Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет32/41
Дата26.09.2019
өлшемі3,87 Mb.
#48908
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
Байланысты:
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру
samoanaliz, итн такырыптар, Кейс технологиясын пайдалану, Кейс технологиясын пайдалану, ЛЕКЦИЯ 2, Ministry of Education of the Republic of Kazakhstan Kostanay State Pedagogical University by U

 
 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ 
 
Әбибулла Ақберен Бектемірұлы 
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы 
Байғанин орта мектебінің химия пәні мұғалімі 
 
         Қазақстанның  әлемнің  білім  кеңістігімен  ықпалдасуы  отандық  білім 
беруді жаңашаландыру және тәрбие мазмұнын көркейтуді талап етуде. Біздің 
еліміздің,  халқымыздың  бәсекелес  30  елдің  қатарына  қосылғанда  өзімізді 
танытатын,  ол  –  ең  озық,  жақсы  қасиеттерімен  құрылған  ұлттық  мектеп. 
Қазіргі  мектептегі  жаңа  өзгерістер  әлемдік  білім  беру  тәжірибелерін 
пайдалана  отырып,  баланың  жеке  дара  күшінің  дамуын  қамтамасыз  ететін 
оқу-тәрбие.Үлгілерін  іздестіруге  және  оларды  қолдануға  бағытталған. 
Оқытуды ізгілендіруге сүйене отырып, оны жеке тұлғаға бағдарлауды, жеке 
тұлғаның дамуы мен тиянақтануының үрдісі мен нәтижесін қамтамасыз етуді 
қарастырады.  Осы  тұрғыдан  алғанда  оқушыларда  ұлттық  құндылық  бағдар 
қалыптастыру  жұмыстарының  маңызы  ерекше.  Әлеуметтік  мәні  зор  ұлттық 
құндылықтардың  мән-мағынасын  ұғындыру,  оны  баланың  санасына, 
сезіміне,  мінез-құлқына  әсер  ететіндей  дәрежеде  жеткізу  мұғалімнен 
шеберлікті  талап  етеді.Өйткені,  жеке  тұлғаның  құндылық  бағдары  туралы 
түсінікті  бастауыш  сыныпта  қалыптастыру  сол  жас  кезеңіндегі  тұлғаның 
барлық  сфераларының  өзара  үйлесімділігін  қажетсінеді.  Жеке  тұлғаның 
құндылық  түсініктеріне  әсер  ете  оқыту  оның  ең  алдымен,  әдептілігіне  баса 
назар  аударуды  қажет  етеді.  Өйткені  ол  –  халқымыздың  ұлттық 
психологиясының  өзегі,  оның  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  қоғамдық 
санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттерінің жиынтығы.[1] 
          Николай  Рерих:  «Өмірдің  негізгі  мақсаты-өзіңді-өзің  жетілдіру. 
Болашақ ұрпақ, мұғалімнің қамын ойламау елге ұят, ол елдің надандығының 
белгісі. Өзі күйінішті адамға бала тәрбиесін тапсыруға бола ма? Баланы ылғи 
төмендетіп,  ренжітіп  отыратын  мектептен  рухы  жоғары  адам  шыға  ма? 

311 
 
Мұғалімнің  хал-жағдайына  қарайлауды  ұмытқан  халық-өз  келешегін 
ұмытқан  халық»,-деген  екен.  Ұлттық  тәрбие  мектебі  болып  табылатын 
қазақтың  мақал-мәтелдері  мен  аңыз-әңгімелері  дүниежүзілік  тәжірибеде 
батыстық ұғымдармен сәйкес келе бермейтіні анық.. Қазақи дүние танымның 
өзегі  –адамшылық.  Қазақ:  «Жаным-арымның  садағасы»,  «Дүние-  қолдың 
кірі»,  «Туған  елім  болмаса,  тумай-ақ  қойсын  Күн  мен  Ай»,  «Кісі  елінде 
сұлтан,  болғанша,  өз  елінде  ұлтан  бол  »,-деп,  еліне  деген  іңкәрлік  сезімін 
қалыптастырады.[3]  Халықтық  тәрбие  өз  дәстүрін  дінмен  бекіте  отырып, 
адам қалыптастырудың қайталанбас мектебін жасаған. С.Торайғыров қазақи 
пәлсапаны  құрайтын  он  бір  мақалды  келтіре  отырып,  «Байқасаң  қазақтың 
өзіңде бар, дүниенің генийлігі, пайғамбары»,-деген екен.Жатқа еліктеу- өзін-
өзі қор санау. Бұл ұлттық санасы жетілмеген елде болатын көрініс.  
       Ұлттық  мектептің  үлгісін  қалыптастыруды  ұлттық  сана  мен  қазақи 
кісілікті жан дүниесін қалыптастыру арқылы, әлемдік өркениетке ене аламыз. 
Әлемдік өркениет бұл – мәдениеттердің бір-біріне кірігуі ғана емес, әр халық 
мәдениетінің өз болмысын сақтай отырып, әр халықтың өзін-өзі танып-білуі, 
өркениетті  елдер  арасында  тең  дәрежеге  жетуі.  Ұлттық  мектебіміздің 
философиясы  дәстүрлі  түркілік  өркениетпен  тең  қарым-қатынаста  сұхбат 
жасай  алатындай  болуы  керек.  Мектепте  баланың  тарыдай  болып  кірген 
күнінен таудай болып шыққанына дейінгі аралығында жандүниесінің ұлттық 
рухта қалыптасып, оған ұлттық мәдениет, салт-дәстүр сіңіре білген жөн. Әр 
бала  –Алланың  ата-анаға  тартқан  сыйы,  табиғаттың  ғажайып  құбылысы 
десек, әр баланың мүмкіндігі жоғары- төмендігіне қарамастан, өзінше тұлға 
ретінде  тануымыз  жөн.  Оның  шығармашылық,  даралық  қасиетін  дамытуға, 
қиялын  шарықтатуға  ұмтылып,  баланың  әр  жастағы  рухани  өзгерісі,табиғи 
тілегін  ескеруіміз  керек.Ұлттық  мәдениет  шәкіртті  адамгершілікке, 
парасаттылыққа,  жақсы  қасиеттерге  тәрбиелейді.  Жұмысты  ұйымдастыра 
білу мәдениетіне дейін бәрі құнды. Нағыз азамат би билеу, ән айту, сөйлеу, 
жазу, білім жинау, киіну, тамақтану мәдениеті, қарым-қатынас, тіл мәдениеті 
тағы  басқа  мәдениеттерден  хабардар  болып,  білмегенін  меңгеруі  және 
осылардың бәрі ең алдымен ұлттық мәдениетті игеруден басталатынын білуі 
қажет. Қазақстанның дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін 
білімді  де  мәдениеті,  парасатты,  денсаулығы  мықты  азамат  тәрбиелеп 
шығару-қоғам,  ұстаздар  мен  ата-аналар  қауымының  бүгінгі  таңдағы  баға 
жетпес  міндеті,  сондықтан  қазақ  халқының  ұлттық  мәдени  қайта  өркендеуі 
жағдайында  жеткіншек  ұрпақты  халық  дәстүрлері  арқылы  тәрбиелеудің 
маңызы зор.  
         Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен, 
мектептің  бірлескен  әрекетінде  екені  еш  уақытта  күмән  туғызбайды.  Ал 
мектеп  пен  отбасының  ынтымақтастығын  жүзеге  асыруда  сынып 
жетекшісінің  атқаратын  рөлі  зор.  Сынып  жетекшісінің  жұмысынан  отбасы 
мектептегі  оқу-тәрбие  үрдісінің  мәні  мен  маңызын,  ұстанатын  бағыттарын 
түсінеді әрі оған қатысады. Бала тәрбиесіне келгенде ата-ананың да, мектеп 
ұйымының  да,  сынып  жетекшісінің  де  жүгінері  қаншама  заман  өтсе  де 

312 
 
маңызын  жоймаған  халықтық,  ұлттық  педегогика.  Сондықтан  ұлттық 
құндылықтарды  тәлім-тәрбиенің  түп  қазығына  айналдыру  маңызды  іс.  Әр 
халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, ержүрек, 
ар-ожданы  мол  болып  өссе  дейді  және  бұл  мәселені  өзінің  тұрмыс-салтына 
байланысты  шешіп  те  келеді.  Қазақ  халқының  ұлы  педагогы,  этногроф, 
жазушысы  Ы.Алтынсарин  өзінің  әдеби  және  педагогикалық  еңбектерінде 
қазақтың  фольклорын  өте  тиімді  пайдалана  білген.  Мәселен,  «Өрмекші, 
құмырсқа,  қарлығаш»  атты  әңгімесі  арқылы  еңбек  етудің  маңызы  мен,  өз 
уақытын  зая  кетірмеудің  мәнін  түсіндіреді.  Ы.Алтынсариннің  ұлағатты 
сөздері, педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. 
Оларды қазіргі қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрінің қайта 
жаңарту  кезеңінде  кең  мағынада  насихаттау  арқылы  әрбір  мұғалім,  әрбір 
сынып жетекшісі бала бойына тәрбиенің ұрығын егеді деп білемін.[4] Бүгінгі 
қоғамда  мектеп  түлегінің  академиялық-энциклопедиялық  білім  жиынтығы 
жеткілікті болғанмен, күнделікті өмірде кездесіп отырған түрлі жағдайларда 
икемсіздігі  байқалып  жатады.  Бұл  оның  өмір  сүру  үрдісінде  қажетті 
құзыреттердің  қалыптаспағандығын  дәлелдейді.  Демек,  білім  беру  жүйесі 
оқушы  қажеттілігін,  түпкілікті  құзыреттерін  қалыптастыруға  бағытталуы 
тиіс. Құзыреттер  бұл  пәндік білімдер  жиынтығы емес, ол оқушының  білімі, 
білігі  және  дағдыларының  үйлестірмелі  сипаттарымен  байланыстыратын 
жаңадан қалыптасқан сапа болып табылады.[5]  
          Халқымыздың  асыл  қазынасын  сыныптан  тыс  жұмыстарда  тиімді 
пайдалану,  оқушыларды  өз  ұлтын  сүюге,  оның  салт-дәстүлері  мен 
мәдениетіне  құрмет  пен  қарауға  үйретері  сөзсіз.  Ұлттық  құндылықтардың 
бірі ұлттық ойындар – тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі ғана емес жас 
ерекшеліктерін 
еқарай 
көзқарастары 
мен 
мінез-құлқының 
қалыптасуына  ,тапқырлыққа,  шешендік  кебаулитын,  ой  өрісін  жетілдіретін 
атадан  қалған  асыл  мұрамызды  кейінгі  ұрпаққа  жеткізу  құралы.Баланың 
бойын 
да 
имандылық, 
адамгершілік-эстетикалық 
қасиеттердің 
қалыптасуынам  ұғалімнің  жеке  басының  үлгі-өнегесі,  мәдениеттілігі, 
байсалдылығы,  мейірімділігінің  әсері  мол,  сондай-ақ  сынып  жетекшісі 
сабақтан  тыс  уақытта  ойын  ойнауға  жағдай  туғызып,  балалардың  ойынға 
белсенділігін  үнемі  арттырып  отыруы  тиіс.  Мәдениеттің  арналары  ұлттық 
негізде  қалыптасып,  әлемдік  өркениетпен  ұштасуы  керек.  Ұлттық  тәрбие  - 
сапалы білім берудің негізі  
          Бүгінгі  білім  саласындағы  өзгерістер,  бірнеше  ойдан  таралған  аса  бай 
мұраларды  қолға  алу  арқылы  білім  алушылардың  ел  мүддесі  үшін  жұмыс 
жасауына  септігін  тигізіп  отыр.    Оқыту  мен  тәрбие  бүгінгі  өмірмен  ғана 
астасып  қана  жатқан  жоқ,  тарихтың  тұңғиығымен  астасып  жатыр.  Сол 
себептен  де  өткеннің  кейбір  іргелі  тағылымдарына  ден  қоюға  тура  келеді. 
Бүгінде  жаңа  бетбұрыс  жасау  кезеңі  деп  білеміз.  Педагогика  ғылымы 
алдында  оқу-тәрбие  жүйесін  ұдайы  жетілдіру  мәселесі  қойылып  келеді. 
Қазіргі кезде қазақ мектебі оқушыларының игеруіне арналған бағдарламалар 
бұрынғы  жылдармен  салыстырғанда  анағұрлым  күрделі.  Ақпараттарды 

313 
 
жоғары  ғылыми-теориялық  деңгейде  терең  және  тыңғылықты  оқыту,  оқу 
мәліметтерін  терең  және  шығармашылықпен  меңгеру  талап  етіледі.  Яғни, 
өздік білімін көтеруіне, ақпарат көздерін алуға, ақыл-ой қабілетінің дамуына, 
білім негіздерін саналы түрде игеруіне барынша көңіл аударылуы қажет деп 
білеміз. 
Еліміздің  болашағы  әлеуметтік  тапсырыстың  табысты  орындалу 
деңгейіне  байланысты.  Бүгінгі  таңда  облыс  орталықтарында  «Назарбаев 
зияткерлік мектебінің » іргетасы қаланды. Болашақ қазақстандық мектептер 
үлгілері  дарынды  жастармен  жұмысқа  қуатты  күш  беретін  болады.  Әр 
мектептің  өзіндік  ерекше  сипаты  бар  екені  бәрімізге  белгілі.  Нақтырақ 
ұлттық мектептерге тоқталар болсақ, оқушыларды ғылыми негізделген және 
сыналған  әдістердің  көмегімен  іріктеуден  басталады.  Оқушылардың 
зияткерлік  және  шығармашылық  қабілеттерін  анықтауға  бағытталған 
кешенді  психологиялық-диагностикалық  тексеру  міндетті  түрде  жүргізіледі. 
Тексерудің  нәтижесінде  баланың  жалпы  және  психологиялық  даму  деңгейі 
анықталып  қана  қоймай,  оның  өзіндік  қабілеттері  мен  дарындылығын, 
әлеуеттік  мүмкіндіктерін  одан  әрі  дамыту  жолдары  қарастырылады. 
Дарынды  оқушыға  талантты  мұғалім  қажет.  Егер  ұстаз  өз  сабағын  жан-
тәнімен жақсы көрмесе, оның негізгі білімді жеткілікті түрде білім алушыға 
беруі мүмкін емес. «Елiмiздiң, ертеңі-бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас 
ұрпақтың  тағдыры  –  ұстаздың  қолында»,-  деп  елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев 
айтқандай  әр  мұғалiм  өзінің  бiлiмiн  үздiксiз  көтеріп  отыруы  қажет.  Бiлiмдi, 
жан-жақты  қабілетті  ұрпақ:  -  ұлтымыздың  баға  жетпес  қазынасы.  Ал,  қазақ 
халқының  ұлттық  тәжірибелері  мен  тағылымдарының  мол  қазынасы  – 
халықтық педагогика.  
        Бүгiнгi  қазақ  мектептерінің  алдында  тұрған  басты  мiндет  –  окушының 
ұлттық  сана-сезiмiн  оятып,  тәрбиелеп  қана  қоймай,  оның  бойына  халықтық 
педагогиканы,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  тiл,  дiн,  тәрбие,  ұлттық  салт-
дәстүр,  үлгi-өнегенi  сiңiрту,  яғни  тәрбие  беру  мен  оқыту  әдістемелерінің 
түрлерi  көп.  Ұлттық  тәлім-тәрбиенің  іргетасын  дұрыс  қалай  бiлу 
мұғалiмдердiң,  ата-аналармен  қосылып  жүргiзген  шараларына  байланысты, 
өйткенi,  бiрiншi  ұлттық  тәрбиені  ошағы  -  отбасында,  екiншiден,  мектепте 
болғандықтан, ата-ана мен мектеп болып бiрiгiп жұмыс атқару - біздің басты 
мiндетiмiз. Халқымыздың тiлiн, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта 
бастаған бүгiнгi ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың мiндетi. 
Халқымыздың  асыл  қазынасын  тиiмдi  пайдалану,  оның  салт-дәстүрі  мен 
мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуi сөзсiз. Жас ұрпаққа сапалы біліммен 
бірге  саналы  тәрбие  беру  қай  кезде  де  өзектілігін  жоғалтқан  емес.  Қазірде 
солай.  Арғы  ата-бабаларымыз  жас  өренді  елін,  жерін  сүюге  үндеп,  ұлттық 
салт-дәстүрмен  сусындатуды  мұрат  тұтқан.  Сол  рухани  үндеу  бүгінгі  күнге 
жеткізді. Бұл жетістіктер – бүкіл қазақстандықтардың мақтанышы.  
       Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға 
тәрбиелеу үшін:  
- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;  

314 
 
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш 
сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;  
-  ана  тілі  мен  дінін  ,  оның  тарихын,  мәдениетін,  өнерін,  салт-дәстүрін, 
рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;  
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық 
мінездерін  қалыптастыру  сияқты  міндеттерді  орындағанда  ғана  басты 
мақсатқа жетеміз.  
         Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: 
ана  тілін,  ата  тарихын,  ұлттық  салт-дәстүрін  білмейтін  жастар,  тастанды 
жетім  балалар,  «қиын»  балалар,  қарттар  үйлеріндегі  әжелер  мен  аталар, 
нашақорлыққа  салынған  жастар,  тағы  басқаларды  бірте-бірте  жоюдың  және 
олардың  алдын  алып,  болдырмаудың  негізгі  жолы.  Ұлттық  тәрбие  алған 
ұрпақ  дені  сау,  білімді,  ақылды,  ұлтжанды,  еңбекқор,  сыпайы,  кішіпейіл 
болып  өседі.  Сондықтан  да  ұлттық  тәрбие  –  ел  болашағы.  Қазақ  халқының 
ғасырлар  тұңғиығынан  бері  тарихымен  біте  қайнасып  келе  жатқан  ұрпақ 
тәрбиелеудегі  тәжірибелері  бізге  сол  рухани  мәдениет,  этикалық, 
эстетикалық  құндылықтарын  құрайтын  ұлттық  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлер, 
әдеби,  музыкалық,  кәсіби,  тұрмыстық  фольклорлар  мазмұны  арқылы  жетіп 
отыр.                        Сонымен  бірге  ұрпақ  тәрбиесіне,  жалпы  халықтың  рухани 
дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт ата, Әл-
Фараби,  Қожа  Ахмет  Иассауи,  Мұхамед  Хайдар  Дулати,  Жүсіп  Баласағұн, 
Махмұт Қашқари, Асанқайғы, т.б. қазақ ақын- жырауларының мұраларынан, 
билер мен шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз. Қазақ отбасында балаға 
тілі  шығып,  анық  сөйлей  бастаған  кезден-ақ,  ағайын  туысты,  нағашы 
жұртын,  ата-тегін,  руын,  ел  жұртын  білдіруге  ерекше  көңіл  бөлген.  «Жеті 
атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр 
азаматқа  парыз  деп  ұққан.  «Жеті  атасын  білмеген  ер  жетім»,«Жеті  атасын 
білген  ұл,  жеті  жұрттың  қамын  жер»  деген  аталы  сөз  содан  қалса  керек. 
Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік 
қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті 
атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймаған. Олардың қандай 
адам  болғанын,  өнегелерін  үлгі  етіп  отырған.  Әрі  сол  арқылы  отбасы 
шежіресін  жалғастыруға  баулуды  мақсат  еткен.  Қазіргі  медицина  ғылымы 
дәлелдегендей, жеті атаға дейін қыз алыспай қанның тазалығын, яғни ұлттың 
таза  болуына  әкеледі  екен,  екіншіден,  қазақ  ұрпағы  жеті  атасына  дейін 
араласып, ынтымағы бір болсын дегеннен болса керек. Мектеп қабырғасында 
тәрбиеленіп  жатқан  жас  ұрпақтарға  білімді  өз  бетінше  ізденуіне,  ұлттық 
тәрбиені  сіңіріп,  оның  ерекшелігін  терең  білуге,  құрметтеуге,  үйретуге 
тиіспіз. Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, 
мәні  үлкен.  Ендеше  ата-аналарымызға,  ұстаздарымызға,  оқушыларымызға 
білім  беру  барысында  ұлттық  салт-дәстүрлерді  пайдалану  олардың  ұлттық 
рухты қалыптастыруға мол үлесін қосу қажет. 
 
 

315 
 
Пайдаланылған әдебиеттер  
1.Қ.Бөлеев «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби 
дайындау».-Алматы, 2004. 
2.Д.Дьюи. «Демократия и образования».2000. 
3.  В.А.Сластенин,В.П.Каширин.  «Психология  и  педагогика».-Москва,  2004. 
4.М.Жұмабаев. «Педагогика» 
 
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ 
  
Әли Эльмира Темірханқызы 
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы 
Байғанин орта мектебінің биология пәні мұғалімі 
 
            Қай  заманда,  қай  қоғамда  болмасын  адамзат  баласы  жас  ұрпақтың 
тәрбиесіне  зор  мән  берген.  Қазіргі  қарыштап  дамыған  елде,  ең  алдымен, 
ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріліп отырғаны  белгілі. Себебі ұлттың бүгіні де, 
болашағы  да  өскелең  ұрпаққа  байланысты.    Осы  тұста  мектептің  алдына 
қоятын  басты  мәселелерінің  бірі  –  өркениетті,  азаматтық  –  адамгершілік 
қасиеті  мол,  сондай-ақ  ұлттық  құндылығын  жоғалтпаған,  бәсекеге  түсе 
алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. 
           Тәрбие  –  қоғамдық  үздіксіз  үрдіс,  қоғам  мен  жеке  тұлғаның  қарым- 
қатынасындағы  басты  жүйе.  Оның  негізі  өлшемі  өмірге  қажетті  тұлғаның 
жеке  қасиеттерін  қалыптастыру.  Оқушы  бойында  саналы  тәрбие  мен 
байыпты  мінез  қалыптастыру,  рухани  дүниесі  бай    интеллекті  тұлға 
тәрбиелеу  ұстаздың  мақсатқа  бағытталған  іс  –  әрекетіне  байланысты.  
Тәрбиенің  негізгі  міндеті  –  қоғамның  қажетті  талаптарын  әрбір  баланың 
бойында  борыш,  намыс,  ар-ождан,  қадір-қасиет  сынды  биік  адамгершілік 
қасиеттерді қалыптастыру. 
         Қазіргі таңда елімізде болып жатқан әлеуметтік,  экономикалық, саяси, 
мәдени жаңалықтарға байланысты оқу үрдісін ұлттық сипатта ұйымдастыру 
–  заман  талабы.  Әр  халықтың  өзіне  тән  дәстүрі,  оның  білім  беру  мәдениеті 
осы оқу-тәрбие үрдісіне тікелей байланысты. Қазақ халқы – өзінің бай тарихи 
мұрасын,  өнері  мен  тілін,  салт-дәстүрін,  әдеп-ғұрпын,  рухани-адамгершілік 
тағылымдарын  ұрпағына  мұра  етіп  қалдырған.  Сондықтан  оқу-тәрбие 
үрдісінде  қолданылатын  әдіс-тәсілдер,  деректер  ұлттық  психология 
ерекшіліктерін ескеру қажет. 
        Халқымыздың  ғасырлар  бойы  ұлан-байтақ  жерін  сыртқы  жаулардан 
қорғауда ерлігімен көріне білген батырлары мен қолбасшыларын, халқының 
сөзін  сөйлеп,  ел  қамын  ойлаған  шешен-даналарын  мақтан  еткен. 
Отанымызды қорғау, шежіреге толы тарихын білу, тілі мен дәстүрін сақтау, 
зерттеу  –  азаматтық  борышымыз.  Сондықтан  бар  халық  мақсаты  өзінің 
өскелең  ұрпағына  тәрбие  беруде  күнделікті  тұрмыс  кәсібін  ұлттық  арнада 
ұйымдастырып,  рухани-  адамгершілік  тағылымымен  ұштастыра  білген. 
«Адамгершілік» — адам бойындағы «ізгілік», «сыйластық», «инабаттылық», 

316 
 
«кісілік»  сөздерімен  мәндес.  Халықтық  педагогикада  адамның  жағымды 
мінез  –  құлықтарын  осы  ұғымдардан  таратады.  Мінез-құлық  пен  қарым-  -
қатынастағы келесі әрекеттерді атап өтуге болады: адамды сыйлау, ар-ұятын 
сақтау, мейірімділік таныту, кішіпейілділік көрсету т.б. 
       Рухани-адамгершілік  тәрбие  –  белгілі  бір  мақсатқа  қол  жеткізе  білетін 
мақсатты,  жүйелі,  ұлттық  көзқарасты,  сенімді,  парасатты,  мінез-  құлықтағы 
адами  тәртіп  пен  рухани  дағдыны  қалыптастыратын  жалпы  азамзаттық 
тәрбиенің құрамдас бөлігі. Адамгершілік тәрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік 
мазмұнға  толы,  рухани  негізде  жеке  адамның  жан-  жақты  дамып  жетілуіне 
бағытталған. 
         Адамгершілік  тәрбие  мәселесі  негізінен  ұлттық  құндылықтарға  сүйене 
отырып, тәрбие берудің әдістемелік жолдарына негізделеді. 
- Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие үрдісінде адамның рухани мәдениетін 
қалыптастыру. 
- Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, 
дамыту. 
-  Салт-дәстүрлер  негізінде,  ұлттық  психологиялық  ерекшеліктерді  ескере 
отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу. 
        Бұл  мәселеге  байланысты  елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев:  «…  жаңа 
жағдайларға  байланысты  бәрімізді  алаңдататын  мәселе  –  білімді,  кәсіби 
даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында 
ұлттық  және  дүниежүзілік  құндылықтарды  қабылдауға  қабілетті,  рухани 
және  адамгершілік  мүмкіндігі  мол  тұлға  қалыптастыру  болып  табылады»,  - 
деп  атап  көрсетті.  Міне,  осы  тұста  қоғамға  жан-  жақты  білімді,  жоғарғы 
мәдениетті, еңбекқор, іскер ізденімпаз, қабілетті, шығармашыл тұлға қажет. 
Ондай  тұлғаны  орта  және  жоғарғы  оқу  орындары  тәрбиелейді.  
Адамгершілікке  тәрбиелеудің  маңызды  педагогикалық  шарттары  – 
оқушылардың  белсенді  өміршіл,  саналық  көзқарасын,  сөз  бен  істің  бірлігін 
адамгершілік  нормаларынан  ауытқуларына  жол  бермеуді  қалыптастыру.  Ол 
баланың жеке басының қалыптастырушы дамудың аса маңызды бір саласы. 
Бұл  арқылы  Отанға,  еңбекке  қатынасын  айқындайды.  Тәрбиелі  ұстаз 
шәкірттерге  жан-  жақты  тәрбиені  осы  адамгершілік  тәрбиесінен    бастайды. 
Себебі бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін белгілі бір мақсатқа жетелеу 
іс-әрекетін  ұйымдастыруды  жетілдіреді.  Сонда  ғана  ұстаз  шәкірттерінің 
ізгілігін, адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады. 
       Ізгілік  отбасынан  бастау  алады,  оған  ата-  ананың  берген  тәрбиесі, 
тұрмысы  ықпал  етеді.  Халықтық  мақал  «Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны 
ілерсің»  адамгершілік  тәрбиенің  негізгі  отбасында  қалыптасатынын 
көрсетуде.  Халық,  жанұя  құндылықтарын  ауызша  халық  шығармашылығы 
арқылы  тапсырады,    мысалы,  аңыз  ертегілерді,  ырымдарды,  салттарды 
қолданады, дін арқылы, әртүрлі қоғамдық ұйымдар арқылы т.б. Халық ауыз 
әдебиеті  адамгершілік  –эстетикалық  тәрбие  беруде  баланың  ой-  өрісін 
дамытады.  Олардың  тіл  байлығы  және  шексіз  шешендік  мүмкіндіктерін 
арттырады. Оқушыларды кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ 

317 
 
халқының тәлімдік тиімді құралының бірі – ертегі. Оларда халықтың тыныс- 
тіршілігі, әдет- ғұрыптарының дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, баланың 
өзара  қарым-  қатынастары  –  өз  халқына,  Отанға,  туған  жеріне,  оның 
табиғатына сүйіспеншілігін бейнелеген. Мәселен: 
«Жақсы сөз – жарым ырыс»,- деп адам қасиетін білдірсе, 
Ұлық болсаң – кішік бол, - деп кішіпейілділікті, 
Әдепті бала- арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы бала,- деп көрегендікті,  
Шешеннің  тілі  ортақ,  Шебердің  қолы  ортақ,  —  деп  адам  бойындағы  өнер 
жалпы халықтың қазынасы екендігін уағыздайды.  
Мақал  бойындағы  тапқырлық  пен  өткірлік,  дәлдік  қазақтың  тәлім-
тәрбиелік  құралы  ғана  емес  –  дауға  да  тоқтам  салған  қаруы  болған. 
Балалардың  мінез-құлқы,  бойындағы  шынайы  қасиеттері  туралы  берілген 
жаңылтпаштар,  жұмбақтар  да  баланың  зерделеуге  қабілетін  жетілдіреді.  
Оқушыларды  рухани  адамгершілік  тәрбиелеу  мәселесі  әрбір  ата-  ананың, 
қоғамның және жалпы мемлекеттің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі, 
себебі қоғамда жас ұрпаққа рухани тәрбие беру мәселесіне қатысты күрделі 
проблемалар  қалыптасты.  Қазіргі  таңда  өскелең  ұрпаққа  арналған  нақты 
өмірлік бағдарламаның болмауы, қоғамдағы рухани- адамгершілік ахуалдың 
төмендеуі, 
балалармен 
бос 
уақыттағы 
мәдени 
жұмыстарының 
әлсіздігі,балалардың физикалық дайындығының нашарлауы және тағы басқа 
мәселелер  өзекті  болып  отыр.Білім  беру  жүйесі  тұлғаның  рухани  дамуына 
жоғары  деңгейде  кепіл  бола  алмайды,  өйткені  тәрбие  –  бұл  күнделікті 
өмірдегі  адамның  әрбір  адамға  деген  құрметі  мен  сыйластығы  негізіндегі 
басқа адамдарға деген қарым – қатынасын анықтайтын тұлғаның сапасы. 
       К.Д. Ушинский: «Тәрбиелеудің басты міндетін адамгершілік әсер етуден 
құрайды»,-  десе,  дана  Абай:  «Ақпейіл  және  ықыласты  жүрек  адамды 
жетелеуі  тиісті,сонда  ғана  оның  еңбегі  және  табыстылығы  ерекше  мәнге  ие 
болады.  Адам  болып  дүниеге  келу  жеңіл,  бірақ  адам  болу  қиын»,-  деген 
болатын.  Тәрбиенің  маңыздылығы  сондай,  біздің  болашақ    ұрпағымыз 
тәрбиеден  ғана    рухани  байлық  алып,  тәрбие  арқылы    ғана    Адам  болып 
қалыптасады.  Адамның  адамгершілік  негіздері  болмаса,  ол  еркінен,  өмірлік 
бағдарынан    тез  айырылып,  тағдырдың  ойыншығына  немесе  қылмыс 
әлемінің құрбанына айналады. Ондаған, мыңдаған нашақорлар, маскүнемдер, 
қаңғыбастар,  қамқорсыз  балалар,  жетімдер  –  бұл  күннің  шындығы.  Әсіресе 
балалар  мен  жасөспірімдер  кері  жолға  бейім  болады.  Әрине  әр  адам  өз 
өмірінің  қожасы  және  ол  өз  өмір  жолын  өзі  таңдайды,  басқа  адамдармен 
қарым-қатынас  жасайды,  қателіктерге  бой  алдырады.  Сені  қоршап  тұрған 
жағдайды  өзгертуге  болады,  бірақ  өзіңнің  ішкі  әлеміңнен  қашып  құтыла 
алмайсың.  Сонымен  қатар,  егер  адамның  жаны  немесе  рухы  сырқат  болса, 
онда  ешқашан  сау  бола  алмайды.  Сондықтан  адамның  қандай  рухани 
құндылықтарды  игергені  өте  маңызды.  Адамгершілік  тәрбиесі  оқу  тәрбие 
үрдісінің барлық саласында, оқыту, білім беру және еңбекке баулу үрдісінде 
жүзеге  асады.  Тәрбиелі  болу  үшін  адамгершілік  қасиеттерді  жатқа  білу 

318 
 
жеткіліксіз,  оның  терең  ой  елегінен  өткізу,  бастан  кешіру,  мінез-  құлыққа 
бекіту керек. 
       Тәрбие  ісі  нақты  кезеңнің  ерекшеліктерін  сақтай  отырып,  болашаққа 
бағдар береді, жеке тұлғаны соған дайындайды. Жеке тұлғаның адамгершілік 
құндылықтары  өмірге  келген  күнінен  басталады.  Мектепке  дейінгі  жаста 
балалардың  бастапқы  адамгершілік  қасиеттері  мен  ұғымдары,  мінез  –
құлықтың  қарапайым  дағдылары  қалыптасады.  Баланың  мектеп  жасына 
дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтары болашақта ересек қоғамда және құрбы-
құрдастарымен  қарым  –  қатынасқа  түскенде  көріне  бастайды.  Бастауыш 
сыныпта  адамгершілік  көзқарастардың,  мінез-құлықтардың,  сезім  мен 
сананың жаңа түрлері одан әрі дамытылады. 
         Мектеп  оқушыларын  адамгершілікке  тәрбиелеу  –  ең  алдымен  оқыту 
үрдісінде  қалыптасады.  Әр  түрлі  пәндерді  оқыту  кезінде  бастауыш  сынып 
оқушыларының  достық,  жолдастық,  өмірге  деген  белсенді  көзқарас,  Отан 
туралы ұғымдары қалыптасып дамиды. Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, 
ата-  аналарды  қадірлеу,  еңбектенуге  үйренеді.  Бұл  жаста  балалар  сапалы 
тәртіпке,  жолдастық  өзара  көмекке,  адамның  көңіл-  күйін  түсіне  білуге 
дағдыланады.  Олар  мектептегі  оқу  әрекетіне  деген  өзіндік  қатынастарын, 
отбасында,  қоғамда  өзін-өзін  ұстауды  біледі.  Соның  нәтижесінде  бастауыш 
сынып  оқушыларында  дербес  және  қоғамдық  мінез-құлық,  адамгершілік 
қарым- қатынасы дамиды. Жас жеткіншектер 5-9 сынып оқушылары өздерін 
ересектер  қатарына  қосып,  өз  бетімен  тіршілік  етемін  деп  қиял  жетегімен 
кетеді.  Бұл  жастағы  оқушылардың  дамуына  ұйымшылдық,  тәртіптілік, 
қамқорлық,  құнттылық,  т.б.  қасиеттер  әсер  етеді.  Жасөспірімдердің  немесе 
10-11 сынып оқушыларының ғылымға, мамандықтаңдауға ынталары артады. 
Бұлар  әділеттілік,  борыш,  ар-намыс,  ұят,  адалдық  сынды  моральдық 
ерекшеліктерге көңіл бөледі. Олар үлкендермен қарым-қатынас жасауда өзін- 
өзін тәрбиелеуді қажет етеді. Сондықтан бұл жаста көбірек ерік берген жөн.  
Өскелең  ұрпақтың  адамгершілік  тәрбиесін  іске  асыруда    қоршаған 
ортаның  ықпалы  орасан  зор.    Оқушылардың  бойына  тәрбие  негіздерін 
дарыту  мектепте  оқытылатын  барлық  пәндерге  бірдей  жүктеледі.  Қазақ 
халқындағы хандар мен билердің, шешендер мен жыраулардың орны бөлек. 
Тарих пәні  оқушылардың рухани дүниесін байытып, өзінің қоғамдағы орнын 
табуға,  ұрпақтың  батырлығына  көмек  көрсетуді  тудырады,  олардың  ізгі 
талап  –  тілектерін  оятады.  Сонымен  бірге,  қазақтың  ұлттық  салт-дәстүрін, 
мәдениетін, оқушылардың моральдық қасиеттерін қалыптастырады. 
        Елімізде  рухани  адамгершілік  тәрбиені  жетілдіру  мемлекеттік  міндет 
деңгейінде көтеріліп отыр. Бұл міндеттің практикалық шешімі   — «Өзін-өзі 
тану» пәнінің енгізілуі, оның авторы С.А. Назарбаева. Өзін – өзі тану пәнінің 
басты міндеті- өзінің дүниетанымына үңілу, өзіңді сүю мен сыйлай білу, өз 
ісіне жауапты болу, өз арыңмен келісімде өмір сүру, өзіңнің жанына жақын 
іспен айналысу, адамдарға мейірімділік таныта білу, ізгілікті болу. Тәжірибе 
көрсеткендей,  өзін-өзі  тану  білім  берудің  құнды  мәнін  нығайта  отырып, 
тұлғаның шексіз сүю, өз ісіне және жеке күшіне сену, ізгілікті іс жасау, көп 

319 
 
білу  және  өзін-өзі  жетілдіру,  физикалық,  психикалық,  рухани  дамуда 
үйлесімдікке  қол  жеткізу  дағдыларын  қалыптастырады.Бұл  пән  балалардың 
өзара қарым – қатынасын дамытуына ғана емес, сондай-ақ баланың өзін-өзі 
тануына 
адамгершілік 
негіздерін 
жинақтауына, 
сана- 
сезімінің 
қалыптасуына,  қоршаған  ортамен  махаббат,  ізглік  және  өзара  түсіністік 
негізінде өзара қарым-қатынас құра білуіне, бір тұтас тұлғаның қалптасуына 
әсер  етеді.  Мектеп  оқушыларына  тәрбие  беру  тек  жеке  пәндерде  ғана  емес, 
сыныптан  тыс  іс-  шараларда,үйірме  жұмыстарында  рухани  құндылықтарға 
баулуға  болады.  Мұндай  жұмыс  түрлеріне  сынып  жетекшінің  эстетикалық 
әңгімесі,  түрлі  ой  жарыстары,  пікір  таластарын    жатқызуға  болады.   
Жасөсіпірімдерді  адамгершілікке  тәрбиелеуде  өмірде  кездесетін  түрлі 
жағымсыз  жағдаяттардан  сақтану  мәселесі  де  ескерілуі  қажет.  Көбіне 
көптеген  отбасыларда  күнделікті  тірлік  қамымен  балалардың  рухани 
қажеттіліктері  ескерілмей,  екінші  орынға  жылжиды.  Бала  дұрыс, 
адамгершілік  іс-  әрекеттерді,  салауатты  өмір  салтын,  жақсы  мен  жаманды 
айыра білу, өзін-өзі жетілдіруге деген ынтасын қалыптастыруы керек, қажет 
кезде өз бетімен шешім қабылдап, дұрыс таңдау жасауы үшін кішкентайынан 
өз дегенін іске асыруға баулу керек. Ал бұл дағдылардың барлығы жанұяда 
қалыптасады.  Балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеуде  ата-ананы  оқу-тәрбие 
үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс орнату мәселесі негізгі мәселе 
болуы  тиіс.  В.А.  Сухомлинский:  «Егер  баланы  тәрбиелеген  дәрежеге 
жеткізудің  сәті  түссе,  адамгершілік  тәрбие  жеке  адамды  жетілдіруге  тиімді 
ықпал жасайды» дей отырып, «Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, 
ол бала дәл сондай бола алады»,- деген болатын. 
Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой-өрісі 
кең  адамдарды  толық  қалыптасқан,  мінезі  тұрақты  адам  дейміз.  Мінездің 
тұрақтылығы  адамның  рухани-адамгершілік  түсініктерінен  туындайды.  
Ендеше,  оқушыларды  рухани-адамгершілік  тәрбиесі  арқылы  толыққанды 
жетілген  азамат  етіп  тәрбиелеу  –  қоғамымыздың  басты  мақсаты.  Рухани-
адамгершілік  тәрбиесінде  мұғалім  оқушыны  тұлға  ретінде  танып  біліп  қана 
қоймай, оның дамуында кешегіні, бүгінгіні, болашақты көре білуі қажет. 
       Түйіндей  келе,  адамгершілік  тәрбиесі  –  бұл  адамның  туғаннан 
басталатын  және  өмір  бойы    жалғасатын,  адамдардың    мінез-  құлық 
нормаларын  игеруіне бағытталған үздіксіз үрдіс.  Оның мазмұны оқушының 
жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу шеңберінде дамиды. Сондықтан оқу-
тәрбие 
жұмысын 
ұйымдастыруда 
оқушылардың 
жеке 
тұлғалық 
ерекшеліктерін ескеру маңызды орын алмақ. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет