Құрамы мен оның адам ағзасын тазалаудағы әсері Секциясы


Қазақстандағы дәрілік шикізаттар



бет8/10
Дата02.10.2022
өлшемі371,45 Kb.
#151376
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы мен оның адам ағзасын тазалаудағы әсері
БИОЛОГИЯ 11 ҚМЖ ҚГБ, Саяси билік — Уикипедия, Кмж геогр ендик (копия)
Қазақстандағы дәрілік шикізаттар  



Өсімдіктер түрі

Шикізат түрі (дайындалатын бөлігі)

1

Аңдыз тамыр, айр- Acorus calamus – Аир

Тамырсабақ

2

Ақезу бәрпі – Aconitum leucostomum – борец белоустый

Шөп

3

Дәрілік жалбызтікен – Althaea officinalis – алтей лекарственный

Тамырсабақ

4

Етжапырақ бадан – Bergenia crassifolia – бадан толстолистый

Тамырсабақ

5

Қара мендуана – Hyoscyamus niger – белена черная

Жапырақтар

6

Қайың – Betula – береза

Бүршіктер, жас жапырақтар

7

Доланалар (Алматы, Жоңғар және т.б.) – Crataegus – Боярышник

Жемістер

8

Самарқан салаубасы – Helichrysum maracandicum – бессмертник самаркандский

Гүлдер

9

Түркістан валерианасы – Valeriana turkestanica – валериана лекарственная

Тамырлар

10

Жантақ – Alhagi – верблюжья колючка

Шөп

11

Кәдімгі адыраспан – Peganum harmala – Гармала обыкновенная

шөп

12

Шаян мойын таран – Polygonum bistoria – горец змеиный

Тамырсабақ

13

Бұрыш таран – Polygonum hidropiper – горец перечный

Шөп

14

Қызыл таспа – Polygonum aviculare – горец птичий

Шөп

15

Айланшөп таран – Polygonum percicaria – горец почечуйный

Шөп

16

Биік аңдыз – Inula helenium девясил высокий

Тамырсабақ

17

Дәрі түйежоңышқа – Melilotus officinalis – донник лекарственный

Шөп

18

Кәдімгі емен – Quercus robur – дуб обыкновенный

Қабық

19

Кәдімгі жұпаргүл, киікшөп – Origanum vulgare – душица обыкновенная

Шөп

20

Тор жеміс тегеурінгүл – Delphinium dictyocarpum – живость сетчатоплодная

Шөп

21

Шілтержапырақ шәйқурай – Hepericum perfotum – зверобой продырявленный

Шөп

22

Бунге киікоты – Ziziphora bungeana – зизифора Бунге

Шөп

23

Кәдімгі аюқұлақ – Verbascum thapsus – коровк обыкновенный

Гүлдер

24

Қосүйлі қалақай – Urtica dioica – крапива двудомная

Жапырақтар

25

Дәрі шелна – Sanguisorba officinalis – кровохлебка аптечная

Тамырсабақ

26

Мықсыр рапонтикум – Rhaponticum cartamoides – рапонтикум сафлоровидный

Тамырсабақ

27

Жөке ағаш – Tilia – липа

Гүлдер

28

Шоңайна – Arctium – лопух

Тамырлар

29

Таңқурай – Rubus – малина

Жемістер

30

Кәдімгі өгейшөп – Tussilago farfara – мать-и-мачеха обыкновенная

Жапырақтар

31

Азия жалбызы – Mentha asiatica – мята азиатская

Жапырақтар

32

Итшомырт шырғанақ – Hippophae rhamnoides – облепиха крушиновидная

Жемістер

33

Кәдімгі бақбақ – Taraxacum officinalis – одуванчик лекарственный

Тамырлар

34

Кәдімгі жұмыршақ – Capsella bursa-pastoris – пастушья сумка

Шөп

35

Кәдімгі түймешетен – Tanacetum vulgare – пижма обыкновенная

Гүлдер

36

Таушымылдық - Paenia – пион

Шөп және амырлар

37

Үлкен бақажапырақ – Plantago maior ­­­­­– подорожник большой

Жапырақтар

38

Ащы жусан – Artemisia absinthium – полынь горькая

Шөп

39

Түркістан сасықшөбі – Leonurus turcestanicus – пустырник Туркестанский

Шөп

40

Қызғылт семізоты – Rhodiola rosea – родиола розовая

Гүлдер

41

Дәрілік ромашка – Matricaria recutita – ромашка лекарственная

Гүлдер

42

Сібір шетені – Sorbus sibirica – рябина Сибирская

Жемістер

43

Жалаң мия – Glycyrrhiza glabra – солодка голая

Тамыр

44

Орал миясы – Glycyrrhiza uralensis – тимьян маршаллиевский

Шөп

45

Маршалл жебірі ­– Thymus marschallianus – тимьян маршаллиевский

Шөп

46

Кәдімгі тмин – Carum carvi – тмин обыкновенный

Жемістер

47

Кәдімгі мыңдапырақ – Achillea millefolium – тысячелистник обыкновенный

Шөп

48

Кәдімгі цикорий – Cichorium intybus – цикорий обыкновенный

Тамыр және шөп

49

Лобель тамырдәрі – Veratrum Lobelianum – черемица лобеля

Тамырсабақ

50

Үштармақ итшоған – Bidens tripartite – череда трехраздельная

Шөп

51

Қаражидек – Vaccinium – черника

Жемістер

52

Үлкен сүйелшөп – Chelidonium majus – чистотел большой




53

Дала қырықбуыны – Equisetum arvense – хвощ полевой

Шөп

54

Кәдімгі құлмақ – Humulus lupulus – хмель обыкновенный

Жеміс шоғыры

55

Раушандар – (Rosa alberti, R.beggeriana, R.majalis) – шиповники

Жемістер

56

Жылқы қымыздық – Rumex confertus – щавель конский

Тамырлар

57

Қырықбуын қылша – Ephedra equisetina – хвойник хвощевой

Өркендер

58

Сиверс алмасы – Malus sieversii – яблоня сиверса

Жемістер

Тұқымдарды піскеннен кейін жинайды, қыста зең (плесень) пайда болмас үшін шаңнан, әртүрлі қоспалардан тазартады, таза ауада кептіреді. Тамырлар және тамырсабақтарды күзде өсімдіктің жер үсті мүшелері сола бастағанда дайындайды.
Жерден күрекпен қазып алынған тамырларды және тамырсабақтарды сілкіп-сілкіп, тазалап жуып қағазда, матаға немесе таза жерге жайып кептіру керек.
Жалпы өсімдіктерді кептірудің 4 әдісі бар:

  1. Табиғи, бұл жағдайда шикізатты қағаздың немесе матаның бетіне жайып қойып жиі-жиі аударып тұрады.

  2. Көлеңке кептіру, бұл жағдайда жақсы желденетін жабық ғимараттың ішінде кептіреді. Табиғи нақыштары сақталады.

  3. Күн түскен жерде кептіру, бұл жағдайда өсімдіктер қабығы, тамырлары, тамырсабақтары, тұқымдары және жидектері кептіріледі.

  4. Жылулықта кептіру (қолдан жылыту арқылы), бұл жағдайда температураны реттеп тұруға болады, шикізат тезірек кебеді.

Дәрілік өсімдіктер түрлеріне байланысты әдебиеттерде олардың қайсысын қай мезгілде жинауға болатындығын көрсететін күнтізбесі болады (Мухитдинов Н.М. Паршина Г.Н. 2001). Сол күнтізбесіне байланысты жинау керек. Мысалы, кәдімгі емен (Quercus robur – Дуб черешчатый), ешкітал (Salix caprea – Ива козья) шипалық қасиеті бар бөліктерін қабығын наурыз (март) айында жинайды. Ал қотыр қайыңның (Betula pendula) және қара теректің (Populus nigra – Тополь черный) бүршіктерін сәуір (апрель) айында жинау керек. Қара аңдыздың (Inula helenium – Девясил высокий) тамырлардың тамырсабатарын; сасықтамырдың (Ferula foetida – Ферулла вонючая) түйнек-пиязшықтарын; кәдімгі бақбақтың (Taraxacum officinale – Одуванчик обыкновенный) тамырларын сәуірде (апрель) жинау керек. Ал дәрілік қырмызыгүлдің (Calendula officinalis – Календула лекарственная), орман құлайырының (Malva silvestris – Просвирник лесной) гүлдерін шілде (июль) айында жинау керек. Ал итшомырттың (Hippophae rhamnoides – Облепиха крушиновая) жемісін қарашада (ноябрь), кәдімгі аршаның (Juniperus communis – Можжевельник обыкновенный) бүрін-жидегін желтоқсанда (декабрь) жинау керек. Яғни, шипалы қасиеті бар ББЗ өсімдіктің қай мүшесінде жинақталады, олар қай кезеңде жақсы күйде болады, соған байланысты жылдың әр кезеңінде дәрілік өсімдіктер жиналады. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктердің қайсы түрлерін қай мезгілде жинауға болатындығы туралы біздің «Лекарственные растения» деген кітабымыздың (Мухитдинов, Паршина 2002) 288-301 беттерінде келтірілген.
Дәрілік өсімдіктер шикізаты құрғақ, қараңғы, таза жайда сақталуы керек. Әрине, дәрілік өсімдіктерді сақтау қағидасы техникалық талаптарға сәйкес болуы керек.
Өсімдік өркендерін, жапырақтарын, гүлдерін, бүршіктерін сақтау 2 жылдан аспауы керек, ал тамырларды, тамырсабақтарды және қабығын сақтау – 3 жылдан аспауы керек. Көрсетілген мерзімнен ұзағырақ сақтағанда дәрілік шикізат өзінің белсенділігін жоғалтады. Жалпы орташа алғанда шикізат шамамен 2 жыл сақталуы керек. Кейбір жағдайларда ол мерзімді қысқартуға немесе керісінше ұзартуға болады:
Улы және әсері күшті шикізаттар.
Эфир-майлы шикізаттар.
Жемістер және тұқымдар.
Бір-бірінен бөлек жеке жайларда сақталуы керек. Шикізаттар сөрелерде, қатарларда сақталады. Сөрелермен еденнің арасы 25 см-ден кем болмауы керек. Қатарлар арасы 80 см-ден аз болмауы керек. Қатарларға шикізат атын, жиналған жылын, айын көрсетіп, этикетка жапсырып қою керек. Жайдың ішін және сөрелерді жыл сайын дәрілеп (дизенфекциялап) тұру керек. Әрине әдебиеттерде келтірілген дәрілік өсімдіктерді жинау күнтізбесін биологиялық тұрғыдан дұрыс түсінген жөн. Дәрілік өсімдіктердің бөліктерін жинау олардың вегетациялық өсіп дамуының ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Қандай вегетациялық күйде жинау ол ББЗ қай кезеңде мол жиналатына байланысты. Өсімдіктерді онтогенездік тұрғыдан зерттеудің нәтижесінде дәрілік өсімдіктердің әрбір түрінің ең тиімді жинау кезеңдері анықталады. Әрине өсімдікті жинаудың нақтылы күнтізбесі мемлекетіміздің географиялық аймақтарына, климат жағдайларына бағынышты. Мысалы зире (carum – тмин) және жемістері оңай шашылатын өсімдіктердің жемістерін, тұқымдарын «шық» (роса) кеппей ерте таңертеңгісін жинайды, ал жер үсті мүшелерін керісінше «шық» кепкеннен кейін жинайды. Осыған байланысты дәрілік өсімдіктің әрбір түріне байланысты олардың шикізатын жинау ережесі бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет