Құрамы мен оның адам ағзасын тазалаудағы әсері Секциясы



бет2/10
Дата02.10.2022
өлшемі371,45 Kb.
#151376
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы мен оның адам ағзасын тазалаудағы әсері
БИОЛОГИЯ 11 ҚМЖ ҚГБ, Саяси билік — Уикипедия, Кмж геогр ендик (копия)
1. Жобаның өзектілігі. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресстің дамуынан адамдар үшін түрлі қажеттіліктер туындады. Соның әсерінен адам денсаулығы үшін біраз ауруларкөбейді: атмосфералық ауаның бұзылуы, ашық су қоймаларында су дәрежесінің төмендеуі, қалалық тұрғындардың автокөлік бөлген газдармен улануы түрлі қатерлі ісік ауруларына әкелуде.
2.Гипотеза: Өз елімнің Ақтөбе қаласының дәрілік өсімдіктерін зерттеуге және ондағы тұрғындардың денсаулығын түзеуге үлес қосу
3.Жобаны жазуға түрткі болған: Ауа мен топырақ құрамының ластануынан адамдардың қатерлі ісік ауруларына көп ұшырауы
4. Жобаның мақсаты: Дәрілік өсімдіктермен, олардың химиялық құрамы, таралу ерекшеліктерімен, медицинада пайдаланумен таныстыру. Зертхана және далалық жағдайда жұмыс істеуге, дәрілік өсімдіктер туралы ғылыми әдебиеттермен дұрыс жұмыс жасауда, дәрілік өсімдіктерді жинау және кептіру әдістерін білу.
5. Міндеттері:



  • Көпжылдық байқау және тәжірибе жүзінде қат-қабат тексерілген және ұрпақтан-ұрпаққа көп ғасырлар бойы берілген мәліметтердің нәтижесінде фармакогнозия деген фармацевтикалық ғылымымен танысу;

  • Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамын талдай отырып, аурудың жойылу мүмкіндіктерін анықтау;

  • Адамдардың денсаулық жағдайы мен оны жақсартудың барынша тиімді жолдарын айқындау;

6. Зерттеу нысаны: Қазақстан аумағы
7. Зерттеу жұмысының әдіснамалы және теориялық негіздері:
Ғылыми зерттеулерге қойылатын теориялық талаптарға сай ғылыми деректер топтамаларына және осы бағыттағы арнайы мерзімдік басылымдарды, жарияланған материалдар мен ресми құжаттарға, келісім-шарттарға арқа сүйей отырып зерттеудің теориялық тұжырымдарын жасау. Әдістемелік негіздері ғылыми дәйектілік, обьективті дәлдік.
6. Жобаның дерек көздері: ғылыми жобада химия, биология, география, экология, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бағыттары бойынша ғалымдардың зерттеу мәселесі бойынша жарық көрген әдебиеттері, картографиялық және әр түрлі экологиялық-географиялық зерттеудің қор материалдары негізгі дерек көздері болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет