Р. Н. Испулова кафедра меңгерушісінің


жылы Комитеттен ғылыми атақ алғандар



бет2/5
Дата22.02.2018
өлшемі0,81 Mb.
#38128
1   2   3   4   5

2009 жылы Комитеттен ғылыми атақ алғандар

1

Дарбаева Т.Е.

профессор

2

Бахишева С.М.

доцент

3

Жусупкалиева Г.Х.

доцент

4

Рахимова Ж.А.

Доцент

5

Ахметова М.К.

Доцент

2009 жылы Комитеттен ғылыми атақ алуға ұсынылғандар

1

Қисметова Г.Н.

Доценттікке

2

Сейтимов А.Г.

Доценттікке (2010 ж. бекітілді)

2009 жылдың қаңтар айынан университеттің ғылыми Кеңесінің шешімі бойынша диссертацияларын қорғаған ғалымдарға–докторлық диссертациясы үшін Х.С.Мухамбеткалиевке, Л.И.Мерғалиеваға, А.С.Тасмағамбетовке 200 мың тенгеден, А.С.Иргалиевке-100 мың, оның жетекшісі Ә.М.Мухамбетжановаға 100 мың, сонымен бірге осы Қенес шешіміне дейін қорғаған А.А.Турченкоға, Н.Антоноваға, Р.Султангалиеваға қаржылай қолдау көрсетілді.

Ендігі басты мақсатымыз қазіргі аспирантураны бітірушілердің, бұрын оқып бітіргендердің, тақырыбын 2006 жылға дейін бекітіп алған ізденушілердің, университет қаржысын пайдаланған аға ғылыми қызметкерлердің, шығармашылық демалыс алған профессор оқытушылардың қорытынды нәтижесін талап ету.2009 жылы С.М.Бахишева 6 айлық,Э.Р.Абузьярова 3 айлық шығармашылық демалысты пайдаланды. Ал 2010 жылдың басында С.Ғиззатов,Н.Жакиев,М.Ажығалиев,Ж.Мұханғалиева 3 айлық демалыс алды.Яғни университет басшылығы зерттеу жұмысын бітірем дегендерді толық қолдап отыр.

Кафедра меңгерушілерінің мәліметі бойынша бүгінге дейін аспирантураны бітіріп, қорғамағандар саны 34. Олар төмендегідей:



1.Аспирантура бойынша:

Жалпы тіл білімі, орыс филологиясы және аудармасы кафедрасында – 2 аспирант (Л.Н.Ғұмарова, Қ.Б.Лұқпанов) қорғамаған.

Ағылшын тілін оқытудың теориясы мен практикасы кафедрасында – 1 аспирант (А.Е.Сапарова) қорғамаған.

ДТТ және ӘО кафедрасында –2 аспирант (Е.К.Жанғалиев, Б.А.Балыков) қорғамаған.

Жалпы педагогика және бастауышты оқыту кафедрасында –2 аспирант Ж.Т.Ұзақова, Д.Т.Хабиева

Биология, экология және оқыту теориясы кафедрасында – 2 аспирант (Б.Ж.Джангазиева, А.А. Какимова) қорғамаған.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында – 2 аспирант (Т.Т.Шайхиев, М.С.Саркулова) қорғамаған.

Жалпы тарих кафедрасында – 1 аспирант (Г.Н.Есеева) бітірген, қорғамаған.

Театрлік-хореографиялық өнер және кітапханатану кафедрасында – 5 аспирант (С.Б.Аманиязова, Р.С.Абуова, М.И.Сұлтанова, М.Г.Мұқанова, О.Ф.Гузь)

Көркем қолданбалы өнержәне кәсіптік білім беру кафедрасында – 2 аспирант (С.М.Мұхамбетқалиева, Н.А.Хабадашев) қорғамаған.

Музыкалық білім беру кафедрасында Г.Х.Таухасова қорғамаған.

Химия және ботаника кафедрасында– 4 аспирант ( Ш.А. Аққалиева, С.С.Даулеткалиева, Ж.С.Кажмуратова, Г.Г.Капанова) қорғамаған.

Менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасында – 4 аспирант ( С.А.Ихсанов, А.М.Ахметкалиева, С.А.Машанова, А.С.Мустафина) қорғамаған.

Педагогика және психология кафедрасы – 3 аспирант (А.Г.Мухамбетчина, Д.Ш.Жұмағалиева, А.Б.Хайруллина) қорғамаған.

Қазақстан Республикасының тарихы кафедрасы– 2 аспирант (Д.В.Марыксин, Ж.Қ.Мұқанғалиева) қорғамаған

Информатика кафедрасында–2 аспирант (Г.И.Аймичева, С.М.Акимова) қорғамаған



2.Ізденушілер бойынша:

Қазақ тілі мен әдебиеті және әдебиеті оқыту теориясы кафедрасында –2 ізденуші (Ә.С.Мұханбетқалиев, М.Қ.Әжіғалиев)

Практикалық қазақ тілі және құжаттану кафедрасында – 2 ізденуші (Н.А.Алмағанбетова, А.С.Ниетова)

Орыс тілінің практикалық курсы кафедрасында –1 ізденуші ( Э.Р.Абузярова)

Жалпы педагогика және бастауыш оқыту кафедрасында– 2 ізденуші (І.Ө.Хасанова, Р.Б.Доскалиева)

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында – 1 ізденуші (С.М.Ғиззатов)

Театрлік –хореографиялық өнер және кітапханатану кафедрасында –5 ізденуші (С.М.Сатанғалиева, А.С.Джумагазиева, Г.Ә.Қуанышева, Т.М.Амреева, Ә.Н.Кенжетаева)

ДТТ және ӘО кафедрасында – 2 ізденуші (Н.К.Байтлесова, А.Н.Жищенко)

Музыкалық білім кафедрасында – 2 ізденуші (Г.А.Бекеева, К.С.Коптлеуова)

Есеп және қаржы кафедрасында – 4 ізденуші (Р.У.Жангалиева, А.Т.Сейтимов, Е.Т.Давлетов, Е.А.Скон)

Педагогика және психология кафедрасында – 2 ізденуші (Н.Жакиев, С.Ф.Баюканская)

Экономикалық теория және бизнес кафедрасында– 1 ізденуші (А.Б.Тлесова)

Қазақстан Республикасының тарихы кафедрасында– 3 ізденуші (А.О.Амиров, Г.Т.Жалекенова)

Менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасында – 1 ізденуші (В.У.Чудрова)

Информатика кафедрасында – 1 ізденуші (О.В.Насс)
2010 жылы қорғауға жұмыстары
қабылданған ізденушілер

1. Дүйсенғалиева М. - 07.00.02 – Отан тарихы (ҚР тарихы), «ҚР тарихы» кафедрасы оқытушысы

2. Саркулова М. - философия

3. Мұханбетчина А. – 13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика, «педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы

4. Ғиззатов С. - 07.00.02 – Отан тарихы (ҚР тарихы), «Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының оқытушысы


Қорғауы жоспарланған ізденушілер (құжаттарын даярлап, университеттен жолдама хат алғандар, қорғайтындар тізімінде тұрғандар):


  1. Балыков Б.А. – жетекшісі Калюжный А.А.

  2. Тастаева Ж. – жетекшісі Рысбеков Т.З.

  3. Есеева Г. – жетекшісі Асылбекоаа Ж..

  4. Хабиева Д.Т. - жетекшісі Мұханбетжанова Ә.М.

  5. Капанова Г.Г. - жетекшісі Мұханбетжанова Ә.М.

  6. Жұмағалиева Д.Ш. - жетекшісі Мұханбетжанова Ә.М.

  7. Хайруллина А.Б. - жетекшісі Мұханбетжанова Ә.М.

  8. Мұханбетқалиева С.М. – жетекшісі Назарова Н.Г.


Қорғауы белгісіз ізденушілер:


  1. Ғұмарова Л.Н.

  2. Лұқпанов Қ.Б.

  3. Сапарова А.Е.

  4. Ұзақова Ж.Т.

  5. Джангазиева Б.

  6. Какимова А.

  7. Шайхиев Т.

  8. Аманиязова С.

  9. Абуова Р.

  10. Сұлтанова М.

  11. Мұқанова М.

  12. Гузь О.

  13. Хабадашев Н.

  14. Таухасова Г.

  15. Аккалиева Ш.

  16. Кажмуратова Ж.

  17. Ихсанов С.

  18. Мустафина А.

  19. Жүсіпқали Н.

  20. Амиров А.

  21. Аймичева Г.

  22. Акимова С.

  23. Нұрымбетова Ж.

Міне осы тізімдегілер өз жұмысын аяқтап, қорғап жатса сөз жоқ университетіміздің ғылыми әлеуеті талапқа сай болар еді. Бұл арада кафедра меңгерушілері нақты ұсыныспен ректоратқа шығуы керек. Яғни, жақын уақытта қорғайтындар тізімі нақтыланып, қолдау мүмкіндігі анықталуы тиіс. Сонымен бірге, университетіміздегі 07.00.02.-Отан тарихы (ҚР тарихы) мамандығы бойынша БД 14.61.26. және Атырау мемлекеттік университетіндегі 13.00.01. мамандығы бойынша Диссертациялық кеңесті толықтай пайдалануымыз қажет.


1.2. Университет жанындағы ғылыми орталықтар
ПОҚ ғылыми–зерттеу жұмыстарын университет жанында құрылған орталықтар жүргізіп келеді. 2009 жылдың аяғында олардың мақсат-міндеттері нақтыланып, орталық жетекшілері өзгерді. Орталықтың құрамына жаңадан оқытушылар қосылып, магистранттар, студенттер тартылды. Олар:

1. Ф.ғ.к., доцент С.Г. Шарабасовтың басшылығымен жұмыс жасап отырған «Тілдер дамыту орталығының» (филология факультеті) жаңа инновациялық технологияларды енгізіп, курстар, тренинг-семинарлар, облыстық, аймақтық конференциялар, ғылыми-зерттеулер ұйымдастыруы қажет.

2. Ә.М.Мұхамбетжанова басқарған Ы.Алтынсарин ат. ҰБА-ның Аймақтық ресурстық орталығы өз тәжірибесін пайдаланып, зерттеу бағыттарына қаражаттар іздестіргені орынды.

3. Б.ғ.к., доцент Ж.М Карағойшин қолға алған «Аймақтық экология және табиғатты пайдалану мәселелелері» орталығы шетелдік КПО б.в. компаниясының тапсырысымен зерттеу жұмыстарын жалғастырмақ. Ол табиғи эко- және геожүйелердің биологиялық айналымы, биотехнология, табиғи экожүйе өзгерісіне әсері бағыттарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын нәтижелі жүргізеді деп сенеміз.

4. Т.ғ.д. Х.С. Мухамбеткалиев басқаратын «Мәдени мұра» орталығы батыс Қазақстаның тарихи, этнографиялық, археологиялық зерттеулер жүргізуді жалғастырады. Орталық Мемлекет тарихы институтымен бірлескен жұмыстар жасауды жоспарлауда.

5. Э.ғ.д., Л.И.Мергалиева басқарған «Аймақтық экономикалық мәселелер» орталығы ҚР қаржы нарығы, сақтандыру реформалары, мұнай – газ секторының экономикалық жай күйі, банктік жүйенің дамуы, экономиканың дағдарыс бағыттарында бағдарламалар мен жобалар ұсынып, халықаралық конференция өткізуді жоспарлауда.


1.3. Университет бойынша ғылыми іссапарлар, білім жетілдіру курстары

2009 жылы университет профессор-оқытушылары, ғалымдары шет елдерге іс-сапарға шықты, конференцияларға қатысты. Оны төмендегі кестеден көруімізге болады.



2009 жылы шетелдік іссапарларға шыққан қызметкерлердің тізімі



Аты-жөні

Кафедра

Іссапар мерзімі

Қала

Іссапар мақсаты

Бұйрық



Т.З.Рысбеков

Ректор

23.04.-27.04.2009

Мәскеу

«Пути, средства, возможности возрождения образовательной системы» ғылыми практикалық конференцияға қатысу үшін

013-146, 17.04.09 ж.



М.Б.Барадосова

Шетел тілдері кафедрасының оқытушысы

24.07.09-01.08.09

Бялосок (Польша)

Бүкіләлемдік Эксперанто Конгресінің жұмысына қатысу үшін

013-287, 14.07.09 ж.



М.М. Попов

Вокал және аспапта өнер кафедрасының оқытушысы

24.03.- 31.03.2009

Суздаль және Владимир (РФ)

Халықаралық «Золотое кольцо» атты фестиваль-конкурсына қатысу үшін

013-107, 21.03.09 ж.



В.Л.Мельников

Аналитикалық орталығының директоры

10.05.-16.05.2009

Санкт-Петербург

ХІІ Ресей-Американдық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін

013-170, 30.04.09 ж.



Д.Н. Есентеміров

Музыкалық білім беру кафедрасының оқытушысы

27.03.-28.03.2009

Саратов (Ресей)

«Наурыз- 2009» мерекелік шарасына қатысу үшін

013-116, 26.03.09 ж.



Ж.Т.Рысбекова

Халықаралық ынтымақтастық қызметәінің жетекшісі

01.10.09-30.12.09

Майнц (ГФР)

PhDдәрежесіне дайындалу және неміс тілінің тілдік курсынан өту мақсатында

013-330, 15.08.09 ж.



Т.А.Терещенко

География кафедрасының доценті

06.04.-12.04.2009

Санкт-Петербург

Ғылыми-әдістемелік конференцияның жұмысына қатысу үшін

013-127, 02.04.09 ж.



С.К.Есетова

Заң пәндері кафедрасының меңгерушісі

26.03.-30.03.2009

Бишкек

Диссертациялық зерттеу тақырыбының бекітілуі үшін

013-116, 26.03.09 ж.



Г.В. Кобзарь

География мамандығының магистранты

31.03.-.08.04.2009

Санкт-Петербург

Үлкен Географиялық Фестиваль шеңберінде өтетін ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу үшін

013-124, 31.03.09 ж.



А.О. Сағынғалиева

Шетел тілдері кафедрасының оқытушысы

01.04.-30.06.2009

Майнц (германия)

PhD –ға түсуге әзірлену және біліктілігін арттыру үшін

013-30, 27.01.09 ж.



Б.И.Сарсенбаева

Педагогика және психология кафедрасының доценті

22.04.-28.04.2009

Мәскеу

«Педагогикалық және әлеуметтік ғылымдар академиясы» президиумының шақыруы бойынша

013-152, 20.04.09 ж.



М.А.Ғалымов

География кафедрасының меңгерушісі

17.05.09-21.05.09

Орынбор

V –-ші Халықаралық симпозиумға қатысу үшін

013-181, 11.05.09 ж.



С.К.Рамазанов

География кафедрасының аға оқытушысы

17.05.09-21.05.09

Орынбор

V –-ші Халықаралық симпозиумға қатысу үшін

013-184, 13.05.09 ж.



Г.М.Мұхамбетқалиева

әлеуметтік-гуманиатрлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы

19.05.09-25.05.09

Мәскеу

Халықаралық ғылыми Конгресінің жұмысына қатысу үшін

013-184, 13.05.09 ж.



Т.Е.Дәрбаева

Химия және ботаника кафедрасының профессоры

17.05.09-22.05.09

Орынбор

V –-ші Халықаралық симпозиумға қатысу үшін

013-184, 13.05.09 ж.



М.В.Мамышева

Химия және ботаника кафедрасының оқытушысы

17.05.09-22.05.09

Орынбор

V –-ші Халықаралық симпозиумға қатысу үшін

013-184, 13.05.09 ж.



О.Н.Чукална

экология және биогеохимия сынақ зертханасының химик-аналитигі

18.05.09-21.05.09

Орынбор

V –-ші Халықаралық симпозиумға қатысу үшін

013-184, 13.05.09 ж.



Б.В.Шкуринский

География кафедрасының 1 курс магистранты

17.05.09-21.05.09

Орынбор

V –-ші Халықаралық симпозиумға қатысу үшін

013-184, 13.05.09 ж.



Г.В.Кобзарь

География кафедрасының 1 курс магистранты

17.05.09-21.05.09

Орынбор

V –-ші Халықаралық симпозиумға қатысу үшін

013-186, 15.05.09 ж.



Г.С.Омарова

Ғылыми хатшы

18.05.09-04.06.09

Астрахань

Университет студенттерге лекцияларды оқу үшін

013-187, 16.05.09 ж.



О.В.Насс

Информатика кафедрасының доценті

15.06.09-30.06.09

Мәскеу

Сырттай докторантурасына біліктілікті жетілдіру үшін

013-220, 04.06.09 ж.



А.К.Құлбекова

Театрлік-хореографиялық өнер және кітапханатану кафедрасының доценті

16.02.-16.03.2009

Мәскеу

МММ және ӨУ-де докторлық диссертация қорғауына байланысты

013-35, 02.02.09 ж.

Біліктілік арттыру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес оқу орнымыздың профессорлық-оқытушылар құрамы кәсіби деңгейін көтерудің 3 жылдық жоспары орындалып келеді. 2009 жылы осы жоспар бойынша 46 оқытушы дайындықтан өтті. Оның ішінде 18 адам - Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-де, 13 адам – ҚазМҚызПУ-де, 11 адам -Ақтөбе қаласының АМПИ-де өтті. Осы жылы 263 профессор-оқытушы, мектеп мұғалімдері, университетімізде біліктілігін арттырды. Сонымен бірге студенттерге арналған курстарда 88, жұмыссыздарды оқытуда–89 адам оқып шықты.

Университетіміздегі білім жетілдіру орталығы осы жылы «ТУРАН-ПРОФИ» академиясымен және InWent халықаралық неміс қоғамымен бірігіп «ҚР экономикасы аймағындағы жетекші жұмысшылар мен менеджерлердің кәсіби деңгейін арттыру» курсын өткізуді жалғастырды. 2009 жылы курсқа қатысқан 80 тыңдаушының 9-ы өзіміздің әріптестеріміз.Алдағы жылы орталық Мокваның Туризм және сервис университетімен мұндай шаралар қолға алынбақ.
1.4. Магистратура

Университет профессор-оқытушылар құрамын толықтыру мен ғылыми әлеуетін арттырудың қазіргі заман қойып отырған талабы – магистратура, докторантура арқылы мамандар даярлау. Осыны ескере отырып, университеттің ғылыми бөлімінің ұсынысы бойынша тиісті кафедралар жаңа мамандықтар ашу үшін жұмыстануды.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде магистратура 2003 жылы ашылды. Қазіргі (2010-қаңтар) контингент: 67, Олардың ішінде: грант-51, ақылы-16, 2009 –да бітіргендер:33, 2010 жылы бітіретіндер ­– 34, олардың 10 ақылы (1 –бір жылдық), бітіретіндердің -24-і (екеуі бір жылдық) –грант негізінде оқиды.

2009 жылы 8 жаңа магистратура мамандықтары ашылды, олар: 6N0102-Бастауыш оқыту және оқыту әдістемесі, 6N0421–дизайн, 6N0109–математика, 6N0106–Музыкалық білім, 6N0908–мәдени-демалыс жұмыс, 6N0114–тарих, 6М050700 – «Менеджмент», 6М051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару».

2010 жылы басында магистратурадан: 6M011200 «Химия», PhD докторантурадан: 6D020300 «Педагогика және психология», 6D010300 «Тарих» құжаттары Білім және ғылым министрлігінен қолдау тауып бекітілді. Дегенмен бұл бағытта да істелетін шаруалар аз емес, ең алдымен магистратураға сапалы, білімді мамандарды таңдаудан бастауымыз қажет. Бұл арада кафедра болашақ магистр, докторларды өзіне дайындауға бүгіннен бастап көңіл бөлгені орынды.

2009 жылы 2010-2011- оқу жылында қос дипломды оқу бағдарламасын енгізуге қол жеткізілді. Ресей халықтар достастығы университетімен осы мақсатта (Мәскеу қ.) «Мұнай және газ бизнесінің менеджері» қосымша білім беру бағдарламасы, «менеджмент» мамандығы бойынша магистранттарды оқыту жөнінде келісім жасалды.

Мұндай келісімдер Вроцлав жаратылыстану университетімен (Вроцлав қ., Польша), Халықаралық туризм және мәдениет институтымен (г. Быдгощ, Польша) жасалып, қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мүмкіндігі қаралуда. Сонымен қатар Ресей туризм және сервис мемлекеттік университетімен де мұндай бағдарламаны енгізу туралы келіссөздер жүргізілуде.
2. Индустриалды-иновациялық зерттеулер, олардың нәтижелері
2.1. Өткізілген ғылыми-практикалық конференциялар мен ПОҚ басылымдары

2009 жылы БҚМУ-да 5 халықаралық, 3 республикалық, 3 облыстық, 2 университетішілік конференция өткен.






Атауы

Дәрежесі

өту мерзімі



«Ұлттық білім беру жүйесін жаңарту және адам ресурстарының жаңа сапасын қалыптастырудағы оның рөлі»

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

18-19 мамыр күндері



«Ғарифолла Құрманғалиевтің музыкалық-педагогикалық мұрасы»

Халықаралық, Ғ.Құрманғалиевтің 100 жылдығына арналған

2009 жылдың 15 қазанында



Қазіргі білім беру жүйесінің әлеуметтік - педагогикалық мүмкіндіктері мен даму перспективалары

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

4.12.09



«ХХ ғасырдың басындағы ұлттық интеллегенцияның тарихтағы рөлі»

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2009 жылдың 30 маусымы



«Қазіргі Қазақстанның құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері»

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2009 жылдың

2 маусымда





Экология мен табиғатты пайдаланудың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелері

республикалық

М.М. Фартушинаның 80 жасқа толуына арналған



17 қыркүйек 2009



«Қазақстан экономикасының өзекті мәселелері»

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

2009 жылдың 29-30 сәуірі



«Бүгінгі Қазақстандағы дін мен қоғам»

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

2009 жылдың

21 мамыр




БҚМУ студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауы

БҚМУ –ішілік студенттік

4-09 қараша 2009



«Студент және ғылым: шығармашылығы мен келешегі» атты 67-ші конференция

БҚМУ –ішілік студенттік

30.03.-03.04.09



«Қазақстандық қоғамның даму парадигмасы – саяси және экономикалық тұрақтылық»

Облыстық, ҚРПрезиденті Н.Ә.Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауы

2009 жылдың 22 сәуірі



Қазақстан Республикасының конституциясы – қоғам дамуы мен тұрақтылығының негізі

облыстық

26.08.09



Сәрсен Ақмурзин және Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі қазақ руханияты

Облыстық, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сәрсен Ақмурзиннің туғанына 100 жыл толу мерейтойына арналған

10.12.09

Өткен жылдармен салыстыратын болсақ:



Конференцияларға тоқталар болсақ:

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігімен интеграциялау талабын жүзеге асыру мақсатында 2009 жылдың 18-19 мамыр күндері Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру Академиясымен бірлесе отырып «Ұлттық білім беру жүйесі және оның еліміздегі адами ресурстардың жаңа сапасын қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Осы конференция жұмысына білім саласындағы зерттеулермен айналысып жүрген қазақстандық ғалымдар х.ғ.д., Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Т.О.Балықбаев, профессор Н.Н.Нұрахметов, Тараз МПИ ректоры М.Н.Сарыбеков, т.б. және Ресей Білім Академиясы (РАО) вице-президенті, п.ғ.д., профессор В.А.Болотов, Бүкіләлемдік Даму Банкінің эксперті, п.ғ.д., профессор И.Д.Фрумин, РФ Білім беруді дамыту федералдық институтының Самара филиалының ғылыми жетекшісі, ф-м.ғ.д. Е.Я.Коган, Британдық кеңестің РФ кеңесшісі, п.ғ.к., профессор Е.А.Ленскаялар қатысты.

Конференция жинағына Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Омск, Самара, Саратов қалаларынан, Қазақстанның Орал, Атырау, Астана, Алматы, Павлодар, Семей, Қостанай, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент қалаларынан барлығы 210 баяндаманың тезистері тіркеліп, бағдарламаға енгізілді.

2009 жылдың 4 желтоқсанында өткен «Қазіргі білім беру жүйесінің әлеуметтік - педагогикалық мүмкіндіктері мен даму перспективалары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жинағында 150 мақала жарық көрді.

2009 жылдың 29-31 қазан аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Батыстың ән-жанартауы, ән саңлағы, педагог-композитор Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдығына арналған «Ғарифолла Құрманғалиевтің музыкалық-педагогикалық мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференция жұмысына дәстүрлі ән орындаушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР еңбегі сіңген әртісі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Бекболат Тлеухан, өнертану докторы, профессор, М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, музыкатану бөлімінің меңгерушісі С.Ә. Күзембаева, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, өнертану кандидаты Б.Ж.Тұрмағамбетова және Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.К.Сүлейменов, БҚО мәдениет басқармасы, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындары басшылары қатынасты.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жаратылыстану және математика факультеті ұйымдастыруымен 2009 жылдың 17 қыркүйегінде проф. М.М. Фартушинаның 80 жасқа толуына арналған «Экология мен табиғатты пайдаланудың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен М.Өтемісов атындағы Батыс Казақстан мемлекеттік университеті Жас ғалымдар кеңесі 2009 жылдың 21 мамырында «Бүгінгі Қазақстандағы дін мен қоғам» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференция мақсатына әртүрлі кәсіп пен мамандықтағы, мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардағы, оқу орындарындағы азаматтарды біріктіре отырып, экстремизмнің алдын алудың тиімді бағдарламаларын ұсыну және бүгінгі діни ахуалды талқылау жатады.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет