Рапишева Жанат Дабылқызы. «Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология» курсының оқу бағдарламасы



бет9/57
Дата24.06.2020
өлшемі0,53 Mb.
#74451
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
Байланысты:
Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология 7M01701701
Мақала Х.Досмұхамедұлы, Мақала Х.Досмұхамедұлы
Негізгі әдебиет: 1, 2, 3, 4, 5, 7, 8.

Қосымша әдебиет: 1, 3, 4, 5, 6.
5 лекция тақырыбы: Қазақ тілінде термин қалыптастырудың принциптері мен жолдары. Қазақ тілінде термин қалыптастырудағы Мемтерминкомның рөлі.

Лекция тезистері:

Қазақ тілінде термин жасау ісінде, негізінен, екі түрлі бағыт ұстанылып келді. Оның біріншісі, яғни бастысы – орыс тілі терминдері мен халықаралық терминдерді тікелей қабылдау, екіншісі – қазақ тілінің өз қорын пайдалану. Бұл екі ұстанымның біріншісі басым түсіп келді де, қазақ тілінің сөздік қорын сарқа жұмсау деген екінші ұстаным «ұран» үшін айтыла салған болатын. Бұл қазақ тіліне деген солақай саясаттың салдары екені көпшілік қауымға түсінікті болар.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілген бүгінгі таңда терминдердің ғалымдарымыздың ойлануынан, толғануынан туған, лингвистикалық тұрғыдан да, практикалық тұрғыдан да жан-жақты тексерілген, көпшіліктің талқысынан, сүзгісінен өткен нағыз қазақ тілінің ғылыми терминдері болуын талап етуіміздің орынды екені дау туғызбаса керек.

Ғылыми терминдерді жасау үшін термин жасаушы, біріншіден, белгілі бір ғылымды жақсы меңгерген ғалым болуы керек. Екіншіден, ол ұлттық тілдің қыр-сырын, сыр-сипатын, нормаларын жақсы білуі шарт. Үшіншіден, ол термин жасау жолында көп жыл еңбек етіп, тер төгуі, тәжірибе жинақтауы тиіс. Басқаша айтсақ, ол терминші (терминолог) ретінде мамандануы керек.

Терминдерді жасау, оларды тұрақтандыру – мемлекеттік іс болғандықтан, оған мемлекет тарапынан бақылаушы орган ретінде мемлекеттік терминология комиссиясының құрылғаны (1933 жылы) белгілі. Сондықтан терминологиялық жұмыстарды бақылау, реттеу, жүйелендіру тәрізді мәселелермен Мемтерминком басшылары да, мүшелері де үнемі айналысып келеді.

Комиссия құрамында әр жылдары көптеген қоғам қайраткерлері мен белгілі ғалымдар еңбек етті. Мемтерминкомның бекітуімен талай терминдер қолданысқа еніп, терминологиялық сөздіктер жарық көрді. Бірақ зерттеушілер бұл комиссияның Кеңес Одағы тұсында да, Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған жылдардан бергі кезеңде де өз заманының тіл саясатына сәйкес жұмыс жүргізгенін айтпасқа тағы болмайтынын ескертеді. Өйткені Үкімет жанынан құрылған комиссияның сол Үкіметтің мүддесіне жұмыс істеуі түсінікті болса керек.

Комиссия жұмысы арнайы кәсіби дайындықты, үлкен шығармашылық ізденісті, тынымсыз еңбекті қажет ететін жұмыс екеніне күмәнданбасақ керек. Сондықтан терминологиялық жұмыстардың республикалық ауқымда бір орталықтан үйлестірілуі мемлекеттік маңызы зор іс деп түсінуіміз керек



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет