагогика магистрі, аға оқытушы О.Н.Ерниязов, оқытушы Т.К.Кайыргалиев оқытушылар және баяндамашы студенттер қатысты.

Конференция нәтижесі бойынша үздік деп танылған жұмыстарға келесі орындар тағайындалды:

І орын - «Педагогика және психология» мамандығы ІІІ курс студенті А.Кайргалиева Ғылыми жетекшісі: А.Қ.Махимова

ІІ орын - «Педагогика және психология» мамандығының ІІІ курс студенті Бутенко Светлана. Ғылыми жетекшісі С.Ф.Баюканская.

ІІІ орын - «Педагогика және психология» мамандығы ІІ курс студенті Г.Қыдырашева Ғылыми жетекшісі: педагогика магистрі, аға оқытушы О.Н.Ерниязов



Дене шынықтыру және спорт

2008-2009 оқу жылында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәнінен Алматы қаласында өткен 1 Республикалық Олимпиадада жалпы командалық есепте 2 орын иеленді (М.Өтемісов атындағы БҚМУ)- жетекшісі п.ғ.к. Р.Н.Испулова (казақ бөлімінен 3 студент– А.Лукпанов, А.Каукиев, Е.И.Акмуханов, орыс бөлімінен 3 студент– К.Буштер, А.Мергенбаева, М.Байсаева)

Екі студент А.Лукпанов және К.Буштер «За целеустремленность и творческий подход к выполнению заданий» арнайы дипломымен марапатталды.

2008-2009 оқу жылында «Бастапқы әскери дайындық» мамандығының студенттері «Бастапқы әскери дайындық» пәнінен Қарағанды қаласында өткен I Республикалық Олимпиададан жалпы командалық есепте жүлделі 3 орынды иеленді. (М.Өтемісов атындағы БҚМУ) - жетекшісі В.В.Бобер)

3 орын (қаз. бөлімі М.Өтемісов атындағы БҚМУ) (жетекшісі Р.Н.Испулова)

Студенттер жыл сайын университетішілік конференцияларға қатысады. Сәуір айында арнайы дипломдармен Р.Каирманова, К.Буштер марапатталды.

Ал қараша айында өткен конференцияда Буштер К. (5401 тобы, жетекшісі Испулова Р.Н.), М.Курумбаев (5403 тобы., жетекшісі Х.С.Муханбеткалиев), А.Жумалиева (5202-топ, жетекшісі Г.А.Ергалиева) Осы аттары аталған студенттердің жұмыстары кафедра бойынша республикалық студенттік сайысқа ұсынылды. Студенттер Н.Айтбаев (5203-т), Курумбаев М. (5403-т) – ғылыми жетекші т.ғ.д. Х.С.Муханбеткалиев мақалалары басылымдарға жарияланды:


  • Х.С.Муханбеткалиев, М.Курумбаев История Вооруженных Сил и воинские традиции как фактор военно-патриотического воспитания молодежи Казахстана. Орал БҚМУ

  • Н.Айтбаев-студенттік халықаралық конгресс, Ақтөбе «Патриотизм- основа морального духа молодежи» (сертификат).

2009 ж. наурыз айындағы «Жалпы педагогика және информатика» кафедрасы бойынша 67 студенттік ғылыми – тәжірибелік конференцияда 14 баяндама оқылды.

Факультет бойынша кафедраларда үйірмелер мен секциялар жұмыс жасайды. «Дене тәрбиесі» кафедрасында 11 секция.(бокс, дзю-до, қазақша күрес, армрестлинг, волейбол, шейпинг, тоғыз құмалақ, шахмат, футбол) «Педагогика және психология» кафедрасы бойынша 10 үйірме («ПсиТем», «Жас психолог», «Профессиональные аспекты психологического консультирования студентов», Математиканың бастауыш курсының тарихы, «Педагогический практикум», «Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру тренингтері», «Қатерлі топқа» жататын балалармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық жұмыс жүйесі, Агрессивті балалармен психологиялық жұмыстар жүргізу, «Психологический тренинг: теория и практика», «Тағылым») жұмыс жүргізуде. «Дене тәрбиесін оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасында «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша студенттік ғылыми, спорттық, дәрігерлік-биологиялық пәндер бойынша үйірмелер жұмыс жасайды, студенттердің 50 пайызы осы аталған үйірмелерге қатысады.

Олардың барлығының жұмыс мақсаттары мен міндеттері бүгінгі күннің талабына сай студенттерді жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыру және кәсіби тұрғыдан жетілдіру. Факультет ішіндегі мұндай жұмыстар өзара тығыз байланыста жұмыс жасауда.

Әйтсе де болашақта студенттердің ғылыми жұмысқа араласуын белсенді түрде жүргізу қажет. Олардың ғылыми жұмыстарын болашақта өздерінің кәсіби қызметіне қажетті болатындай етіп берген жөн. Студенттердің республикалық, халықаралық конференцияларға қатысуына, ғылыми жобаларға қатысуына, өзіндік ғылыми зерттеулер жүргізуіне жағдай жасап, соған ықпал ете білуіміз керек. Дипломдық, курстық жұмыстардың өзін ғылыми-зерттеу жұмысына айналдыру керек.


4. Халықаралық ынтымақтастық

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазіргі таңда алыс және жақын шетел жоғары оқу орындарымен ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастық жөнінде 29 келісімшарт жасады. Ал мерзімі өтіп кеткен 15 келісімшарттың қайтадан мерзімін ұзарту жөнінде таяу және алыс шет ел жоғары орындарымен келіссөз жүргізілуде.

2009 жылдан бастап университет 11 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық жөніндегі келісімшартқа қол қойды. Олар: Й.Гутенберг атындағы университеті (Майнц қ, Германия), Пассау университетінің ғалымы – Томас Вюншпен (Пассау қ, Германия), Г. В. Плеханов атындағы Ресей Экономикалық Академиясының басқарушы кадрлары мен мамандардың біліктілігін арттыру және қайта дайындау институты (Мәскеу), Ресей мемлекеттік туризм және қызмет көрсету университеті (Мәскеу обл.), Н. В. Пушков атындағы жер магнетизмі, ионосфера және радиотолқындардың таралу институты (Мәскеу), Білім беруді дамыту Федералды институтының Приволжьедегі филиалы (Самара, РФ), Волгоград мемлекеттік педагогикалық университеті (Волгоград қ, РФ), Ресей халықтар достастығының университеті (Мәскеу), М және Л Ростроповичтер атындағы Орынбор Вроцлав жаратылыстану университеті (Вроцлав қ, Польша), Халықаралық туризм және мәдениет институты (Быгдощ қ, Польша).

2008 жылы университетіміз 4 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойды: Еуропалық ғылыми қауымдастық (Ганновер қ, Германия), Г.В Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясы (Мәскеу), Ресей мемлекеттік туризм және қызмет көрсету университеті (Мәскеу), Белгород мемлекеттік университеті (Белгород қ, Ресей).

М. Өтемісов атындағы БҚМУ алыс және жақын шетел жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастығы тәжірибесімен алмасу, студенттер және оқытушылармен алмасу, халықаралық конференцияларға қатысу, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру, т.с.с негізінде іске асады. Й. Гутенберг атындағы университетпен жасасқан келісімшарт негізінде студенттер, магистранттар және оқытушылармен алмасу жұмысы барысында 2009 жылы Германияның Майнц қаласына 4-курс студенті М.Алексеенко және 1-курс магистранты Л.Кайль семестрлік оқуға жіберілді, сонымен қатар БҚМУ-дың халықаралық ынтымақтастық қызметінің жетекшісі Ж.Рысбекова кәсіби біліктілігін арттыруға барды. Ал Майнц қаласынан Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне екі неміс студенті Инга фон Рюлинг және Юлия Буркхарт орыс тілін оқу курсы бойынша семестрлік оқуға келді.

2009 жылдың қыркүйек айында шет тілі кафедрасының оқытушысы М.Б Барадосова 4-курс студенттерімен Польшаның Бялосток қаласындағы Эсперанто тілінің Конгресіне қатысты. Ал 2010 жылдың ақпан айындаМ.Б.Барадосова 2-курстың «шет тілі» және «туризм» мамандығы бойынша оқып жатқан бір топ студенттермен Польшаның Быгдощ қаласының Халықаралық туризм және мәдениет интитутына барады.

М. Өтемісов атындағы БҚМУ алыс және жақын шетел жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастығы тәжірибемен алмасу, студенттер және оқытушылармен алмасу, халықаралық конференцияларға қатысу, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру, т.с.с негізінде іске асады. Қазіргі таңда университетімізде 3 шетел студенті білім алуда. Олардың ішінде бір түрік және екі неміс студенттері университет қабырғасында оқиды.



2009 жылы ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың 4-курс студенті Серғалиев Әлібек Канаданың Ванкувер қаласында «экономика» (бакалавриат) мамандығы бойынша білім алуда, ал 2008 жылы БҚМУ-дың 1-курс студенті – Хамидолла Анар Ұлыбританияда «экономика» (бакалавриат) мамандығы бойынша оқып жүр.Жалпы бүгінге дейін болашақ бағдарламасымен 10 үміткеріміз білім алды.


«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуға түскендер



Аты-жөні

Бітірген жылы

Оқыған мемлекет пен оқу орны атауы

1

Генсицкий К.

2008

¥лыбритания, Патшалық музыка академиясы

2

Рысбекова Ж. Т.

2007

ҚХР, Шанхай

университеті



3

Джаненова Д.

2008

Ұлыбритания, Бермингем Университеті

4

Давлетьярова А.

2008

Канада, әулие Томас университеті

5

Джумагалиева А.




Ұлыбритания

Лондон Университеті



6

Есеналиев К




Ресей


7

Каржаубаева А. И




Чехия

8

Садыков Е




АҚШ

9

Хамидолла А




Ұлыбритания

10

Серғалиев Ә




Канада


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет