Рахметова Айгерим Мереевна География пәні мұғалімі Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Алтынды орта мектебі



Дата26.08.2017
өлшемі28,45 Kb.
түріСабақ
Рахметова Айгерим Мереевна

География пәні мұғалімі

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,

Алтынды орта мектебі

Күні: 5.12.16

Сынып: 6 «А»

Тақырыбы: Құрлықтағы жазықтар, олардың жіктелуі

Мақсаты: Жазықтың пайда болуы туралы ұғым қалыптастыру. Жазықтарды биіктігі жағынан және пайда болуы жағдайына қарай әртүрлі болатыны жайлы түсініктерін қалыптастыру. Жазықтардың шаруашылықта пайдалану түрлерін білу.

Міндеттері:

Тәрбиелік: Таулар, жазықтар туралы оқып қызығушылықтарын тудыру арқылы пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, картамен жұмыс істету арқылы географиялық мәдениетке баулу.

Білімділік: Жазықтың пайда болуы туралы ұғым қалыптастыру. Жазықтарды биіктігі жағынан және пайда болуы жағдайына қарай әртүрлі болатыны жайлы түсініктерін қалыптастыру. Жазықтардың шаруашылықта пайдалану түрлерін білу.

Дамытушылық: Дүние жүзінің және Қазақстанның физикалық картасынан таулар мен жазықтарды көрсету және сипаттау арқылы икемділіктері мен дағдыларын одан әрі дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, СТО элементтері.

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас, суреттер, слайд

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Жаңа тақырыпты бекіту

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Үйге тапсырма беру

3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі 7. Сабақты қорытындылау



  1. Сергіту

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Сабақ барысы, мақсатын хабарлау

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

«Кім жылдам?» әдісі арқылы келесі сұрақтарға жауап беру

1.Тау дегеніміз не? 2. Таулар биіктігіне қарай нешеге бөлінеді? 3. Таулардың пайда болуына қарай қандай түрлері бар? 4. Жас тауларға мысал келтіріңдер? 5. Ескі және жас таулардың айырмашылығы неде? 6. Қатпарлы таулар деп қандай тауларды айтады?

«Географиялық диктант» мәтін беріледі, мәтіндегі көп нүктенің орнына қажет сөздерді жазу

3. Жаңа тақырыпты меңгерту

Құрлықтың көп бөлігін жазықтар алып жатыр. Жер бетінің аз тілімденген, тегіс немесе белесті болып келген кең алқабын жазық деп атайды. Жазықтың екі түрі бар: тегіс жазық, төбелі жазық.

Жазықтар биіктіктеріне қарай ойпат, қырат жазықтар және таулы

үстірттер болып бөлінеді.


Жазықтар (биіктігіне қарай)

ойпаттар қырат жазықтар таулы үстірттер

200 м-ден төмен 200-500 м 500 м-ден астам
Жазықтар шығу тегіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Бұрын теңіз түбі болып, кейін көтерілудің нәтижесінде пайда болған жазықтарды алғашқы жазықтар деп атайды. Осындай жазыққа Каспий маңы ойпаты жатады. Қиыршық, құм, саздан тұратын шөгінді жыныстардан пайда болған жазықтарға Ұлы Қытай жазығы, Ла-Плата жазығы жатады. Кейбір жазықтар лава тасқындарының жер бетіне шығып, жайылып, оның кедір-бұдыр жерлері тегістелуден пайда болады. Осындай жазықтарға Орта Сібір, Батыс Аустралия, Декан үстірттері жатады.

4. Сергіту сәті «Кім шапшаң?» ойын

5. Сабақты бекіту кезеңі. Сұрақтар:

1) Жазық деп нені айтады?

2) Жазықтың қандай түрлері бар?

3) Биіктігіне қарай жазықтар қалай ажыратылады?

4) Жазықтардың жер бедерінің өзгеруіне қандай күштер және қалай әсер етеді?

5) Алғашқы жазықтар дегеніміз не?




  1. Үйге тапсырма беру

§ 24 Құрлықтағы жазықтар, олардың жіктелуі, 70-73 бет оқу

  1. Оқушыларды бағалау қорытынды

-Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау

-сабақты қорытындылау
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет