Құрамы: Астана қаласы «№68 мектеп-гимназия»



бет2/8
Дата16.10.2022
өлшемі1,35 Mb.
#153235
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
sabaq-kz attachment bzhb.-sor-matematika-7-synyp.....

Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.


Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін сипаттама.


Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.
Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым.
Оқытудың күтілетін нәтижелері – білім алушының оқу үдерісі аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын құзыреттіліктер жиынтығы.
Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы – тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар.

Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жалпы білім беретін мектептің 7 сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығының ( авторлары: А.Е. Әбілқасымова, Т.П. Кучер, В.Е. Корчевский, З.Ә. Жұмағұлова) материалына сәйкес құрастырылған. Тапсырмалар мына бөлімдерді қамтиды:



«Функция. Функцияның графигі», «Статистика элеметтері» бөліміндегі тапсырмалар шынайы өмірдегі құбылыстардың қасиеттерін, сипаттамаларын және байланыстарын көрсететін математикалық модельдерді құру мен талдау бойынша оқушылардың білімін, біліктілігін, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар білім алушының қабілетін есепке ала отырып іріктеліп алынды. Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар екі нұсқада ұсынылып отыр және есептердің дұрыс шешімін тексеру үшін жауаптары берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет